03.10.2022
  139


Автор: Ертай Ашықбаев

ДЕМАЛЫСТАҒЫ МЕКТЕП

Кім мектепке келеді —
Жоқ сәні де,
әні де.
Каникулда,
себебі,
Оқушының бәрі де.
Хабарым аз достардан,
Кімді қайдан ұстармын?
...Мектеп —
күзде бос қалған
Ұясындай құстардың




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу