Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.01.2024
845
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!
Жанарында жалын бар,
Өн бойында дарын бар.
Көк байрағын түсірмей,
Алға қарай адымдар.
Мен жастарға сенемін!
Адалдықтан таймайтын,
Елдің қамын ойлайтын.
Құрмет етіп үлкенге,
Ізеттігін жоймайтын.
Мен жастарға сенемін!
Бар жақсысын беретін,
Жақсылыққа сенетін.
Күн нұрындай шуағын,
Барлық жанға төгетін.
Мен жастарға сенемін!
Құлпыратын көктемдей,
Көмек берер өткелдей.
Мұңайғанға дем берер,
Қуанар күн жеткендей.
Мен жастарға сенемін!
Жаздай жаны жайнайтын,
Қателікке бармайтын.
Қолдап әркез бір-бірін,
Үзілгенді жалғайтын.
Мен жастарға сенемін!
Қара бұлт боп аспанды,
Мұңайтса да жас жанды.
Қадам басып сеніммен,
Бағындырар асқарды.
Мен жастарға сенемін!
Елім дейтін, жерім дер,
Туған жерім төрім дер.
Жоғалмайтын ешқашан,
Бойындағы сенімдер!
Мен жастарға сенемін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇