Тікелей салықтың бір түрі ретіндегі көлік құралдарына салынатын салық

Тікелей салықтың бір түрі ретіндегі көлік құралдарына салынатын салық

Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері.
Қазақстан Республикасында көлік салығына көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Көлік құралдары салығы негізінен мақсатты салық болып келеді, яғни түскен салық соммалары жолды жөндеуге жұмсалады және бюджетке түсуіне орай жергілікті салық болып саналады.
Көлік салығын төлеушілер (субьектілер):
• меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар;
• меншік , шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар;
• заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;
• лизинг алушы қаржы лизинг шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша.
Көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері болып уәкілетті органдар мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары саналады.
Салық жеңілдіктері мыналарға беріледі:
• ауылшаруашылығы өнімдеріне мамандандырылған техникаларына;
• жүк көтерімі 40 тоннадан асатын карьерлік автоаударғыштар;
• кеңес одағының ардагерлеріне және көп балалы аналарға;
• мемлекеттік мекемелер;
• ауылшаруашылық құрылымының шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалары.
Мына төменде аталғандар көлік құралдар салғы бойынша салық салу объектілеріне жатпайды:
1) жүк көтергіштігі 40 тонна және оданда асатын карьерлік автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары.
ІІ. Көлік құралдарының ставкалары.
Бүгінгі таңда көлік құралдары салығын есептеу айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленген ставкалар бойынша 1-кестеде берілген деректер бойынша жүргізіледі:
1-кесте. Бүгінгі таңдағы өзгертулер мен толықтырулардан кейінгі көлік құралдары салығының ставкалары.

Салық салу объектісі Салық ставкасы (АЕК)
1. Двигатель көлемі мынадай жеңіл автокөліктер (текше см.)
1100-ге дейін 4,0
1100-ден 1500-ге дейін 6,0
1500-ден 2000-ға дейін 7,0
2000-нан 2500-ге дейін 12,0
2500-ден 3000-ға дейін 17,0
3000-нан 4000-ға дейін 22,0
4000-нан жоғары 117,0
2. Жүк көқтергіштігі мынадай жүк таситын арнаулы автокөліктер (тіркемелерді есептемегенде):
1 тоннаға дейін 6,0
1-1,5 тоннаға дейін 9,0
1,5-5 тоннаға дейін 12,0
5 тоннадан жоғары 15,0
3. Шынжыр табанды машиналар мен механизімдерді қоспағанда, өздігінен жүретін машиналар мен пневматикалық жүрістегі механизімдер 3,0
4. Автобустар:
12 отыратын орынға дейін 9,0
12-25 отыратын орынға дейін 14,0
25 отыратын орыннан жоғары 20,0
5. Двигателінің қуаты 55 квт-тан арттық емес мотоциклдер, мотороллерлер,мотошаналар, көлемі шағын кемелер
Двигателінің қуаты 55 квт-тан жоғары мотоциклдер 1,0

6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар,яхталар (двигателдің қуаты мынадай ат күшіне тең):
160-қа дейін 6,0
160-500-ге дейін 18,0
500-1000-ға дейін 32,0
1000-нан жоғары 55,0
7. Ұшу аппараттары әрбір Киловат қуатта айлық есептік көрсеткіштің 4,0 пайызы

Двигательдің аталған көлемінен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғйтылады (Қазақстан Республикаының 1999 жылы 16 шілдесіндегі заңына сйкес 12 теңге болған еді).
Салық төлеушілер үшін салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі алты жылдан асқан жеңіл автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
1. ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдары үшін:
- 6-15 жылға дейін – 0,3;
- 15-25 жылға дейін – 0,2
- 25 жылдан жоғары – 1,0
2. Двигател көлемі мынадай басқа автокөлік құралдары үшін:
- 3000 текше сантиметрге дейін – 0,5;
- 3000 – 4000 текше сантиметрге дейін - 0,7
- 4000-нан жоғары – 1,0
3. Пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан ТМД елдері шығаратын жеңіл автомобильдер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету коэффициенті – 0.
4. Белгіленген салық төлеу мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі аяқталғанға дейін пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан ТМД елдерінде шығарылған жүк таситын, арнаулы автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
- 7-14 жылға дейін - 0,5;
- 14-20 жылға дейін – 0,3;
- 20 жылдан жоғары – 0,1.
5. Пайдаланылу мерзіміне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэфициенттері қолданылады:
5.1. 1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
- пайдалану мерзімі 5 жылға дейін – 1,0;
- пайдалану мерзімі 5-15 жылға дейін – 2,0;
- пайдалану мерзімі 15 жылдан жоғары – 3,0;
5.2. 1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуірден кейін алынған Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 сәуірге дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
- пайдалану мерзімі 5 жылға дейін – 1,0;
- пайдалану мерзімі 5 – 15 жылға дейін – 0,5;
- пайдалану мерзімі 15 жылдан жоғары – 0,3.
Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралдарының паспорттарында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетілген көлік құралы шығарылған жыл негізге алына отырып есептеледі.
6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар түріндегі көлік құралдарының пайдаланылу мерзіміне қарай салық ствкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
- 5 жылға дейін – 1,0;
- 5 – 10 жылға дейін – 0,5;
- 10 – 20 жылға дейін – 0,3;
- 20 – 30 жылға дейін – 0,2;
- 30 жылдан жоғары – 0,2.

III. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері.
Салық төлеушілер салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық соммасын дербес есептейді.
Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық соммасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.
1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес көлік құралдарына салынатын салық мөлшерін салық төлеушілер салық ставкаларын ескере отырып, көлік құралдарының жалпы қуаты мен түріне қарай дербес белгілейді және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде төлейді.
Алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлік құралдарын сатып алған кезде салық соммасы көлік құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнінен бастап салық кезеңінің аяғына дейінгі кезең үшін есептеледі.
Меншік құқығында, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құықығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралына мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кзінде жүргізіледі.
Алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізі немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдеден алған жағдайда, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін деклорация табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілген көлік құралдары бойынша салық төлеуді жүргізеді.
Көлік құралының меншік иесі атынан меншікті сенімгерлік басқару құқығында көлік құралын иеленуші тұлғаның көлік құралдарына салық төлеуі көлік құралына меншік иесінің осы есептік кезең үшін салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
Көлік ұқралдарын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі – күнтізбелік жыл болып саналады.
Салық төлеушілер көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ деклорацияны есепті жылдан кейінгі 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.

2 кесте. Шынжыр табанды машиналар мен механизімдерді қоспағанда, өздігінен жүретін машианалар мен пневматикалық жүрістегі механизімдердің 2006 жылға арналған салық ставкалары.

Салық салу объектісі Салық ставкасы (АЕК) Салық ставкасы (тенге)
Шынжыр табанды машиналар мен механизімдерді қоспағанда,өздігінен жүретін машиналар мен пневматикалық жүрістегі механизімдер.
3 кесте. Автобустардың 2006 жылға арналған салық ставкалары.

Салық салу объектісі 12 отыратын орынға дейін 12-25 отыратын орынға дейін 25 отыратын орыннан жоғары
Салық ставкасы (АЕК) Салық ставкасы (теңге) Салық ставкасы (АЕК) Салық ставкасы (теңге) Салық ставкасы (АЕК) Салық ставкасы (теңге)
Автобус тар 9 9270 14 14420 20 20600

4 кесте. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, көлмі шағын кемелердің 2006 жылға арналған салық ставкалары.

Салық салу объектілері
Двигателінің қуаты 55кв –тан артық емес мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар,көлемі шағын кемелер Двигателінің қуаты 55 кв-тан артық мотоциклдер Пайдалану мерзімі 20 жылдан асатын ТМД елдерінде шығарылған мотойиклдер, жеке тұлғалар үшін түзету козфициенті - 0
Салық ставкасы (АЕК) Салық ставкасы (теңге) Салық ставкасы (АЕК) Салық ставкасы (теңге) Салық ставкасы (АЕК) Салық ставкасы (теңге)
1 1030 10 10300 - - ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі