Эсселер ✍️

  10.03.2024
  74


Автор: Наурыз мейрамы

Ұлыстың ұлы күні

Ұлыстың ұлы күні біздер үшін үлкен мереке болып табылады. 22 наурыз күні күн менен түн теңеліп, жаңа жылымыз Наурыз есік ашады. Қалалар мен ауылдарда он, жиырма күн бұрын наурызға дайындық басталып кетеді. Дастарханға ақша жиналып, ұлттық ойындар мен жапыстар ұйымдастырылады. Тақпақ айтып, ән салып, би билеген жандарға арнайы дайындалып қойылған сыйлықтар табысталып, арқа-жарқа болатын сәт осы наурыз айы деп білемін. Сонымен қатар, ұлттық тағамымыз наурыз көже пісіріліп, жиналған қауымға ұсынылады. Тіпті, наурыз тойы басталмай-ақ әрбір үйде наурыз көже пісіріліп, ақ мол болсын деген ниетпен дастарханға қойылады. Бұл дегеніміз, біздің жаңа жылымыз Наурыздың ерекшелігі. Жеті түрлі астың қосындысынан дайындалатын наурыз көжені ішкенде арманда, ішпеген де арманда, солай емес пе?!
Әр көктемде жанымызды нұрландырып, ерекше күй сыйлап келетін Наурыз мерекесі құтты болсын баршаңызға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу