27.08.2023
  2643


Автор: Тұсаукесер тойы

Оң болсын әр қадамы

Тәй-тәй басқан баланың,
Оң болсын әр қадамы.
Әрбір күні қуантып,
Биік болсын талабы.

Көз тимесін балаға,
Шуақ шашып таң нұры.
Сөз тимесін балаға,
Бақыт сыйлап әр күні.

Сүрінбесін ешқашан,
Жаратқаным жар болып.
Жарқырасын жұлдызы,
Шырқап айтар ән болып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

19.06.2025 23:15
Диплом бітіру

Пікір жазу