10.01.2023
  178


Автор: Жәди Шәкенұлы

Бұзау мен құлын

 


 


Бұзаудың арқасы қатты қышып, оны енесіне айтады. Енесі бұзаудың арқасын тілімен жалап, оған көмектеседі. Мұны көрген құлын енесіне шапқылап келіп:


– Мама, мама, сиыр өзінің бұзауының арқасын тілімен жалайды екен. Сіз де менің арқамды жалап беріңізші, –дейді.


Мамасы оған күліп:


– Құлыным-ау, әр жануардың өз ерекшелігі болады. Сиырлар мөңірейді, түйе боздайды, қой маңырайды, жылқы кісінейді. Сол секілді олардың әдеттері де ұқсамайды. Сиырда мүйіз бар, бізде жал бар. Сиыр тілімен жалайды. Біз иегімізбен қасимыз. Келеғой арқаңды қасып берейін, –дейді. Әрі жанына келегн құлынның арқасына иегін салып, еппен үйкей бастайды. Рахаттанған құлыны:


– Қандай рахат, қандай әдемі! – деп кісінеп жібереді. Бұларды көрген бір топ торғай:


– Неткен керемет бауырмалдық, – деп өз ұялары жаққа қарай ұшы жөнеледі.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу