Өлеңдер ✍️
#САЯСАТКЕРСЫМАҚТАР
Нацисттік Германияның мемлекеттік саяси қайраткері Паул Йозеф Геббельс өзінің көсемі Гитлерге:
«Егер маған Бұқаралық ақпарат құралдарын берсеңіз, мен кез-келген халықты шошқаның отарына айналдырамын» деген екен. Ал біз болсақ əлі күнге экранның шырмауынан шыға алмай жүрміз.
Табылмай бойында бағдар білім,
Жаңалықтың расын аңғарды кім?
Көбейді елімізде сауаты жоқ,
Саясатты айтатын шалдар бүгін.
Əңгімесі дақпырттан аса алмайды,
Бір айтса еңсесін баса алмайды.
Əбігерге түсіріп өзін босқа,
Қалың елге соғады асан қайғы.
Айтпағасын ақылын бұрынғының,
Бағаласын асырып құныңды кім?
Əлі күнге Сталиннің сөзін сөйлеп,
Адасып жүр шалдары бүгінгінің.
Жүрегінде сəулесі болмағасын,
Ұғынбайды иманның ол бағасын.
Ғаламторға байланып тəулік бойы,
Өтірік ақпаратқа алданасың.
Адастырма тал түсте елді қалың,
Жағдайың онсызда болды мəлім.
Білмейсің ғой, кімдердің билейтінін,
Көгілдір экранның арғы жағын.
Тек қажетін қабылдап жүрсек, мейлі,
Бірақ көбі əн тыңдап, күлсек дейді.
Еврейлер теледидар ойлап тауып,
Бірақта баласына көрсетпейді.
Өсек айтып саясат жайлы ашыған,
Шыға алмайсың сайтанның айласынан.
Көкжəшіктің зияны біздер үшін
Көп болып тұр келетін пайдасынан.
Қабырғасын қиратып көп қаланың,
Дұшпандар айдап жатыр отқа бəрін.
Тəулік бойы экранға байланасың,
Сондықтан ақиқаттан жоқ хабарың.
Қалса егер тосыннан мақтап халық,
Мазданасың, барлығын даттап барып.
Телеқорлар ақпарат ұсынады,
Шындығын ішіне сақтап қалып.
Имандылық бақытты етер десем,
Қаның тасып төбеңе жетер неше.
Кəріліктен не қайыр, бекітілген
Бес парыздың біреуі өтелмесе?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇