Үкіметтік Емес Ұйымдардың азаматтық қоғам қурудағы алатын орны мен рөлі

Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 90 жылдардың басы адамзаттың даму тарихында үлкен зор дүбірлі өзгеріспен басталады. Тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы алдында өзінің барлық экономикалық әлеуметтік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы саясатта дұрыс бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндетті тұрды. Осы кезде еліміздің саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша өзгерістерге ұшырады. Оның басты көрінісі топтың әкімшілік басқару жүйесінен, нарықтық қатынас даму моделіне өту болды. Бұл жүйелік өзгерістер 1993 ж. және 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1994 ж. Азаматтық кодексінде орын тапты. Сонымен Қазақстан қоғамының үш секторы құрылым заңдастырды. Нәтижесінде біздің елде заңды түрде үш сектор айқындалды. Олар мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес сектор. Соңғы коммерциялық емес сектордан Үкіметтік Емес Ұйымдар саяси беделін көтеріп аяғына нық тұра бастады. Демократияның негізгі көрінісі ретінде Үкiметтiк Емес Ұйымдар қоғамда маңызды орын ала бастады. Қазіргі таңда бұл сектордың дамуы белсенді түрде жүріп жатыр. Азаматтық қоғамның негізгі элементі, еліміздің тұрақты саяси дамудың кепілі болып саналады. Халықтың негізгі әлеуметтік мәселелерімен айналысатын бұл сектор өз жұмысында мемлекеттен гөрі, жаңа методпен қатар мәселені шешілуде иновациялық технологияны пайдаланады. Мықты азаматтық қоғам құру тікелей Үкiметтiк Емес Ұйымдармен байланысты. Саяси даму динамикасы мен саяси процеске ықпалын тигізетін бұл қоғамның негізгі құрылымын бөлшектеп зерттеуді қажет етеді. Өйткені қазіргі таңда мықты азаматтық қоғам құру басты ахуалдың бірі.
Біздің еліміздегі олардың пайда болу тарихы, қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметін орын анықтаумен бұл сектордың жүйелі түрде зерттелуі өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл тақырып отандық және шетелдік зерттеушiлермен қатар ерте грек қоғамының ойшылдармен зерттелген болатын. Сонымен қоса әлемдік саясаттану ғылымының атақты өкілдері өз үлесін қосты. Азаматтық қоғамның зертелуі қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі болып табылады. Азаматтық қоғам туралы жалпытеориялық пен методологиялық дамуын қарастырғандар ішінен атап кететін зерттеушілер Друкер П. (1), Казаков О. (2), Либоракина М., Якимец В. (3) Қазақстанның зерттеушілері «үшінші сектор» мәселелерін, қоғамдағы алатын орны мен әлеуметтік, саяси ықпалын анықтауға үлкен үлес қосқандар ішінен, Абишев К.А. (4), Аяған Б.Г. (5), Байдельдинов Л.А. (6), Машан М.С. (7), Джунусов А.М. (8), Мухамедов М.Б. (9), Кушалиев Г.А. (10), Жусупова А.Д. (11) және т.с.с. Үкіметтік емес сектор туралы ҮЕҰ-дардың белсенді жетекшілерінің еңбектері құнды болып келеді. Оларды атайтын болсақ олар В.Сиврюкова (12), қазіргі таңда Үкіметтік емес ұйымдардың Алматы қаласы бойынша басшысы, Думбаев А. (13), Франц И. ҮЕҰ-дардың пайда болуың, оның тарихы жөнінде «Спектор развития» мерзімді басылымының редакторы И.Франц еңбегі мол. Бұл мерзімді басылым түгелімен азаматтық қоғам құру мәжілісі мен ҮЕҰ-дарға қатысты болып келеді. Азаматтық қоғам мәжілісі бойынша алғашқы ойларын грек қоғамының өкілдері бiлдiрген болатын. Олар Платон (14), Аристотель (15), Антика әлемінің зерттеушiлері сол тұжырымдарды зерттеп, өз зерттеулер жазған ішінен Утченко С.Л. (16), Кнабе П.С. (17) жатады. Азаматтық қоғам теориясын қалыптастырудағы айырықша орын алатын кезең Европаның жаңа заман мектебінің өкілдері Дж Локк (18), Гоббс Т. (19), Г. Гегель (20) жатады. Қазақстандағы азаматтық қоғам методологиялық пен теориялық жағынан зерттеулер де аз емес. Олар, ең біріншінің ел басшысы Н.А.Назарбаевтың еңбектері жататынын айтып кетуіміз жөн (21). Сонымен қоса Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының зерттеушілері азаматтық қоғам мәселесіне байланысты «ANALITIC» деп аталатын мерзімді басылымда көптеген мақалалар жариялаған. Деректік базасына келетін болсақ, олардың ішінен ел басының халыққа әр жыл сайын жолдаулары, заңды актілер, Үкіметтік Емес Ұйымдардың бағдарламалары, азаматтық формуда сөйлеген баяндамалары ғылыми жұмыс жазылу барысында дерек көзі ретінде пайдаланды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: осы ғылыми зерттеу жұмысты жазу барысында алдыма қойған мақсаттарым:
1. Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы
2. Азаматтық қоғамдағы еріктілік
3. Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы
Ғылыми жұмыстың міндетіне осы алдыма қойған мақсаттарымды жан-жақты зерттеп, толығымен жүзеге асыру. ....
Рефераттар
Толық

Үйсін мемлекеті

Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б.з.д. II ғ. 160 ж. шамасында үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды, сөйтіп қолбасшы « гуньмо » ( Күн бағы-Күн бегі ) деп аталатын иеліктің негізін салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, Қаңлылармен ( Кангуй ) шектеседі. Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен ( Дуанмен ) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен ( Қызылалқап қаласы ) Ыстық көлдің жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжанцянь үйсіндердің иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.
Деректерде б.з. III- ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси- тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым- қатынас жасағанын, үйсіндердің гуньмолары- билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын баяндайды.
Үйсіндердің этниклық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы үйсіндерд шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер- түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі « үйсін » деп аталады.
Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және діни адамдар, жрецдер болып, сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға бөлінген. Үйсіндердің тапқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді. Жалпы Жетісу жеріндегі үйсін заманынан қалған мыңдаған обалар үш түрге бөлінеді. Олардың біріншісі- диаметрі 50-80 м және биіктігі 8-10-12 м үлкен жер обалар. Мұнда атақты адамдар әскери басшылар, ру-тайпа көсемдері, ірі меншік иелері мен олардың әйелдері қойылған деп айтуға болады. Бұл обалардан сәндік заттар, ьай мүсінді алтын қаптырмалар, лак бұымдарының қалдықтары, аң стиліндегі әшекей бұйымдар, қару, қыш және ағаш ыдыстар табылған. Екінші үлгідегі обалардың көлемі 15-20 м шамасында, биіктігі 1 м дейін болған. Үйінді астында бір-екі мола, кейде бір молада кездескен. ....
Рефераттар
Толық

Үй жылуын сақтайық

Жобаның мақсаты парниктік газдардың, басқа да зиянды заттардың қалдықтарын тұрғын үйлерде және қоғамдық ғимараттарда тұтынуды төмендету, тұрмыстық қалдықтарды қысқарту, қалада экологиялық қолайлы орта жасау есебінен азайту болып табылады.
Таяу күндерге дейін тұрғын үй мен коммуналдық қызмет үшін төленетін ақыны мемлекет белілеп келді. Бүгіндері тұрғындардың бұл қызметке толық ақы төлеуі қарастырылуда.
Салынған ғимараттардың көпшілігін пайдалану мерзімнің өтіп кеткендігі қиындық туғызуда. Қазақстандағы қалалардың тұрғын үй қорының 50 – 60 проценті жер сілкінуге төзімділік талаптарына сәйкес келмейді. Жаңа орталық – Астананың құрылысын салуда жер асты сулары қиындық келтіруде, бұл өте сапалы, тез арада өзін-өзі өтейтін технологияны талап етеді. Каспий теңізінің деңгейі көтеріліп, су астында қалу қаупі көбейді. Атырауды салу жобасына ұқсас проблемалар мұнда да туындап отыр. Сонымен қатар бір шаршы метрдің өзіндік құны 90 – 100 долларға дейін, одан да төмендетілетін табиғи экологиялық материалдардан энергияны сақтайтын тұрғын үйлер салудың әлемдік тәжірибесі де бар.
Қазақстанда жылу сақтау деңгейі төмен бұрын салынған 250 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануда. Тұрғын үй қорында жылудың ысырабын төмендетудің республика үшін маңыздылығы ерекше. Ғылыми-зерттеу институттарының мәліметтері бойынша пайдаланудағы тұрғын үйлердегі жылу энергиясының шығыны есептелген мөлшермен салыстырғанда 25 – 30 проценттен асады.
Жобада энергияны үнемдейтін құрылыс технологиясына маркетингтік зерттеу жүргізу қарастырылған. Жекелей энергиямен жабдықтаудың жағдайға байланысты жүйені таңдау жүргізіленді. Бұл жүйеге жел, күн қуатын, биогаздың органикалық қалдықтарынан, мұнай кеніштерінің қуалай соққан газы, мұнай өнімдерінің қалдықтарын, көмір шахтыларынан шыққан метанды, т.б. ұқсатудан алынған қуатты пайдалану енеді. Жылыту мерзімі барынша ұзақ солтүстік аймақтардағы бағдарламаны жүзеге асыру көзделіп отыр.
Экологиялық тауарлар мен тұрғын үй салуғаарналған жабдықтарды сатып алу мен өндіру жолға қойылады.
Экологиялық қоныстар Көкшетаудағы эксперименттік ғимараттарды жылылау немесе қайта қалпына келтіру және жабдықтары мен технологиясын сататын және жасайтын сауда орталығын салу қолға алынады.
Негізгі жауап кершілік ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігіне, энергетика, индустрия және транспорт министірлігі жанындағы тұрғын үй мен құрылыс саясаты жөніндегі комитетке, Сәулетшілер одағына, Дизайнерлер одағы жанындағы жобалық болжамдар лабораториясына, Алматы энергетика және байланыс институтына, тұрақты қоныстар ассоциациясына және фирмасына (Новосібірдегі Академқалашық), қазақ құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу институттарына жүктелген. ....
Рефераттар
Толық

Урологиялық практикадағы шағынинвазивті емдеу тәсілдері

Әлемдік медицинада соңғы жылдары шағын инвазивті және шағын жарақаттың емдеу әдістерін енгізуге көп көңіл бөлінуде.мамандандырылған медициналық көмек құрылымында, әсіресе, урологиялық құрылымда қазіргі заманға сай жағдайларға сәйкес диагностика қою мен емдеудің шағын инвазивті әдістері жақсы дамып келеді.бұл әдістер клиникалық қолданудағы жоғары эффективтілігімен, жарақаттану деңгейінің төмендігімен, экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді.
Емдеуде эндоурологиялық әдістерді қолдану госпитализация уақытын және әлеуметтік реабилитация уақытын біршама төмендетуге, дәрілік препараттар шығынын азайтуға септігін тигізеді.
Қазіргі кезде жоғарғы зәр жолдары ауруларын емдеуде эндоурологиялық операциялар жиі қолданылады. Бұл көбінесе несеп-тас ауруларына, бүйректің кистозды ауруларына, жедел-созылмалы обструктивті қабыну ауруларына, абсцесстерге және құрсақ қуысы гематомасына, жарақаттарға, бөгде денеге, жоғарғы зәр шығару жолдарының капиллярлы ісігіне қатысты айтылады.
Клиникалық тәжірибеге дистанционды соққы толқынды литотропсияны енгізу белгілі бір дәрежеде нефроуретералитиазды емдеуге басқаша қарауға мүмкіндік берді. Бұл әдіс бүйректегі тастардың өз бетімен шығуына әкеледі.
Бүйрек тастарын емдеудің негізгі принципі- шағынинвазивті әдісті қолдану.Емдеу әдісін таңдау емдеу тәсілінің эффективтілігіне және опреациядан кейінгі кезеңге әсер ететін факторларға тікелей байланысты.
Монотерапия ретінде ДЛТ «инфицирленбеген», көлемі 1,5 см-ден аспайтын тастарда тиімдірек және эффективті болады. Бұл әдістің ерекшеліктерін ескерсек, 2 см-ге дейінгі тастардың максмальды толық бұзылуына мән беру керек.
«Клиникалық» және «техникалық» ДЛТ-ға қарсы көрсеткіштерде, тастың көлемі мен санының өсуінде, пішінінің күрделенуінде, бактериурия деңгейінің өсуінде (104 колония/ мм-ден көп) және бүйректің функционалды мүмкіншілігінің жетіспеуінде (30 %-дан көп), сонымен қатар обструктивті уропатия болған жағдайда және “асқынған” бүйрек зәр-тас ауруларында (аномалия, жалғыз және бірнеше рет операцияланған бүйрек, патологиялық жылжымалы бүйрек және т.б) рентгеноэндоскопиялық араласудың (деңгейі) рөлі өсе түседі және ол ДЛТ-мен бірге жүруі мүмкін.....
Рефераттар
Толық

Урологиялық аурулардың семиотикасы мен симптоматологиясы

Ауыру - урологиялық кеселдердің ең мәнді және неғұрлым жиі болатын нышандарының бірі. Шығу тегі жағынан ауыру шаншып не қақсап ауыратын болуы, тыныш қалыпта не қозғалғанда білінетін болуы мүмкін. Науқастардың медициналық көмек сұрауының ең жиі кездесетін себебінін өзі де осы ауыру сезімі.
Ауыру белдің төңірегінде, шап өзегінің сыртқы бөлігінде, шат аралығында, тік ішектің төменгі шегінде, қасаға байламында шоғырлануы мүмкін.
Ауыру әдетте ауырған органның орнына сәйкеседі, алайда басқа органнан таралған, иррадиацияланған болуы мүмкін. Мысалы, бүйрек шаншуында (несепағарда, шүмекшеде тас болуы) ауыру төмен шапқа, жыныс органдарына, санға иррадиацияланады.
Бүйрек пен жоғарғы несеп жолдарының аномалиялары мен аурулары кезінде неғұрлым жиі болатын симптом (нышан) бүйрек шаншуы. Бүйрек шаншуының ұстамасы әдетте кенеттен, ауыр күш түскеннен кейін пайда болады. Ауыру пышақпен кескендей өткір сипатта болады. Науқастар мазасызданып, төсекте дөңбекши береді. Бүйрек шаншуының ұстауы әдетте қысқа мерзімді болады.
Бүйрек шаншуы кезінде несеп оған қан араласқандықтан қызыл түске боялады.
Бүйрек шаншуы - бұл жоғарғы несеп жолдарының жылтыр бұлшық еттерінің құрысып қалуының салдары. Кейде белдің маңы қақсап ауырады, әдеттегі иррадиация болмайды, енді бір жағдайларда ауыру реакциясы мүлдем болмайды (уақытша өзі дара қалған бүйрек).
Құрсақ – астының, мықын асты маңының тартып ауыруы бүйректердің дистопиясына, таға тәрізді бүйрекке тән. Таға тәрізді бүйрек кезінде ауыру сезімі бүйрек мойыншасынын қолқаға, төменгі қуысты венаға, нерв өрімдеріне батуынан да болады.
Бүйректің киста аурулары (поликистоз, мультикистозды бүйрек, мультиокулярлық бүйрек, бүйректің солитарлық кистасы) кезіндегі ауыру сезімі де әдетте тартып ауыратын сипатта болады және ұлғайған кисталардың бүйректің фиброздық капсуласын керуіне байланысты. Аномальдық бүйректер инфекцияның енуіне - пиелонефритке шалдыққыш (82%), ал мұның көп жағдайда бүйректің құрысуына апарып соғатыны мәлім.
Жедел пиелонефрит кезінде толып жатқан симптомдар тән: жоғары температура, қабырға астының, белдің шаншып ауруы, несепте лейкоциттердің болуы.....
Рефераттар
Толық

Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы

Көтерілістің ең басты көсемі, деревняның қолөнершісі, үй төбесін жабушы Уот Тайлер болды және әдетте көтерілістің бәрі де соның атымен аталғанды. Ол соғыс ісімен әбден жете таныс, шебер ұйымдастырушы және ке-терілісшілердің арасында үлкен беделді адам болды. Эссекс пен Кенттің үлкен екі отрядтарымен шаруалар Лондонға таяп келіп жетті. Олардың мақеаты II Ричардпен кездесіп одан шаруалардың хал-жайын жеңілдетуді өтіну болған еді. Шаруалардың басым көпшілігі «Қайырымды корольге» сеніп, өздерінің бастарына түскен бәле-жаланың бәрін де оның ақымақ советниктерінен көретін еді. Мэрдің берген жарлығына қарамастан қала кедейлері көтерілісшілердің алдындағы қақпаларды жаптыртпады. Лондонға кіргеннен кейін шаруалар халықтың ең жексұрын дұшпандары — корольдің советниктерінің үйлерін өртеп қиратты және түрмелерді талқандап, тұтқындарды босатып жіберді. Лондон шаруалардың билігіне алынып, іс жүзінде ко-роль олардың тұтқыны болып шықты. Шаруалар халықтың ете-мөте жек көретін вельмождарын, соның ішінде ағылшын шіркеуінің бастығы және сонымен қатар Англияның канцлері архиепископ Кентерберийский Садбериді «опасыздар» ретіңде елім жазасына тартты. Шаруалар корольмен алғаш рет Майл-Эндте кездесті. Олар корольге «Майл-Энд программасы» деп атақ алған талаптар қойды. Олар корольдің алдына крепостнойлықты және барщиналықты жойып, біркелкі төмендеу ақшалы рента (акрадан 4 пенс) орнатып Англияның барлық қалалары мен селолық жерлерінде сауда бостандығын беру және бүкіл кетерілісшілерге кешірім жариялау талаптарын қойды. ....
Рефераттар
Толық

Уәлиханов Шоқан

Уәлиханов Шоқан (шын аты-Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы (ноябр., 1835-апрель, 1865)- қазақ ғылыми, ориенталист, тарихшы, этногроф, географ, фольклорист, ағартушы-демократ.Ол Құсмұрын бекінісінде (қазіргі Қостанай обл.) туды.Шоқан 12 жасына дейін жеке меншік мектепте оқып, мұсылманша хат таныды. Ол осында жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуды, түсінуді үйренді.Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жырын жазып алған. Шығыс тілдерінен араб, парсы тілін, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерді. 1847 жылдың күзінде Шоқанды әкесі Омбыдағы кадет корпусына оқуға берді.Бұл Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып саналатын.Кадет корпусының оқушылары әскери пәннен басқа географиядан,тарихтан( Россия тарихы мен жалпы тарих), орыс және бат. әдебиетінен , философия енгізінен, зоология және ботаникадан, физикадан, құрылыс пен архитектура негізінен білім алды. Оқу мерзімі 8 жыл болатын. Мұндағы тәрбиелеушілер рота және эскадронға бөлінді.Ротаға ірі чиновниктер мен жоғары шенді офицерлердің, ал эскадрондарға қазақ балалары алды.
Осында Шоқан Оңт. Сібір, Байкал, Алтайды, Орал,, Еділ, Каспий, алабын зерттенген П.С.Палластың «Саяхаты», Орал, Еділ, Каспий халықтарының тарихы мен ътногр. Жазған П.И.Рычковтың күнделігі сияқты сирек кездесетін көне қолжазбалармен танысып, оларды қызыға оқыды. Сол кездегі озық ойлы, алдыңғы қатарлы адамдармен қарым-қатынас жасады.Эскандрондағы оқу барысында кейіннен Азияны зерттеуші, белгілі географ ғалым болған Г.Н.Потанинмен достасты. Шығысты зерттеуші С.Сотниковпен, сурет мұғалімі А.Померанцевпен, білімді офицер К.К.Гутковскиймен,орыс әдебиетінің оқытушысы, ориенталист Н.Ф.Костылецкиймен, мәдениет таихынан сабақ берген айдаудағы ғалым Гонсевскиймен, әдебиетші В.П.Лободосвскиймен (Н.Г.Чернышевскийдің досы, идеялас әріптесі) ғалым И.Н.Березинмен араласып тұрды. Березиннің (Қадырғали Қосынұлы Жалаиридің шығармасы «Жами ат-тауарих») аудармасына талдау жасады. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы болды. Полицияның қатаң бақылауында болған атақты жазушы Ф.М.Достоевскиймен, оның досы, патша өкіметіне қарсы күресуші С.Ф.Дуровпен танысты. 1853 ж.кадет корпусын бітірген Шоқан Сібір қазақ-орыс әскерлеріне қызметке жіберіледі. ....
Рефераттар
Толық

Стресс және адаптация

Стресс - кез келген сыртқы талаптарға организмнің жауап реакциясы, бұл - ауру тудырушы факторлар әсер еткенде, организмнің тұрақтылыққа жету қабілеті.
Қалыпты дені сау организмде оны өлімге әкелетін қолайсыз факторлармен күресуге бағытталған механизм бар. Бұл механизм стресс деп аталады.
Адам организміне әсер ету күшімен байланысты стресс күшті және орташа болып бөлінеді. Біздің байқағанымыз күшті стресс организмге зиян, ал, орташа көп жағдайларда пайдалы болады.

Стресс түрлері

Түрі бойынша стресс жедел жөне созылмалы болып бөлінеді. Жедел стресте қорғаныс механизмдері қысқа уақытқа - тек тітіркендіргіш әсер еткенде қосылады. Созылмалы стресте организмге ұзақ уақыт әсер етеді.
Сонымен қатар физикалық стресс (физикалық, химиялық, биологиялық факторлар әсері) және эмоционалды стресс (теріс эмоция шақыратын психологиялық факторлар).

Психикалық және эмоционалды стрестер оның өте күшті түрі жаттығулық әсер етпейді. Олар адам организміне әрқашан да зиянды.

Стрестің даму сатылары
Стресс бірнеше сатыда өтеді. Бұл сатылар организмнің сыртқы ортаның ұзақ әсеріне жауабын сипаттайды.....
Рефераттар
Толық

Студент болашақ басшы мемлекет қайраткері

Біздің студенттер жыл сайын 14 ақпанда Елбасы Н.Ә.Назар¬баевтың “Болашақ” бағдарлама¬сы¬мен Ұлыбританияның Кар¬дифф университетінде білім алып, тәкаппар Англияны білімімен, ағылшын тілін шебер білгендігімен таңқалдырған, 2005 жылы әуе апа¬тынан қаза болған магистранттар – Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлей¬манованы еске алу күнін ұйым¬дас¬тырып келеді. Болат ізденуші ре¬тінде ғылыми жұмыс¬тар¬¬мен ай¬на¬лысып, кандидаттық диссертация¬сын қорғауға дайында¬лып жүрген еді. Айнұр Лондонда тележүр¬гізу¬шілер конкурсында жеңіп шығып, “Би-би-си” телеар¬на¬сының эфи¬рі¬не шығуға жан-жақты дайындық үстінде болған. Болаттың арманы Ақтауда Ұлы¬британияның мұнай ас¬танасы – Абердине қаласын¬да¬ғыдай халық¬ара¬лық порт салуға өз үлесін қосу, Ай-нұрдың арманы Астанада ағылшын тілінде мектеп ашып, ауыл бала¬ла¬рын оқыту еді... Біз Болаттың Кеңес Одағының Ба¬тыры Ағәділ Сухан¬баевтың ұрпағы, Айнұрдың Әлия Молдағұлованың жиені екендігінен хабардармыз. Үстіміздегі жылдан бастап, кол¬лед¬ж¬де Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлейманова атындағы екі атаулы стипендия тағайын¬далып, беріле бастады.
“Нұр Отан” ХДП-ның “Жас Отан” жастар қанатының бірінші съе¬зінде күш-жігері тасыған жас¬тардың бас қосып, ұлы істерге ұмтылыс танытуын – аға ұрпақтың игі істерінің жалғасы деп білеміз. Ал осы съезге облысымыздағы 14 делегаттың бірі болып колледж оқытушысы, “Жасыл ел” аймақтық бағдарламасының аудан бойынша төрағасы М.Жарқынбековтің баруы атамыз атындағы колледждің мәртебесі мен мерейін тағы бір көтеріп тастағандай.
Студенттерді мемлекеттік қыз¬мет¬ке жас кезінен бейімдеу үшін әр топта старосталар емес, топ әкімдері сайланып отырады. ....
Рефераттар
Толық

Студентердің контингентін автоматтандыру

Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.
Онда:
1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер;
2) Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау;
3) Цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
4) Ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады.
Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.
Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б. жүйелерді басқара алады.
Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату.
Автоматтандыру – ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты.
Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл.
Автоматтандыру дәрежесі – автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы. ....
Рефераттар
Толық

Студенттер болашақ жетекшілер

Бүгінгі студент болашақ - ертеңгі маман. Техникалық жоғарғы оқу орнының білім беру үрдісінің болашағын жоспарлау- ло эканомикалық, әлуметтік, саяси, рухани жұмыстардың қоғамдағы дамуына байланысты шешілетін мәселе. Болжаудың ең басты мақсаты: ғылыми тұрғыдан болашақты көре білу. Соған байланысты студенттерді тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың негізінде басқарудың педагогикалық шарттарын орындау керек.
Болашақты ғылыми негізде болжаудың бірнеше шарттары бар: олар мыналарға жіктеледі:
1) басқару негізінде;
2) қайта құру бағытында;
3) теориялық;
4) әдісманалық негізінде;
5) жүйелі турде өзгерілуі;
6) дұрыс қарым - қатынас орнату негізінде, т.б
Басқарудағы болжау жасау жалпы ортаға байланысты. Басқарудағы болжам жасау орта мен сол мекеме басшысының ой өрісіне, сезімталдығына әкеліп тіреледі. Техникалық институтта оқыту үрдісін басқарудың мазмұны мұғалімнің құндылықтың, танымдық, шығармашылық және рухани дамуын қамтиды педагогикалық қатынастың дамуын өзгертеді, жаңа әдістемелерді қолдану арқылы студенттердің белсенділігін ұйымдастыру арқылы шешідеді.
Білім беру студент қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оны басқарудың мазмұны студенттің ой өрісінің дамуы, өз өмірінің нысаны болу үшін жағдай туғызуға негізделеді. Басқару қызметінің негізгі бағыттары мыналар: құрметтеу, сенім, студент пен оқушының өзара жақсы қарым-қатынасы, білім беру үрдісіне қатысушыларды табысқа жерелейтін жағдайлар туғызу, басқару, бақылау жұмысының біртұтас жалпы жүйесі, оның жеке бөліктері үшін үйлесілімдік пен студенттің ынталылығын қамтамасыз ету, өзара қарым-қатынаста түрлі шешімдер қабылдау және т.б.
Педагог ғалымдардың енбектеріиде В. Сластелин, М. Галагузова, Н. Шуркова, т.б. мұғалімнің психологиялық дайындығы, теориялық білімді меңгеру, жалпы мәдениеттілік деңгейі, студентпен жұмыс ісреуге мұғалімнің жаңа технологияны игеру, өзінің жауапкершілігі, коммунативтік қабілеті, эстетикалық талғамы, т.б. педагогикалық ділгірліктер талданады.
Мұғалімнің жұмысқа дайындығын төмендегіше формуламен анықтауға болады; Г- мұғалімнің жұмысқа дайындылығы; Л-психологиялық дайындығы; Т- теориялық дайындылығы; Д- технологияны меңгеру бағытында.
Педагогикалық әдебиеттерді талдау және өзат тәжірбиелермен танысу мынандай жағдайларды аңғартады. Техникалық институттағы білім берудің мониторингісі кешенді - жүйелік тұрғыдан үлгілеумен тығыс байланысты болады. ....
Рефераттар
Толық

Студенттердің құқықтары мен міндеттері

Кредиттік жүйеде оқитын Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттерінің төмендегідей құқықтары бар:
• Жалпыға бірдей міндетті стандарттық мамандықтар шегінде білім алуға;
• Жеке траектория шегінде оқуға;
• өздерінің қабілеттілігі мен қажеттеліктеріне сәйкес қосымша білім алуға, оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
• бекітілген заңдар бойынша бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысуға немесе қайта қабылдануға, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуға;
• ҚазҰТУ кітапханасының ақпараттық қорын және техникалық орталықтарын тегін пайдалануға;
• Барлық оқылатын пәндер бойынша силлабустарды тегін пайдалануға;
• Жеке пікірі мен ойларын еркін айтуға.
Экономика және экология мамандықтары бойынша ғылыми білім кешенінің түлектерінің магистратураға түсуде және жұмысқа бөлуінде тең құқықты болады.
Мемлекеттік грантта оқитын студенттер ҚР Үкіметі белгілеген стипендияны алуға ұсыныс жасай алады.
Мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес және ақылы бөлімде оқитын студенттер жатақханада орынмен қамтамасыз етіледі. ....
Рефераттар
Толық

Су күйі

Топырақ көп фазалы (бөлекті) дисперсті (бытыранды) жүйе болғандықтан, оған суды сіңіріп және ұстап тұру қасиеті тән. Қай кезде болмасын, онда белгілі бір мөлшерде және күйде су болады. Құрғақ топырақты 1050 С кептіріп, процентпен анықталған су мөлшерін ылғалдылық дейді, оның қорын м3/ға және мм-мен белгілейді.
Топыраққа су атмосфералық жауын-шашын, ыза суы, ауа буының қоюлану (конденсация) және қолдан беру (суару) жолдарымен келеді. Топырақтағы су өсімдіктер мен жандылар тіршілігінің негізі. Өсімдіктер органикалық заттар түзуге суды әртүрлі мөлшерде қажет етеді. Бір мөлшердегі органикалық зат түзуге керек су көлемін транспирация (жіпсу) коэффициенті (ТК) деп атайды. Безенчук тәжірибе стансасының бақылаулары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының ТК мынандай: бидайдікі – 406, сұлынікі – 430, тарынікі – 266, арпанікі – 382, жүгерінікі – 238 және жоңышқанікі – 586 тең, яғни өсімдіктер 1 г құрғақ органикалық зат құрау үшін 200-ден 600 г-ға дейін су жұмсайды. Транспирациялық коэффициент көп жағдайларға, яғни дақылдардың сортына, топырақтың өңдеу тәсілдеріне, су режиміне байланысты өзгереді. Сондықтан, қолайлы су режимін қалыптастыру – агротехниканың басты мақсаты.
Өсімдіктерді сумен қандыру, тек топыраққа сіңген судың көлемімен өлшенбейді, ол топырақтың су құбылымына: су сіңірілуіне, өткізгіштігіне, суды ұстап қалуына, оны сақтауына және өсімдікті дер кезінде сумен қамтамасыз етуіне байланысты. Сондықтан бір климат жағдайына, біркелкі жыртылған, беті тегіс танап топырақтарындағы су мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Бір дәрежеде ылғалданған топырақтағы тиімді судың мөлшері оның механикалық құрамына, қарашірінді мөлшеріне және басқа қасиеттеріне байланысты өзгереді. Сондықтан, топырақтағы судың құбылымы тек жауын-шашынның мөлшеріне емес, көп жағдайда, ондағы су күйіне байланысты. Өсімдіктерге қажет топырақтағы судың мөлшерін, ондағы су қарым-қатынасын және күйін білу керек. А. Лебедев, С. Долгов және А. Роденің зерттеулерінше су топыраққа 3 – қатты (мұз), сұйық және бу күйінде болады. Олардың топырақпен байланысы бірдей емес. ....
Рефераттар
Толық

Су қорын экономикалық бағалау

Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін қажет болады.
Су ресурстары өзен-су жүйесінде қалыптасады. Суды басқа аудандардан әкелетін су шаруашылық аудандарында шеткі шығын шамасы (З ) су тасымалдаушы құрылым шығыны мен (И ) алынатын суға шығындарды (Q ·З ) пайдаланылатын су ресурстарының көлеміне (Q ) қатынасымен анықталады.
З = ,
мұнда: З , З – су әкелетін және су алынатын аудандарда суға шеткі шығын; Q = Q + Q – су ысырабы қоса есептелген тасымалданатын су көлемі. Іс жүзінде кейде тасымалданатын су көлемі пайдаланылатын көлеміне тең болады (Q = Q ). Мұндай жағдайда шеткі шығын су алынатын аудандағы шама бойынша ысырап пен тасымал шығынын ескеріп анықталады.
З = З ,
мұнда К – су тасымалдаудың пайдалы коэффициенті.
Су үнемдеу шараларын мысалмен қарастырайық. Ең тиімдісін таңдау үшін су үнемдеудің төрт нұсқасы бар делік:....
Рефераттар
Толық

Су мен адам арасындағы байланыс

Су мен адам арасында байланыс көне заманнан бері карай қалыптасып келе жатқан жағдай.Әйтсе де, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде бір мемлекет жоқ.. Тіпті, теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісім жасалған.
Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл, мәселе халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр.Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаған километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс түпкірлеріне қауіп тудырады.
Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді радиоактивті заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен шектелмейді.
Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалдықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде қауіпті. Мысалы, Мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуы қиындатады. Үи тұрмысында және өнеркәсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас.
Сондай ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын бактериаларды құртып,балықтарды улайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш,мыс,қорғасынның әр түрлі тұраздары мен көмірді кокстеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер нағыз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қышқылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизмдердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін ) бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмдерге қауіпті. ....
Рефераттар
Толық

Су мәселесі

Қанша қиюластырғың келгенімен, әу бастан қиюы қашқан нәрсенің икемге келіп, иліге кетуі екіталай. Ал икемге келтіру үшін амал-тәсілдің сан түрін ойластырып, мәселеге жан-жақты байыппен қарағанда ғана бұрыннан түйіні шешілмей жүрген түйткілді дүниенің түйіні тарқап, күрмеуі біраз да болса шешілер еді. Әйтпесе...

Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және саяси мәселе сипатына көшетін сыңайы бар.

Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда. ....
Рефераттар
Толық

СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ САРҚЫЛАУЫ МЕН ЛАСТАНУЫ

Бїгінгі кїнде ауыз су жјне жалпы тўщы су мјселесі – дїние жїзіндегі еѕ ґзекті мјселелердіѕ бірі. Адамзаттыѕ бестен бірі ауыз суына зјру.
Ќазаќстан су ресурстарыныѕ їлкен жетіспеушілігі елдерініѕ санатына жатады. Ќазіргі уаќытта су объектілері тау кен ґндіру, металлургия жјне химия ґнеркјсібі кјсіпорындарыныѕ, ќалалардыѕ коммуналдыќ ќызметтерініѕ жедел ластауына ўшырауда жјне наќты экологиялыќ ќатер тґндіреді. Ертіс, Нўра, Сырдария, Іле ґзендері, Балќаш кґлі неєўрлым ластанєан. Халыќты ауыз сумен ќамтамасыз етудіѕ негізгі кґзі болып табылатын жер асты сулары да ластануєа ўшыраєан.
2005-2010 жылдар аралыєында ішінде ґзен экожїйелеріне жїктемені азайту маќсатында жјне олардыѕ ластануы мен ќоќыстануыныѕ алдын алу їшін су ќорєау аймаќтарыныѕ жобалары жјне барлыќ пайдаланылатын су объектілерініѕ жолаєы јзірленетін болады. 2005-2006 жылдары су объектілеріне ластаушы заттардыѕ тґгінділерін таѕбалыдан жиынтыќ нормалауєа кезеѕ кезеѕмен кґшіруге мїмкіндік беретін зиянды заттардыѕ мїмкін болатын шекті нормативтерін жјне судыѕ жай-кїйініѕ маќсатты кґрсеткіштерін јзірлеу жґніндегі єылыми-ќолданбалы зерттеулердіѕ кешені жїргізілетін болады. Бўныѕ бјрі аєынды суларды тазарту жґніндегі єимараттарды салу жјне ќайта жґндеу кезіндегі жаѕа технологияларды енгізуді жеделдетеді.
Су жетіспеушілігін бастан кешіп жатќан ґѕірлердегі бар су ресурстарыныѕ санын ўлєайту жјне сапасын жаќсарту їшін ґзен аєынын реттеу жґніндегі, оныѕ ішінде бассейн аралыќ ќайта болу жґніндегі, сондай-аќ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жґніндегі жўмыстарды жалєастыру ќажет....
Рефераттар
Толық

Су ресурстарының экологиясы

Қазіргі таңда тұрғындарды сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету, келеңсіз жағдайлар туғызуда, оның ішінде ауыл тұрғындарын қамту 185 су тасымалдау жүйесінің санитарлық- техникалық қағидаларға сай істейтіні 75. Соңғы жылдары ауыз суының сапасы күрт төмендеп кетті. Халықты таза ауыз суымен қамтамасыз ету төменгі дәрежеде, айта кетер болсақ: Байзақ ауданында 7 %, Жамбыл ауданында 21%, Шу ауданында 20,2%, Мойынқұм ауданында 14 % дейін ғана таза ауыз суымен қамтамасыз етілген. Жамбыл облысындағы негізгі ірі үш өзендер: Шу, Талас және Аса. Негізінен өзендердің көбі Арал бассейініне жатады. Тек Іле Алатауының шығыс беткейінен өтетін кішігірім өзендер ғана Балқаш бассейініне жатады. Бұл Жамбыл облысындағы барлық өзендер Қазақстандағы басқа да өзендер сияқты ластанудың өте жоғары деңгейінде тұр. Соңғы уақытта Шу - Талас бассейіндерінің су ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдары және экологиялық жағдайларының алдын алу шаралары жүзеге асырылуда.
Төрт қала, он аудан орталықтары және жекеленген елді мекендері жер асты суларының есебінен сумен қамтамасыздандырудың сенімді көздеріне ие. Облыс аумағында жер асты сулары фтор мен полифосфат қосылыстарымен ластанған. Оның негізгі көздері жергілікті жердегі химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары. Облысымыздағы тағы бір басты мәселелерінің бірі - лол шайынды сулар болып отыр. Кәсіпорындарда шайынды сулардың оқшауланған немесе қарапайым су тазалағыш құралдардың жоқтығынан, олар тазаланбастан сүзгі алаңдарына түсуде. Сүзгі алаңына түскен шайынды сулар өзен жағасындағы елді - мекендер пайдалану нәтижесінде күрделі экологиялық жағдай туғызып және аймақта эпидемиологиялық жағдайды күрделендіріп отыр. Осыған байланысты ішек аурулары көбеюде. ....
Рефераттар
Толық

Су тасқыны су басу

Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын судан бірнеше көпір бұзылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 27-наурызда Бесерек өзенінің тасқын суы Хантағы ауылындағы (Кентау мыңындағы) көпірді шайып кеткен. Соның салдарынан Назаров көшесіндегі 50 үй ауылдан үзіліп қалды. Құрбан болғандар мен бұзылған ештеңе жоқ. 28-наурызда жауған нөсер жауынның салдарынан Ащысай, Байылды және Қарнақ (Кентау маңындағы) ауылдарында екі көлік жолдары көпірінің қиябетін және құбыр көпірін, сонымен қатар өзен жағалауын су шайып кеткен.
Сонымен қатар, Төлеби ауданының Көксерек округінен, Досалы би көшесінде орналасқан бірнеше үйді арықтан лықсыған су басып бара жатқандығы туралы хабар келді.
Барлық хабарлар бойынша төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барып, Көксерек округінде трактор және басқа техникалардың көмегімен арық тазаланған, қазіргі уақытта су басу қаупі төніп тұрған жоқ.
Су басу негізінен ұзақ уақыт жауған қалың жаңбырдың немесе қысқа уақытқы нөсердің, қардың күрт еруінің, мұз кептелуінің, қатты дауыл желдің теңізден немесе өзеннен суды жағалауға қарай айдауының салдарынан болады.
Өзендердің жоғарғы жағында кептелген мұз немесе топырақ үйінділері жырылғанда ғана су кенеттен қаптайды. Ал басқа жағдайларда су басуға орай әрекет жасауға белгілі бір уақыт болады. Дегенмен көктемгі қауырт қар еру кезінде, ұзақ уақыт ауа райы бұзылғанда, өзеннің төмен жағалауларында мұз жүріп жатқан кезде жағалаудың маңына тоқтамаған жөн. Әсіресе қар еріп жатқан кез бен ұзақ уақытқа ауа райы бұзылған кезде үлкен шалшықтардан өту қауіпті. Судың қосымша мөлшері шалшықтан өтуді едәуір қиындатады, сондықтан бұрын тексерілген учаскенің өзі тез арада аса қауіпті, өткел бермес жерге айналады.....
Рефераттар
Толық

Су шаруашылығының геоэкологиялық аспектілері

Әсер етуші факторларға байланысты жер асты суларының табиғи режимдері климаттық, ғидрологиялық, жер астының үстеме ағысты және кешенді режимдерге бөлінеді.
Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. Сондықтан грунт сулары деңгейінің маусымдық, жылдық және көпжылдық ауытқулары және тұмалардың өнімі жерге сіңген жауын-шашын мөлшерінің шамасына байланысты болады. Сондықтан инфильтрациялық қоректенудің шамасы тек түскен жауын-шашын мөлшері мен олардың жыл маусымдарына қарай бөлінуінен ғана емес, сонымен қатар буланудың, су өткізгіштіктің, аэрация аймағы қалыңдығы мен оның температуралық режиміне байланысты болу себебінен грунт сулары деңгейінің ауытқу сипаттары да түрліше болуы мүмкін Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген жағдайларында түскен жауын-шашын және еріген қар мен мұз суларының инфильтрациясы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында жоғарылайды. Бұдан кейінгі уақытта (күзге дейін) күшейе түскен булану мен транспирация әсерінен су деңгейі төмендейді, тек ерекше мол жауын-шашын түскенде су деңгейі жоғарылай бастайды. Аталған аймақтарда жазғы жауын-шашын грунт суларының деңгейіне дейін барып жетпейді деуге болады. Тау жыныстары тоңының жібуі мен температуралық жоғарылауы едәуір кеш басталатын солтүстік аймақтардың дала, орманды дала, орманды аймақтарында грунт сулары өздерінің ең жоғары деңгейіне тек мамыр мен маусымда, ал көпжылдық тоң дамыған аудандарда шілдеде жетеді. Жазғы жауын-шашын су деңгейін жоғарылатады. ....
Рефераттар
Толық

Су-биосферанаң аса маңызды элементі

Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі-су.Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ.Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп,онда болатын зат және энергия айналымына қатысады.Денедегі су мөлшері 10-12 процентке кемісе адам әлсіреп,шөлдеп,аяқ-қолы дірілдей бастайды,20-25 процентке кемісе өмір сүруі тоқтайды.Бір адам70жылда орта есеппен 50тонна су ішетіні көрінеді.
Су-түсі,исі және дәмі жоқ сұйық зат,жақсы ерітуші,үстіңгі кернеуі өте жоғары,айқын капиллярлық(жіңішке түтікпен сұйық заттын жоғары көтерілуі)қасиеті бар.Осы қасиеті топырақтағысу ерітінділерін өсімдіктер бойына сорып алып күн көруі үшін өте қолайлы.Жер шарында сулар үнемі қозғалыста болып,барлық бос сулар.олардың агрегаттық(сұйық,бу, мұз түрлерінің,жиынтық атауы)күйіне қарамастан,жердің гидросфера деп аталатын қабатына жатады.Жер шарының сулы аудандарының жиынығын гидросфера деп атайды.Гидросфераға мұхиттар,теңіздер,өзендер,тоғандар,ми батпақ,топырақтығы,жер астындағы және атмосфералық ауадағы сулар кіреді.Дүние жүзінің3/4бөлігі су.Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территорияның ауданынан 2,5есе артық.Гидросфера биосфераның басқа бөліктері-литосфера(жер асты сулары),атмосфера(булы дымқыл)және оларда тіршілік ететін тірі организімдермен тығыз байланысты.Гидросфераның жалпы көлемі 1455миллион километр квадрат.
Жалпы су қорының 97,5проценті тұзды минералды болып келеді.Теңіз(мұхит)суларын ерітінді деп есептеуге болады,себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөлшері орта есеппен 35г/кг.Менделеев периодтық системасындағы барлық элементтер жер бетіндегі сулардың құрамында кездеседі.Бірақ та олардың ішінде теңіз суларының негізгі тұздылығын құратындарға натрий,магний,кальций катиондары мен хлорид, карбонат…сульфат аниондарын жатқызуға болады.Басқа химиялық элементтердің мөлшері негізгі иондардікімен салыстырғанда анағұрлым төмен болғанымен,олардың теңізбен теңіздегі тірі организімдерде жүретін химиялық процестерге қосатын үлесі өте зор.Олардың ішінде тірі организімдер өз тіршіліктеріне пайдаланатын азотты,фосфорды,кремнийді ерекше атап өтуге болады.бұл элементтердің теңіз суындағы мөлшерін реттеп отыратын теңізде тіршілік ететін жан-жануарлармен өсімдіктер.
Тұщы сулардың қоры жалпы су қорларының 2,5процентің құрайды,немесе35млн.км3.Бұл сулардың орташа тұздылығ 1г/л аспайды.Планетаның әр тұрғынына келетің тұщы су мөлшері шамамен 8 млн.м3.Тұщы сулардың 30проценті жер астындағы сулар.Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтар,Арктика мен Антарктида мұздарында-97процент.Антарктидада мұздың ең қалың 4.78 км тең қабаты және дүние жүзі бойынша ен таза суы бар теңіз Уэддела осы Антарктидада тіркелген.Оның мөлдірлігі тазартылған судікіндей.Жер шарыедағы барлық өзендер 650-700жыл ішінде қанша су берсе,тау мұздарында да сонша су бар ....
Рефераттар
Толық

Суда жүзу

Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады.
Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да біледі.
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.
Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.
Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тәсілдері мынадай: су ішінде тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап жүзу және теңізшілердей жүзу тағы басқа.
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі тәсіл болады - ол жүзу тәсілі және сүңгіу тәсілі. Бірақ олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар.
Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынадай үш түрге бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу және қолданбалы жүзу.
Жұртшылықтың жүзе білуінің маңызы - жалпы халықтың дене тәрбиесін жетілдіруге тигізетін көмегінде. Мұны жүзеге асыру үшін, екі түрлі жұмыс атқарылды:
1. Көпшілікке жүзуді үйрету.
2. Жүзудің көмегімен денсаулықты және дамуын нығайту.
Жүзе білудің негізгі құндылығы – суға барып бара жатқан адамдарды құтқару, оларға уақытында көмек көрсету. Осыған байланысты халықты, әсіресе жасөсіпірім балаларды жүзуге үйрету - маңызды міндет.
Суда жүзудің пайдасы –адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.
Жүзуді үйрету - дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі.
Жүзу сабағы міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, спортшыларға оқу пәні ретінде өтеді. Бұл пән институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман адамдар өткізуі керек. ....
Рефераттар
Толық

Судың ластану мәселесі

Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың, әсіресе аузы судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтай ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам (негізінен балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн.-нан 1 млрд.-қа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады.
Судағы химиялық элементтердің жиынтығы жануарлар мен адамның қанының құрамына жақын болады. Бұл өмірдің суда пайда болғандығының дәлелі бола алады (1 кесте).
Судың тұздылығы әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Аталған көрсеткіш бойынша судың мына категорияларын бөліп көрсетеді:



Химиялық элемент

Еріген заттардың жиынтығынан 
Мұхит суы Адам қаны
Хлор 49,3 55,0
Натрий 30,0 30,6
Оттегі 9,9 5,6
Калий 1,8 1,1
Кальций 0,8 1,2
• Тұщы су – 1 г/л дейін;
• Тұздылау – 1-3 г/л;
• Аз тұзды – 3-10 г/л;
• Тұзды және өте тұзды – 10-50 г/л;
• Рапа - 50 г/л артық.
Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз (3,5 немесе 35 -промилле) болады. Суларда органикалық заттар мен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады.
Адам суды оны пайдалану мақсатына байланысты бағалайды: ауыз су, техникалық қажеттіліктер үшін, ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін және т.б.
Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар (ЗЖЖК) қолданылады.
Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар бак-териологиялық және органолептік қолданылады.
Судың бактериялық жағдайы төмендегідей анықталады:1) судағы бактериялардың жалпы саны, ол судың 1 миллиметіріне 100-ден аспауы керек; 2) ішкі таяқшасы тобының бактерияларының саны арқылы. Ол коли-индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен көп болмауы керек) немесе коли – титрмен анықталады: Бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл-ден кем болмауы керек) анықталады. ....
Рефераттар
Толық

Сүлеймен Бақырғани

Хакім ата (туған жылы белгісіз – 1186 жылы қайтыс болған) сопылық диадктикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ислам дінінің «жахрия» («йассаушиілік») деп аталатын ағымын қыпшақ даласына уағыздап, таратушы көрнекті діни қайраткер. Болашақ ақын қазіргі Қарақалпақстанға қарасты Қоңырат қаласына жақын жердегі көш қамал – қала Бақырғанды туған. Түркі әлеміні ғылым және өнер ошақтары – испиджаб (Сайрам), Фараб (Отырар), Йасы (Түркістан) шаһарларында ұзақ жыдар оқып, ислам дінінің аса көрнекті ғұламаларынан дәріс алған.
Кезінде «ұстаздардың ұстазы» атанып: «ұлы Шайхы» дәрежесіне жеткен ғұлама ақын Ахмет Йассауидың ең қабілетті шәкірті, ізбасары болған.
Бұл туралы Сүлеймен Бақырғани:
Йассы өзені жағасы
Жатыр гауһар асылы
Машайықтар сарайы
Шейхым Ахмет Йассауи
Қарашығымен қыстаған
Сұңқар, лашын ұстаған
Сансыз шәкірт бастаған
Шайхым Ахмет Йассауи
Шариғаты – шапағат
Таризаты - қанағат
Хақизаты парасат
Шайхым – Ахмет Йассауи –
дейді.
Бақырғани жасы ұлғайған сайында ел арасында Хакім ата деп аталып кеткен. Бақырғанидың сопылық – дидактикалық мазмұндағы хикмет - өлеңдері кезінде ұлан – ғайыр қыпшақ даласы мен Орта Азияның түркі тілдес тайпалары арасында кеңінен тарағаны тарихтан жақсы мәлім. Алайда мұрасы тек ХІХ ғасырда ғана қайта жинақталып, Қазан, Ташкент және Стамбұл бапаларынан «Бақырғани кітабы» деген атпен бірнеше рет (1846, 1877, 1898 жж.) басылып шықты.....
Рефераттар
Толық

Су сесурстарының экологиялық проблемалары

Жерде тіршілік пайда блған алғашқы орта – су болып табылады. Тарихи даму барысында көптеген ағзалар ауа-жер ортасына тарала бастады.Нәтижесінде эвалюция барысында жаңа тіршілік ету жағдайларына бейімделген құрлық өсімдіктері мен жануарлары пайда болды.
Топырақта су және қурлық ағзалары таралып, оның өзіне тән комплексі түзілді.
Су тіршілік ортасы.Гидросфера жер бетінің жалпы ауданының 70%дейінгі бөлігін алып жатыр. Сулы ортада мекендейтін ағзаларды гидробионттар деп атайды. Қазіргі кездегі гидросфера тек қазіргі кездегі тірі заттың ғана емес, ертедегі геологиялық дәуірлердің тірі заттың тіршілік әректінің өнімі болып табылады. Ғаламдардың еснптеуі бойынша бүкіл гидросферадағы судың ( теңіз, мұхит, өзен, көлдер ) биологиялықайналымы 2 млн. Жылда аяқталады.Яғни су плнетаның бүкіл тірі заты арқылы айналып өтеді. Әлемдік мұхиттың сулары шамамен 3000 жылда жаңарады. Ағынсыз көлдердің суы 200-300 жылда, өзендердің суы әр 12 күн сайын жаңарып отырады.
Тіршілік ортасы ретінде суға тән қасиет - оның қозғалғыштығы. Эвалюция процесіндесуда тіршілік ететін ағзалар судың қозғаоғыштығына бейімделген. Мысалы, жасыл және диатомды балдырлар, су мүктері су тубіндегі тастарға бкінеді. Жануарларда да сулы ортаның қозғалғыштығына бейімделушіліктер қалыптасқан. Ағысы қатты өзендерде мекендейтін балықтардың көлдең кесінділері дөңгелек, денесі жалпақ, көпшілігінің құрсақ жағында су астындағы заттарға бекінетін әр түрлі мүшелері болады.
Су ортасының температуралық режимі. Әлемдік мұхиттағы су температурасының ауытқуы үлкен емес: -2С-дан +36С-ға дейін. Ішкі, тұщы су қоймаларының қоңыржай белдеудегі ауытқуы -0,9С-дан +25с-ға дейін. Термалдық бұлақтарда, жылы, ыстық және айнап жатқан сулардың температурасы +100С-ға дейін жетеді.
Судың тұрақтылығы мен тығыздығы.Судың тығыздығы ауаның тығыздығынан 800 есе жоғары. Сондықтан су өсімдіктерінде өсімдіктің біріктік қасиетін қамтамасыз ететін механикалық ұлпасы нашар дамыған немесе болмайды.
Судың тұздылығы. Әлемдік мұхиттың суының құрамында жерже белгілі элементтердіңбарлығы дерлік кездеседі. 1л суда еріген минералдық заттардың массасы судың тұздылығы деп аталады. Тұздылықтың өлшем бірлігі промиле ( % o) -1л судағы 1г минерлдық заттар ерігенін көрсетеді.
Теңіздердің тұздылығы жоғары ( 40-45 %o), ағыс пен жауын-шашын буланудан жоғары болған жерлерде тұздылық төмен ( 305%o) немесе тұщы болады. Тұздардың концентрацисы 270%0 артық болатын жер асты суларында тіршілік болмайды. Судың орташа тұздылығы 35% - 1л суда шамамен 35г тұздар, негізінен хлоридтер, сульфаттр мен карбонаттар болады. ....
Рефераттар
Толық

Сүйек шеміршек

Шеміршек ұлпасы механикалык функция атқаратын дәнекер ұл-пасының жоғары дәрежеде жіктелген тобына жатады. Ол адам мен омыртқалы жануарлардың денесінде болады. Мезенхимадан дамиды, тығыз негізгі затта (матриксте) орналасқан клеткалар мен талшықтардан тұрады.
Шеміршек қатты, бірақ иілгіш ұлпа. Пішінінің өзгеруіне қарсы тұруға жақсы бейімделген, оның аралық заты серпілмелі келеді және сүйектердің буын беттерінің арасында жиі пайда болатын үйкеліс күшін кемітетін қасиеті бар. Тығыз дәнекер ұлпасына карағанда негізгі затқа бай келеді. Клеткаларын хондробластлер деп атайды. Хондробластлер даму процесі кезінде хондроциттерге айналады. Хондроциттер шеміршек үлпасының негізгі клеткасы, клеткааралык затта ерек-ше қуыстарда капсуламен қоршалып орналасады. Хондроцитгің беттері электрондық микроскоппен байқалатын микробүрлермен жабдықталған. Бұл клеткалардың ядросы жұмыр келеді, хроматин аз болады. Цитоплазмасыңда митохондриялар, белоктарды синтездейтін грану-лалық эндоплазмалық тор мен жаксы жетілген Гольдхи жүйесі бола-ды (84-сурет). Хондроциттер 2-4-онан да көп болып топтасып бірігіп «изогендік топ» деп аталатын комплексті кұрайды. Әрбір топ бір хондробластының бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Қуыстың ішінде орналасқан изогендік топтар дәнекер үлпасынан тұратын капсулалар-мен қоршалған.
Шеміршекті мезенхиманың клеткаларынан түзілетін шеміршек қабықшасы, немесе перихондр деп аталатын тығыз дәнекер ұлпасы қаптап түрады. Перихондрдың екі қабатын ажыратады: тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан тұратын сыртқы-фиброзалық қабат пен құрамында хондробластлер бар ішкі-хондрогендік қабаттан. Шеміршектің тіршілігінде оның өсуі мен қоректенуін қамтамасыз етіп үлкен рөл атқарады. Перихондрлық (шеміршек кабықшасының) клеткалары өздерінің митоздық беліну кабілетін сақтайды, шеміршектің өсуі мен закымдалған кезде калпына келуі қамтамасыз етіледі. ....
Рефераттар
Толық

СҮЙЕК ШЕМІРШЕК ТІНІ

Шеміршек тіні адам мен омыртқалы жануарлардың денесінде болады. Клеткалардан және клеткааралық заттан түрады, соңғысы тығыз болады. Шеміршек тіректік функция атқарады. Шеміршек үлпасының үш түрін ажыратады: гиалиндік, серпілмелі және талшыкты.
Гиалинді (гректің гиалос — әйнек) шеміршек үлпасы гиалин шеміршегін қүрайды. Шеміршек үлпасының ең көп тараган түрі (57-сурет). Адам мен сүтқоректілер үрығының канқасы шеміршектің осы түрінен түрады, ал ересек организмдерде гиалинді шеміршек сүйектердің буын беттерін қаптайды, кеңірдек пен ірі бронхтардың қабырғасында, қабырға үштарында, мүрын пернесінде кездеседі. Шеміршектердің ішіндегі қаттысы, гиалинді шеміршек жалпы шеміршек үлпасы сияқты хондриобластлар мен хондрициттер деп аталатын клеткалардан, клеткааралық аморфты және талшықты заттан түр
8-сурет. Серпілмелі шеміршек
1— шеміршек клеткалары,
2— серпілмелі талшықтар, 3— перихондр. 9-сурет. Талшықты шеміршек:
1—шеміршек клеткалары, 2— негізгі зат, 3— коллаген шоғырлары

Гиалинді шеміршектің талшықты клеткааралық заты қышкыл муко-полисахаридтерден түратын аморфтық клеткааралық заттың ішінде орналасқан коллаген талшықтарының өте жіңішке шоғырларынан түрады. Гйалинді шеміршекті шеміршек қабықшасы немесе перихондр деп аталатьш тығыз дәнекер үлпасы қаптап түрады. Перихондрдың құрамында жас шеміршек клеткалары — ховдробластлар, соны-мен бірге фибробластлар мен фиброциттер және коллаген талшықтарының жуан шоғырлары болады. Олардын ара-сында борпылдақ қалыптаспаған дәнекер үлпасының өте жүқа қабатымен қапталған қан тамырлары және нервтер болады.
Шеміршектің орта зонасының хондробластлары бірте-бірте дифференцияланып (жіктеліп), хондроциттерге айналады. Олар коллагендік талшыктар мен клеткааралық аморфты затты синтездеу кабілетінен ажырайды. Шеміршектің тереңдігі зоналарында хондриоциттер дөңгеленеді және амитоздық тәсілмен беліне бастайды. Бірақ та шеміршек үлпасының клеткааралық заты тығыз болғандыктан, олар бір-бірінен қашықтай алмай, клеткалардың изогендік топтарын қүрайды. Изогендік топтарды шеміршек капсуласы қоршайды. Шеміршек ұлпасында қан тамырлары болмайды. Шеміршектің қоректенуі перихоңдр-дың тамырлар торы арқылы қамтамасыз етіледі.
Серпілмелі шеміршек ұлпасы адам мен сүтқоректілердің құлақ қалканшасывда, сыртқы есту жолында, кемекей үсті шеміршекте және көмекейдің кейбір шеміршектерінде кездеседі. Қүрылысы гиалинді шеміршек үлпасына үқсас (8-сурет). ....
Рефераттар
Толық

Сүт безінің аурулары

Сүт безінде әртүрлі патологиялық процестер өтіп жатады. Оларды емдеу шаралары әртүрлі болғандықтан, патологиялық процестің сипатын ажырата білуіміз керек. Ол үшін сүт безіне және бүкіл организмге зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оларды клиникалық және лабораториялық әдістерге бөлуге болады.
Клиникалық зерттеулерге: анамнез мәліметтері, организмді жалпы зерттеу және желінді зерттеу кіреді.
Анамнез: қашан бұзаулады, туу процесі мен туғаннан кейінгі кезең асқынусыз өтті ме, бағып-күтімі мен азықгануы, туғанға дейінгі, туғаннан кейінгі кездегі сүт безінің клиникалық жағдайы қалай еді, бұрынғы жылдары желін аурулары болған ба, сауу режимі сақтала ма, малдәрігерлік-санитарлық шаралар орындала ма, жалпы шаруашылықта желін аурулары көп пе, сиырдың сүгтілігі қандай, сиырдың ауырғанына неше күн болды, ауруы қалай білінді, кім емдеді деген сұрақтарға жауап алатын болсақ аурудың туу себебін, патологиялық процестің сипатын анықтауға біршама мүмкіндік туады.
Организмді жалпы зерттеу дегеніміз малдың дене температурасын өлшеп тыныс алу жүйесін, жүрек-қан айналу жүйесін, ас қорыту жүйесі мен жыныс органдарын зерттеу, малдың жатып-тұруына көңіл бөлу, сыртқы лимфа түйіндері мен кілегейлі қабықтарды зерттеу болып табылады. Өйткені, желін аурулары көбінесе гастроэнтерит, эндометрит, субинволюцші, т.б. аурулардың салдары болуы мүмкін. Сол сияқты желін ауруларының салдарынан басқа органдарының қызметі бұзылуы мүмкін.
Желінді зерттеу. Қарап, ұстап және сауып көру сияқты тәсілдерден тұрады. Желінді тексергенде сиырдың артқы жағынан және жанынан келіп қарайды. Желіннің оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігін салыстырамыз: көлемі, терісінің түсі мсн бүтіндігі, тығыздығы, температурасы, малдың реакциясы, сауған кезде емшегінен сүттің шығуы, сүттің түсі, иісі, бөгде заттардың болуы (құм, ірің, іртік, ұйынды, фибрин т.б.). Бұл белгілер аурудың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Соңынан желін үсті лимфа безін зерттейді. ....
Рефераттар
Толық

Сүт өнімдері

Сүт-адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенуді үйренген секілді.
Сүт шаруашылығын өркендетуде оны барынша дұрыс ұйымдастыру мен орналастырудың маңызы өте зор. Мұны жүзеге асыру – малды жер-су жағдайларына, табиғи ерекшеліктерге және жем шөптің жеткілікті болуына қарай орналастыру деген сөз.Осылай орналастырғанда еңбекті және басқа ресурстарды аз жұмсап, өнімді көп алуға мүмкіндік туады.
Сүт өндірісін ұйымдастыру,орналастыру және пайдаланудың өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар. Олар- сүт бағытындағы мал шаруашылығы, сүт өнеркәсібі және тұтынушылардың алыс-жақындығы, ауа райының ыстық-суықтығы, транспорт пен арнайы ыдыстардың жеткіліктігі, т.б. факторлар. Осыған байланысты мамандандырылған сүт шаруашылықтарының көбісі ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарына жақын орналасқан.
Сүт-тағамдардың ішіндегі ең құнарлы,әрі таңдаулы түрі.Оның құрамында жүзден астам витаминдер, қант, минералдық тұздар, гормондар, т.б. түрлі элементтер бар. Мұның бір ерекшелігі – сол элементтердің бәрі адам организмі үшін өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағамдар, шипалы сусындар жасауға болады, демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.
Сүт тамағы азық түлік рыногының құрамдас бөлігі ретінде экономикалық жүйе қандай болса да, күнделікті сұранысқа ие және кез келген мемлекеттік рыногында тұрақты орын алады. Қазақстан бұрын осы бір аса бағалы тағамдық өнімді өте көп өндіру, көп тұтынуы мен ерекшеленетін.
Сүт – табиғатының ең құнды өнімі. Адам организмі оның құрамындағы қоректік заттарының 98-99% пайдаланады. Сүттің жоғары қоректік қасиеттерін келесі деректерге қарап білуге болады: 1 литр сүт құрамындағы белок мөлшері- 15 грамм сиыр еті, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг. нан құрамындағы белокқа тең. Сүттің жарты литрі адамның амин қышқылдарына деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады, ал сүттің 1 литрі адамнвң май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттілігін толық, белокқа қажеттілігін жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттілігінің 1/3 бөлігін қамтамасыз етеді.
Сүт адамның жүрек қызметіне қолайлы әсер етеді. Ағылшын дәрігерлері 10 жылдан астам уақыт ішінде жүргізілген ғылыми ізденісте 45-59 жастағы 5000 ер адамды бақылыған. Нәтижесінде сүтті жақсы көретін адамдар оны ішпейтін адамдармен салыстырғанда жүрек ауруларымен 10 есе сирек ауыратындығы анықталған. ....
Рефераттар
Толық

Сүтқоректілер омыртқалы жануарлар

Сүтқоректілер — омыртқалы жануарлардың жылықанды, ең жоғары сатылы тобы. Бұлардың басқа жануарлардан басты ерекшелігі: ррталық жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің ерекше дамуы: дене температурасының біршама тұрақтылығымен (сүтқоректілердің көпшілігінің дене температурасы — 37—39°) қамтамасыз етілетін жылу алмасу жүйесінің күрделілігі; баласын тірідей туып, сүтпен асырау арқылы ұрпағының одан әрі тірі қалуына қолайлы жағдай жасауы. Бұл топтағы жануарлар баласын сүтпен қоректендіретіндіктен, класс сүқоректілер деп аталады. Сүтқоректілер класындағы жыртқыш жануарлар кейде аңдар деп те аталады. Ең жоғары сатыда дамыған, ақыл-ой иесі адам да осы класқа жатады.
Сүтқоректілер орталық жүйке жүйесінің күшті дамуы нәтижесінде құрлықта да, теңізде де, түщы суда да мекендейді, қазіргі кезде олардың 4 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Адамның шаруашылықтағы әрекетіне байланысты сүтқоректілердің кейбір түрлері табиғатта сиреп барады. Сондықтан олардың 230 түрі және 91 түр тармағы ХТҚО-ның, 26 түрі және түр тармағы бүрынғы КСРО-ның, 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Сүтқоректілердің 300-ден астам түрі бұрынғы КСРО-да, 155 түрі республикамыздың кең байтақ аймағында мекендейді. ....
Рефераттар
Толық