Керей хан — Қазақ хандығының негізін қалаушы әрі алғашқы ханы (1465–1473/1474 жж.). Ол Көк Орда ханы Орыс ханның ұрпағы, Болат сұлтанның ұлы. Жәнібек ханмен бірге Әбілхайыр хан хандығынан бөлініп, Моғолстан жеріне көшіп, алғашқы қазақ мемлекеттілігін құрған.