Кәсіпорын жүйе ретінде өзара байланысты және өзара келісілген басқарылатын және басқарушы бөліктердең тұрады.Осы жүйе тармақтары арасында және олардың ішінде қатынастар пайда болады. Менеджменттің міндеті – бұл қатынастарды басқарудың функциясын белгілеу және солардың негізінде басқарудың заңдылықтарын ескертіп, басқарушы жүйенің құрылымын жасап шығару. Басқарудың функциясы мен құрылымы – басқарудың мазмұны мен пішіні. Функция / латынның – “атқару, қызмет ” деген сөзі / қызмет сияқты анықталады, ал басқаруға сәйкес бұл басқару бойынша қызмет болады.Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі – басқару функциясын атқару процесі.Шынында, басқарылатын жүйеге кез келген әсер ету белгілі бір, осы жүйелерге ортақ басқару процесінің пішінінде, ал нақты айтсақ басқарудың функцияларында жүзеге асуы мүмкін.Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін оған тән белгілерді білу қажет. Басқаруда әр түрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті басқару проблемасын ғылыми талдаудың ыңғайын табуда негізгі кезең болды.Алғаш рет басқарудың функционалды талдаудың Ф.У. Тейлор мен А. Файоль жүргізді. Басқарудың функционалды тәсілінің басты белгісі – басқару функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.Басқарудың функциясы басқарудың өз мәнін көрсететін басқару қызметінің бөлігі болып табылады. ....
"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім Мұның өөі "қиын оқушылар" санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда "қиын оқушыларға" көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан "қиын оқушыларды" ерте жастан - бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. "Қиын оқушыларды" тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі. Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішінде ерекше категория болып табылатын "қиын оқушыларға" адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндетті жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі. Құндылық проблемасы өмірдің өзінен алынған. Табиғат пен-қоғам құбылыстарына құндылық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Құндылық қатынас адам мен қоғам өмірінде қажетті, жалпыға ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. ....
Мұғалім — мектептің тірегі ғана емес, ол оның бетке ұстар мақтаны. Сол себептен де шәкірт ұстазына қарап бой түзейді, оған еліктейді, сондай болсам деп киялдайды. Яғни, мұғалім - ұлт тәрбиешісі. Сондықтан болашақ ұстаздың бойынан еш уақытта маңыздылығын жоймайтын, жауапкершілігі жоғары болатын қасиет табылуы тиіс. Себебі, ұстаздың алдында еліміздің болашағы, әр ата-ананың көз қуанышы, үкілеген үміткері отыр. Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыра нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл тәсіл сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалануға жетелейді. Сондықтан әр мұғалім өзіндік дайындығына, ой-санасының тереңдігіне қарай ізденеді. Бұл бағыттағы ізденістер еңбектеріндегі бір серпіліс болып табылады. Қазіргі кезде жоғары сынып оқушылары "Ұлттық бірыңғай тестке дайындаламыз, еңбектен күрделі пәндер бар" деп түрлі жайттарды себеп етіп, еңбек сабағына қатысқысы келмейтінін несіне жасырамыз. Оқушылардың еңбек пәніне деген қызығушылығын арттырудың бірден-бір әдісі шикізаттарды пайдалы іске асырып, ол мектеп тарапынан қолдау тауып, шығармашылық сайыстарда жүлделерге ілініп жатса, көрмелерге, байқауларға қатысып жүрсе мұғалімнің де жұмысы жеңілдейді. Мен өзім оқушыларға білім беруде ұлт байлығы — музыка аспаптарын жасатуды негізге аламын. Бұл оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеуде де үлкен рөл аткарады. Сабақ — өте күрделі, жауапкершілікті, септілікті, ұқыптылықты талап ететін сан қырлы. Әрбір сабаққа койылатын басты талап: оқушының еңбекке, еңбектенуге қызығушылығын арттыру; көрнекі құралдарды тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсер тигізе білу; балалармен ынтымақтастықта болу; сабақтың өмірмен байланысын нығайтып отыру. Әрбір сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында басты назар аударатын жайттар: шикізаттан жасалатын затты нақты жоспарлау (домбыра жасау); сабақтың түрін, әдістерін өзгертіп, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмыстарын туғызу (домбырада күй тартып беру, ән салу, т.б.); сабақ барысында дайындалатын затты күнделікті шаруада да пайдалануға болатынын жете сезіндіру (мысалы: домбыра аспабын дайындауда әрбір қазақ үйінің шаңырағын домбырасыз елестете алмаймыз); қазақтың ұлттық аспаптары: домбары, қылқобызын жасап, оларда ойнау тәсілдерін үйретіп жатсақ артық болмас. Мен шамам келгенше оқушылардың пікірін жоққа шығармай, олардың ой-өрісінің дамуына жете назар аударамын. Осыдан үлкен қызығушылықпен дайындалған шикізат домбыраға немесе қылқобызға айналғанда еңбек сабағына келген әр оқушы бар ынтасымен сабаққа қатысып, жыл соңында шебер, уқыпты оқушыға айналады.....
Өнерде өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көрініп, ол қолтаңбасы ұлттың рухани әлеміне құнарлы арна болып қосылған тұлғалар қай елде де, қай заманда да некен-саяқ. Тәттімбет ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантымен, өнерпаздығымен танылған суреткер – күйші-композитор. Ол күй құдіретін, домбыра сырын ерекше сезіне біліп, жанымен сүйсінген, күй жанрының табиғи болмысын шынайы ұққан өнер адамы екендігін байқатады. Өйткені Тәттімбеттің күйлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, халықтың классикалық музыка қорына жатады. Қазанғапұлы Тәттімбет-қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші. Ол ән мен күйдің жылжыған жорғасы мен жүйріктері Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сияқты күйшілерімен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты ел басыларымен қадірлес - сыйлас болған. Қазанғапұлы Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданына қарасты Дастар тауының етегінде туған. Бұл жер қазіргі Абай атындағы совхоздың №4 Мыржық бөлімшесіне қарасты Қызылжал деп аталатын қыстау. Қызылжал қыстауын Мөшеке деп те атайды. Мөшеке Тәттімбеттің үлкен әкесі. Тәттімбет небары 45 жас ғұмыр кешіп, 1860 жылы дүние салды. Қазанғапұлы Тәттімбеттің шыққан тегі Орта жүз, Арғын, оның ішінде Мейрамнан тарайды. Шежіре бойынша Мейрамнан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Шұбартпалы, Қаракесек (Болатқожа) деген аталар өрбіген. Осылардың ішінде Тәттімбет Қаракесегі болып келеді. Тәттімбеттің мінезі байсалды, жеңіл-желпі сөзге көтеріле қоймайтын салмақты кісі болса керек. Мұндай адам бойындағы адамгершілік қасиетті оның көптеген күйлерінен де аңғаруға болады. Себебі, жаны сергек, пейілі адал, халық мүддесі десеішкен асын жерге қоятын, аса әділеткер, адамгершілігі мол болғанын көз көрген қарт-қариялар да әңгімелеп айтып отырады екен. ....
XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588-жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды.
1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.
Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.
... Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты қалаларды талқандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.
Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезіндегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Тыныштың «Шараф-наме – ий шахи» және Мукимидің «Зафар - наме» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Ташкент көтерілісіне зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал ол Орта Азия – Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал еткен еді.
Сол кезде қазақ сұлтандары Сауран билеушісі Ишанкелді аутаршы мен Наурыз би құсшының өздеріне қакүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Үш айға жуық уақытқа созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды. Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. 1588 жылғы оқиғалар содан кейінгі 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғы шарты болды.
Сонау 1585 жылы-ақ Абдаллахқа дербес қарсы шыққан Тәуекел бұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске қосылмады. Тәуекел 1582 жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт табан тіресе күресуіне тура келді. 1596 жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол осы заңды негізге алмаған еді. Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті шабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшының өзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды. Бұдан Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және 1594 жылдар арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет еткені анық болады.....
Ең алғаш рет тәуекел туралы түсінік өткен ғасырдың 20 жылдары бизнестің негізгі элементі ретінде сөз қылған экономист Фрэнк Найт. Ол тәуекел туралы түсінікті өлшенетін белгісіздік деп, бизнес тек тәуекел болғандықтан бар деп жариялады. Келесі қадамды Гарри Морковец жасаған, ол тәуекел мен табыстылық түсініктерін байланыстырды. Табыстылық тек тәуекелмен ғана көтеріліеді деген. Бұл пастулат қазіргі кезде экономист студенттерге мәлім, бірақ 1953 жылы Марковицтің еңбегінің негізін қалаушы жұмысы шыққанда және 1970 жылдың басына дейін оның теориясы аса қызығушылықты тартпады. Бірақ та 1970 жылдары қаржы әлемінде үлкен дағдарыс болды. Валюталық курстың ауытқуының әсерінен экспортталатын тауарлардың мұнайға деген бағасын 1 жылға алдын ала жоспарлау мүмкін болмады. Бағаның секіруі, пайыздық мөлшерлеменің кенеттен ауытқуы сенімсіздікті тудырды. "Тәуекел" түсінігінің ұзақ мерзімді әлемдәк тарихы бар, бірақ оны белсенді түрде көбірек зерттеу XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында басталды. Отандық экономикаға тәуекел мәселесі мен оны бағалау жаңа емес: осы ғасырдың 20 жылдары шарушылық есеп тәуекелінің заңды шарты қалыптасты. Бірақ қалыптасумен қоймай нарықтық қатынастарға қатысты нақты іскерлікті жою жүрді және 30-шы жылдардың ортасына қарай тәуекел категориясына капиталистік, буржуазиялық деген жарлық асылып қойылды. Елдің шаруашылығын экстенсивті дамыту мақсатында ұзақ мерзім бойы бағдарлау, орталық басқарудың тым жоғарғы нәтижесі, басқарудың әкімшілік әдісінің өктемділігі жоспарлы экономика шарты бойынша шаруашылық қызметтің тиімді негіздеуі мен барлық экономика – техникалық негіздеу жобаларының тек тәуекелдік талдаумен ғана құтылмады.Осыдан шарушылық және әлеуметтік мәселелер тиянақты қызығушылықтың жоғынан себебін түсінуге болады. Жоғарыда аталып өткен фактілерге байланысты отандық тәуекел туралы ілімді дамытуға біршама көзқарастар қалыптасты. Бірінші көзқарастың жақтаушылары осы сала бойынша ғылыми жетілдірудің жоқтығын айтты: - "біздің экономикалық ілімде және шарушылық практикада жалпыға ортақ шаруашылық тәуекелдің теориялық дәрежесі жоқ" ал "іргелі зерттеу атымен жоқ" бұл ахуал былай түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы әкімшілік әдіспен басқару, яғни тәуекелдің бағалауы мен талдауының шарты жойылған. Екіншіден, жоғарыда тәукел жөніндегі сұрақтарға байланысты айтылғандай "Батыспен идеологиялық күрес" негативті әсер етті. Екінші көзқарас бойынша тәуекел мәселесіотандық ғалымдарға жаңалық емес. Осылай КСРО – да 20-шы жылдары бірқатар заң актілері қабылданды, олар шаруашылық өндірістік тәуекел түсінігін құрады. Бұл тәуекелдің ерекшелігі, тәуекелге байланысты жүргізілген зерттеулердің күшті деформацияланып, көптеген тәуекелдің есептелмеуі. Ол шаруашылық субъектілердің өз қызметтерінде кездесетін тәуекелмен байланысты. Қазақстанда экономикалық реформаның жүргізілуі шаруашылық қызметтегі тәуекелге байланысты сұрақтарға қызығушылық тудырды, ал тәуекел теориясының өзі нарықтық экономиканың құрылу процесінде тек өзінің ары қарай дамуын алып қана қоймай, сонымен қатар ізденіс үстінде болды. ....
Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылдағы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшылығының Ашгарад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдардың және Орталық Азия мен Славян Республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті. 1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол қойды. Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті. Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды. Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады7 Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді. ....
Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды. Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды. Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды. Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылан ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардын жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді. Олардын 1711-12,1714,1717 жылдардағылары ерекше еді. Жоңғария қазақтарға аса қатерлі кауіп төндірді. 1718 жылы қазақтын барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының сонғысы Тәуке қайтыс болды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағанған мемлекет еді. ....
Қолданылуы: сусыма және ұсақдәнді, сонымен қатар даналы материалдарды тиеу және аудару үшін қолданылады. Жұмысшы жабдық нұсқаларының көптігі және жұмыс органдарының ауыспалылығы құрылыс тиегіштерінің жұмыс жасау облысын кеңейтіп, оларды құрылыс тасымалының барлық этаптарында қолданылатын универсалды машинаға айналдырады.
Негізгі параметрлері: максимал жүккөтергіштігі – тиегіш гидроцилиндрлері көтере алатын жүктің ауырлық күші.
Біршөмішті фронталь пневмодөңгелекті тиегіштер.
БФПТ-тердің жұмысшы жабдығы жебе, коромысло, тартқыш, гидроцилиндрлер құратын рычагты механизмнен тұрады. 1. Қызметіне қарай тиегіштерде рычагты механизмдердің екі типі қолданылады: 2. Шөміштің аударылуы кезінде төмен жылдамдық пен жұлқу күшінің артуын қамтамасыз ететін Z типті механизм; 3. Жұлқу күшінің төмендеуін, шөмішті лақтыру жылдамдығын артуын қамтамасыз ететін Н типті механизм.
Тиегіштердің тік кескіш жүздері бар тіссіз стандарт шөміштері мына жағдайларда қолданылады: үйме қысымы 1.8 т/м3 құм, гравий және сазды топырақтарды тасымалдау. Кескіш жиек беріктігі жоғары кескіш болаттан дайындалады. Сонымен қатар, түсіру биіктігін ондаған сантиметрге жоғарылатытын, машинаның универсалдылығын арттыратын жақты шөміштер де қолданылады, бірақ олар жұмысшы жабдықтың күрделенуіне, қосымша гидравликалық контурлар орнату қажеттілігіне және пайдалы күштің төмендеуіне алып келеді. Гранитті щебень мен жарып алған тау жыныстарымен жұмыс жасау кезінде тісті немесе тіссіз жиектері тік, сыртқа шығыңқы беріктігі жоғарылатылған шөміштер қолданылады. Сыйымдылығы жоғары шөміштер (2.5…3 есе) жеңіл материалдарды жүктеуге қолданылады: көмір, торф, тұрмыс қалдықтары, қар. Шөміштің жерде аударылу бұрышы оның толу дәрежесін анықтайды. Ең жақсы нәтиже соңғы этапта шөміштің ашылу кезінде жақтары жер бетіне параллель болған кезде алынады. Аудару бұрышының диапазоны 340 пен 500 аралығында өзгеріп отырады. Ол гидроцилиндр өлшемі мен рычагты механизм типіне тәуелді болады. Шөміштерден басқа заманауи БФПТ даналы жүктерді поддонға орналастыруға арналған грейферлі жақты әртүрлі айырлармен жабдықталуы мүмкін. Сонымен бірге БФПТ, кранды құрылғылармен жабдықтала алады. Ауысымды бөлшектерінің көптігі жылдамдығы жоғары тез әсер ететін қапсырмалардың сұранысқа ие болуына әкелді. Пневмодөңгелекті тиегіштер гидротрансформаторлы жіне күш түсірілген КПП-сы бар гидромеханикалық трансмиссиямен жабдықталады. Көп жағдайда тиегіштердің жылдамдық таңдауы жұмысшы органға түсіп тұрған жүкке байланысты автоматты түрде болады. Трансмиссия беріктігі жоғары, иілуші моменттері жоқ, дифференциалды, төмендеткіш редукторлы және аз жүк түсірілетін көпдискті тежегішті жартылай осьтермен кешендендірілген. Соңғы уақытта БФПТ-ларға энергияның қозғалтқыштан КПП-ға өтуін қамтамасыз ететін гидрокөлемді трансмиссиялар орнатылады. Мұндай трансмиссияларды енгізудің мынадай артықшылықтары бар: Қозғалтқыш кез-келген жұмысшы күштердің толқуы кезінде оптимал режимде жұмыс жасайды; Ең көп тарту күшіне ықтимал максимал жылдамдықта автоматты түрде қол жеткізуге болады; Тарту күшінің шамасы тиегіштің басқа жүйелерінің жұмыс жасауға кететін қуатына тәуелді болмайды; Отын шығының төмендеуі. Барлық заманауи БФПТ-лар функциялары келесі түрде сипатталатын автоматты жүйелермен жабдықталады – ол оператордың жиі қайталанатын операцияларға назар аудару қажеттігін болдырмайды: берілістерді қойып отыру, жұмыс режимін алмастыру, машина жылдамдығының күшке адаптациясы және т. б. ....
Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм т.б. жатады. Төменгі сыныптарда белдемшелі бұйымдардың түрлерімен, олардың тігілу тәсілдерімен таныстыңдар. Иық бұйымдарының айырмашылығы - мұнда мойын ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына, сәніне қарай ұзын, қысқа, тіпті жеңі жоқ болып келеді, жағасы да түрлі пішінде тігіледі. Ер және әйел киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады. Әйелдер киімінің үлгісін алып қарасақ, онда кеуде, бел, иық бүкпелерін көруге болады, ал ерлерге арналған үлгіде иығы кең, түймеліктің орны солдан оңға қарай бағытталады. Иық бұйымдары жүн, жібек, мақта, зығыр және т.б. маталардан дайындалады және адамның жас ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі, мектеп балалары, әйел, ер киімдері деп бөлінеді. Силуэт бойынша - тік, қынамалы және жартылай қынамалы болады. Пішімі -тұтас пішілген, бел сызығы бойынша кесілген, қондырма жеңді, реглан жеңді, құрастырмалы пішілген, қысқа және ұзын жеңді немесе жеңсіз, жағасыз, тік жағалы, шәл жағалы т. б. болып бөлінеді. Көйлек көбінесе белдемшеден және үстіңгі бөліктен құралады. Үстіңгі бөлік артқы-алдыңғы бөліктерден, жең, жағадан тұрады. Белдемше тұтас пішілген немесе бірнеше бөліктен тұруы мүмкін. Белдемшелердің сынасының санына қарай көйлектер бір, екі, көп тігісті болады. Сонымен қатар тік, кең етекті, қатпарлы, бүрмелі, ши бүрмелі, гофре, бедерлі түрінде кездеседі. Белдемше мен лиф бел сызығы арқылы біріктіріледі немесе біртұтас пішіледі. ....
Турбо-Прологта тізім деп аталатын байланысқан объектілер қолданылады. Тізім дегеніміз- бірінен соң бірі келетін, реттелген объектілер жиынтығы. Тізім құрамы бір-бірімен байланыста болғандықтан олармен топ бойынша да(бүкіл тізім), жеке объект(тізім элементтері)түрінде де жұмыс істеуге болады. Турбо-Прологта тізінің көмегімен бірнеше операцияларды орындауға болады. Олардың қатарына төмендегідей операциялар кіреді: • Тізім объектілеріне еркін кіру; • Тізімге жататындығын тексеру; • Тізімді екіге бөлу; • Тізім элементтерін өсу және кему реті бойынша сұрыптау. Тізімдер деректер базасын, эксперттік жүйелерді, сөздіктерді т.б. жасағанда өте қажетті және маңызды болып табылады.Тізім бір домендік типтің объектілер жиынтығы болып табылады. тізімнің объектілері болып бүтін және нақты сандар, символдар, символдық жолдар және структуралар табылады. Элементтердің орналасу реті тізімнің ерекше белгісі болып табылады; тура сол элементтерді басқа тәсілмен орналастырсақ , онда ол басқа тізім болып саналады. Салыстыру барысында рет маңызды роль атқарады. Тізім элементтері тік жақшаға ( [ ] ) алынып жазылады және элементтері бір бірінен үтір арқылы ажыратылады. Тізім ретінде мыналар алынуы мүмкін: [1,2,3,6,9,3,4] [3.2, 4.6, 1.1, 2.64, 100.2] [“YESTERDAY”, “TODAY”, “TOMORROW”] ....
Салық дегеніміз - ежелден келе жатқан экономикалық ктегория. Қазіргі кезде көптеген әдебиеттерде салықты мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін құрайтын көзі ретінде қарастырады. АҚШ-ның алғашқы салық деклорациясының негізін қалаушысының бірі – Бэнжамин Франклин былай деген: «өмірде екі нәрседен құтыла алмайсың, біріншісі - өлім, екіншісі - салық». Сондықтан менің ойымша кез-келген мемлекеттің заңды және жеке тұлғалары сол елдің салық заңына сәйкес салықты төлеуге міндетті болып табылады. Жалпы салықтарды екі топқа бөліп қарастыруға болады: тікелей және жанама. Мен осы баяндамамда еліміздегі тікелей салықтың бір түрі ретіндегі – көлік құралдарына салынатын салық қарастырылады. Көлік құралдар салығы Қазақстан Республикасындағы салықтардың бірі болып саналады. Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарына салық ұсталынады. Бүгінгі таңда, көлік салығы салық ретінде кең түрде қолданылып келеді. Ертеректе көлік салығы аттың күшімен есептелініп келді. Бұл есеп түрі мемлекетке тиімсіз болып келді, себебі көлік құралдар салығынан түскен салық соммалары аз ғана болды. Қазіргі кезде көлік салғын есептеуде бірнеше тәсілдер қолданылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі және қуатты көліктердің салық соммасы жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын орындық сандарына қарай көлік салығы есептелінеді.....
А дам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережесіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланылады. Адам баласының сана – сезімнің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу адам сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық -әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамның тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналасуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі. Тіл сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. әйтпесе ол көздеген мақсатына жете алмайды. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшесінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, оның психологиялық көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «мұғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мұғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп аталады. Сөйлеу-пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибесін меңгеруге де мүмкіндігін алады. Ойдың т ілі - сөз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалысында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.....
Тілдің табиғаты - дегеніміз тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі. Неміс ғалымы Франс Рок тіл биологиялық құбылыс, оны құдай жаратқан деп есептеді. Бұл пікірді ғылым ғалым Авгутсь Шмихер де қолдады. Олар тілді биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі дейді. Ал егер бұлай болған болса тіл атадан балаға тұқым қуалау арқылы беріліп отырады. әрине бұл пікір дұрыс емес. Тіл атадан балаға ген арқылы берілетін құбылыс та емес. Ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын кейінгі ұрпақтың алдыңғы ұрпаққа үйреніп отыратын нәрсе. Себебі жаңа туған бала өз ата – анасының тілінде сөйлеуі де, сөйлемеуі де, мүмкін. Жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата – анасынан басқа болса ол бала сол тілде сөйлеп отыратын даусыз. Яғни бұл тілдің биологиялық құбылыс емес екендігінің дәлелі. Ал екіншісі бір топ ғалымдар Г. Штейнталь А. Патебния бтілді психологиялық құбылыс деп білді. Бұл пікір бойынша тілді құдый жаратқан нәрсе емес, оны жеке адамның өзі туғызды дейді. Жаңағы пікір сияқты , бұл пікір де қате еді. Егер тіл рухтың туындысы болса онда әр адамның жеке өз тілі болған болар еді. Тұтас халықтардң ұлттық тілі болмас еді. Жеке адамның тілі ұжымда ғана дамиды. Олай болса тіл психологиялықта құбылыс емес биологиялық та құбылыс емес. Тіл - қоғамдық құбылыс себебі қоғам үшін , қоғам мүшелері бір – бірімен пікір алысу үшін қызмет етеді. Тіл - қоғам бар жерде ғана болады. Адам жоқ жерде тіл де жоқ. Қоғам қай жерде пайда болса, тілде сол заманда пайда болады. Қоғамсыз тіл , тілсіз қоғам болмайды.
Тілдің қоғамдық қызметі. Тілдің қоғамда ең басты қасиеті неде? деген заңды сұрақ туындайды. Тілдің қоғамда ең басты қасиеті қатынас құрамы. Тіл адам баласының қоғамдық қарым – қатынас құралы сөйлесіп пікір алысу қоғамда қызмет атқару құралы. Тіл мен қоғам аралығындағы байланысекі жақты болады. 1. Адам ойы тіл арқылы белгілі болады. Ойлау мен тіл бір – бірімен тығыз байланысты. Тілдің осы екі қызметінен басқа тағы бір қызметі бар. ол тілдің атауыштық (номинатив) қызметі. Тілдегі әрбір сөз, сөз тіркесі белгілі бір заттың ұғымның атауы. Тілдің төртінші қызметі эксперсивті, эмоционалдық қызметі. Тілдің экспресивті , эмоционалды қызметі деп адамның сол затқа өзінің эмоциясын яғни не жақсы көру, не жек көру , сезімін айтамыз. Мысалы, алақай, пай – пай, масқара т.б. Тіл халық тарихы, өмірінің ізі. Тілден сол халықтың сол тілді жасаушы, халықтың арман үміті , қайғы қуанышы, сезімі туралы айтатын пікірлерді біле аламыз. ....
Тілендіұлы Нұрғиса (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т.б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. ....
Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады. Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы , шабыт тұғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклі қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Жалпы, Қазанғап эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы «Ноғайлы босқыны» деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып «Жұртта қалған», «Окоп» деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп «Қызыл керуен» деп бебеулейді.....
Тіс (dentes) ауыз қуысындағы үстіңгә және астынғы жақсүйектердің иектеріндегі тіс ұяларында орналасады. Тіс эмбрионының дамуы кезінде 7- аптадан бастап ауыз қуысының эпителий және дәнекер ұлпаларынан пайда болады. Тістің химиялық құрамы мен физикалық қасиеті сүйекке жақын. Тістің сүйектен айырмашылығы: тіс тозған сайын бірнеше рет ауысады (төменгі сатылы омыртқалы жануарларда – хайуанаттарда өте көп, ал адамдарда екі кейде үш рет алмасады); тіс сүйек тәрізді бұлшық етке жалғаспайды; тіс ұясына қазықша қадалып, қимылсыз орналасады. Тістің негізгі қызметі: тістеп үзіп алу, қырқу, жырты, шайнау, езу, үгу, кеміру, сондай- ақ сөз сөйлеуге де қатынасады. Тістердің тарихи даму (эволюция) барысында біртіндеп саны азайып бара жатқаны байқалады. Мысалы, қағанықты жануарлардың жалпы тістер саны – 44 (3,1. 4,3), кеңтанау маймылдарда – 36 (2,1. 2,2) ал адамдарда – 32 (2,1. 2,3), кейде 30 (2,1. 2,2) болып, ең соңғы “ақыл тістің” шықпай қалуы да мүмкін. Сондықтан қазаққа “Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды” деген мәтел жиі қолданылған. Тістер сүт тісі және тұрақты тіс болып екіге бөлінеді. Тұрақты тіс (dentes permanentes) – 32, бұлардың жоғарғы жақсүйекке – 16, төменгі жақсүйекке – 16 тіс орналасады. Тіс қатарында өздерінің аттарына қарай 8 тіс орналасады, олардың 2-еуі – күрек тіс, 1-еуі – сүйір тіс,2-еуі – кіші азу тіс, 3- еуі – үлкен азу тіс деп аталады. Оның формуласы мынадай болады:
Тұрақты 32 тістердің тізбегі деп жазылады. Оларды тұтас қарағанда сегіз күрек тістер, төрт сүйір тістер, сегіз кіші азу тістер, он екі үлкен азу тістер деп оқу қажет. Үлкен азу тістің үшіншісін “ақыл тіс” (dens serotinus) дейді. Ол басқа тістердің ең соңында ғана 12-26 жас аралығында шығады. Соңғы азу тістер өте тез жетіліп кетеді. Кейде “ақыл тістің” мүлде шықпай қалуы да мүмкін. Бұл адам тісінің біртіндеп азайып бара жатқанын аңғартады. Шындығында да солай. Өйткені адам өз өмірінде алдын ала ұқсатылып, майдаланған, пісірілген тамақтарды падаланады ғой. Бала тіссіз туады. Бала 6 айға толғанда тіс жара бастайды, ал екі жасқа толғанда тістер толық шығып бітеді. Сүт тістерінің жарып шығу мерзімдері 140 – суретте көрсетілген. Бірінші шыққан 26 тіс сүт тістер (dentes decidui)деп аталады. Оның 2-еуі – күрек тіс, 1-еуі – сүйір тіс және 2-еуі – азу тіс болады. Сонда сүт тістің тізбегі болып шығады. Бұл тізбектен сүт тістерінде кіші азу тіс және ақыл тістердің жоқтығын байқаймыз.....
Пародонт ауруларын комплексті емдеуде тістерді таңдап егеу негізгі шаралардың бірі болып табылады, окклюзиялық бұзылыстарды қалпына келтіру және тістерің тірек тіндерін жарақаттаушы окклюзияны реабилитациялау және алдын алу үшін стимуляциялы, функциональды қысымды қалпына келтіру болып табылады. Жарақаттаушы окклюзия – бұл бір тістің немесе бір топ тістердің функциональды қысымынан болатын тіс қатарының патологиялық жағдайы, ол пародонт тіндерінің өзгерісіне, бұлшық ет дисфункциясына, самай – төменгі жақ буынының ауруларына алып келеді. Жарақаттаушы окклюзия интакті пародонт кезінде де болуы мүмкін, тым көп немесе бағыты бойынша дұрыс емес окклюзиялық қысымнан және пародонт ауруларында тістің тірек тіндерінің әлсіздегенде болуы мүмкін. Бұл кезде қалыпты окклюзияның өзі де тіс тіндерін қоршаған толеранттылыған жоғарылап қарапайым окклюзияның өзі жарақаттаушы факторларға айналады. Комбинирленген жарақаттаушы окклюзияның жоғары қысыммен пародонт ауруларының бірігуінен пайда болады. Клиникада көбінесе тістердің ерте түйісуінен болатын травматикалық окклюзиямен науқастар кездеседі, ол керексіз бүйір қысымға алып келеді( горизонтальды және қисық), ол пародонт ауруының негізгі патогенетикалық факторы болып келеді. Окклюзиялық түйісудің үш класын ажыратады. Бірінші класс- төменгі моляр және премолярдың ұрт төмпешіктерінің вестибулярлы бетіндегі локализациясы, тағыда төменгі күрек және сүйір тістердің вестибулярлы бетінде. Екінші классқа жоғарғы моляр және премолярлардың таңдай бетіндегі таңдай төмпешіктерінің алдын ала түйісуі жатады. Үшінші класс- жоғарғы моляр және премолярлардың ұрт бетіндегі таңдай төмпешіктердің ерте түйісуі. Ерте түйісу дара тістердің немесе топ тістердің қажалуының болмауынан, тағыда породонттың зақымдалуынан тістердің орнының өзгеруінен болады. көрші тістің болмауы, антогонист тістің окклюзиялық бетінде пломбаның қатты қажалуы, жақтың дамуының аномалиясы тіс қатарының окклюзиялық бетінің деформациясына алып келеді. Бұл кезде тістерді таңдап егемейді оның орнына окклюзиялық бетті өзгертетін тіс бөліктерін егейді. Тістерді таңдап егеу тістемнің ақауында, тіс қатарының ақауында, тістің қатты тіндерінің бір қалыпты қажалмауында, төмпешіктердің физиологиялық қажалуының болмауында көрсетілген. Тістерді таңдап егеудің көрсеткішіне пародонт тіндеріне қысымның артық түсуінің клиникалық және рентгенологиялық әдістердің болуы: бөлек тістердің қатты қозғалғыштығы, тіс мойынының және түбірінің жалаңаштануы, жоғарғы немесе төменгі күрек тістердің алға шығуы, желпігіш(веер) тәрізді орналасуы, жақтардың түйісуінің орталық, бүйір және алдыңғы окклюзия кезінде тістердің ерте түісуі кезінде, жақтардың қозғалысына кедергі жасайтын тістердің окклюзиялық бетінің бөліктерінің болуы. Тістерді таңдап егеуді тіс қатарының көптеген түйісу нүктелері болу үшін жасалынады, пародонт тіндеріне функциональды көп қысымның түсуін жою үшін және төменгі жақтың свободной кинематикасы үшін жүргізіледі. Тістерді таңдап егеудің уақыты аурудың клиникалық суретіне байланысты. Жарақаттаушы окклюзиясы бар және пародонттың айқын қабыну симптомы бар науқастарда тістерді таңдап егеуді тек қабыну үрдісін жойғаннан кейін жүргізу керек. Егер клиникалық суретте сүйек қалталары бар сүйек тінінің деструкция симптоматикасы алда тұрса онда тістерді таңдап егеу операция алды кезеңінде немесе хирургиялық ем кезінде жүргізіледі. Себебі репаративті процесс кезінде окклюзиялық жарақатты болдырмау үшін.....
Қазақстан Республикасы Ресей және Еуропамен географиялық шексіз жерасты көлік байланысы бар азия мемлекеті ретінде маңызды транзитті әлеуетке ие. Қазақстан экономикасы территориясының ауқымдылығынан, теңізге шығу жолының жоқтығы мен елді мекендердің әрқилы орналасуы салдарынан көлік жүйесін қажет етеді. Жерасты жолдары желісінен келетін хабарламалар жүйесінің негізгі үлесі автомобиль және темір жолдары арқылы келеді (шамамен 88,4 және 14,0 мың км.). Қолдануға берілген су жолдарының ұзындығы 3,9 мың шақырымды, ал әуе трассасы - 61 мың шақырымды құрайды. 1000 шаршы метр территория желісінің тығыздығы 5,1 км жуық темір жолды, 32,4 км қатты жабындымен қапталған автомобиль жолдарын, 1,5 км ішкі су жолдарын құрайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Үкіметінің арасындағы Ресей тарапының Қазақстан тарапына 1999 жылдан бастап “Байқоңыр” кешенін пайдаланғаны үшін жалдық ақы бөлігін тауарлармен төлеу жөніндегі Мәскеу қаласында 2001 жылғы 28 қарашада жасалған ақы төлеудің тәртібі мен нысаны туралы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1427 қаулысы қабылданды, осыған сәйкес Қазақстан Республикасының тарапынан “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Компания) кері қайтарымсыз STAND BY аккредитивін пайдалана отырып 65 000 000 АҚШ доллары сомасына ресей рыногында ресейлік кәсіпорындар мен ұйымдардан шарттық бағалар бойынша ресей тауарлары мен қызметтерін сатып алу үшін заңды тұлға болып белгіленген. Ресейлік әзірлеуші-зауыттардың техниканы әзірлеу шамасына қарай оларды жеткізу 2003 жылдың соңына дейін жүргізілді. STAND BY аккредитивін пайдаланумен жол техникасын жеткізудің іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұдайы баяндалып отырды. Ақыны төлеуді жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Компанияның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арасындағы 65 000 000 АҚШ доллары сомасына STAND BY № 30/4318 аккредитивін пайдалану және “ҚТЖ” ҰК” АҚ республикалық бюджетке ақшаны өтеуі туралы үшжақты келісім шарттарына сәйкес СССР Сыртқы экономикалық Банкі (Ресей Федерациясы) жүзеге асырды. Қазақстан Азия елдеріне Ресей және Еуропамен географиялық жағынан баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Республика әуе кеңістігінің тартымдылығы мен транзиттік әлеуеті де өсуде. Аса көлемді өткізу нарықтары бар елдермен көршілес болу да отандық көлік жүйесінің дамуын перспективалы етеді. Жерінің біршама жазықтығы5 және табиғи тастың үлкен қоры болуы темір жол және автомобиль көлігінің коммуникацияларын кедергісіз дамытуға мүмкіндік береді. Жер үсті жолдары қатынасы желісінің негізгі үлесі автомобиль және темір жолдарға (тиісінше 88,4 және 14,0 мың км) келеді. Пайдаланатын су жолдарының ұзындығы 3,9 мың км, әуе трассаларының ұзындығы - 61 мың км құрайды. 1000 шаршы км аумақтағы көлік желісінің тығыздығы: 5,1 км темір жолды, 32,4 км қатты төсемді автомобиль жолдарын, 1,5 км ішкі су жолдарын құрайды. ....
Тоқ ішектің анық кеңуімен көрінетін, оның эвакуаторлы жүйесінің бұзылуымен жүретін ауру. Іштің қатуымен және іштің ісуімен көрінеді. Гиршпрунг ауруы туа пайда болған патология болып табылады. Көбінесе желі жас балалармен және жас өспірімдерде кездеседі, үлкендерде сирек. Этиология және патогенез.Ауру тоқ ішектің вегативті нерв жүйесінің бұзылуының дамуымен кілегей астындағы жүйке өрімдерінің және бұлшықет аралық ганглионарлы клеткалардың жетілмеуінен немесе толық болмаунан байланысты. Патотологоанатомиялық көрінісі. Гистологиялық зертеулер кезінде тоқ ішектің кең бөліктерінде бір уақытта склерозбен бірге бұлшықет талшықтарының гипертрофиясы анықталады және олардың байланысу ткандерінің орын ауысуы. Бұл ішек қабырғасының бірден қалыңдауына алып келеді. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Гиршпрунг ауруының негізгі симптомдары болып: іш қату, іштің желденуі және аурусынуы болып табылады. Іш қату табанды сипатта болады және бала туылған уақыттан бастап немесе ерте жас уақытта пайда болады. Іш қату ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше айға дейін. Іш қатумен бірге көбінесе Гиршпрунг ауруының симптомы іштің желденуі болып табылады, кейде ол науқастың тыныс алуын қиындатады. Іштің желденуі клизма көмегімен ішекті тазаласа да қалып қояды. Іш қату салдарынан және іштің желдеуінен іштің барлық аймағының ауырсынуы пайда болады, ішекті тазалағаннан кейін жоғалуда. Науқаста әлсіздік, жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі болады.Кейде іш қату іш өткумен ауысады, бірнеше күнге дейін созылады және қалжырауға алып келеді. Қарағанда үздіксіз метеоризм болуынан іштің үлкеюі айқындалады. Ішектің тұзағында желденген газбен пальпаторлы тығыз нәжіс массасын анықтайды. Тік ішке саусақпен тексергенде артқы өтудің тонус сфинктерінің күшеюі, артқы өтуде бос ампула анықталады. Ректороманоскопия кезінде тік ішете спазм көрінеді, ректоскоп өтуі қиын болады, содан ол кеңейген бөлігі бүлінеді. Тік ішектің бұл бөлігінде әрқашан нәжіс массасымен толған . Ирригоскопия диаметрі айрықша 10-15 см құрайтын, тоқ ішектің кеңейген аймағының созылуына және орналасуы, аймақтың тарылуын көрсетуге мүмкіндік береді.....
Тоқ ішектің анық кеңуімен көрінетін, оның эвакуаторлы жүйесінің бұзылуымен жүретін ауру. Іштің қатуымен және іштің ісуімен көрінеді. Гиршпрунг ауруы туа пайда болған патология болып табылады. Көбінесе желі жас балалармен және жас өспірімдерде кездеседі, үлкендерде сирек. Этиология және патогенез.Ауру тоқ ішектің вегативті нерв жүйесінің бұзылуының дамуымен кілегей астындағы жүйке өрімдерінің және бұлшықет аралық ганглионарлы клеткалардың жетілмеуінен немесе толық болмаунан байланысты. Патотологоанатомиялық көрінісі. Гистологиялық зертеулер кезінде тоқ ішектің кең бөліктерінде бір уақытта склерозбен бірге бұлшықет талшықтарының гипертрофиясы анықталады және олардың байланысу ткандерінің орын ауысуы. Бұл ішек қабырғасының бірден қалыңдауына алып келеді. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Гиршпрунг ауруының негізгі симптомдары болып: іш қату, іштің желденуі және аурусынуы болып табылады. Іш қату табанды сипатта болады және бала туылған уақыттан бастап немесе ерте жас уақытта пайда болады. Іш қату ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше айға дейін. Іш қатумен бірге көбінесе Гиршпрунг ауруының симптомы іштің желденуі болып табылады, кейде ол науқастың тыныс алуын қиындатады. Іштің желденуі клизма көмегімен ішекті тазаласа да қалып қояды. Іш қату салдарынан және іштің желдеуінен іштің барлық аймағының ауырсынуы пайда болады, ішекті тазалағаннан кейін жоғалуда. Науқаста әлсіздік, жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі болады.Кейде іш қату іш өткумен ауысады, бірнеше күнге дейін созылады және қалжырауға алып келеді. Қарағанда үздіксіз метеоризм болуынан іштің үлкеюі айқындалады. Ішектің тұзағында желденген газбен пальпаторлы тығыз нәжіс массасын анықтайды. Тік ішке саусақпен тексергенде артқы өтудің тонус сфинктерінің күшеюі, артқы өтуде бос ампула анықталады. Ректороманоскопия кезінде тік ішете спазм көрінеді, ректоскоп өтуі қиын болады, содан ол кеңейген бөлігі бүлінеді. Тік ішектің бұл бөлігінде әрқашан нәжіс массасымен толған . Ирригоскопия диаметрі айрықша 10-15 см құрайтын, тоқ ішектің кеңейген аймағының созылуына және орналасуы, аймақтың тарылуын көрсетуге мүмкіндік береді.....
XV-XVIII ғасырлардағы поэзиямыз өзінің барша сәбилік, балаңдық болмысымен, халқымыздың бай фольклорымен бірге әдебиетіміздің кейінгі кезеңдері үшін бастапқы бұлақ арнасы қызметін атқарды. Мұндай халқымыздың бірнеше ғасырлық көркемдік, поэзиялық тәжірибесі жинақталып, іріктеліп, сан ұрпақтың ақыл-ойы арқасында ауызша өмір сүріп біздің дәуірімізге жетті. Қазақ поэзиясының алыстағы бұлақ-бастаулары алғашқы шығармалар біздің заманымызға көбіне көп толғау арқылы жетті. Бұл оның ауыз әдебиетінен жеке авторлар творчествосының ұзақ бөлініп шығу процесі бойына бірден-бір көркемдік түр ретінде белсенді қызмет атқарғанының белгісі. XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы әдеби тілді сипаттайтын мұраларға ақын-жыраулардың шығармалары жатады. Қазақ жеріне келіп жатқан көптеген саяси, әлеуметтік, мәдени шаруашылық өзгерістермен байланысты рухани байлықтың, мәдениет өндірісінің құралы болып табылатын ана тілдің, әдеби тілдің өресі өркендеп, шоқтығы биіктей түсті. Ол, ең алдымен, сол тұста жыраулар мектебінің шарықтау биікке көтерілуімен, олардың алдында ел қорғау, халық бірлігі, отанды сақтау мәселесінің тікелей күн тәртібіне қойылуымен байланысты. Бұқар жырау сияқты ел қамын жеген, халық данасы болған қайраткердің дүниеге келіп, қиын кезде ел басқарған адамдарға адал, әділетті, көреген ақылшы бола білуіне де тікелей қатысты. Бұқар жырау өткен өмірге ынтық болып, соны көксеп, өкси жыламай да, одан біржола безбей де, әдебиеттің де, мәдениеттің де, қоғамдық ойдың да рухани қазынасын жақсы игеріп, оны жаңа заманға жалғастыра отырып, келешегін көрегендікпен болжай, бағдарлай білді. «Бұқар – халықтың өнеге-оқуы – дидактикалық поэзия мен азаматтық поэзияның жыршысы...» Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет жыраулардан басталған азаматтық поэзияны тақырып әр түр жағынан жетілдіріп, кемелденген поэзия үлгісін жасады. Поэзияның өз дәуірі мәселесіне араласып, жалпы халықтық ой-пікірдің, заман тынысының көрінісі ретінде қоғамдық құбылысқа айналуына зор ықпал етті. Жырау шығармаларының, толғауларының шоқтығы биіктігі ойды көркем де образды етіп, айналадағы болмысқа, өмір шындығына негіздеп беруінен байқалады. Мысалы, жиырма жасты ағып жатқан бұлаққа, отыз жасты жарға ойнаған лаққа, қырықты ерттеп қойған құр атқа, елуді көшкен елге, алпысты қайғылы мұңлы күнге, сексенді қараңғы тұман түнге, тоқсанды ажалға, тоқсан бесті торға, өрге, шөлге теңеуінде көшпенді елдің, сахара даласының өз шындығы, өзінше философиялық даналығы бар. Ол теңеулер сол тұстағы әлеуметтік өмірдің алаулаған қызуы мен шөге бастаған салқынын көз алдыңа анық елестетеді. [7, 165] Қазақы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық сипатымен өзге түрік халықтарына қарағанда өте бай. Ең бастысы байырғы рухани құндылықтарымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Қазақы сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық жағынан түрленіп, мазмұны тереңдеп, өлең жүйесі күрделеніп отырды. Жыраудың ең сүйікті жанры – толғау. Толғау, осы сөздің өзінен көрінетіндей, толғану, толғаныс деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ойға да, сезімге де қатысы бар.
Осы орайда, толғаудың тууы мен өмір сүруі, дамуы жайында белгілі ғалым, әдебиетші Әнуарбек Дербісәлин мынадай анықтама береді: «Мұны зерттеу екінші жағынан қарағанда жалпы жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен бөлініп шығуы мен өзіндік өсу жолына да зер салу, содан ой қорытындылау сияқты. Жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен ұзақ бөліну процесінде туып, өлшеусіз көп қызмет атқарған толғау жанрының негізгі төркінін оның сол шыққан арнасынан – ауыз әдебиетінен іздеуге тиіспіз. В.Белинскийдің айтуына қарағанда, әдебиеттің органикалық дамуында бар құбылыс бір-бірімен сабақтас өмір сүреді, олардың араларында тарихи жанды байланыс бар. Яғни, жаңаның өзі ескіден туады, кейінгі нәрсе өткендегімен танылады, еш нәрсе кездейсоқ емес. Қазақ ауыз әдебиеті жанр жағынан мейлінше бай. Осы бай әдебиеттің ішінде толғау қай жанрға жақынырақ, ол оның қайсысынан бөлініп шығуға лайық деген мәселеге келер болсақ, ең алдымен батырлар жырын айтуымыз керек. Мұның екі түрлі басты себебі бар. Ең алдымен толғау өзінің бүкіл тарихы бойына өлеңдік түрі жағынан, негізінен, жырға ұқсас болса, екіншіден мазмұны жағынан да сол жырдан, әсіресе, батырлар жырынан алшақ кетпейді, көбіне-көп елдік, ерлік тәрізді қоғамдық, әлеуметтік маңызы зор мәселелер негізінде туып, өріс алды. Екеуенің арасындағы айырма мынау: бірінде аталған мәселелер жеке адамдарға олардың іс-әрекеттеріне байланысты, белгілі бір сюжеттік линияда көрінсе, екіншісінде автордың өмір, дүние, адам жайындағы ойлары жан тебіреністері арқылы, тура бастапқы қалпында көрінеді. Мұның аты – батырлар жыры мен толғауға негіз болған қоғамдық үлкен мазмұн біреу ғана, тек екеуінің көркемдік жолымен дәлелденуі, тыңдаушысына жеткізілуі ғана екі түрлі деген сөз. Қазақ арасында кең тараған эпикалық жырлардың біразы ХІІІ-ХІV ғасырларда туса немесе сол тұстағы оқиғаларға байланысты бола тұрып, сәл кейін дүниеге келсе, толғау жанрының алғашқы нұсқалары ХV ғасырдың орта тұсынан бермен қарай белгілі бола түскені мәлім. Демек, хронологиялық жағынан алғанда да батырлар жырының толғауға негіз болуында айтарлықтай қайшылық жоқ. Бұл арада ескеретін тағы бір мәселе – толғаудың Асаннан да бұрын өмір сүруі және сол ежелгі үлгілердің біздің заманымызға жетпеуі ықтимал. Біздің топшылауларымыз бүгінгі таңда қолда бар шағын әдеби деректердің негізінде жасалып отыр – дейді. [3, ] Оқырман жұртшылықты ойландыратын бір мәселе бар. Ол ақын-жыраулардың шығармаларына толғау тақырыбы қайдан берілді. Неге мұны толғау деп атаймыз? Осыған тоқтала кетсек. Толғау сөзіне Ә.Дербісәлин мынадай анықтама береді: «Толғау» деген сөз қайдан шыққан? Бұл атау әуел баста «толға» (немесе «толғап жібер») деген бұйрық рай түріндегі етістіктен шыққан (мұның өзі екі түрлі компоненттен – «тол», «ға» - құралған). Түрі жағынан да, атқарған қызметі жағынан да мұның кәдімгі «сөйле» деген бұйрық рай етістігінен ешбір айырмасы жоқ. Айырма тек оның ақындық өнері бар адамға арналуында. «Толға» дегенде, «жырла» не «жырлап жібер» деген ұғым туады. Яғни, «толға» дегенде қара сөзбен сөйлеу мүлде ұғылмайды. Сол толғаған тұста айтылып, кейін жатталып кеткен жырларды атау үшін оны заттандыру қажет болғанда «толғаға» «у» қосу арқылы жаңа сөз жасалған. Тіліміз үшін атау сөз жасаудың бұл түрі табиғи құбылыс ( мысалы «ата» (бұйрық рай) + «у» - «атау», «еге» + «у» - «егеу», т.б. Профессор Қ.Жұбанов та «толғау» атаулының «толға» дегеннен шыққанын көрсете келіп: «тол» деген түбірден «толқын» сөзі жасалған, түрікмендерде толқынды «толға» дейді. «Түрікмендер жырламақ, толғамақ дегенді «долломақ» дейді, «доло» қазақшалап айтқанда «толғау деген сөз», - дейді. Осының қайсысы да «толғау» атауының ауызша шығарылған өлең туындыны алғаш орындағанда да, кейін жаттап ап сақтағанда белгілі әуен арқылы жүзеге асу заңдылығын айқындай түседі. Толғау өлеңді ауызша әуенмен шығарып, әндетіп айтатын елде ғана туып, дамыған жанр деуге болады. Оның сахналық сипатының молдығы да содан. Жазба әдебиеті өріс алған елде мұндай өнер түрінің болуы мүмкін емес. [3, 102-103] Ал, Ахмет Байтұрсынұлы толғауға мынадай анықтама береді: Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін, мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау, қысқасынан айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда. Әуезі тысқарғы ғаламның жыры, толғау ішкергі ғаламның күйі деп айырғанымызбен, екі ғаламның ісінің арасында зор іліктік бар нәрсені танығанда, сол тануымыздың өзі екіжақты болады. Әр нәрсені саңлап, санамызға алған уақытта ол нәрселер турасындағы ұғымдарымызға көңіл кіріспей тұрмайды. Адам дүниедегі көрген білген нәрселерін тек байқап, тек пікірлеп, тек саңлаулап қана қоймайды. Ол нәрселермен қатар адамның көңіліне күй жасалады. Адам көрген-білген нәрсенің я ісінің біріне күйінеді, біріне сүйінеді, бірінен сескенеді, бірінен шошынады. Сезіліп тұрған тысқарғы ғаламмен, сезіп тұрған ішкергі ғаламның екі арасы санаға келіп түйіскен жерде жыртылып айырғысыз болып бірігеді. Тысқарғы ғаламнан санаға түскен саңлау мен сана жанында тұрған көңілдің күйін бір-біріне қатыстырмай бөлектеп қоюға мүмкін емес. Адамның санасы фотография емес, нәрсенің тұрпатын ғана түсіріп қоятын нәрсенің саңлауы келіп даамның санасына түскенде, адамның ойында да, көңілін де бірдей оятады. Адамның көңілін оятпаған нәрсе тіпті сезілмей дерексіз өтеді. Бірақ адамның ілтипаты тысқарғы ғаламға, бірде ішкергі ғаламға көбірек ауатын орындары болады. Мәселен, бір нәрсе, яки іс қандай көркем, әдемі болса, сондай оған сүйінеміз. Қанша сүйкімсіз жаман болса, сонша жек көреміз. Ертек тысқарғы ғаламның жыры деп, толғау ішкергі ғаламның күйі деп екіге бөлгенімізде тіпті сорпасы қосылмайтын бөлектік бар деп ұқпасқа керек. [6, 347] Толғау дегеніміз қандай көркем түр? Оның негізгі еркшеліктері неде? «Толғау – қазақ әдебиетіндегі сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі, белгілі тақырып бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіру пішіні», делінеді поэзиялық сөздікте. «Қысқаша әдеби энциклопедияда» мұндай да анықтама жоқ. Қазақ әдебиетін зерттеушілердің толғау туралы пікірлері жоғарыдағы анықтамаға саяды. Толғау жанрын іштей жіктеу жайында С.Мұқанов былай деп жазады: «Бүкіл дүние жүзі фольклоры лирикалық және эпикалық болып екіге бөлінеді. Лирикасы – жан сырын шертетін өлең-жырлар, эпикасы – ұзақ өлең жырлар. Қазақ фольклорында осының екі түрі де бар... Ол қазақта: толғау, айтыс, жорық жырлары және қисса деп төртке бөлінеді. Толғау нақыл толғауы, ереуіл толғауы және тіршілік толғауы болып үшке бөлінеді. Нақыл толғауында бұрын соңды болған өнегелі істерді жырлау арқылы замандастарына өсиет айтады». Бұл жіктеуді толығымен қостау, әрине, қиын. Алайда автордың толғаудағы ерлік сипат пен дидактикалық қасиетті атап көрсетуі орынды. Толғау жанрын зерттегендердің қай-қайсысы да оның осы белгілерін әрдайым атап айтып келеді. [3, 103-104] Толғау жанрының табиғаты З.Ахметовтің еңбегінде едәуір тереңдей ашылды. «Толғау» - шындап келгенде ән емес, бірақ әуенмен айтуға лайықталып шығарылған халықтық лириканың бір түрі, - деп жазады ғалым. - өлеңдердің тирада-тирада боп бөлінуі әсіресе толғауға тән. Толғау халық нақылдарының афористік стиліне жақын және жұтынған, жарқын афоризмдерге бай. Дыбыстық қайталау мен безендірудің өзгешелігі мен молдығы да содан, толғау термедей әзіл оспаққа бара бермейді: мәнді-маңызды мәселелерді сөз етеді... Толғау -өлең түріндегі ой қозғау, толғану. Толғау деген атынан көрініп тұрғандай-ақ шығарманың ойлану, толғану түрінде туатындығын байқатады. Толғау деген сөз эпикалық туындыларда сөйлеу, монолог мағынасында қолданылады. Бұл әдетте эпосқа тән ұзақ та тұтас сөз. Толғау – ақындық поэзияның түрі, мұнда әр ақынның творчестволық ерекшелігі молырақ көрінеді. Сөздің әлеуметтік, азаматтық әуенінің артуы – толғау ерекшеліктерінің бірі. Толғау үшін айтылмақ жайдың өзара байланысты болуы шарт емес, шығарманың тұтастығы мұнда суреттелмек құбылысқа автор қатынасының бүгіндігі арқылы, сондай-ақ, кейбір тұрақты композициялы тәсілдерді қолдану нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Ойдың өрістілігі, тақырыптың тереңдей ашылуы, лирикалық және эпикалық бастаулардың біте қайнасуы, өмір құбылыстарын мол қамту сияқты қасиеттерінің арқасында толғау халық арасында кең қанат жайып, ең өнімді жанрдың қатарына жетті... Толғаудың жанрлық түр ретінде қалыптасуы халықтың дидактикалық поэзия дәстүрімен байланыста болса керек.» Әсіресе, көне дәуірден келе жатқан толғаудың сипаттары осы сөздерде мол және білгірлікпен қамтылған. Толғау жанрының өлең табиғатына байланысты ерекшеліктері мен әр алуан құбылыстары, жалпы қозғалысы нақты және жан-жақты ашып көрсетілген. Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар «санат-насыят ырлар», құмықтар «ойлы йырлар», башқұрттар «қобайыр» деп атайды. Ноғай мен құмықтың «қазақ йырлары» ерлік толғауы мағынасында қолданылады. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген, ХІІІ – ХІV ғасырларға сәйкес келеді. XV-ХІХ қазақ поэзиясында толғау ерекше өркендеп, өзінің ең жоғары даму сатысына жетті. ТОлғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Толғауда маңызды қоғамдық-әлеуметтік, саяси-философиялық тақырыптар, азаматтық әуендер кеңінен орын алады. Әрбір даму кезеңінде толғау мазмұны жағынан да, бейнелеу тәсілі жағына да бірталай өзгеріп, жаңаша сипат алды. Толғау кейде күрделі, көлемдік лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алды. Ырғағы жеті-сегіз буында тармақтарға негізделеді, олар еркін, әр мөлшерде топтасып, түйдек-түйдегімен шоғырланып келеді. Бұл ерекшелігі ауызша поэзиялық өлеңді суырып салу дәстүріне сәйкес қалыптасқан. Белгілі бір мақаммен лирикалық аспаптың сүйемелдеуімен айтылады. [2, 348] Ой толғауларда жырау – ең алдымен философ. Мұндай толғаулар нақыл, тақпақ, афоризм түрінде келеді. Атақты жыраулардың толғауларында кездесетін афористік сөздердің көбі мақал-мәтелге айналып кеткен. Сонымен бірге жырау өзінің замана жайындағы түйгендерін, мораль, этика хақындағы ойларын баяндайды, қоғамдық мәселелерді көтереді. Сол сияқты, әлем, болмыс, тіршілікте, табиғатта болып жататын өзгерістер, оның мән-мағынасы жайындағы түсініктерін де білдіруі мүмкін. Мұндай толғаудың үлгісі ретінде Шалкиіздің «Шағырмақ бұлт жай тастар...», «Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор қоян, ор қоян».. Бұқардың «Айналасын жер тұтқан», «Аңсаңнан биік тау болмас», «Ай заман-ай, заман-ай...» сияқты туындыларын келтіруге болады. Ал, сыр толғаулардағы негізгі жүкті көтеретін – сезім, эмоция. Бұл топтағы шығармаларды жалпы жырау поэзиясына тән үгіт, насихат, дидактика мүлде дерлік ұшыраспайды. Жырау ел басына түскен ауыртпалыққа немесе басқадай белгілі бір оқиғаларға өзінің реакциясын білдіреді. Мұндай толғаулардан жыраудың өзіндік «мені» де бой көтереді. Лирикалық толғаудың үлгісі ретінде Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын Шалкиіздің «Балпаң, балпаң басқан күн», Бұқардың «Кіші қара қалмақ бүлерде» сияқты жырларын атауға болады. Толғаудың бұл түрі эпоста кеңінен қолданылады. Мәселен «Ер Тарғындағы» Тарғынның мертігіп жатқанда айтатын толғауы осындай [2, 143] Бірыңғай ипровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып келген сол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде өзіндік елелулі өзгешеліктері бар. Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып отырса, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман жағдайын сипаттайтындай ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беріледі. М.Әуезов кезінде дәл басып танып: Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі – шығармасы – толғау». [1, 143] «Нағыз толғау мен күй (яки ән) арасы жақын: екеуінің де зейінге айтары аз, көңілге айтары көп», – дейді А.Байтұрсынұлы. Толғау әдемілігі, әуелі айтуға алынған көңілдің күйіне қарай, екінші оны айтып жеткізетін сөйлеу түріне қарай болады. Сөйтіп, толғау әдемі болып шығуы үшін екі түрлі шартты орнына келтіру керек. Толғаудың мазмұн жағына қойылатын шартты ішкі деп, сөйлеу түріне қойылатын шартты тысқы дейміз. 1. Ішкі шарты: а) Толғау жалпы сырлы болу керек. Ақын толғауы да өз көңілінің күйін айтады, бірақ ол күй өзгеге түсінікті болуы тиіс. Күйі түсінікті болмаса, өзгелерге әсер ете алмайды. б) Толғау шын сырлы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге де жараспайды. Толғау сияқты сырлы шығармаға өтірік жараспақ түгіл бүлдіреді. Сондықтан күйлі толғау көңілде шын болған күйден шығуы керек. Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау, құттықтау өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі шын көңілден, шын толғау болып шықпағандықтан. В) Толғау таза болуы тиіс. Нас, былғаныш, нәжіс әдемі нәрседен шықса, көңілге қандай әсер етеді. Толғау сөзге былғаныш сөз, былғаныш пікір қатысса, о да сондай әсер етеді. Г) Толғау көңілдің тереңдігі күйінен хабар беруі тиіс. Көңілдің бер жағынан шыққан толғаудың әсері оқушының көңілінде терең із қалдыра алмайды. 2. Тысқы шарты. А) Толғау сөзі көңіл күйінің бейне билеуі сияқты болуы тиіс. Күй де, би де бір-біріне үйлесіп келгенде, сұлу болып шығады. Күй мен бидің үйлесуі. Б) Толғау қысқа болуы тиіс. Көңіл-күйнің көбі-ақ бір қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл-күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды дан Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен аспайды. В) Толғау әуезді сөзбен айтылуы тиіс. Адамның көңілінің күйін жақсы білдіретін – күй мен ән. Әннен соңғы көңілге көбірек әсер беретін әуезді сөз. Әуезді сөздің әдемісі өлең толғау көңіл сөзі болғандықтан әсері күшін көбейтетін өлең түрде айтылуы тиіс. Толғаудың құны қанша деген мәселеге келсек, толғау сөз өнерінің барып тұрған жері деп саналады. Толғаудағы көңіл-күйлерінің бәрі өмір жүзінде адам біткеннің бәрінің басында бола бермейді. ТОлғау көңілдің көркем сырларын өрнекті сөздермен білдіріп, адамның көрік-сезімін күшейтеді. Әдемі толғаудан алатын адамның көрік ләззаты басқа сөздердің бәрінен де артық болады. [6, 348]....
Литосфера-(грекше – lithos-тас +sphair-шар)- жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Топырақ. Жер бетінде күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір-бірімен тығыз байланысты. Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйедегі маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев XX ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол: топырақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатыныс деп көрсетті. Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәнінде маңызы мен ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен энергетикалық сиыьдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе-теңдікте сақтап тұра алатын өдігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық-түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.....
Топырақ дүние жүзіндегі тарихи кезеңдерде дамыған адамзат қоғамдары мен табиғи байлықтарының заттық (материалдық) негізі болып табылады. Ол үлкені-кішілі организмдердің Жер планетасындағы аналық жыныстармен өзара әрекеттесуінің арқасында түзіледі. Сондықтан топырақ тірі және өлі заттардың физико-химиялық күрделі бірігуінен пайда болған биосфераның литосфера деп аталатын биокосты бөлігіне кіреді. Бонитеттеу (латынша bonitos – жақсы) , яғни ізгі сапалық деген мағына береді. Бонитеттеу топырақтарды бағалау, ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері мен (баллдар) белгіленеді. Ғалымдардың анықтауы мынадай: -Соболев С – «Бонитировка немесе топырақты сапалы бағалау деген түсінік - топырақтарды өнімділігі тұрғысынан арнаулы жіктеу; ол топырақтардың, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына оңтайлы және олардың орташа көпжылдық өніктілігіне сай (корреляция) келетін, ең маңызды белгілері мен қасиеттері негізін құрайды». - Карманов И – «Бонитировка деген – ықтималды егіншіліктің қарқынды деңгейіндегі топырақтарды өнімділігі тұрғысынан салыстырмалы бағалау». - Гаврилюк Ф – «Бонитировка деген өнімділік қабілетіне қарай топырақтардың қасиеттерін салыстырмалы бағалау; ...ол деген топырақтарды тектік - өндірістік жіктеу; олардың құнарлығы балл арқылы есептеледі; топырақтар сапасының өнімділігі мен оңтайлылық көрсеткіші». Мемлекеттік жер кадастры жерлік учаскелер туралы барлық мәліметтерді (информация) қамтиды. Учаскелер болса мызғымайтын нысан (объект) – жерлік учаскеге меншіктік құқық, жерді пайдалануға құқығы (жерлік учаскелердің мөлшері мен сапалық күйі, құны, т.б.) және нарықтық экономиканың тіршіліктік (функциялық) , сондай-ақ жер қорын нәтижелі басқару құралы болып саналады. Ол жерлік нарықты дамытуға, бағалауды жетілдіруге, дұрыс салық салуға және т.б. жер төлемдерін атқаруға, ипотектік (жерге қарыз алу) кредиттеуге және фискалдық (мемқазна ынтасы) саясатты іске асыруға себептеседі. Топырақтарды бағалау жалпы мемлекеттік проблемаға айналып, жер кадастрдың (құжаттар жиынтығы) құрамдық бөлігі болып саналады. Ал топырақтарды бағалау болса аталған жер кадастр мәселелерін шешуге керек құжат. Солардың бастығы- ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құралы – жер туралы деректермен жоспарлау мекемелерін қамтамасыздау, жерлік деректер болса ауыл шаруашылық өндірісінің жоспарлау, ұйымдастыру мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік әрекетінің нәтижелерін бағалауға, шаруашылық есептік қатынастар жүйесін, ауыл шаруашылық өнімдеріне мемлекеттік бағаларды, материалдық- техникалық қамтамасыздандыруды, салық салуды, кредиттеуді, т.б.реттеуге керек. Бонитеттеудің мақсаты ауыл шаруашылық дақылдар және табиғи шөптесіндер мен ормандар өсіп-өнуіне ең қолайлы топырақтарды анықтау, оның материалдары аймақтық ғылыми негізделген, өндірістің топырақ – климаттық жағдайларын сәйкес қолданылатын, егіншілік жүйесін енгізуге, тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді пайдалануға және –де басқа мелиоративтік – топырақ құнарлығын қайтаруға, тұрақтылауға және көтеруге бағытталған шараларды енгізуге керек. Жерді (топырақты) бағалау жұмыстарының топырақ жамылғысын бұзылудан, батпақтану, қайта сортандану мен ластанудан, т.б. құбылыстардан қорғауда маңызы зор., себебі жердің (топырақтың) пайдалануы мен күйін анықтау, оның саны мен сапасын қатал есептеу, яғни топырақтарды бағалау материалдары негізінде жүргізіледі.Сонымен қатар, топырақ бонитеті- топыраққа өндірістік тұрғыдан салыстырмалы баға беру. Мен осы дипломдық жұмысымның материалдарын 2006 жылдың ақпан айының 6-17 аралығындағы дипломдық практика кезінде ГОСПЦЗем орталығында және «Республикалық ауылшаруашылығы кітапханасында» жыйнадым. ....
Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі. Топырақ бөлшектерінің құрылымы . 1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ. 2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм. 3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм. 4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм. 5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді. Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады. ....
Литосфера(грекше lithos – тас ,sphair шар) – жердің қабығы,құрамы силикатты,қалыңдығы 30-80км болтын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы.Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымы атмосфера циркуляциясында Байқалатын үлкен немесе геологиялық заттардың топырақ өсімдіктер,микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы – немесе биологиялық айналымды туғызады.Екі айналым д а бір-бірімен тығыз байланысты. Топырақтың табиғи ландшафтар мен экожүйелердегі маңызы зор оны жекеленген экожүй деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымның негізін салушылардың бірі В.В Докучаев 20 ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары,тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады,топырақтың планетаның тарихымен,тау жыныстарымен,климатымен,өсімдіктеріменжәне ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды.Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады.Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді,ол:топырақ түзілу процесі құнрлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті. Топырақ ресурстары – Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады.Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмаймыз.топырақ биосфераның компаненттерінің бірі ретінде адам,жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе- теңдікте сақтап тұра алатын өзіндегі тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады.адамдарға азық- түлік пен жануарларға қщректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады.топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы – атмосфералық жауын – шашынды жинақтау мен субалансын реттеу, өсімдіктерге қажеттік қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзу мен тазалығын қамтамасыз ету,ластаушы заттарды тасымалдау. ....
Бiздiң жерiмiздiң қойнауы тек қазына, байлық емес, ол қазiр түрлi улы газдар, күкiрттi сутегi және өзге де тiршiлiкке қауiптi химиялық қосылыстарға да «бай». Мұның барлығы адам денсаулығына керi әсерiн тигiзуде. Уланған топырақта өскен өсiмдiк, онымен қоректенген жануар айналып келгенде — адам азығы. Демек, адамзат өз өмiрiне қатерлi ортаны өзi жасап отыр.Елiмiзде жүргiзiлген экономикалық өзгерiстердiң барлығы экологиялық жағдайды қорғау саясатынсыз iске асты. Осыдан келiп, «Экономикадағы экологиялық жендеттiк синдромы» пайда болды. Кеңес Одағы тұсында «Бiз табиғаттан рақымшылық күтiп отырмаймыз. Оның бермегенiн тартып аламыз» деген солақай тұжырым жасалғаны белгiлi. Бұл адамзаттың қалыптасқан табиғи жағдайларға қарсы шығып, оны өзiне бағындыру әрекетiнiң бастауы болды. Мұның ақыры неге әкелгенi баршамызға аян.Ғылыми-техникалық жетiстiктерiмiз бiр жағынан мақтаныш болғанымен, оның да экологияға тигiзiп жатқан керi әсерi бар. Қырық жыл бойы Семейде ядролық қару сыналуы, әлi де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып жатқан зымырандардың айтарлықтай зардабы бар екенi баспасөз беттерiнде жиi айтылып жүр. Қазақстандағы экологиялық жағдайдың төмендiгiнiң бiр көрiнiсi — Арал теңiзiнiң тартылуы. Айдыны тартылған соң ғана «Арал тағдыры – адам тағдыры» деп көңiл аудара бастадық. Өткен жылдан берi Арал теңiзi мен Сырдария өзендерiнiң арналарын ретке келтiруде бiршама жұмыстар атқарылды. Бүгiнде олардың тiршiлiгi қайтадан жанданып келедi. Алайда, бұрынғы деңгейге жету үшiн әлi де көп уақыт қажет. Соңғы кезде бұл өңiрден экологиялық апатты аймақ мәртебесiн алып тастау туралы мәселе көтерiлген. «Арал апат аймағы мәртебесi әзiрге күшiнде қалады» деген материалда не жайында айтылатыны тақырыбынан–ақ белгiлi. Журналист теңiз проблемасын жалаң түрде баяндамай, бұл аймаққа бiр топ жауапты қызметтегi адамдардың келгенiн, «Арал экологиялық апат аймағынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» заңның күшiнде қалатыны мен оның кемшiн тұстарын да атап өтедi. Автор жиi айтылатын Аралдың экологиялық жағдайын емес, аталған заңның әлi де жұмыс iстейтiнiне басты назар аударған.Теңiздiң тартылуы, жағадағы улы тұздардың ұшуы барша адамзатқа төнген қауiп. Оның зардабын қазақстан халқы ғана емес, көршi елдер де тарта бастады. Осыдан келiп бұл проблеманы шешу жолға қойылды. Экологиялық, экономикалық, әлеуметтiк факторларда жақсарту бағдарламалары қабылданды. Олардың нәтижесi ендi байқалып келедi.Жердiң тозуы мен шөлге айналуы қазiргi кездегi жаһандық экологиялық проблеманың бiрi болып саналады. Ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи, экологиялық, әлеуметтiк жағдайларды ескермей жер пайдалану жүйелерiн күшпен енгiзудiң ақыры осыған әкелдi. Тың және тыңайған жерлердi игеру экологиялық – биологиялық тепе-теңдiктiң бұзылуына себеп болды. Сол жылдары Қостанай, Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Көкшетау және Павлодар облыстарында жыртылған жердiң көлемi 600 мың шаршы км. асқан. «Қазақстанның 26 млн. гектар тың жерi игерiлiп, соның салдарынан 8 млн. құнарлылығын жоғалтып, айналыстан шығарылды» (Назарбаев Н Көтерiлген тың – достық пен жасампаздықтың белгiсi // ЕҚ., 07.02.04). Осынша үлкен алқаптың соқаға тырналуынан келген зардаптың орны әлi толған жоқ. Кейiнгi жылдары түрлi техногендi факторлардың әсерi онсыз да құлдыраған жердiң жағдайына тiптен керi әсерiн тигiздi. Жер бүгiнгi таңда негiзгi табыс көзiне айналып отыр. Сондықтан, оны аяусыз пайдаланып, бойындағы бар нәрiн сатудамыз. Жыл сайын дақылдың бiр түрiн ғана егу, оның iшiнде көбiнесе пайдасы мол болғандықтан мақта өсiру, қажеттi мөлшерде тыңайтқыштар сеппеуiмiз де жердiң құнарлығын азайтуда.....
Топырақ- табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың Түзілу үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады. Бұл құбылысқа табиғат күштерінің әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше. Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Физикалық жолмен үгілу деп – тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі әсерінен тау жынысынын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір Біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады. Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың клмат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.....
Өсімдіктер үшін топырақ фаунасы мен флорасы ең алдымен топырақтан алынатын су – олардың өмір сүруінсіз негізі. Өсімдіктер үшін тағы да бір қажеттілігі – ол болмаса өсімдік басқа факторларда пайдалана алмайды. Топыраққа су ат мосфералық жауын- шашын түрінде, жер асты суларынан, атмосферадағы су буының конденсациялануынан (сұйық түрге айналуынан), егінді суару кезінде келіп түседі. Топырақтың су жүргісі (режимі) – ылғалдық топыраққа келіп енуі, онда қозғалуы, шығындалуы (жұмсалуы) және судың физикалық қасиеттерінің өзгеру процестерінің жиынтығы. Өсімдіктерге су өте көп мөлшерде керек. Тамыры арқылы алынған судың олар аз ғана (0,15-0,5 пайыз) бөлігін сіңіреді. Қалған анағұрлым көп бөлігі өсімдіктердің жапырағы және басқа органдарынан буланып ұшып кетеді. Бұл процесті транспирация деп айтады. Белгілі бір аумақтан барлық шалғын болған судың көлемін осы жерден алынған өнімге бөлгенде, шығатын өлшеулі транспирациялық коэффициент дейді. Транспирацияның арқасында топырақтағы ылғал өсімдік тамырына еніп, одан оның сабақтарына, бұтақтарына желгісіне және жапырақтарына тарайды, әрі қарай буланып атмосфераға кетеді. Топырақпен бірге байланысқан су – бұл гигроскопиялық деп аталатын физикалық байланысятағы немесе сорбцияланған судың бір түрі. Бұл су түрі топырақ бөлшектері (көбіне коллоидтық) ауадан су буын өзіне тартқанда (сорбция) түзіледі немесе ылғалды топырақ «құрғақ ауалы» халге жеткенде байқауға болады. Гигроскопиялық ылғал топырақ бөлшектерін жұқа, 2 - 3 дәл бағытталған су молекуласымен жамылып және өте зор күшпен ұсталып тұрады. Осы берік байланысқан ылғалдық бір түрі максималды гигроскопиялық су. Ол – су бумен толық қаныққан (96 – 100 пайыз) ауадан топырақ өзіне сіңіре алатын ылғалдың ең жоғарғы мөлшері. Бос (болбыр) байланысты су. Бұл физикалық байланыстағы, яғни сорбцияланған (молекуланың тартылыс күшінің әсерімен топырақ бөлшектерінің беткі қабатына жиналған) жарғақ ылғал.....
Топырақ негізінен бір-бірімен өзара тығыз байланысты төрт бөліктен (фазадан) тұрады: газ немесе топырақ ауасы, сұйық немесе топырақ ерітіндісі, қатты бөлігі және тірі бөлігі (топырақтағы тірі организмдер). Топырақтың осы төрт бөлігі оның механикалық, химиялық құрамдары мен агрохимиялық қаситтеріне жан –жақты әсер етеді. Топырақтың газды фазасы – топырақтағы судан бос кеуектерді толтырып тұрған ауа. Оның құрамы атмосферадағы ауадан өзгеше болады. Топырақ ауасы өсімдік тіршілігіне, және оның тамырлары мен аэробты микроорганизмдердің тыныс алуы үшін маңызды роль атқарады. Топырақ ауасының құрамында көмірқышқыл газы көп (проценттің оннан бір бөлігінен 2-3% дейін ), оттегі азырақ болады. Топырақ ауасында көмірқышқыл газының көлемінің жоғары болуына, оны мекендейтін әр-түрлі аэробты организмдердің оттегіні пайдаланып, бұл газды бөліп шығару мен органикалық заттардың ыдырауы, атмосфера мен топырақ арасындағы газ алмасу құбылысы, топырақ ылғалдылығының шамадан тыс жоғары болуы ықпал етеді. Мұның өзі өсімдіктің дұрыс өніп -өсуі үшін су мен ауа белгілі бір қатынаста болуы керек екенін көрсетеді. Топырақтың тірі фазасы –бұл топырақты мекендейтін және топырақ түзу процесіне қатысатын барлық тірі организмдер. Табиғатта топырақтар барлық фазаларының бірлігі арқылы бір физикалық дене сияқты тіршілік етеді.
Топырақтың сұйық фазасы Топырақ ерітіндісі топырақтың жалпы массасының 20%-ін құрайтын оның ең жылжымалы, өзгермелі және белсенді бөлігі. Топырақ ерітіндісінің құрамына минералдық, органикалық, заттармен еріген газдар (оттек, аммиак, көмірқышқыл газы) енеді. Бұл фазаны топырақ денесінің «қаны» деуге болады, себебі ылғалдың топырақта тік және көлденең жылжуы нәтижесінде топырақ пішінінде қабаттар бөлінеді. Топырақ ерітіндісінің құрамы мен концентрациясы тұрақты емес, ол түрлі биологиялық, химиялық, физика- химиялық құбылыстардың әсерінен өзгеріп тұрады. Мәселен, тыңайтқыш қолдану, топырақтағы ылғалдың азаюы, органикалық заттардың минерализациялануының қарқынды өтуі, оның құрамындағы тұздардың мөлшерінің көбеюіне, ал өсімдіктің топырақтағы қоректік заттарды пайдалануы, қоректік заттардың топырақтың төменгі қабатына-шайылуы немесе суда еритін қосылыстардың ерімейтін күйге ауысуы, топырақ ерітіндісіндегі тұздардың концентрациясының төмендеуіне ықпал етеді. Топырақтың сұйық бөлігінің құрамы ерітінді мен топырақ коллоидтарының арасындағы алмасу реакциясының әсерінен де өзгереді Топырақтың қатты фазасы Топырақтың қатты фазасы механикалық элементтер деп аталатын әртүрлі мөлшердегі бөлшектерден тұрады. Олар тау жыныстарының үгінді сынықтары, жеке минералдар, қарашірінді заттар, органикалық және минералдық заттардың өзара әрекеттестіктерінен пайда болатын минералды, органикалық және органо- минералды болып келеді. Механикалық элементтердің (фракциялардың) салыстырмалы мөлшерін топырақтың грануметриялық құрамы деп атайды. Диаметрі 1 мм- ден ірі топырақтың механикалық бөлшектері оның қаңқасын ал 1 мм- ден уақ бөлшектері ұсақ ұнтақ бөлімін құрайды. Өз кезегінде ұнтақты бөлшектер физикалық құмда (0,01 мм ірі бөлшектер) және физикалық сазға (0,01 мм уақ) бөлінеді. Топырақтың гранулометриялық құрамы. Грануметриялық құрамы жеңіл топырақтар жақсы су сіңімділігімен, оңтайлы ауа жүргісімен тез қызу қабілеттілігімен сипатталады. Сонымен бірге олардың теріс қасиеттері бар, мысалы ылғал сыйымдылығының төмендігі, қарашіріндісінің, қоректік элементтердің аз болуы, сіңіргіштік қабілетінің шамалылығы, жел эрозиясына бейімділігі. ....