4. Күн шыққаннан кейінгі кезең
(жұмыс (сабақ) уақыты)
Бұл кезең дұха намазын оқығаннан кейін басталады.
Әркімнің жұмыс, сабақ уақытына байланысты. Егер жұ- мысыңыз кеш басталса, бір сәт ұйықтап демалуға болады. Егер уақыт болмаса онда Аллаға тәуекел етіп жұмысыңыз- ға барыңыз.
Жұмыста (оқуда) болған кезіңізде мына амалдарды істегеніңіз жөн:
• жұмысыңызға(оқуға)уақытындабарып,уақытында қайту. Оразаны жалқаулыққа сылтау қылмау керек.
Өйткені Рамазан күрес /жихад/, құлшылық ету, амал ету айы, жалқаулықты үйрететін ай емес;
• жұмысыңызды (оқуды) дұрыс, толық атқару. Өйткені Алла адал істі жақсы көреді;
• жұмыс кезінде (оқуда) ешкімге зиян тигізбеңіз, рен- жітпеңіз, сіз ораза ұстап жүргеніңізді ұмытпаңыз. Жұмыс- ты (оқуды) ғибадат жасауыңызға кедергі деп ойламаңыз, керісінше ниетіңізді жаңартып, адал еңбек ету – құлшылық, тіпті Алла жолында күрес болып есептеледі;
• парыз намаздарды жіберіп алудан сақ болыңыз, шама келсе, мешітте болмаса өз уақытында оқуға тырысыңыз, әрине мешіт абзал.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇