Мамандығым мақтанышым
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдаудан болса, екіншісі мамандық таңдаудан. Бұлай айтылудың себебі сенің таңдаған мамандығың сенің болашағың.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Мен осы мамандықтардан мұғалім мамандығын таңдадым. Шынымды айтсам мамандық таңдаудан қатты қиналдым. Бірақ ата-анамның ойын тыңдап осы мамандықты таңдауды шештім. Мамандық таңдаудан қателеспедім деп ойлаймын. Себебі оқыту бұл ұлағатты да ұлы іс.
Ұстаздық, бала тәрбиелеу – зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарыту. Алға талпынған оқушының алдында ұстаздың жауапкершілігі зор. Сондықтан, оқытушылық жолды таңдауда, алдымен, мың ойланып, жүз толғану керек. Өйткені, ол – жауапты мамандық. Адамның адам болып қалыптасуында үлкен рөл атқарады.
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» - деп бекер айтылмаған. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие — әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз.
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы.
Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет.
«Мұғалімнің мақсаты — оқушының ойлауына жаңа перспективалар ашу»
— Конфуций
Осыдан он жыл бұрын ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым әлі есімде. Сол ұстазымды көріп жүріп болашақта мұғалім болуды армандадым. Менде өзімнің алғашқы ұстазым секілді болғым келеді. Сондықтан болашақта оқушылардың жақсы тәрбие және білім алуы үшін көп еңбектенетін боламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?