26.07.2023
  1797


Автор: Сырға салу

Бақ тілеймін ерке қыз

Қанат қағып барасың,
Ұшып сен де ұядан.
Бақ тілеймін ерке қыз,
Орныңды тап қиядан.

Құлағыңа салынды,
Алтын сырға ерке қыз.
Құтты болсын қадамың,
Жаңа өмірде, ерке қыз.

Бақытты бол күйеумен,
Ақ жүзіңде нұр ойнап.
Жеңгеңнің ақ тілегі,
Әр күн сайын жүр жайнап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу