16.03.2023
317
Тіс арасындағы тамақ қалдықтарын жұту оразаны бұза ма?
Тіс арасындағы тамақ қалдығы бұршақтың көлеміндей не одан үлкен болса, оны жұтқан жағдайда ораза бұзылады. Қаза керек, бірақ кәффарат қажет етпейді. Бұршақтан кішкенелері жұтылса ораза бұзылмайды. Алайда мұндай кішкене қалдықтарды ауыздан шығарып, қайта жұтса ораза бұзылады. Ораза қазасын ұстау керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇