Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістемесі

Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістемесі

Тәрбиесі қиын, балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістемесі


"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім Мұның өөі "қиын оқушылар" санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда "қиын оқушыларға" көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан "қиын оқушыларды" ерте жастан - бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. "Қиын оқушыларды" тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор.
Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі.
Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішінде ерекше категория болып табылатын "қиын оқушыларға" адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндетті жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.
Құндылық проблемасы өмірдің өзінен алынған. Табиғат пен-қоғам құбылыстарына құндылық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Құндылық қатынас адам мен қоғам өмірінде қажетті, жалпыға ортақ және мәңгілік фактор болып табылады.
Құндылық проблемасы қоғамдық ғана емес, жеке тұлғалық та проблема. Құндылықсыз адам болуы мүмкін емес. Құндылықты зерттеуде алға қойылатын мақсат - адам өмірін байытатын нақты, дәл құндылықтарды таңдап алу. Сондықтан бұл проблема танымдық және әлеуметтік проблема болуымен қатар, тәрбиелік проблема ретінде ерекше мәнге ие болады. Көрнекті философ В.П.Тугариновтың айтуы бойынша, құндылықтар болмысты таңудан келіп шығады, олар танып білуге болатын нақты фактілер, қоғам мен табиғаттың мәнді жақтары адамзаттың іс-әркеті мен қоғамдық тарихи тәжірибесі процесінде жасалады.
Ғылыми әдебиеттерде "құндылық" түсінігіне әртүрлі анықтамалар беріледі. Философиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, яғни адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады. Психологиялық тұрғыдан, құндылық ретінде қоғам үшін әлеуметтік-тарихи мәні бар және жеке адамдар үшін тұлғалық мағынасы бар болмыстың белгілі бір құбылыстары сипатталады. Сонымен бірге құндылық қоғамның моральды қатынастарының көріну формасы ретінде әрекет етеді. Сондықтан құндылық біріншіден, жеке тұлғаның адамгершілігі, абыройы және олардың адамгершілік әрекеттері немесе адамгершілік сипаттары, екіншіден, моральдық нормалар, принциптер, мұраттар, қайырымдылық, әділеттілік, бақыт ұғымдары деп айқындалады.
Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке, қоғам өмірінде, тұрмыста, көпшілік орында өзін ұстауынан, басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс-тұрыс, іс-қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бағытты, ел-жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді, яғни маңындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан "қиын оқушыларды" жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу, олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері: а) адамгершілік сананы қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; б) адамгершілік мінез-құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта "қиын оқушыларды" адамгершікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершшік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады.
Сабақ үстіндегі адамгершілік тәрбиенің тиімділігі сабақ мазмұнының ғылымилығы, мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік-эмоциялық сипатқа ие болуы, сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасында қалыптасатын өзара түсіністікке құрылған қарым-қатынас стилі, мұғалімнің адамгершілік келбеті негізінде мүмкін болады. Сондықтан "қиын оқушыларға" әртүрлі сипаттағы жеке тапсырмалар беруде этнопедагогика құндылықтарын пайдалана отырып, адамгершшік тәрбие беруді іске асырудың маңызы зор.
Этнопедагогика құндылықтарының ішінде халықтың ауызекі шығармашылығы ерекше мәнге ие болады. Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы - ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері, ауыз әдебиет түрлері. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесін жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиімді тәсілдер болған. Сондықтан қазақ халқының ауызекі шығармашылығы – тәлімдік-тәрбиелік ой пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Олардың қайсысының болсын педагогикалық мүмкіндіктері жоғары, өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері бар. Халық ұғымымда адамгершілік қасиеттік өзекті мәселесі қайырымдылық пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандық, ерлік пен ездік – адамдық қасиеттің бір-біріне қарама-қарсы сипаттары. Мәселен, халқымыз қайырымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған адамды "Ел қамын жеген ер", "Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей", "Жақсы туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы", "Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші" деген мақал-мәтелдер арқылы жұрт қамын ойлайтын абзал азаматтың портретін алға тартады. Керісінше, қара басының қамын бәрінен жоғары қоятын өзімшіл, алдамшы, опасыз жандар жайында: "Жаман қорыққаннан сыйлайды", "Жаман адамға мал бітсе, жақынын танымас", "Бір жаман мың қолды ірітер, бір құмалақ бір қарын майды шірітер" деп, жас ұрпақты мұндай жаман қасиеттерден аулақ жүруге шақырады. Халық даналығы жақсы мен жаманды салыстыра суреттеп, сайып келгенде, жақсының жақсылығын халыққа тигізер пайдасына қарай бағалайды. Міне, осындай даналықтың мәнін сипаттайтын мақал-мәтелдерді сабақтарда "қиын оқушыларға" талдау, түсіндіру арқылы оларға адамгершілік тәрбие беруге болады.
Халық адамгершілік қасиеттің жоғары түрі – ар-ұят, намыс, ождан сақтау деп біледі, "Жаным-арымның садағасы", "Өлімнен ұят күшті", "Ақылың болса - арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта", "Жігіттің құны - жұз жылқы, ары - мың жылқы" іспеттес мақал-мәтелдер соның айғағы.
Жөргегінен бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген халқымыз адамды аздырып-тоздыратын: өтірік, өсек, еріншек, мақтаншақ, қыңыр, есер, бейбастақ, жәдігөй, жантық, т.б. сияқты мінездерден сақтандырып келген. "Өтірік өрге баспас", "Өтіріктің құйрығы бір-ақ, тұтам'', "Өзін-өзі мақтаған өліммен тең" деу арқылы өтірік-өсек айтудан, мақтаншақ болудан жас ұрпақты аулақ болуға шақырады.
"Атаңның баласы болма, адамның баласы бол", "Көпті жамандаған көмусіз қалар", "Көппен көрген ұлы той", "Көпті сөкпе, кенді төкпе", т.б. мақал-мәтелдер адамгершілікті, бірлікті, ел тілегін ойлауды дәріптейді. Көпшіл болу - атадан балаға ғасырлар бойы өсиет етіліп келе жатқан нұсқа. Ол халықтың ұғымында азаматтықтың, адамдықтың басты белгісі.
Жалпы, бастауыш буында қай сабақта болмасын "қиын оқушыларды" адамгершілікке тәрбиелеу үшін этнопедагогика құндылықтарын пайдаланудың мүмкіндіктері мол. Сондықтан біз оларды былай ашып көрсеттік:
1) білімділік; бағдарламалық талаптарға сай білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, оқу материалын меңгертуге септігін тигізді, білімді күнделікті өмірде, нақтылы жағдайларда қолдана білуге баулиды;
2) тәрбиелік: ұлттық сана-сезімді қалыптастырады, адамгершілік асыл қасиеттерді бойға сіңіреді, кәсіби еңбекке бейімділікті, халықтық дәстүрге сыйлы қатынасты тәрбиелейді;
3) қамытушылық: ақыл-ойды, логиканы дамытады, психикалық қасиеттерді (зейін, ес, қабылдау, ой, қиял, т.б.) жетілдіреді, танымдық қызығушылығын арттырады, сабаққа белсенділікті оятады;
4) танымдық: халықтың тұрмыс-тіршілігімен, өмір тәжірибесімен, кәсіби еңбегімен таныстырады, дүниетанымды байытады (жан-жандар, өсімдіктер, тас атаулары, т.с.с); оқудың өмірмен, практикамен байланысын көрсетеді.
"Қиын" оқушыларда адамгершілік қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының формасы, адамдық мәдениеттің бір бөлігі – мораль туралы түсінікті қалыптастыру, соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой-пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогика құралдарын пайдалану арқылы "қиын оқушылармен" ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын былайша беруге болады.


Кесте 1. "Қиын" оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-жоспары
Мақсат-міндеттері Мерзімі

Сыныптар бойынша тәрбиелік іс атаулары, жұмыс формалары мен әдістері
І ІІ III IV
Мектеп өміріне бейімдеу, оқушы деген атқа лайық болуға тәрбиелеу, білімнің адамның бақытты өмірі үшін мәнділігін көрсету І тоқсан «Оқушының оқу еңбегіне қатынасы» танымдық әңгіме (Білімді адам мыңды жығады» интеллектуальды ойын «Оқу инемен құдық қазғандай» операциясы «Менің сүйікті кейіпкерлерім» (оқыған кітаптары бойынша) драмалық көрініс
Жолдастық, достық ұғымдарының мәнін ашып көрсету, жолдастық және достық өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу. ІІ тоқсан «оқушының жолдастарымен қарым-қатынасы» танымдық әңгіме «Достық пен жолдастық этикалық әңгіме «Достар үшін» акциясы «Жолдастық заңдары» ашық әңгіме сағаты
Адамгершілік асыл қсиеттерге баулу ІІІ тоқсан «Мейірімділік» танымдық әңгіме «Ана мейірімі» әңгіме сағаты «Қайырымдылық көмек» орталығы «инабаттылық және батылдық» рухани ашық журнал
Оқу ұжымында өзара сыйлы қатынасқа үйрету, адамгершілік сезімдері мен тәжірибесін қалыптастыру ІV тоқсан «Ұжымдық қарым-қатынас» танымдық әңгіме «Күш-бірлікте» еңбек операциясы «Сыйға-сый» құрмет көрсету сағаты «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» байқау орталығы

Жоспардағы іс-шаралардың мазмұны бастауыш сыныптағы "қиын оқушыларға" адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарын тиімді пайдалануға бағытталған.
Осы іс-шараларды ұйымдастырудағы негізгі мақсат халқымыздың бала тәрбиелеудегі озық тәжірибесі негізінде бастауыш сыныптағы "қиын оқушылардың" бойында адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
- қазақ халқының ауызекі шығармашылығы негізінде жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту;
- қазақ халқының ұлттық мінез-құлқына тән негізгі қасиеттерді –елжандылықты, мейірімділікті, кеңпейілділікті, шыншылдықты, әдептілікті, т.б. балалардың, яғни тәрбиесі қиын оқушылардың бойына сіңіруі;
- үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әділеттілікті биік ұстау сияқты әдет пен ғұрып қағидаларын үйрету.
Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: "қиын оқушыларға" адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны мен атқаратын рөлін саналы түсіну; олардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру; тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын кеңейту.
Ғылыми педагогикалық-психологиялық, фольклорлық әдебиеттерді оқып-үйрену және озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетінің бай мұрасының балалардың адамгершілік сапаларының қалыптасуына ықпал жасайтынын көруге мүмкіндік берді.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу негізгі қағида болып есептеледі. Мұнда ең алдымен оқушылардың адамгершілік сезімі мен адамгершілік дағдыларына ерекше мән бердік. Бастауыш сыныптағы "қиын оқушылардың" ерекшелігін ескере отырып, біз адамгершілік тәрбие беруде негізгі жол деп іс-әрекетті ұйымдастыруды ойластырдық. Осыдан оқушының өз жолдастарымен, құрбылармен және ересек адамдармен қарым-қатынас жасауда халықтық дәстүр негізінде әрі әсерлі, балалардың көңіл-күйін туғызатын қызықты іс-әрекеттерді педагогикалық, психологиялық талаптарға сай ұйымдастырдық.
Адамгершілік тәрбиесінің ғылыми айқындалған психолоғиялық жүйесі (сезім, сана, сенім, әдет-дағды) халықтың педагогикалық бай мұрасынан да айқын көрінеді.
Біз этнопедагогика құндылықтары арқылы бастауыш сыныптағы "қиын оқушыларды" адамгершілікке тәрбиелеуде мынадай адамгершілік сапаларды қалыптастыруды жөн көрдік: ақыл-ой, сана еңбек, Отанына, халқына, жалпы адамзатқа, табиғатқа сүйіспеншілік, елжандылық, ар-ождан, ізеттілік, ата-анаға, өзінің жақын туыстарына мейірімділік, бауырымдылық, кеңпейілділік. Осы аталған бастауыш сынып оқушыларының бойында қалыптасатын ең құнды қасиеттерді тәрбиелеуде бәріне тірек болатын ізгілендіру идеясын негізге алдық. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!