01.01.2023
  132


Автор: Жанұзақ Аязбеков

Көздің сұғы

Жүріс-тұрысы сыпайы, қағылез де елгезек, сымбаты келіскен Гүлім аяқ астынан көз жұмды.                            Астанадағы елдік көрмеден оралған күні кешкілік бала-шағасымен дидарласып, ас ішіп болған соң залдағы диванда теледидар көріп отырған күйі жүріп кетіпті. Дәрігерлер ешқандай сырқаттың да, сырт күштің де әсерін таппаған. Білетіндер түкке түсінбей аң-таң. Тек  бірге   жүрген сырлас құрбысы ғана Астанада сол күні қатарынан     жеті рет топ алдына шығып сөз сөйлеп, жұрт назарын өзіне аударғанын, әсіресе қою қалың түкті қастарының арасы қосылып кеткен, көз қарашығы қүңгірт қою бір әйел үнемі алдыңғы қатарда отырғанын айтты. Соның көзі тиді-ау, «маған көз қарасы ұнамап еді»,- дейді.


Аулымызда жылқышы Тілемістің «Керқасқа» деген күшті де айлакер көкпар аты бар еді. Қай көкпарға барса да керқасқа топ жарып олжасыз қайтпайтын. Бірде көкпардан келген күннің ертеңіне орнынан тұра алмай жатып қалды. Мал дәрігері ем-дом жасады, бірақ тұрмады. Көрші ауылдағы атақты Кершабақ тәуіпті шақыртып қаратты. Ол кісі көрген жерден: «көз тиген, арам өлмей тұрғанда сойып алыңдар», - дейді. Айтқандай-ақ, көкпар атын       сойғанда            бауырынан тайға салғандай                           көз таңбасын көрген жұрт өз көздеріне өздері сенбей қатты таңғалыпты.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Көз тию – хақ» деген. Себебі, сол заманда бір қарағанда кетіп бара жатқан атан түйені сұлатып салған баланың көз тигізетін құдіретін көріп, оны дұшпандары пайғамбарымызды өлтіруге жұмсаған. Бірақ жаратқан иеміз бұл қатерден аман алып қалса керек. «Тілдінің тілінен сақта, көздінің көзінен сақта» деген тегін айтылмағанына дәлел көп.


Ежелгі египеттіктер көз тию мен тіл-сұқтың кесірлі магиясынан өте қатты сеніп, одан қорғанудың амал-айларын ойлап тапқан. Алуан-түрлі көз бояулар, опа - далаптар жасап, кеңінен қолданған, әлі де солай. Опа-далап мысырлықтарда сұлулық-сән де, қатер-кесапаттан сақтану да.        .


«Наурызбай-Қаншайым» жыр-дастанында: «Кісі еді назар керде Кенесары, көзінің қарағанда өтті зәрі» деген жолдар бар. Хан Кененің көз алмасы жарқ еткенде, өткір қылышпен кесіп түскендей әсер қалдырады екен. Кенесарының маңайындағы арам пиғылды адамдар ханның көз сұғына душар болса, аман қалмай, өліп қалатын болған. Бұдан бөлек тіпті көркем сұлу, түр-тұлғалылар ханның көзіне түспеуге тырысса, ханның өзі де ондай жандарға қадала қараудан , тіпті өзінен-өзі сескенеді екен дейді аңыз әңгімелерде.


Қазақ    « Тіл-сұқ тас жарып шығады» дейді. Алдымен кісі       үстіндегі бөзі мен сөйлеген сөзіне қарағаны жөн-ау. Бүгінде әйелдердің дені омырауын                           ашып жүреді. Ғалымдар әйелдердегі омырау обырының бір себебі, кеуденің шектен тыс ашық-шашық болуынан, сыртқы әсерден қорғанбауынан деп те түсіндіріп жүр. Бұрын әжелеріміз қыздың омырауын қымтап,        жас анаға кимешек кигізеті - әдеп-иба   әрі қорғаныш болатын. Құранда да әйел омырауының жабық болғанын ескертеді. Ал сәбилерді елге көрсетер кезінде маңдайына күйе жағатыны, жаңа түскен келіннің, жаңа туған сәбидің киіміне көз тимесін деген ырыммен көз моншақтар тағып қоятын болған.    Ғалымдар шынайы көз моншақтардың қорғау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Олар мұхит-теңіздің,


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу