Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  101


Автор: Ертай Ашықбаев

Қазан

Аспанымның бір сәні —
Қайтқан құстар тізбегі.
Аққу маған ұрсады:
«Тоңдырдыңыз, Сіз, мені».
Көзіне жас үйіріп,
Өксіп алды бұлттарым.
Жылы-жылы киініп,
Бақылайды жұрт бәрін.
Қатуланды жәйлап Күз,
Неткен сәнсіз бақ мынау.
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — қаймақ мұз,
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ақ қырау.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу