Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  331


Автор: Жібек Ысқақова

МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН

Мен қазақтың қызымын, Әлиямын,
Көңілі кең, ақ жарқын дариямын.
Қайсарлық бар қанымда мәңгі өлмейтін,
Батылдықпен баршаға жариямын...
Мен қазақтың қызымын, Фаризамын,
Жинап алған бойына ар иманын.
Шырылдайтын жанмын мен бозторғайдай,
Өлеңімен жеткізер елдің қамын...
Мен қазақтың қызымын жаны нәзік,
Қанағатты ететін жанға азық.
Өмірге кеп Алланың қалауымен,
Қазақ қызы атандым тағдыр жазып...
Мен қазақтың қызымын еркелейтін,
Әуенімен аспанды тербелейтін.
Бұлт боп еніп шуақты аспаныма,
Жаңбыр болып, нұр болып себелейтін...
Мен қазақтың қызымын жаным да бай,
Тұра алмаймын от болып жалындамай.
Шүкірлік бар бойымда, биязылық,
Нұрын шашып ататын таңым арай...
 Мен қазақтың қызымын сайып қыран,
Көңілі бай, шайқалып жазар жыр, ән.
Қазақ болып туғаныма қуанамын,
Қазақ қызы — ең мықты, біздің құрам...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу