Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.01.2024
333
РИЗАМЫН СЕНІҢ БАРЫҢА
Ризамын сенің барыңа,
Мән бердің өмір жолыма.
Шырғалаң мына өмірде,
Қасымнан кеттің табыла.
Ризамын сенің барыңа,
Қуаныш бердің жаныма.
Күйбең тірліктің ішінде,
Өзіңді күттім сағына.
Ризамын сенің барыңа,
Шырайын бердің таңыма.
Сенімділікті жоғалтқан,
Қайтардың менің жаныма.
Ризамын сенің барыңа,
Өмірге бердің мағына.
Өзің жоқ кезде мұңайып,
Жүруші едім қамыға.
Ризамын сенің барыңа,
Көңілге шуақ тағына.
Әрқашан ботам жүрші аман,
Шырақтай, от боп жағыла!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇