10.07.2024
1365
Құтты болсын қызыл диплом алғаның!
Құтты болсын қызыл диплом алғаның,
Қанаттанып биіктерге самғағын!
Қызыл диплом берсін дәйім жемісін,
Биік болып өз өзіңе талғамың!
Құтты болсын қызыл диплом алғаның,
Бар жақсыны сен үшін деп таңдадым.
Еңбек жолың ашық болып әрдайым,
Арайлы да шуақты атсын таңдарың!
Құтты болсын қызыл диплом алғаның,
Игі істерді жақсылыққа жалғағын!
Өз ортаңда сыйлы болғын, мерейлі,
Ашық болып бұл өмірде жолдарың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇