Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.04.2023
130
Қайсысы саған лайық?
Ит адамға ырылдап,
Бура жынын шашады.
Торғай жылап шырылдап,
Қорқып қоян қашады.
Қыран көкке саңқылдап,
Қалықтайды керемет.
Қарғалар жүр қарқылдап,
Үнсіз ұшып көбелек.
Кір-кір болып жатады
Аунап торай балшықта.
Көрдіңдер ме бақаны.
Шомылып жүр шалшықта.
Құмырсқа əркез жұмыста,
Қорықпайды ол – батыр ғой!
Қарлығаш жүр құрылыста –
Ұя салып жатыр ғой.
Кімде ұят жоқ, бар кімде
Қылығынан ұғайық.
Біл, өзіне əркім де
Іс жасайды лайық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇