Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  838


Автор: Жібек Ысқақова

БАҚЫТ КЕРЕК

Бақыт керек сізге де,
Бақыт керек бізге де.
Бақытың ол — денсаулық,
Басқа бақыт іздеме...
Бақыт керек сізге де,
Бақыт керек бізге де.
Нағыз бақыт отбасың,
Басқа бақыт іздеме.
Бақыт керек сізге де,
Бақыт керек бізге де.
Бақыт-ауыл, аймағың,
Басқа бақыт іздеме.
Бақыт керек сізге де,
Бақыт керек бізге де.
Солар аман тұрғанда,
Бақытсызбыз біз деме...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу