Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  345


Автор: Шөмішбай Сариев

Халқыма қайта сыйлап мол мұрасын

Халқыма қайта сыйлап мол мұрасын,
Алатаудан сермеді өр кұлашын.
Жүзге келген Жамбыл — жыр атып тұрып,
Қолға алды күңірентіп домбырасын!
Қоңыр үн домбыраны шырқап алып,
Ішінен ала-дүлей бұрқап алып.
Ленинград қаласынан бір-ақ шықты
Жамбылдың найзағайдай тұлпары ағып!
Ленинградтық шабыт ап мың өрені,
Жауына қара бұлттай түнереді.
«Уралап» бара жатты Жеңіс болып,
Жүзге келген Жамбылдың ұлы Өлеңі!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

аруна
аруна 22.01.2024 20:12
құндылық

Пікір жазу