05.04.2023
  351


Автор: Әсерлі әңгімелер

Сіңлісінің арын ақшаға сатқан қыз - 9 бөлім

Жас баланың қай бір күші бар дейсіз. Киімінен өтіп терісін тілгені болмаса аса қатты жарақат ала қоймаған жігіт қайта бойын тіктеп орнынан тұрды.
- Ей жүгірмек, сен не істедің? Осы ісің үшін жауап бересіңдер.
- Біз емес, мына сен істеген ісің үшін жауап бересің.
- Егер жауапқа тартқың келсе мені емес әпкеңді жауапқа тарт. Осының бәрін ұйымдастырып, сенің ерніңді сүйдіру үшін, денеңе қол тигіздіру үшін ақы алып отыр емес пе?
- Не айтып тұрсың? Маржан олай жасамайды.
- Жасағанда қалай жасасын. Сен ақымақ оларды шынымен концертке дайындалып жатыр дейсің бе? Олар да дәл мен секілді жігіттердің қолында қуыршақ болып тұр. Сенбесең өзің барып қара.
Сандуғаш інісін басқа бөлмеге кіргізіп өзі қонақ бөлмеге барып бірден жарықты қосып қалды. Әр бұрышта айиаласып отырған қос жұпты көріп өз көзіне өзі сене алмады. Маржанның жанына барып шапалақ пен бетінен салып жіберді.
- Оңбаған, жексұрын бәле. Мен сені дос, құрбы, әпке санап жүрсем сен не былықтырып жүрсің? Менің тәнімді саудалайтын сен кім едің?
- Әсет, сенің мұның не? Арамызда қалады деп келістік емес пе?
- Мен саған не үшін ақша төледім. Әдемі кездесу ұйымдастырып беремін дегенің қайда?. Дене жарақатын аоу үшін ақы төледім бе? Сен уәдеңде тұрып ерекше кеш ұйымдастырып бергеніңде мен де уәдемде тұрып жақ ашпаушы едім.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу