Өлеңдер ✍️

  03.04.2023
  236


Автор: Серікбай Оспанов

«Балдырған» домбыра

Шертсең мейір қандырған,
Үні елді таң қылған,
Өздеріңе арналған
Домбыра аты – «Балдырған!»
Оны, сірə, көрдің бе,
Көріп көңіл бөлдің бе?!
Тез үйреніп аласың
Шертсең оны сен күнде.
 
Əн-күй төгеді ол да елге,
Кішкентай деп кем көрме!
Байқадамов Бақытжан
Жасатты арнап сендерге.
Тыңдағанды балқытқан,
Шаттандырған, шалқытқан,
«Айгөлек» деп əн жазған
Сазгер ата – Бақытжан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу