» » » Реферат: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай түрлерін білесің

Реферат: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай түрлерін білесің

Реферат: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай түрлерін білесің казакша Реферат: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай түрлерін білесің на казахском языке
1 Бастауыш сынып оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық негіздері

Адамның бойындағы рухани құндылықтар оның жаратылысы мен бірге пайда болатынына көңіл аудармай, оны сырттан іздеп келеміз. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу тек тәрбие сағаттарында ғана емес, ана тілі пәнінде бастауыш сыныпта оқытылатын барлық пәндерде, үйелменде, қоғамдық орындарда басты назарда болып келеді. Адамгершілік қасиеттер үлкен мен кішінің шынайы қарым- қатынас кезінде бала бойына дариды. Көзге көрінбейтін өте сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен- жүрекке үзбей жеткізу тек тәлімгер, ұстаздың қолынан келеді. Сондықтан ұстаздар қауымының алдында үлкен жауапкершілікпен жүргізілетін міндеттер тұр.
Педагог қауымы бала жанының бағбаны екені рас болса, сол адамгершілік қасиеттерді қалай дамытып, одан қандай нәтиже алып келеді деген сұрақтар туындайды.
Ірі педагог Антон Семенович Макаренко жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.
А.С.Макаренконың «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» т.б. кітаптарында оқушыларды тәрбиелеудің педагогикалық талаптарын зерттеп, жинақтады. Оқушы тәртібінде мінез-құлқындағы ауытқулар кездесіп отырады. Қайта тәрбиелеу арқылы оқушы санасындағы және жүріс- тұрысындағы жеке кемшіліктерді жеңу үшін оқушы дамуындағы ауытқуларды алдын алу. Бұл қайта тәрбиелеудің А.С.Макаренко жасаған арнайы әдісі.
Жалпы педагогикалық процестегі оқыту теориясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар, ғалым- педагогтардың еңбектерінде өз кезеңдеріне сай мектептегі оқу, таным, іс- әрекеттер, шығармашылық процесін жетілдіруде озық ойлы пікірлер айтқан.
Орыстың ұлы сыншысы, философ-материалист, жалынды революцияшыл-демократ, жазушы және публицист Николай Гаврилович Чернышевский «Жас өспірімге, болашақ белсенді қоғам қайраткерлікке, шын халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік саналар мен қасиеттер қажет деп есептеген: патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыру, кішіпейілділік, єдептілік, т.б. қасиеттер қалыптастыру қажет»,- деді.. Н.Г.Чернышевскийдің көрсетуі бойынша адамгершіліктің басқа бір саласы гуманизммен тығыз байланысты. Тәрбиенің әдістер ретінде сендіру, иландыру әдістерін қолдайды. Ол сапалы оқытудың өзі тәрбиеге күшті әсер ететіндігін ескертті.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршін, жүрегі таза, ниеті таза, пейілі кең, пәк періште күйінде азамат қатарына қосылып кетіп жатыр ма. Егер мұғалім өзінің адам қалыптастырудағы міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр.
Мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тіл алғыш, жүрегі таза, сенімі пәк жас бүлдіршін орта немесе буынға келгенде өзгеріп сала береді.
Сол кезе мына бала қандай еді, қалай өзгерді. Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп алды? Неге озбырлық жасауға бейім болып алды?- деген сұрақтар туындайды. Әрине, оның себептерін жан- жақтан іздеуге болады. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамгершілік қасиеттерінің дамуына үлес қосатын мұғалім. Мұғалім оқушыға оның өмірінің азық болар асыл қасиеттер- адамзаттың құндылықтарымен, белеммен қамтамасыз етеді.

2 Бастауыш сынып оқушыларын жан - жақты тәрбиелеу мазмұны

Ал бүгінгі күнгі мұғалімнің баста мақсаты- өзіндік адамгершілік қасиеттерін бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін, оның бойындағы бар қасиеттерін дамыту жас ұрпақтың бойынан тауып, дамытып немесе оған сіңіруді арман етіп отырған адамзаттық асыр қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай жауапты ісін өз деңгейінде атқара алмайды.
Адамгершілік қасиеттерді өскелең ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін әрбір мұғалім ана тілі сабақтарында халық педагогикасының сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең біліп, оларды өркениетті өмірмен байланыстары отырып, тәлім- тәрбиеге пайдалана білуге борышты.
Әрбір жеке оқушы мұғалімнің оның жан-жақты тануға бағыттаған зерттеу объектісіне айналуы қажет. Оқушының сезімін оятып, шабытын ұштайтын, сөйтіп оны шығармашылыққа жетелейтін бірден-бір жол- болашақ жүрек түкпірінде жатқан асыл қасиеттерді жарыққа шығару. Ол оќу- тәрбиенің процессінде мұғалім мен оқушының арасында үздіксіз, үнемі байланыста болатын сезім жібі арқылы ғана жүзеге асырылады.
Балалар күнделікті оқу-тәрбие процессінде тікелей өмір тәжірибесінде «жақсы» мен «жаманды» байқайды. Оларды үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді. Бұл меңгергендері балалардың күнделікті еңбек процессі үстінде жаттықтырылып, бекітіледі. Еңбек процессінде балалардың кішіпейілділік, тәртіптілік, үлкенді сыйлау, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерін өз заттарын сақтап, күтіп ұстауға, тазалық, дербестік сияқты мәдени- гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу- өте күрделі нәзік те жауапты іс. Бұл жолда сынып мұғалімінің бастауыш мектеп жасындағы балаларды қалай тәрбиелеу керек, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді: Отанға деген сүйіспеншілікіті, еңбек ете білуді, интернационализмді, қайырымдылық пен әділеттілік сезімін, сергектік, ымырасыздықты қалай тәрбиелеуге деген аса қиын сұрақтарға жауап беруге тура келеді.
Әрбір бала өмірінде, іс әрекетінде кездесетіп мораль категорияларын (жақсылық, жаманды, борыш, ұят, адалдық, әділеттік, қайырымдылық, абырой) терең ұғынуы қажет. Адамгершілік жөніндегі тәрбиелер дұрыс іс әрекеттер оқушылар бойында мінез—құлықтың дұрыс нормаларын қалыптастырудың маңызды алғы шарты боып табылады. А.С.Макаренко эстетикалық әңгімелерге мораль теориясын түсіндіру құралы ретінде аса зор мән берген болатын. Ол былай деп жазғанды: «Өзімнің жұмыс тәжірибемде біздің де мораль теориясын түсіндіруіміз қажет деген қорытындыға келдім. Мен іс-тәжірибемде моральдік тұрғыдағы осындай теориялық әңгімелердің конспектілерің жасап та алдым, осы бағыттағы өз жұмысымды біраз жетілдіруге уақыт та жұмсадым, мен және осындай мораль теориясының аса жақсы, үлкен нәтижелерін де көрдім».
В.А.Сухомлинский бүкіл педагогикалық қызметі кезінде сөзді аса маңызды педагогикалық құрал ретінде пайдалана білді. Ол оқушылардың рухани дамуының барлық кезеңдерінде де практикалық қызмет, саяси идеялармен және адамгершілік нормаларды түсіндіру мен ұштасып отыруға тиіс деген бүкіл сенімде болды.
Адамгершілік мағлұматтар мен ұғымдардың қалыптасу дәрежесі мектеп оқушыларының адамгершілік даму дәрежесінің мәнді көрсеткіші болып табылады. Оларда қалыптастыру жөніндегі мақсатты түрдегі жұмыс тәрбиесіндегі маңызды міндет болып саналады. Ал оны шешу оқушының ішкі мәдениетіне берік негіз жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл мәселелердің заңдылықтарын негізін ғылыми мәнін ашу үшін педагогика, психология ғылымдарында жинақталған зерттеу негізінде айқындалған төмендегі тұжырымдамаларға сүйенеміз.
Тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процессінде жетекшілік ролі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі, ол отбасындағы тәрбиеге, жас ерекшелігіне, баланың бойындағы қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланысты болады.
Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс. Адамгершілік тәрбие, сезім турал ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама бар.
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз- оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгіліі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.




3 Оқыта отырып тәрбиелеу негізі

Адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас мәселесі және табиғат байлықтарын қорғау, сақтау жөніндегі нақтылы іс-шараны жүзеге асыру бүгінгі күні әр мемлекеттің, әр елдің өз бетімен атқаратын ісі ғана емес, барлық мемлекеттердің бас қосып, күш біріктіріп, жұмыла жасайтын бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр.
Бұл әртүрлі елдердің экологиялық халықаралық қоғамның құрылуына әкелді. Біріккен Ұлттар Ұйымының талдап-талқылайтын ең маңызды мәселелердің біріне айналды.
Табиғат байлықтарын қорғау дегеніміз – бұларды мүлдем пайдаланбау емес, керісінше, оларды ұқыпты, тиімді пайдаланып, ысырапшылдыққа жол бермеу болып табылады.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты жолдауында әрбір азаматтың табиғат және оның байлықтарын пайдалану процесінде, табиғаты таза, көркем, мәңгілік қалпында сақтап қалудың қажет екендігі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігі атап көрсетілген.
Қабылданған қаулы-қарарлар мен «Білім» туралы заңда да педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық біліммен тәрбие берудің жалпыға бірдей үздіксіз жүрудің қажеттігі баса көрсетіледі. Жас ұрпақты қоршаған табиғатқа оның байлықтарына ұқыпты қарауға үйретіп, үнемі пайдаланудың маңызды мәселе екендігін ұғындыру, табиғатқа дұрыс қарым-қатыеас жасау жөніндегі қажетті оймен қаруландырып, икемділік дағдыларын қалыптастыру.
«Әрбір азамат Отанымыздың табиғатын аялауға, оның байлықтарын қорғауға мәдениетті» деген талаптар барлық уақытта бірдей жүзеге асырылып отырмағаны мәлім. Кеңестер Одағы кезіндегі жасалған ядролық жарылыстар, тың игерудегі келеңсіздіктер, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, біріңғай экономикалық өндірістік мүдделер басшылыққа алынып, экологиялық талаптар ескерілмегендіктен еліміздің табиғаты үлкен зиян шекті. Адамдардың табиғатқа жасаған жыртқыштығы сыпайылап айтқанда, табиғи ресурстарды жөнсіз пайдаланудан табиғаттың экологиялық тепе-теңдігі бұзылды. «Қоғам – адам табиғат» арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жолтабу, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану және жас ұрпаққа экологиялық тәрби беру педагогика мен мектептердің басты борышына айналуда. Бұл бағытта біздің елімізде ізденістер баршылық. Соның бірі
Білім мен тәрбие берудің экологияландыру, оның ғылыми деңгейін артттыру болып табылады.
Бұл салада ғалым-педагогтар жоғыры оқу орындарының студенттеріне және мектеп , балабақша балаларына оқу тәрби процесінде экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайларын, мүмкіндіктерін жазған болатын.
Белгілі ғалым- эколог И.Д.Зверев: «Педагогикалық практиканың негізгі жағдайын да барлық оқу пәндерін экологияландыруға байланысты мұқият ойланып істелген жұмыстар қажет деп пәндерді экологияландыруға басты назар аударды. Экологиялық тәрбиенің мақсаты – ғылыми білім жүйелері, көзқарастар мен сенімдерді мораль нормаларына сәйкес, қоршаған ортаның жағдайына адамзаттың белсенді қатысуын қамтамасыз ету қажат», - деп атап көрсетеді. Ол мұғалімдерге қоылатын үш талапты атап көрсетті:
1. Мұғалімнің табиғат үшін қоғам алдындағы жауапкершілік сезімі болуы тиіс;
2. Мұғалімнің өзі күнделікті өмірі мен қызметінде табиғаттың нағыз жанашыр қамқоршысы ретінде үлгі өнеге көрсетуі тиіс;
3. Әр мұғалім экологиялық біліммен қарулануы тиіс.
Әрбір мұғалім жоғарыдағы талаптарға сай болып, өз шәкірттерін табиғатты қорғауға тәрбиелеп, қоғам алдында тұрған міндеттердің шешілуіне үлес қосқан болар еді.
Ғалым М.Н.Сарыбеков табиғатты қорғау практикасы мен гигиенасының «Адам - табиғат» арасында қарым-қатынас жасағанда міндетт мүрде орындалуға тиіс заңдылықтарды бөледі. Олар:
1) Табиғаттың тазалығын сақтау заңы;
2) Табиғаттың мол қазынасын сақтау заңы;
3) Табиғаттың көркемділігін сақтау заңы.
Осы заңдарды басшылыққа ала отырып, біз табиғатпен қарым-қытынас жасасақ, біздің бүгінгі күніміз де, жастарымыздың келешегі де жарқын болатыны сөзсіз.
Қазыргі педагогикалық теория экологиялық білім мен тәрбие берудің негізін, мақсаттарымен міндеттерін, принциптерін толық ашуға ұмтылады. Педагогикалық әдебиеттерде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсаттары жөнінде үзілді кесілді айтылған алшақтық жоқ.
Мысалы ғалым-эколог И.Д.Зверевтің пікірінше, экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен мәні қоршаған ортамен, табиғат пен қарым-қатынастың барлық түрлерінде оқушылардың жауапкершілікпен қарайтын көзқарасы мен сенімін қалыптастыру.
Ал, А.Н.Захлебный экологиялық білім берудің мақсаты қоршаған ортаға құқық нормалары мен моралдық ұстанымдарынан туындайтын жауапкершіліктің негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатындығын айтады.
Ә.А,Тұрдықұлов болса, экологиялық білім мен тәрбие беруде оқушыларды табиғатты пайдаланудың ғылыми негіздері жөнінде сенімін, практикалық дағдыларын, табиғат ресурстарын қорғау және молайту саласында белсенді көзқарастар қалыптастыруда қажет білімді қалыптастыратын «психологиялық - педагогикалық» процесті айтамыз деп атап көрсеткен.
Сонымен, « экологиялық тәрбие » ұғымына анықтама беріп, мәнін ашуда педагогика ғалымдарының көзқарастарында ерекше айырмашылықтар жоқ... Экологиялық тәрбиенің мәні жайлы айтқанда: Балалардың табиғатқа қатынасын қалыптастыруда, оны қорғау, аялаудағы саналы белсенділіктерін арттыру, соның негізінде адамгершілік қасиеттерін дамытып, қоршаған ортаны қорғауға дайындау.
Біз, жоғарыдағы пікірлердің қай-қайсысының да орынды екендігін мойындай отырып, дегенмен де И.Д.Зверевтің берген тұжырымдамасына қосыламыз. Біздің ойымызша, экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты оқушылардың қоршаған ортаға жауапты және іскерлік қатынастарын қалыптастырумен сипатталады.
Қорыта айтқанда, ересек топ балаларына экологиялық біліммен тәрбие беруде олардың бойында төмендегідей іскерліктер мен қағидаларды қалыптастыру қажет:
- басты идеяларды, негізгі экологиялық ұғымдарды түсіну арқылы адамның табиғат заңдылықтарына сәйкес ықпал етуі;
- табиғатты ұтымды пайдалануға байланысты қолдабалы дағдыларды меңгеру, ортаның жағдайын бағалай білу, табиғатқа зиян келтірмейтін, залал тигізбейтін нормаларды сапалы түрде сақтау;
- табиғи және жасанда ортаны жақсарту қызметін жандандыру, табиғи ортада тәртіп сақтау.
Аталған іскерліктерді қалыптастырғанда ғана адам экологиялық білімді, тәрбиелі, көргенді болып табылады..
Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғашқы рет шешкен К.Маркс пен Ф.Энгельс. Олардың дәлелдеуінше, адамгершілік – қоғамдық дамудың жемісі, ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды, сондықтан таптық қоғамда адамгершілікте таптық сипатта болады. Сонымен қатар қоғам үшін қоғам мүшелерін жан-жақты тәрбиелеп жетілдіру қажет екендігін анықтады. Ол Маркс атап көрсеткендей. – « Біріншіден, ақыл-ой тәрбиесі; екіншіден, дене шынықтыру тәрбиесі; үшіншіден, техникалық оқу – болып табылады. Сондай-ақ адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін де келтіре кетсек: адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өиірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, мөз бен істің бірлігін, адамгершілік құнды негізден ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. ....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 86 | 13.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай түрлерін білесің туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай түрлерін білесің на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Педагогика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай түрлерін білесің, реферат Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай түрлерін білесің туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай түрлерін білесің на казахском языке ск, Реферат: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай түрлерін білесің реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы