Мартин Хайдеггер

Мартин Хайдеггер (1889–1976) – неміс философы. Экзистенциализм ағымының көрнекті өкілдерінің бірі. «Психологизмдегі ілім мен пікір» (1914), «Болмыс жəне уақыт» (1927), «Дүние дидары дəурені» («Время картины мира») (1938), «Техника туралы мəселе» (1935) сияқты туындылар дүниеге əкелген 1889 жылы 26 қыркүйекте туды. Констанец қаласындағы иезуиттер гамназиясында, Фрейбург университетінің математика жəне жаратылыстану факультетінде білім алды. Оқуды бітірісімен өзі тəлім алған университетте ұстаз болып қалады да, əйгілі философ Э.Гуссельдің ассистентті міндеттін атқарады. 1933 жылы ұлтшыл-социалистер партиясына мүше болып өтеді, Фрейбург университетінің ректоры болып тағайындалады. Бірақ жыл өтпей жатып-ақ қызметті тастап кетуге мəжбүр болады: ұлтшылдық идеология қамытын кие алмайды. Енді тек оқытушылықпен айналысады. Ницще туралы лекциялар оқиды. Ғұлама өмірінің соңына дейін осы еңбегінен қол үзген жоқ, басқа білім ұясын да іздеген емес.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: