16.03.2023
  297


Автор: Ораза

Ниет тек арабша жасалуы керек

Үкім: Жалған. Ниет негізінде жүрекпен жасалады. Muftyat.kz сайтында ниеттің қалай жасалатындығы жөнінде нақты айтылып кеткен болатын. Сайтта көрсетілген ақпаратқа қарасақ, ниетті арабша жасау шарт емес.


Ниет негізінде жүрекпен жасалады. Яғни түнде, ертең ораза ұстайтыны жайында ойлаған адам ниет еткен болып есептеледі. Ораза ұстау ниетімен сәресіге тұрған адамның бұл ойы да ниет болып есептеледі. Оразаға жүрекпен ниет ету жеткілікті. Бірақ жүрегімен қоса тілмен жеткізсе, одан да жақсы. Сондықтан ораза ұстайтын адам әрі жүрегімен, әрі тілімен ниет етіп: "Ниет еттім Рамазанның ертеңгі оразасын ұстауға" деп айтуы абзал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу