Салықтар дегеніміз

Салықтар дегеніміз

Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуына негіз болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей байланысты.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар:
- реттеушілік;
- фискалдық;
- қайта бөлу;

Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызметтер арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады.
Салықтың екінші қызметі – Фискалдық немесе бюджеттік қызметі, яғни бұл қызметі бойынша салықтар мемлекеттің ақша қаражаты қорларының кірістерін толтыруды жүзеге асырады. Осы қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының өніміндегі салықтардың үлес салмағы 40 пайыздан көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығын әр түрлі қағидаттар бойынша былай жіктейді:
- салық салу объектілері бойынша;
- салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
- пайдалану тәртібі бойынша;
- объектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықтарды салу объектісі бойынша, олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді. Тура салықтарға мына салықтар жатады:
- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтар;
- мүлік салығы;
- жер салығы;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
- жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;
- көлік құралдарына салынатын салық.
Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстем түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты салықтар. Жанама салықтарға:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер;
- баж салығы жатады.
Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтар салудың мәні салықтардың тауар бағасына қосылатындығына, кірістірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті салықтарды ажыратады.
1) заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2) қосылған құнға салынатын салық;
3) акциздер;
4) бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салық төлемдері.
Жергілікті салықтарға:
1) жер салығы;
2) заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) көлік құралдарына салынатын салық;
4) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
5) жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін алынатын алым;
6) аукционда сатудан алынатын алым.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерді шоғырландырылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады.
Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады.
Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез-келген объектіден алған табыстарынан алынады.
Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектісіне бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес болып жіктеледі.
Нақтылы салықтар – салық төлеушінің салық салу объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы бейнесіне қарай алынады.
Дербес салықтар – салық төлеушінің салық төлейтін объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады.

Мүлікке салынатын салық

Салық салу объектісіне қарай мүлікке салынатын салық тікелей салықтарға жатады. Белгіленген ставкаларды есепке ала отырып, салық мүліктің құнына тікелей салынады. Мүлік салығын төлеушілерге, меншігінде, шаруашылық жүргізу мақсаттарында, салық объектілері бар заңды және жеке тұлғалар жатады. Салық салу объектісі екіге бөлінеді:
1) Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің көлік құралдарынан басқа амартизацияланатын активтердің қалдық құны.
2) Жеке тұлғалардың кәсіпкерлікте пайдаланбайтын тұрғын үйлері, саяжай құрылыстары, гараждары және өзгеде құрылыс ғимараттарының құны.
Салық заңдарына сәйкес төмендегі объектілерге мүлік салығы салынбайды:
- Жер салығын салу объектісі болып табылатын жерлер.
- Көлік – құралдарына салық салу объектісі болып табылатын көлік-құралдары.
- Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша консервацияларда тұратын негізгі құралдар.
- Жалпыға ортақ пайдалынатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары.

Көлік құралдарына салынатын салық

Тікелей салық және мемлекетпен көлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін салықтарға жатады. Көлік құралдарының иелері, көлік құралдарын икемдену барысында Республикалық автомобиль жолдарын пайдаланады. Ал осы автомобиль жолдарын қаржыландыруды мемлекеттік бюджет жүзеге асырады. Сондықтан көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мәні зор деп айтуға болады. Көлік құралдарына салынатын салық салу объектісіне қарай: тікелей салықтарға жатады, ал пайдалану мерзіміне қарай: бұл көлік құралдарына салынатын салық арнайы салықтарға жатады. Өйткені – бұл салықтан жиналған ақша-қаражаттары сол көліктер жүретін жолдарды жөндеу үшін арнайы мақсатқа жұмсалады. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай: Көлік құралдарына салынатын салықтар нақты салықтарға жатады. Өйткені – бұл салық көлік құралдарының сыртқы белгісіне қарай табыстың түсуін есептелініп салынады. Ал салық салынатын орынға қарай: Көлік құралдарына салынатын салық жергілікті салықтарға жатады. Бұл салықты төлеушілер болып меншік құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құрылымының салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объектісіне - өкілеттік органдар, мемлекеттік тіркелген және есепте тұрған көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда) жатады.
Жүк көтерімділігі қырық тонна (40) және одан асатын корьерлік авто – самосвалдар, мамандандырылған медициналық көлік құралдары, салық салу объектілері болып табылмайды.
Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда көлік құралдарына салық салмаса меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептелінеді.
Мына жеке тұлғалар көлік құралдарына салынатын салықтан босатылады:
- Қазақстан Республикасының өкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде біріңғай жер салығын төлеушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметі тізбесін белгілейтін мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасы бойынша бірінғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер.
- Мемлекет бюджет есебінен қаржыланатын ұйымдар.
- Салық салу объектісі болып табылатын бір авто көлік құралы бойынша ұлы отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар.
- Салық салу объектісі болып табылатын бір автакөлік құралы бойынша меншігінде мотокаляскасы мен автомобилі бар мүгедектер.
- Салық салу объектісі болып табылатын автокөлік құралы бойынша кеңес одағының батырларымен сациолисттік еңбеккерлері, халық қаһарманы алған, үш дәрежелі даңқ орденімен және отан орденімен марапатталған адамдар, “ардақты ана” атағын алған, “алтын алқа”, “күміс алқа”, “көп балалы аналар” атағымен марапатталған адамдар.
- Ауыл шаруашылық құрылымына шұғыл нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан автокөліктері (жүк автокөлік) бойынша жеке тұлғалар.

Жер салығы

Жер салығының экономикалық мәні және жер учаскісіне салынатын салықтардың принціптері. Жер салығы 1992 жылы енгізілген, жер салығының экономикалық мәні – жер учаскілерін экономикалық әдістерін қолдану арқылы тиімді пайдалана отырып, бюджет кірістерін толтыру.
Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөніндегі заңды жер кодексінде бейнеленеді. Қазақстан Республикасының жер кодексінде – жер, Республикасының арықша меншігі деп айтылатын.
Жерді иелену жер және пайдалану үшін төлейтін ақы жер салығы ретінде қарастырылады. Бұл салықтың мақсаты жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын артыру, жергілікті аймақтардың әлеуметтік мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құру. Жер салығы толығымен жергілікті бюджетке түседі. Сондықтан бұл жергілікті үкімет органдарының аталған салықты жинауға мүдделерін артады.
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасымен тиесілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді (котегория):
1. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерге.
2. Елді мекенді жерлеріне.
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзгеде ауыл шаруашылығы емес мақсатындағы жерлерге.
4. Ерекеше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи мәденеи мақсаттағы жерлерге.
5. Орман қорының жерлеріне.
6. Су қорының жерлеріне.
7. Запастағы жерлерге (резервті жерлер).
Жер салығы мынадай принціптерге негізделіп салынады:
1. Жер салығының мөлшері (жер учаскісінің саласына, орналасуына, су мен қамтамасыз етуіне) қарай анықталынады жер және иесіне жерді пайдаланушылардың шаруашылық және басқада қызметтеріне байланысты болмайды.
2. Жер салығы жер алаңының бірлігі үшін жыл сайынғы тіркелген көлем түрінде тіркелінеді немесе белгіленеді.
3. Басқа меншіктерге берілген жер учаскесін пайдаланған үшін салық салудың тәртібі мен шарттары. Қазақстан Республикасының осы мемлекеттермен жасасқан шарттарымен анықталады.
Жер салығын төлеушілерге біріңғай жер салығын төлеуден басқа меншігінде тұрақты немесе уақытша пайдалануда жер учаскісі бар заңды және жеке тұлғалар жатады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?