Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  107


Автор: Түрік поэзиясы

Соқыр

Өмір –қайғы-мұңмен жүректі толтырады,
Сəуірдің ақ бұлтындай толқымалы
Күн қауысса бар көрініс өліп, жартас
Қарауытып жағада сол тұр əне.
Көршідегі шілаяқ көтерем ұл
ағаш атын шу-шулеп жетеледі,
Самал –
ұмыт бір заты қапты,
іздейді судыратып жапырақты.
Ақымақтық адамды өлмейді деу,
жел тынбайды дегенің – ақымақтық.
Өмір бірақ қашан да мəңгілік қой,
ал, өлім содан шығар жаңғырық қой.
...Нафталин сасыған сол бөлмеде ескі
кім сенер десем егер «өлмеді ешкім»?
Төсекте ескі адамдай күшті ішетін
ұйықтап жатты сəби ұл пыс-пыс етіп.
Уһ, жаным-ай, кеудем-ай, қабырғам-ай,–
жүрегімнің сондағы ауырғаны-ай!
Шырылдадым сəбидей емшек емер,
Қатты ауырдым, сүйіктім, сенсең егер.
Бездім сонда туған үй, жан-жарымнан,
Қамалады жалғыздық жан-жағымнан.
Тауға шықтым, оңаша еңіредім,–
Сорлы ма едің осынша менің елім?!
Келді бірде сүйіктім күң қызбенен,
Сүйіктімді мен өзім жұлдыз деп ем,–
Көрінетін тек қана қараңғыда,
Күдік салып бітірді маған бұ да.
Тасқа жаздым өлеңді со күні мен,
Ұйқас шіркін, сонда бір төгіліп ең!
Өзім де бір түс көрген сияқтымын,–
Жақсы түс пе, о жағына ұяттымын,
Өмір жаман түс қайдан жақсарады?
Мақтайсың ғой болмаса басқа амалың.
Тұман түсті, сол кезде кеш боп қалды,
иығында бозарып бешпет қалды.
Сенің қолыңды үрледім тоңғанымнан,
пияз иісі аңқыды қолдарыңнан.
Аяғыңа жығылдым сонда сенің,
Бұрымыңа түн қонды, сонда сенің.
Жүйкем оратылды онда ұсақ боп бір,–
басым электр-плитаға ұсап кетті.
Бұта тұрды айнала қараң-құраң,
секілденді солардың бəрі аңдыған.
Сен кеттің де мен тағы жалғыз қалдым,
арасында ой деген балдыздардың.
Ауру еді ақылым онда менің,
аунақшыды жүрегім – қонбады емім.
Азабымды көтерді түн алқынып,
басым у-шу – болмады тынар түрі.
Өзен едің əкелген көп қуаныш,
əн боп ақыр ызыңдап кеттің алыс,
Сол бір шаңдақ қалада іңір құшқан
бақыт құсым болдың сен қыңыр ұшқан.
Қыңыр ұшып кеттің сен,
жалғыз ем боп
қанатыңның сусылы қалды менде.
Көмескі боп қалды бəрі, жетім болып,
бормен салған сурет секілденіп.
Мен ойлап ем:
бұл қаланы кешікпей көшіреді
қарағаның үн-түнсіз өшіге бір.
Бірақ қала орнында,
біле-білсең
мына мені қаңғыртып жібердің сен.
Маған қазір, о, көкке ұшқан мықтым,
аспанынан қарайсың құштарлықтың,
Ал, аға ғой, аға ғой кері, өзенім!
Дүние деген – əйнегі терезенің.
Біз – сөйлембіз, тынысты күтпе үтірдей,
бəрібір біз өтеміз түк бітірмей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу