Баталар ✍️

  05.05.2023
  160


Автор: Жеңіс күні

Жеңіс күні ұлы күн

Жеңіс күні — Ұлы күн,
Құтты болсын қазағым!
Аман болып еліміз,
Тарқамасын базарың!
Тыныш болып еліміз,
Тыныш болып жеріміз,
Кіре берсін ажарың!
Ақындарым жырлатып,
Әншілерім үн қатып,
Көп болсыншы озарың!
Ден сау болып лайым,
Жар боп әркез Құдайым,
Күлім қағып Күн,  Айың,
Қазақ елі аман бол!
Енді соғыс болмасын,
Жаратқаным қолдасын,
Еріксіз гүл солмасын,
Бейбітшілік заман бол!
Көк туымыз желбіреп,
Жүрегіміз елжіреп,
Артсын елім бағаң мол!
Жеңіс күні құтты боп,
Саулығымыз мықты боп,
Болсын күйің күшті,  зор!
Жауынгерлер арманы,
Орындалды,  зор мәні.
Ата берсін әрдайым,
Еркіндіктің ақ таңы!
Жеңіс күні шырқалсын,
Мерекенің жақсы әні!
Сыйлай түссін сендерге,
Шапағатын ақ таңы!
Мейріміне бөлесін,
Күннің қызыл батқаны! 
Әумин! 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу