03.10.2022
  82


Автор: Ертай Ашықбаев

Жауап

Сұрады мұғалім ойлана:
(Мұндайда кім үнсіз қала алар?)
— Тіршілік бар болса Айда да,
Барар ма едіңдер балалар?
Апыр-ай, белгісіз тұраққа
Ойланбай қалайша барасың?
Қиналдық біз мына сұраққа,
Біреулер қимай тұр мамасын.
Басқамыз бір жауап тапқанша,
Теңізбай ойланып азырақ:
— Жексенбі күндері көп болса,
Барар ем, — деп салды, — қазір-ақ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу