Өлеңдер ✍️

  26.06.2023
  50


Автор: Серікбай Оспанов

Аспанда қара бұлттар түйіскенде...

Аспанда қара бұлттар түйіскенде,


Жасырынып қалады, көрдің бе, Күн?


Ұқсайды жаңбыр жермен сүйіскенге,


Қайнатып махаббаты көлдің бетін.


 


Көлдің беті судай боп шарадағы,


Қайнап жатқан секілді тамшылармен.


Бұлтты қуып найзағай барады әне,


Шабыт, мені осылай қамшылар ма ең?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу