Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  89


Автор: Түрікмен поэзиясы

Хат

Уақыт ізі таңбалап,
Беттері аздап сарғайған.
Майданға анам жазған хат
Оралды аман шалғайдан.
Қағазы да ол тозған,
Жолдары өшкен – тек тізбе...
Ең соңында деп жазған:
«Аяғыңнан су өткізбе...»
Əрбір сөзі, өз басы
Естен шықпай қалыпты.
Əлдекімнің көз жасы
Хат бетіне тамыпты.
Тозса мейлі қағазы,
Тастаса уақыт өшіріп.
Ана хатын сол қалпы,
Жадыма алғам көшіріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу