Пәридә Манапқызы
1968 жылы 23 қазанда Алтай аймағы Қаба ауданының Талды ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Іле педагогикалық институтының әдебиет факультетін бітірген. 1987 жылы «Шұғыла» журналында жарияланған «Адасқан жүрек аққуым» деген тырнақалды туындысымен әдебиет есігін аттаған. Содан бері көптеген өлең, ән текістері, толғау, баллада, әңгіме, очерктері түрлі басылымдарда жарық көрді. Өлең жазумен бірге, «Тіл мәдениетінің балалар санасында қалыптасуы жайында», «Қазақ мәдениетінің мол мұрасы алпыс екі қоңыр жайында», «Қойдым туралы бір дерек», «Өнерліге өріс кең» атты ғылыми мақалаларды да жариялады. Бірнеше шығармалары Шыңжаң-ұйғыр автономиялы районы, Іле- қазақ автономиялы облысы бойынша жүлделі туынды болып, жоғары марапаттарға ие болды. Орталық ұлттар баспасынан 2003 жылы «Қыз ғұмырдың қызғалдағы» деген өлең, әңгіме, повестер жинағы жарық көрген. Ол Іле-қазақ автономиялы облыстық ауыз әдебиет одағының мүшесі.