👈 қаріп өлшемі 👉

Үкіметтік Емес Ұйымдардың азаматтық қоғам қурудағы алатын орны мен рөлі

Үкіметтік Емес Ұйымдардың азаматтық қоғам қурудағы алатын орны мен рөлі

Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы
Азаматтық қоғамнан бастайтын болсақ, онда оның өзі қиын әлеуметтік құбылыстың өзі, өзіне тән белгілі жүйесімен бірнеше мыңжылдық тарихы бар, өзінің қалыптасуы әр түрлі болып келетін күрделі құбылыстың бірі.
Қазіргі таңда азаматтық қоғамның дамуы ең маңызды даму жолыретінде саяси трансформация жүргізіп отырған мемлекеттер үшін маңызы зор.
Бұл сала орта мамандар ескі демократия елдері мысалыға АҚШ-та толығымен бұл құбылыс орнағанымен қалыптасып біткен жоқ. Демократия, адам құқықтарының сақталуымен толық байланысты бұл құбылыстың тарихына, қайнар көзіне көшетін болсақ. Өз бастауын ежелден алады. Азаматтық қоғам туралы алғашқы ойларын грек философтары жалпы түсінік берген болатын. Атап айтатын болсақ, Сократ, Платон, Аристотель өзінің антикалық концепцияға сай азаматтық қоғамның ойларын қарастырушы атақты антика әлемінің зерттеушісі: Кнабе Г.С., Мотрошилова В.Н., Утченко С.Л. қарастырып кеткен. Азаматтық қоғам теориясын жасақталуын жаңа заман Европалық философия мектебінің өкілдері үлес салмағын қосты. Өкілдері Гоббс Т., Локк Дж, т.с.с. Аса маңызды азаматтық қоғам теориясын қарастырушы Гегельге жатады. Өзінің үлесін қосқандар ішінен тағы да айтып кететін болсақ, Кант И., Маркс К., Джефферсон Т., Бердяев Н., Ясперс К., тағы да басқа зерттеушілер ат салысты.
Қазақстандағы азаматтық қоғам жөнінде өзінің үлесін қосқан Н.Ә.Назарбаев еңбектері болып табылады. Теория жағынан және дамуын біздің елден бір топ зерттеушілерімен белсенді түрде үлес қосуда. Атап кететін болсақ, олардың қатарына Абишенің К.А., Аяғановтың Б.Г., Байдильдинов А.А., Жусупованың А.Д., Нұрмағамбетов А.А., Бельгибаев С.Т., Шомановтың А.Ж т.с.с. өте көп зерттеушілер осы мәселемен айналысып ат салысуда.
Ал мәселенің яғни азаматтық қоғамның ежелде қарастырып кететін антикалық қоғамда қалай болды деген сұраққа жауап берсек. Онда антикалық түсінікте мемлекет, республика, азаматтық қоғам деген түсініктер синоним ретінде ішінара байланысқан терминдерден құралған болатын.
Ол «polis» және «politca»ежелгі гректерде, ал ежелгі римдіктерпде «res publica» және «society civitas» деп атаған. Полис деген сөзден мағынасына келетін болсақ ол «қала, мемлекет» деген түсінік берді, тура солай ол термин «азаматтық қоғам» (қауым) деген түсінігімен жақын болып келеді.
Аристотель түсінігі бойынша мемлекет және азаматық қоғамды былай түсіндіреді «Всякое государства предоставляет своего рода общение, всякое же общение организуется ради какого-либо блага больше других и к высшему из всех благ стремиться то общение, которое являеться наиболее важным из всех и обнимает собой все остальные общения, это общение и называеться государственным или политическим» (22).
Осындай азаматтық қоғам туралы түсінік, кең мүмкіндіктер қазіргі кезеңге даму концепциясын ашады. Қазақстандағы фундаменті байланыс жүйесі ретінде ұлттық стратегиядан көрініс табады. Ол ел басының «2030 жылдардағы Қазақстан даму стратегиясында» орын алған болатын.
«Адамдар арасындағы өзара байланысты мен қарым-қатынасты орнатумен қатар, біз біртіндеп біздің ұлттық бірлігімізді кеңейте түсеміз». Сонымен осы айтылған ел басының стратегиясында халық арасындағы байланысты нығайту жолдары туралы айтылған. Ал ол келешекте ұлттық ерекшелігімізді сақтап, болашақта мықты ұлттың біріне ішінара халық арасындағы келеңсіз немесе орынсыз текетіреске жол бермеуіне маңызды роль атқарады. Өйткені қалыптасып келе жатқан құбылыстың яғни «азаматтық қоғамның» негізі – халық болып саналады. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік пен экономикалық дәрежесінің өсуі де азамттық қоғамның дамуының басты ілгері қарай бет алатын құбылыстың бірі болып табылады. Осындай тұжырымды ерте кезде грек қоғамына да тән болды. Оларда бүкіл адамзаттың қоғамның ішінде тең болуы туралы Платон өзінің шығармаларында былай айтқан.
«Равенство происхождения раставляет нас стремиться к равным правам для всех основанным на законе и повиноваться друг-другу в силу авторитета доблести и разума» (23).
Осы Платонның айтқан ойында, азаматтық қоғамның негізгі қағиданың бірі сол кезеңде айтылып кетеді. Ол заң алдындағы бірдейлік қағидасы. Бәрімізге белгілі, қазіргі таңда да әр мемлекетте заң ерекше орын алады. Азаматтық қоғам дамуындағы келесі этаптарының бірі жаңа заман европалық философтар өкілдері құрайды. Азаматтық қоғам туралы түсініктер Гоббс Г., Локк Дж, Монтескье Ш. еңбектерінде көрініс табады. Олардың тұжырымдамасы табиғи құқықтары негізінде жасалынған және қоғамдық келісім шартты қолдай отырып, ол келісім шарттың мазмұны немесе мақсатты өзін-өзі сақтау негізінде, келешекте жақсы өмір тұрмысқа негізделген болатын. Осы ойшылдардың дүниетаным көзқарастары бойынша былай деген, «Человек как разумное существо стремиться к свабоде он хочет осознавать себя владелцом своих жизненных прав» яғни туысынан берілген әр адамға бостандық және табиғи құқықтарының сақталуын талап етеді. Джон Локк айтуы бойынша табиғи қауым топ адамдар, адамзаттық қоғамға айналады, яғни былай айтқан «Когда какое либо число людей так объединено в одно общество что каждый из них отказываться от исполнительной власти, присущей ему по закону природы и передает ее обществу» (24).
Монтескье Ш. бойынша азаматтық қоғам ол тәуелсіз ассоциациялар жиынтығы ретінде қарастырады. Сонымен қатар жеке тұлға мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қарастырған болған.
Ерекше, азаматтық қоғам туралы қарастырған ойшыл Г.Гегель болып табылады. Жанұя тұрғысынан алып мемлекетпен байланыстырып өткен. Оның айтуы бойынша, «Гражданское общество есть дифференцация, которая выступает между семьей и государством, хотя развития гражданского общества наступает позднее, чем развития государства». Сонымен Гегель айтуы бойынша тек қана жалпы саяси қызығушылықтармен айқындалатын сферадан бөлек, тағы да жеке меншік сфера бар ол сфераны ол «азаматтық қоғам» деп атаған. Жаңа заман өкілдері осы тұжырымдарды жасай келе қоғамның жаңа тап өкілдері пайда болып келе жатқан көп үшін ол идеологиялық платформа негізінде болсын деп, олар сол қоғамның бай, дербес халқы – буржуа туралы айтқан. Олар өз кезеңіне сай дворяндармен қатар бірдей құқықтар алғысы келген.
Сонымен осындай азаматтық қоғам туралы ертедегі ойшыл, философтардың ойлары іс жүзінде жүзеге аспай қалған. Өйткені Үкіметтік емес ұйымдар кеңестік кезеңінде екi кері тартпа тән болған олар біріншіден жалпы ойлау негізінде тұрпайы түрде мағына берген. Ол яғни азаматтық қоғам, өзінің саны жағынан қоғаммен тең, барлық адамдар, адамзат етіп танылып, адамзаттық құқықтарға ие сонымен шектелінеді. Екіншіден, азаматтық қоғам мен ҮЕҰ-дар арасындағы айырмашылық жоқ деп түсіндіріледі, яғни олар бірдей деп, осындай сияқты азаматтық қоғам теориясындағы кемшіліктер ілгері дамуына ҮЕҰ-дың секторының қалыптасуына өз зардабын тигізген. Қазақстан Респуликасындағы азаматтық қоғам құру мәселесімен айналысып жүрген зерттеушілер аз емес. Олардың атайтын болсақ, Абишев К.А., Байгельдинов Л.А., Аяған Б.Т., Шоманов А.Ж., Жусупова А.Д., Ибраева Т.Ж., Джунусов А.М. өте көптеген зерттеушілер азаматтық қоғам құру мәселесі қызықтырады. Осы салаға байланысты аз емес өз үлесін қосқандар ішінен тағы да ынтымақтастықты дамыту институты (IdC) деп аталатын ұйым ҮЕҰ-дар секторын дамыту барысында мерзімді басылымдармен қатар ҮЕҰ-ға нұсқаулар шығарумен айналысады. Олардың негізгі ғылыми журналдары «Спектр Развития» мен «Организация» деп аталады. Ол басылымдар 2001 жылы алғашқы жарық көрді. Қазіргі уақытқа дейін шығып жатыр және де ол көптеген ҮЕҰ-дарға бүкіл Қазақстан бойынша көмек беруде ат салысады. Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі азаматтық қоғам дамуына байланысты шетел зерттеушілерімен ол мәселе бойынша пікір алысып, өз нұсқауын береді. Мемлекет пен ҮЕҰ-дар арасындағы, әлеуметтік-экономикалық, заңдық, яғни ҮЕҰ-дарға қатысты сұрақтардың барлық жақтарын көтереді. Ғылыми жұмыстың жазу барысында осы аталмыш институтын мерзімді басылымдары қаралып негізге алып жазылған. Сонымен біздің елдегі азаматтық қоғам мәселесі көптеген зерттеушілер айналысатынына күмәнсіз үлкен жұмыстар жасалуда бір ауыздан құптаймыз.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі азаматтық қоғам туралы, Шаманов А.Ж. ҚР Президенті жанындағы Қазақатсанның Стратегиялық Зерттеулер Институтының директорының бірінші орынбасары мен Үмбеталиева Т.Б. саяси ғылымдарының кандидаты екеуі бірлесіп жазған мақаласында «Азаматтық қоғаммен оның институттарының қазіргі жағдайдағы әлеуметтік кикілжіңдерді реттеудегі рөлі» деп аталынған мақалада (25). Азаматтық қоғам мен оның институттарының әлеуметтік кикілжіңдерді реттеудегі рөлін анықтау осынау әлеуметтік феномендер – азаматтық қоғам, оның субъектілері мен әлеуметтік кикілжіңдердің арасындағы іс жүзінде қалыптасатын ұсынды өзара байланыстарды анықтап алуды талап етеді. Азаматтық қоғам институттарының іс қызметтерін талдау, олардың әр түрлі әлеуметтік мүдделердің айтарлықта кең ауқымын қамтитындығын және қоғамдық проблемаларды шешудің біршама ресурстарына ие екендігін дәлелдейді. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам институттарының қоғамдағы әлеуметтік кикілжің деңгейін бәсеңдетудегі рөлі, ең біріншіден, оның тұрақтылығына келеңсіз әсер ететін үрдістерді үйлестіруден көрініс табады. Азаматтық қоғамның дамуы, қазіргі таңдағы дамушы елдер үшін дамуындағы маңызды орын алады. «Ескі демократия» елдеріндегі азаматтық қоғам құрылып болғанымен, нақты жұмыс істеуде әлі дамып келе жатқан құбылыстың бірі болып табылады. Аталмыш кісілердің зерттеуінде олардың қосқан үлесі азаматтық қоғам институттарын айқындап кесте ретінде береді. Қосымшадағы кестеден көріп отырғанымыздай азаматтық қоғам институттарының негізі айқындалып, олардың арасындағы байланысты көрсетіп, анықталып көрсетілген.
Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу проблемасы ең біріншіден адам құқығы сақталып сипаты тұрғысынан демократиялық қоғамды орнату туралы мәселемен байланысты. Аталмыш мәселе модернизация идеясымен, яғни қазіргі заманға сай қоғамды орнатумен тікелей тоғысады. Осыған дәлел ретінде ел басының 18 ақпандағы халыққа жолдауынан көре аламыз. Оның аталған атынан Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында деп аталады. Онда ел басымыз мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан бері қарай яғни қазіргі күнге дейінгі істелген жұмысын қорытындылап, қиыншылықтары мен жетістіктерін атап көрсетті. Сонда негізгі даму барысында ұстаған мақсатымыз жақсы тұру, бостандықты армандадық. Нәтижесінде болашағымыз жарқын болу үшін қажымай еңбек еттік. Ендігі 10 жылдық ішінде ұлттық теңгеміздің тұрақтануы, одан көріп отырғанымыздай экономикалық тұрақтануымызды білдіреді. Нарықтық реформаларды жүргізуде өз орнын нақты алған және де әлі күнге дейін жұмыс істеп жатқан құбылыстың бірі. Сонымен еліміздің барлық салаларын қамтыған жолдауында негізгі әлеуметтік топтың мәселесін, шешіп берді. Әлеуметтік топ дегеніміз оларға зейнеткерлер, студенттер мен мемлекет жұмысында істейтін жұмыскерлер жатады. Олардың зейнетақысы, стипендиясы мен жалақысы екi есе көтеріліп, жағдайлары біршама жақсарды деп айта аламыз. Тағы да ертеңгі елдің болашағы кәсіби білім алу мақсатын көздеген ел басы, биылғы, «Болашақ» стипендиясының санының 3000-ға дейін көтерді. Азаматтық қоғам институттарының дамуы туралы да айтылды. Ең бастысы елдің азаматтырының құқығының кепілдігі болатын сөз бостандығы, қоғамдық бірлестіктер мен саяси еріктіліктің дамуын атап көрсеткен. Адам құқығы мен азаматтардың құқықтары заңда белгіленгенімен кейбір кезде өз орнын таппай жүруде, яғни бір жағдайларда олар бұзылады осымен күресу үшін құқық қорғаушы органдары өз жұмысын белгілі істерде нақты атқару қажет деп түсіндіреді. Ең бастысы – сөз бостандығы демократиялық дамудың негізгі өзегі болып табылады. Сонымен құқыққорғаушы органдар сөз бостандығының бұзылмауын да қамтамасыз ету керек. Қорыта келгенде ел басының халыққа жолдауынан болашақта еліміздің дамуына қазіргі таңда барлық жағдайлар жасалған. Осыған дәлел атақты Ресей ғалымы, академик А.Аганбегян айтуы бойынша «екі ел – Қытай мен Қазақстан – қазіргі таңда, экономикалық даму жоғары қарқында» деп айтып кеткен. Ал бізге белгілі экономиканың мықты мен саяси тұрақты елде ғана ары қарай дамуы жүзеге асыратын үлкен құбылыс, азаматтық қоғамның да дамуына қолайлы жағдай туады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Кофи Аннанның айтуы бойынша «Бүкіл адамзат үшін жарқын болашаққа үміт беретін бірден бір жол, ол өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұнда барлық қоғамдық күш-жігерлер – мемлекеттер, жеке сектор, білім беретін және зерттеу мекемелері, барлық нысандағы азаматтық қоғам – нақты қол жететін мақсаттарға ұмтылу үшін өз күштерін біріктіреді» (26). Осыдан көріп отырғанымыздай мықты адамзаттық қоғам құру үшін қоғамның үш секторын яғни мемлекет, бизнес мен ҮЕҰ-да қажымай еңбек ету қажет болып табылады. Сонымен азаматтық қоғам ол өзі қиын әлеуметтік феномен белгілі өзінің жүйесі бар, және көптеген мыңжылдықтарда дамып келе жатқан құбылыс. Қазақстандағы азаматтық қоғамның құрылуы тікелей өркениетті дамушы елмен бейланысты. Негізінен адам дамудың басты субъектісі ретінде айқындалады. Ол демократиялық негізінде, адам құқықтарының шектелмеуінен тұратын процесс. Қазіргі таңдағы азаматтық қоғам деп бірнеше қағидадан тұратын кезеңді айқындап берген Бельгибаев С.Т. (27).
1. Индустриалды қоғам
2. Экономикалық қарым-қатынас ол қоғамдық нарықтық экономика жүйесі.
3. Саяси тұрғыдан – демократиялық жүйе.
4. Әлеуметтік құрылымда – қиын дефференциялды және стратификациялық жүйе.
5. Діни-идеологиялық жағына ашық қоғамның танылуы, толеранттық және гуманды қоғамның орнауы.
Осы 5 қағидасынан қазіргі таңда азаматтық қоғам тұрады деп айтып кеткен. Көптеген зерттеушілер пікірлерін сараптайтын болсақ, азаматтық қоғам 2 түсінікте қалыптасып жасалынған.
1. Жеке тұлға түсінігі.
2. Жеке меншік түсінігі.
Батыс Европадағы азаматтық қоғам дәл осы екі түсінікте қалыптасқан болатын. Азаматтық қоғам Европада жеке тұлғалардың яғни азаматтардың, мемлекетпен күрес нәтижесінде қалыптасты. Тарихтан белгілі осы күрес нәтижесінде қоғамдық келісім шартты жүзеге асырушы ол заңдарда орын тапты. Сонымен көріп отырғанымыздай демократиялық дамудың негізгі өзегі заң болып табылады. Оны сақтау және қорғау демократиялық қағидаларының негізі болып табылады. Осы кезде демократия туралы атақты Маргарет Тэтчер айтуы тура сай келеді. Ол демократия туралы айтқан, «Әр елде демократиялы бір қолмен енгізу оңайға түседі, бірақ оның да өз зардаптары белгілі, басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей қоғамның барлық қабаттары оған үйрену керек, ол өте көп уақытты қажет етеді. Көптеген елдер мыңжылдық тарихы бар либералды дәстүрлерімен ол мемлекеттер жетістікке жетпеді. Біз өз мемлекетімізді құруда тегiс жерден бастау алдық, бiрақ ескеру қажет демократия ол адамның жүріс-тұрысы мен мәдени ойлауының мәдениетінен тұрды деп солай айтқан (28).
Азаматтық қоғам құру процесі біздің елдің тәуелсіздік алғаннан басталады да, әлі күнге дейін жалғасуда. Қазіргі таңда азаматтық қоғам орнату тікелей ҮЕҰ-дармен байланысты екенін білеміз. Бізге ең керекті нәрсенің бірі ол қазіргі таңдағы жақандануға байланысты өзіміздің тұрақты даму стратегиямызда таңдап алуымыз қажет болып табылады. Еліміздің ерекше түрлі жақтары бар оның бірі көп ұлтты халқымыздан көруге болады. Қазақстанда діни жағдай да ерекше болып табылады. Сарапшылар зерттеуі бойынша 3000 діни ұйымдар бар олар 70 конфессияға жатады. Діни емес ұйымдар да ҮЕҰ-дарға жатады, бірақ та олардың ҮЕҰ-дардан айыра алатын айырмашылық бар. Ол діни ұйымдар белгілі бір идеологиялық тоталитаризм негізінде өзінің тағы да мысалы 2 конфессияда тұру рұқсат етілмеген жағдайлар бар. Ал ҮЕҰ-дар демократиялық негізінде жұмыс істеді. Осындай әр қилы қиын деп те айта алатын жағдайда Қазақстан барлық конфессиялармен өзара түсінушілік сипатта өмір сүруде. Ел басымыз халықтар ассамблеясының ІХ сессиясында, Евразиялық хартияның қабылдануы туралы ой білдіреді. Ол хартия конфессиялар арасындағы бейбітшілік және келісімге келшу туралы айтылады. Көпшілік оны қолдады, олардың ішінен көптеген діни ұйымдардың өкілдері де болды. Сонымен халқымыздың ілгері дамуы келешекте мықты азаматтық қоғамға айналатыны сөзсіз. Осыған байланысты көптеген зерттеушілер ұлттық рухты жоғары ұстап Қазақстанның дамуына «ұлттық идеяның» болуы қажет деп түсіндіреді. Бұл ойды айтушылар ішінен Ашимбаев М., Косиченко А., Нысанбаев А., Шоманов А. Сонда ғана болашақта жарқын ел ретінде өмір сүреміз (29). Келешекте әрбір азамат өзіне қолайлы өмір сүрі үшін бағытталған бұл шара маңызды болып табылады. Осы жоғарыда зерттеушiлер көптеген дамушы мемлекеттер тәжiрибесiн айта келе мақала соңында өз ұсыныстарын айтады. Оларды бiраз жүзеге асыру үшiн уақыт керек. Сонда ғана елiмiздiң тұрақты дамуы азаматтық қоғамға әсер ететiн қоғамның да бұл маңызды бөлшегi дамиды. Көптеген елдерде ол қалыптасқанмен әлi де даму үстiнде. Негiзгi фактор азамат екенiн ұмытпауымыз қажет. Ал азаматтардың яғни көпшiлiкке жақын тұратын ҮЕҰ-дар арқылы ол процесс жүзеге асырылады.
Қорыта келгенде азаматтық қоғамның эволюциясы ежелден бастау алады, әр кезде даму процестерге байланысты ол әртүрлi формада болды. Қазiргi таңда азаматтық қоғам құру мәселесi көптеген мемлекеттер бастан кешiруде де Қазақстан артта қалмады. Нарықтық экономиканың дамуы, азаматтық қоғам мәселесi де айқындала түстi. Азаматтық қоғам бiзге белгiлi үш сектордан тұрады, олардың бiр-бiрiмен араласып қарым-қатынастың терең жүргiзiлуiнде мықты азаматтық қоғам құруға болады. Ол қоғам мемлекетiмiздiң әрбiр азаматы үшiн қажет. ....

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы