👈 қаріп өлшемі 👉

Тәрбиеші шеберлігі

Тәрбиеші шеберлігі

Мұғалім — мектептің тірегі ғана емес, ол оның бетке ұстар мақтаны. Сол себептен де шәкірт ұстазына қарап бой түзейді, оған еліктейді, сондай болсам деп киялдайды. Яғни, мұғалім - ұлт тәрбиешісі. Сондықтан болашақ ұстаздың бойынан еш уақытта маңыздылығын жоймайтын, жауапкершілігі жоғары болатын қасиет табылуы тиіс. Себебі, ұстаздың алдында еліміздің болашағы, әр ата-ананың көз қуанышы, үкілеген үміткері отыр.
Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыра нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл тәсіл сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалануға жетелейді. Сондықтан әр мұғалім өзіндік дайындығына, ой-санасының тереңдігіне қарай ізденеді. Бұл бағыттағы ізденістер еңбектеріндегі бір серпіліс болып табылады. Қазіргі кезде жоғары сынып оқушылары "Ұлттық бірыңғай тестке дайындаламыз, еңбектен күрделі пәндер бар" деп түрлі жайттарды себеп етіп, еңбек сабағына қатысқысы келмейтінін несіне жасырамыз. Оқушылардың еңбек пәніне деген қызығушылығын арттырудың бірден-бір әдісі шикізаттарды пайдалы іске асырып, ол мектеп тарапынан қолдау тауып, шығармашылық сайыстарда жүлделерге ілініп жатса, көрмелерге, байқауларға қатысып жүрсе мұғалімнің де жұмысы жеңілдейді. Мен өзім оқушыларға білім беруде ұлт байлығы — музыка аспаптарын жасатуды негізге аламын. Бұл оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеуде де үлкен рөл аткарады. Сабақ — өте күрделі, жауапкершілікті, септілікті, ұқыптылықты талап ететін сан қырлы. Әрбір сабаққа койылатын басты талап: оқушының еңбекке, еңбектенуге қызығушылығын арттыру; көрнекі құралдарды тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсер тигізе білу; балалармен ынтымақтастықта болу; сабақтың өмірмен байланысын нығайтып отыру.
Әрбір сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында басты назар аударатын жайттар: шикізаттан жасалатын затты нақты жоспарлау (домбыра жасау); сабақтың түрін, әдістерін өзгертіп, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмыстарын туғызу (домбырада күй тартып беру, ән салу, т.б.); сабақ барысында дайындалатын затты күнделікті шаруада да пайдалануға болатынын жете сезіндіру (мысалы: домбыра аспабын дайындауда әрбір қазақ үйінің шаңырағын домбырасыз елестете алмаймыз); қазақтың ұлттық аспаптары: домбары, қылқобызын жасап, оларда ойнау тәсілдерін үйретіп жатсақ артық болмас.
Мен шамам келгенше оқушылардың пікірін жоққа шығармай, олардың ой-өрісінің дамуына жете назар аударамын. Осыдан үлкен қызығушылықпен дайындалған шикізат домбыраға немесе қылқобызға айналғанда еңбек сабағына келген әр оқушы бар ынтасымен сабаққа қатысып, жыл соңында шебер, уқыпты оқушыға айналады. Өйткені осы аспапты жасау барысында: ағашты қолмен өндеу, тері, сүйек өндеу технологиясын, сол секілді қашаумен, балтамен, т.б. заттармен жұмыс істеу технологияларын меңгереді.
Осыдан кейін М.И.Калининнің: “Еңбекті сүю керек, тек сүйіп қана қоймай, оған шын еңбекқорлыкпен қарауы керек, егер адам өмір сүріп жұмыс істемей қоректенсе, бұл жағдайда ол басқаның еңбегін жеңгенің деген ұстанымын оқушыларға түсіндіре отырып, дайын болған қазақтың қара домбырасында ойнап, өздеріне таныс, жақын әуендерін тартып үйрету де менің сабағымның қалыптан тыс мақсаты болып табылады.
Өмірді кейін ғана түсінуге болады, бірақ болашаққа бағдар ұстаудан жаңылмау керек деген дат философы Ш.Киркенградтың сөзі бар. Қашан да, қай халық үшін де актуальді сөз екендігінде дау жоқ. Жаңаша өмірге бет бұрып, жаңа қоғам құрып жатқан жас мемлекет үшін екі есе маңызды. Өркениет біткеннің өзегі білім мен тәрбие екендігіне ешкімнің таласы бола қоймас.
Болашаққа – ХХІ ғасыр мектебін көптеген қиыншылықтарға қарамай өркендету, оның сапасын арттыру — біздің басты міндетіміз деп ойлаймын. Келешекте біздің еліміз басқа елдермен терезесі тең өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға — мұғалім. Жас ұрпақка білім - тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қанда, болуы керек екені ойландырады. Менің ойымша, тәрбиеші ой - өрісін кең жан – жақтағы білімді, маман шәкіртіне анық тұжырымдайды дәл түсіндіре білуі керек. Екіншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, төзімді, кешірімді, байсалды болуы тиіс. Үшіншіден, мұғалім оз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн. Төртіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен білімін, дайындығын жетілдіруі қажет. Бесіншіден, мұғалім теорияны практикамен байланыстырып, ғылым мен практиканың озат іс-тәжірибелерін әрдайым күнделікті сабағына пайдаланғаны жөн.
Осы талаптарды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің көңіл-күйі әрдайым жоғары болады да сабағының сапасы артып, еңбегі әрдайым жаңа түседі деп ойлаймын.
Бала — балғын тал, ерссек адам — бағбан. Бұл — әр халықтың, ғасырдан-ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан баланың оқу-тәрбиеге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылык нәрімсн суару — онқ өсіруші әрбір ұстаздың, ата-ананың мұраты. Себебі, тәрбие - қалып. Егер қалып қисық, алпы – солпы болса, сол қалыпқа салған заттың да қисық олпы-солпы болады. Сондықтан тәрбиеде, оқуда ұсақ, мағынасыз бөлшек жоқ. Әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларға айтқан, көрсеткен нәрсе талдап биік бәйтерекке айналады. Баланың мектепке дайындығы үш астардан тұрады: денелік, арнаулы және психологиялық. Оқуға психологиялық дайындық көп қисынды ұғым. Ол білім мен үйренудің тұтас барлық негізгі құраушылары қатысатын құрал ретінде қарастырылады. Баланың психикалық жетілуін мектепке, оқуға дайындығынан көруге болады.
Әуендік дайындық - жағымды эмоциялық орнықтылықты, мектептегі сабақтарға оң қатысты, "оқушының ішкі тұрғысын қалыптастыру, яғни баланың-оқушының өзіне елестеуі, жаңа әлсуметтік жағдай және онымен байланысты міндеттерді қабылдауы. Еріктік дайындық - бұл баланың таңдай білуі, түсінуі үлкендердің айтқанын есте сақтауы, ереже бойынша жұмыс істеуі. Интеллектуалдық дайындық мектепке дейінгі баланың ойлауын дамыту деңгейімен тікелей байланысты. Бастауыш мектепте жақсы оқуға негіз болатын, 5-6 жасар бала мектепке барар алдында көрнекі әрекеттік ойлау қабілеттілігі құрылуы тиіс. Әрі қарай ол білім негізі болып қалыптасады. Мектепте оқытудағы әлеуметтік дайындық -бұл баланың ұйымда жұмыс істей білуі, жолдастарымен араласуы, басқа балалардың ойымен санасуы.
Бес жасар бала өзінің өмірініндегі асыға күтеді мектепке тиянақты дайындалып, сыныбының табалдырығын толғана аттайды. Мұғалімі, сыныптастары туралы ойларымен бөлісіп, ата – анамен нұсқауынсыз үн тапсырмасын өз бетінше орындауға кірісуі, әрине әрқайсымызға да таныс. Өкінішке қарай бұл кезең өте қысқа. Кейбіреулерде жарты жылдан соң, ал кейбіреуінде бір-екі айдың ішіндн оқуға деген, жалпы мектепке деген қызығушлығы кетіп, салқындық байқалады. Ол әр түрлі пәндерді тандау және жіктеу белсенділігінің деңгейі оқушылардың көпшлігінде оқу жылының аяғында жылдан-жылға төмендеуі арқылы айқындалады. Еліміздің елдігін Әлемге танытатын, оны жетілдіретін, дамытатын да жас ұрпақ. Сондықтан да еліміздің болашағы осы жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен айқындалады. Қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, түрлендіруге ұмтылады. Мұғалімнің көп ізденісі, біліктілігі, сабақты түрлендіріп өтуі оқушының сабаққа деген қызығушылығын әрі тырып қана қоймай, олардың бетінше білім алу қажеттігін тудырады. Осыған байланысты мектепалнды даярлық сыныбына арнап жасалған көрнекі құралдарым бар. Дайындық сыныпта айналадағы дүние, оны танып – білудің және зерделеу бақылау, тыңдау , ұстап көру кітап жазылғандарды оқып, ойға тоқуы осы көрнекті - құралдар арқылы жүзеге асады.
Қазақ халқының жас ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі тәжірибесі сонау көне ғасырдан басталады. Жалпы, қай халықта болмасын, отбасы құрыла сала, сонымсн бір кезенде бала тәрбиесі басталады деген ұғым дұрыс. Осы ұғымды алға ала отырып, сәуір айынан бастап мектепалды даярлық және 1-сынып оқушыларының ата-анасымен сөйлесіп, олардың балаларының оқуға дайын немесе дайын еместігін тексердік. Осы тексеру кезінде кейбір қиындықтарға кездестік . Серікбай Балнурдың ата - анасы және Әлиасқар Әнуарбектің ата- анасының балаларының мектепке дайын немесе дайын еместігі жайлы айтып өтем). Балаларды мектептегі оқуға даярлау үшін жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар алынды. Еңбектердің маңыздылығы сол, баланың мектепке даярлығының алғашқы деңгейін байқадық. Мектепалды даярлық тобындағы балалар өзінің алдына қойған белгілі бір міндеттерлі шындық жолмен шешуге тырысып отыр. Мысалы: ойып ккзінде, сабақ кезінде, ертегілер айтқанда осындай әсерден кейін еліміздің елдігін әлемге тапы ағып оны жетілдіретін, дамытатын да жас ұрпақ.
“Білімнің негізгі бастауышқа” демекші, білімнің мызғымас іргетасын қалау бастауыш сынып мұғалімдерінің басты мақсаты. Озық білім беру жүйесінде ұстаздардың білім-біліктілігі, танымы, мәдениеті, төзімділігі өте жоғары болуы тиіс. Президенттің наурыз айындағы жолдауында "Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады" - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, жарыс, күрес, тынымсыз еңбек, сананы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Ендеше, бәсекеге дайын болайық, әріптестер. "Бап шаппайды, бақ шабады" дейді ғой қазақ атамыз. Бала туа сала ғалым, ақын, әнші болмас. "Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға ұстаз. Білімді ұстаз ғана білімді, білікті шәкірт тәрбиелей алады", - деген Абай атамыз.
Қазіргі таңда сабақ, типі, түрі туралы, оны өткізу әдісі, сабақ формасы туралы көптеген пікірлер баршылық. Ұстаз осы көп әдістердің өзіне қолайлы түрін қолданып, жоғарғы нәтижеге жетіп отырса, еңбегінің ақталғаны.
Еліміздегі мектептердің басты мақсаты — жас ұрпақтың терең білім алуына, ой-өрісін өсіріп, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуге жағдай туғызу, оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, қабілетіне сай білімін ұштауға ықпал жасау.
Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту — бүгінгі күннің басты міндеті. Жеке тұлғаны тәрбиелейтін жаңашыл ұстаз жүрек жылуын, адамгершілік қасиетін балаға бірдей беруі қажет. Ұлтымызға тән тағы бір қасиет — білімді біліктіліктен ажырата білу. Ағартушы ұстаз, тәлімгер А.Байтұрсыновтың ұғымында, білім біліктілікке жеткізер баспалдақ қана, ал біліктілік дегеніміз білімнің жеткілікті ғана емес, сол білімді іске асыра білу дағдысы.
Сабақ барысында оқушы жаңа сабақ материалын тындайды, жазып алады, көреді және айтады. Бұл процесс үш деңгейде орындалады. І-деңгей талантты балаларға арналған күрделі тапсырмалар болып табылады.
ІІ-деңгей тапсырмалар талабы білім стандарты деңгейінде қолданылуын және саралай білуін қамтамасыз етеді.
ІІІ-деңгейдегі тапсырмалар талабы білім стандарты деңгейінде болады.
Ғылым мен техника, космос әлеміне ұмтылу заманында Қазақстан халқы да өз үлесін алуы қажет. Өркениетті қоғам мен құқылы мәдениеттің қалыптасуы — қазіргі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеті, іздену, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылық әрекетіне байланысты. Ол үшін тәрбие жұмысында кәсіби біліктілік пен білімділік қажет. Тәрбие жолы сан алуан, оның, тамыры тереңде....

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы