08.06.2023
546
Мерекеңмен Анашым
Келді Аналар күні бұл,
Мерекеңмен Анашым.
Жадырасын жаныңыз,
Мейірімді Анашым.
Саулығыңыз мықты боп,
Анашым-ау жайнаңыз.
Немерелер, шөбере,
Ортасында ойнаңыз.
Бақыт сыйлап таңыңыз,
Көңіліңіз жайлансын.
Өтер әрбір күніңіз,
Шатты күнге айналсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇