Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  101


Автор: Түрікмен поэзиясы

МЕНІҢ АНАМ

Тереземнің сол көзінің
Ақ пердесі толқып өтті.
Жан анамның қол ізінің
Лебі алыстан желпіп кетті.
Қалт еткізбей біледі анам
Жұмысымнан қашан барам.
Бəйек болып жүреді анам,
Терезені ашады анам.
Бар заводтың гудогына
Біздің завод қосқанда əнін,
Жазбай танып, ұл жолына
Жая бастар дастарқанын.
Таңнан шайға қамданады,
Сағатсыз-ақ өзі тұрып.
Менде ме екен ана жаны,
Тұрар жолға көзін тігіп




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу