Өлеңдер ✍️
ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ЗАМАН ҚАЙДА БАРАСЫҢ?!
Әр күн сайын азық-түлік құны өскен,
Оны көріп елдің қайғы-мұңы өскен.
Киімдердің бағасы тұр шарықтап,
Кешегіден бүгін қымбат, күнде өскен...
Қымбатшылық заман қайда барасың?
Пәтер алу арман болып талайға,
Көңілдерді қайғы-мұңдар орай ма?!
Кішкене үйім болса ғой деп біреулер,
Ойлауменен жан-жағына қарайма?!
Жалдамалы пәтерде жүр көбісі,
Келмегенмен бұған енді төзгісі.
Пәтер ақы тағы да бұл қымбаттап,
Жүргендер бар бұған тағы сенгісі...
Қымбатшылық заман қайда барасың?
Күпті болған жастық шақтық көңіл-ай,
Біреуге арман студенттік өмір-ай...
Түсе алмасаң грантқа, тегін оқуға,
Есік ашпас қымбат оқу төрің-ай...
Қымбатшылық заман қайда барасың?
Қымбаттауда мал бағасы, етің де,
Шақ қалғандай ең шегіне жетуге.
Тойшыл қазақ несиеге той жасап,
Жұрттан қалмай солай қамын етуде...
Тағы қымбат қызға керек заттарың,
Қолыңдағы ақшаға зат таппадың.
Сосын тағы жағалайсың банкті,
Ашып қайта несиенің баптарын...
Қымбатшылық заман қайда барасың?
Страховка шықты ауруханада,
Ол болмаса қаласың сен далада.
Амалсыздан ем аласың ақылы,
Қарызданып қымбат болған бағаға...
Қымбатшылық заман қайда барасың?
Дәрілерің тағы қымбат Құдай-ай,
Ауырасың, грипп болсаң жұғады-ай.
Бір отбасы бәрі ауырар шетінен,
Ал не дейсің, айтшы енді бұған-ай...
Қымбаттауда жылуың да, жарығың,
Қосылуда үсті-үстіне тағы мұң.
Суың менен газің де бар, бензин де,
Қымбаттады телефонда тарифің.
Қымбатшылық заман қайда барасың?
Қосылғанмен зейнетақы құр мақтап,
Жаны жоқтар шарықтап тұр қымбаттап.
Зейнетақы өссе пайыз үстінен,
Екі есе өсер керек затың қылжақтап.
Қымбатшылық заман қайда барасың?
Бәрі қымбат, жүретұғын жолың да,
Қымбат тағы олың менен солың да.
Кетіп барад(ы) адам құны арзандап,
Қымбатшылық заманнан бұл торыға...
Қымбатшылық заман қайда барасың?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇