Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  88


Автор: Нұржан Наушабаев

МҰҚИДАШ

Өлең айтқым келмейді ерінгеннен,
Бойым байсал тартады керілгеннен.
Көтеріңкі көңілім тарта бастар,
Қалқатайдың ауылы көрінгеннен.
Мұқидаш-ай!
Ай-хай!
Кеттің-ау, қалқа,
Ой, дүние-ай!
Анадайдан көрінген сенің көшің,
Қошқар мүйіз қолыңда білтегешің.
Кішкентайдан бірге өскен қарғам едің,
Сеніменен өткізген айлы кешім.
Мұқидаш-ай!
Ай-хай!
Кеттің-ау, қалқа,
Ой, дүние-ай!
Айналайын, қарағым, көлбегейлім,
Салушы едім шығарып көлге дейін.
Мал берді де бір жаман алып кетті,
Қоспаған соң Құдайым, мен не дейін?
Мұқидаш-ай!
Ай-хай!
Сүйгенім, сәулем,
Ой, дүние-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу