Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.07.2024
372
Пайда
Пайда дейсің санаң жеткен сол бір затқа
Өз пайдасын кім ойлайды сол бір шақта
Егер адам ғашық болса шын мәнінде
Қарамайды өмір заңы,ешбір затқа)
Тосқау болмай,талай өсек,талай сөздер
Екі жактан болу керек бірдей мүддең
Көксегені адамның білінеді
Тыныш жерден,Жаратушың сынаса егер.
Кімдер келіп,кімің кетпей жатыр еді?
Неге сонша қапа болдың,айтшы енді..
Егер адам қаласа шын мәнінде
Кетуді емес,жоғалтпауды ойлаушы еді.
Өз-өзіңді алдама өтірікпен,
Сен болмадың,сүйгені,ұзақ күткен
Ешбір жанды ұстауға әуре болма
Алыстатқан Тәңір бар,бір ниетпен.
Хайрлысы осы деп,жібер енді
Не табасың,қауқарың жетермеді?
Тағдырыңа қарсы тұрам десең,
Тағы да көр,өзгерер ережесі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇