10.03.2024
  199


Автор: Ораза

Оразаңыз қабыл боп!

Құрметті жамағат, мұсылмандар! Ұстаған оразаңыз қабыл болсын! Үйіңізден ырыс пен ынтымақ, бақ-береке кетпесін! Жаратқан иеміз жар болып, ниеттеріңіз қабыл болсын! Әрбір Ораза ұстаған жанға Аллахым жар болсын! Көңілдеріңіз шаттана, әрбір күннен бақ таба жандарыңыз жадырасын!

Оразаңыз қабыл боп,
Амандықта болыңыз!
Әр күн сайын жандана,
Толған айдай толыңыз!

Оразаңыз қабыл боп,
Жоғалмасын сәніңіз!
Жаратқаным жар болып,
Шырайлы атсын таңыңыз!

Оразаңыз қабыл боп,
Жана берсін бағыңыз!
Ниетіңіз қабыл боп,
Жұлдыздайын жаныңыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу