Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
226
МЕНІҢ ҚАЗЫНАМ
Достарым бар,
Ылғи көмек береді.
Жоспарым бар,
Орындалып келеді.
Әзірлейді тамағымды —
Апам бар.
Жадыратар қабағымды —
Атам бар.
Күрегім бар,
Көшеттерді түптедім.
Жүрегім бар,
Жақсы хабар — күткенім.
Ағаш-талы жайқалатын
Бағым бар.
«Мә-мә-мә» деп айта алатын
Лағым бар.
Құлыным бар,
Құлдырасын, жайнасын.
Білімім бар,
Көрсін елім пайдасын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter