Баталар ✍️

  25.04.2023
  378


Автор: Бірлік күні

Болмасын қайғы-қасырет!

Я, Жаратқан, қабыл ет,
Қабылдаудың қамын ет!
Ел бірлігі жанданып,
Болмасын қайғы-қасырет!
Тату болып халқымыз,
Аман болып жалпымыз!
Ел мерейі үстем боп,
Арта берсін даңқымыз!
Ынтымақ пен бірлігің,
Жарасып әр тірлігің!
Әрбір адам сыйласып,
Сәтті болсын әр күнің!
Халықтардың достығы,
Алға бассын досты үні!
Көп ұлтты қазақ жерінде,
Тамыр жайсын дос гүлі!
Тыныш болсын еліміз,
Қиындықты жеңіңіз!
Теріс ойдан аулақ боп,
Жақсылыққа сеніңіз!
Бала-шаға аман боп,
Бұзылмасын теңіңіз!
Бірлік туын биік қып,
Ел соңынан еріңіз!
Науқастанбай лайым,
Мықты болсын деніңіз!
Ынтымақ, бірлік күнінде,
Нұр ойнасын жүзіңде!
Үстем болып мерейің,
Шаттық болсын ізіңде!
Болсын лайым амандық,
Қыс, көктем, жаз күзінде!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу