Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.02.2024
501
ӘКЕШІМ...
Әкешім – Алатау тірегім!
Мен сенің мұңыңды білемін.
Қамықпа, балаң жүр «Алла» - деп,
Пәк арман билеумен жүрегін.
Тағдырым, сын салса басыма,
Сен әркез табылдың қасымда.
Мен қалай қарсылық танытам,
Ел билер – сақалды жасыңа?
Балаң жүр: «Алла» - деп қалада,
Әкешім жасыма.
Әкешім – Алатау тірегім!
Арнаймын жүректің жыр лебін.
Болсам да қайда мен,
Әкешім!
Отыңды өшірмей жүремін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇