22.02.2024
  170


Автор: Бодо Шефер

Табыс тарихы барлық мәселелерді шеше алмайды

 


 


Әйтсе      де,    мойындауым    керек,    мұндай    кітаптардың құндылығына онша сене бермейтінмін. Оқырман әдемі әдіп-телген оқиғаның астарындағы ұстанымға үңілудің орнына кейіпкерге ұқсауға тырысатын шығар деп қауіптенетінмін. Біреу қол жеткізген табысты басқа біреудің қайталауы өте сирек қой. Ал жақсы меңгерілген ұстанымдар қиын жағдайдан шығу-дың ең жақсы жолын табуға көмектеседі. Сондай-ақ тағы бір қорыққаным, оқырман кітапта айтылған көне ақиқатты санасы-на сіңірудің онына авторға таңырқай тамсанып, еліктеп жүре ме дегендік. Өз басыңдағы тебіреністі өзгеге беру мүмкін емес, бірақ негізгі шындықты жеткізуге болады. Мені алаңдатқан тағы бір жәйт, кітаптың әдеби шығарма түрінде жазылуы тақы-рыптың тереңірек ашылуына кері әсерін тигізбес пе екен деу. Бірақ мен кітапты қаржылық эксперттерге құпиялап кеңес беру үшін жазып отырғам жоқ қой. Мен кітабымды өзімнің оқыр-мандарым үшін жазам, олар әрқилы: біреулерді тақырыптың өзі шошытады, олар тіпті өздерінің тұрмыс жағдайын жақсартуды қолға алудың өзін бастауға батпайды, өзгелері тым жұмысбасты, ақша мәселесін кейінге ысырып қоя береді, үшіншілері ақша мәселесіне жиіркене қарауға бейім, төртіншілерін итермелеп, үнемі есіне салып отыру керек.


Сонымен қатар, кітаптың тым күрделі жазылуы көбіне оқырманның басын қатырады. Бүгінгі біздің технологиялық заманда бірдемені түсіну қиындаған сайын, ол мықтырақ көрі-нетін сияқты. «Бұл оңай болуға тиіс емес» дейтін мәтел сияқты, біз ежелгі қарапайым ақиқатты шетке ысырып қоюға бейімбіз. Бірақ бұл шын мәнінде «оп-оңай» ғой. Осы кітапта жазылға-нындай. Әйтсе де, мен маңызды бір айырмашылығын атап өтуге тиіспін: оңай түсінетіннің бәрі оңай жасалады деген сөз емес мүлдем. Байлықтың заңын түсіну оңай, бірақ оны сақтау оңай емес.


Жұрттың көбіне осы орайдағы көмек керек. Ондай жәрдем осы кітапта жазылған.


Әу баста «Төбеттің аты Мани» деп аталған бұл хикаятты мен балаларға арнап жазғам (оның балаларға арналған нұсқа-сын әлі де сатып алуға болады). Хикаяттық нұсқа маған дұрыс сияқты көрінген: мен балаларға табысты болу жөнінде және ақша туралы айтқым келіп еді. Әдетте бұл отбасында айтыла бермейтін жәйт қой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу