ТЕРІ ОНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ ҚЫЗМЕТІ ГИГИЕНАСЫ

Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді.
Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады.
Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тері арқылы (термен) бөлініп отырады. Тері газдардың алмасуына қатысады, оттектің сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Тері – сезім мүшесі.
Терінің құрлысы. Тері үш қабаттан: сыртқы, ішкі әне шел қабатынан тұрады (1сурет). Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Үстіңгі қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам организмдегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады.
Терінің ішкі қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және теріге серпімділік қасиет береді. Терінің
бұл қабаты қан тамырлармен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады.
Тері бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде – адам салқынды сезеді. Бұл денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май бөледі. Тері майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімділік қасиет береді.
Шаш және тырнақ – бұлар терінің мүйізделген құрамы. Шаш денені жауып тұрады. Теріде шаштың түбі болады. Оның түбіне қан тамырлары, жүйке талшықтарының ұшы мен бұлшық ет талшықтары ұштасып жатады. Шаштың түсі ондағы бояғыш заттарға байланысты. Бояғыш заттардың ыдырауынан шаш ағарады.....
Рефераттар
Толық

Терроризмді тергеу әдістемесі

Террористік эрекетінің криминалистикалық сипаттамасы келесі элементтерден түрады:
Осы қылмыстың қарсыластың бүлдіру эрекетімен байланысы Қылмыс субъектінің жэне жэбірленушінің ерекшеліктері Қылмыстын мақсаты, кылмыс жасау, дайындау, іске асыру жэне жасыру эдістері, қылмыстың ізі жэне басқа материалдық нәтижелері. Қылмыс тергеу ұйымдастыру
Терроризм бойынша қылмыстық істер көбінесе төтенше жағдайлар бойынша қозғалады. Олардың бірінші алғашқы белгілері болып үкімет өкіленің, мемлекет немесе қоғам қайраткерлері, шетел өкілдерін өлтіру немесе өлтіруге эрекет жасау туралы ақпарат табылады. Істі оперативтік материалдар бойынша қозғау терроризмді жасауға дайындық сатысында ғана болады. Осы істі жете тексеріп жатқан оперативтік қызметкерлер, оны болдырмау үшін барлық іс-шараларды қолдану керек. Бүл қоғамға ерекше қауіпті. Осыған байланысты Үлттық Қауіпсіздік Органдары осындай қылмыстарды тергеуге эрдайым дайындық күйінде болүға тиіс. Ол үшін:
Терроризм істері бойынша тергеу жүргізуде кэсіби дайындалған тергеушілер; оқиға болған жерде қарау және басқа да тергеу іс-әрекетін жүргізу үшін қажетті ғылыми техниқалық қүралдар; сот медицинасы, баллистика, одорология, жарылыс техникасы мамандарымен қарым-қатынаста болуы. Төтенше жағдай туралы ақпарат алынғаннаң кейін Үлттық Қауіпсіздік Органдарының басшысы оқиға болған жерде оперативті тергеу тобын жібереді. Жалғыз тергеуші жоғары квалификациядан болса да азғантай уақытта алдағы жүмыстың көлемін жасайды. Сонымен қатар оқиға болған жерде агентуралық ақпараттық іс-шара жүргізу қажет болады. Оперативті тергеу тобына осындай жэне осы сияқты басқа да қылмыстарды тергеу тэжірибесі бар тергеушілер кіреді. Топтың қүрамында кіретін оперативті қызметкерлер төтенше жағдай болған жердің немесе объектінің жедел жағдайын білу тиіс. Оқиға болған жерде қарауға сот медицина қызметкерлері мен криминалистер тартылады. Қазіргі уақытта облыстық ¥ҚК Департаменттерінде түрақты түрде жүмыс істейтін оперативті тергеу топтары қүрылған. Олар өзінің белгілері бойынша терроризммен ұқсас қылмыстар мен оқиғалардың орындарына шығады. Осындай оқиғалар онша көп кездеспегендіктен топқа кіретін оперативті қызметкерлер мен тергеушілер оқу объетілерінде, жүмыста эрекеттестік эдістерін жаттығып, техниқалық қаруды жаңарту, теориялық денгейімен кэсіби деңгейін көтеріп отыруы, алғашқы кезек күттірмейтін тергеу эрекеттерін жүргізу тэжірибесін көтеріп отыруы тиіс. ....
Рефераттар
Толық

Техникадағы сандық тәсілдер

Кезкелген инженер қызметінде есептің табысты шешілуі, әсіресе жобалау процесінде қанағаттандырарлық тудырады. Шынында, жобалау есептерін шығару кезіндегі интеративті тәсілдер мен инженерлердің творчествалық табиғатында көптеген бірлік, бірдей байланыс бар, себебі инженер ЭЕМ-ге жүгінеді, ондағы жағдай есепті тез, әрі үлкен дәлдікпен шығару. Бірақ, бұл мүмкіндіктер инженер жұмысында алгаритімді қалай алды және қалай қолданады осы есептерді шешу үшін соған байланысты. Біздің негізгі мақсатымыз ЭЕМ-н дұрыс пайдалану, ол үшін жобалаудың нақты есептерін шешу үшін тиімді есептеу алгаритімдерін құру, ол үшін әрине сандық тәсілдерге жүгінеміз,әрине, ол сандық есептер біреу емес, бірнеше. Сондықтан солардың қайсысын қай уақытта пайдалано болу-біздің мақсатымыз, бұл инженер үшін де, бұл жобалау процессі үшін де өте тиімді.....
Рефераттар
Толық

Тәрбие жұмысындағы мұғалімнің жеке дара тәрбиесі

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік гуманитарлық салада да зор өргерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау- соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім бертін мектептерде оқу тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім.
Тәрбие - педагогикалық процессте өте маңызды, әрі күрделіде ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі белгілі. Сонымен қатар қоғамдық аса маңызды міндетті шешуде педагогика пәнінің атқаратын қызметі айрықша.
Осы курстық жұмыста жалпы тәрбие жұмысындағы педагогтың шеберлігі мен жаңашылдығын жан жақты қарастыруға бағытталған.
Сөз - ең маңызды педогогикалық құрал оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың. Бастауыш кластың әрбір мұғалімі тіл маманы. Табиғат - ойдың сарқылмас көзі. Ақыл ой дамытудың мектебі. Енжарлықпен елжірей қарау емес, қайта пәрменді де белсенді түрде творчества ретінде танып білу- ойды байытумен дамытудың сарқылмас көзі. Жатқан асқан іс әрекет саласы.
Қамқор бағбан раушан гүлді отырғызу үшін топырақты қалай әзірлесе де мектеп директоры педогокикалық еңбектің таңдауы шеберлері жасаған озық тәжиірбені енгізуге арналған негіздіде солай әзірлеуге тиіс. Бұл әзірлік алдымен мектеп директорының педагог шеберлігіне байланысты.
Коллективтің шеберлігі дегеніміз педагогикалық идеялар, бірақ нақты іс болмайынша идея солып қалады. Идея бір мектептің практикасына ауысуы үшін коллективтік сенімге негізделген жеке – дара творчества қажет.
Мектеп жұмысын түбірімен жақсарту, білім сапасын арттыру, адамгершілік тәрбиені жетілдіру – осының бәрін оқыту мен тәрбие берудің аса маңызды проблемасы іс жүзінде шешілген жағдайда ғана жүзеге асыруға болады. Көп жылдық тәжірибе педагогикалық творчествоның ең мәнінің өзі - күнделікті мыңдаған құбылыстармен байланысты ой, ниет, идея екендігіне көз жеткіәзіп отыр. Педагогикалық идея дегеніміз педагогикалық шеберліктің қанаты сағайтын ауа. Біздің күрделі және көп қырлы ісімізде творчесволық еңбек өмірдің әлі алға қойып отырған сұраққа жауап іздестіретін жанды тебіреністі ой ұшқыны тұтанған жерден басталады. Бұл ұшқын құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды табуға деген сұрақ құштарлық болмайынша ешқашан тұтанбайды. Творчестволық ұшқынын тұтандыратын сұрақ туу үшін сен өз ісінді өз еңбегінді өз еңбегіңнің нәтижелереті кәзіргі кездегісінен көрі артығырақ көу керек. Саған өзіннің көздеген мақсатқа нелітен жеткізбейді деген ой тыныштық бермейтін болу керек. ....
Рефераттар
Толық

Тәрбие негізі отбасында

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27–бап, 2–тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу –ата–ананың табиғи құқығы, әрі парызы" делінсе, "Қазақстан–2030" бағдарламасында "Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді..." делініп ұрпақ тағдыры айтылады.
Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени–әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата–бабаларадың, ұлылардың ақыл–кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл–кеңестері, ата–ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір–бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келген күннен бастап ата–ананың ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан –
Өле–өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер–білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата–анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы–жаман болса, бала–соларда», деп, ХI ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата–аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күннен танып, соған қарай бағыт–бағдар, тәрбие берудің маңызы ерекше. Ата–ананың балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы –бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата–ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сіңімді және негізді.
Ата–ана бала тәрбиесіне ерекше мән беруі қажет. Ана–бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе?! ....
Рефераттар
Толық

Тәрбие отбасынан басталады

Кімнің болса да жүрек түкпірінде туған жерге, Отанға, отбасына да деген қимастық сезімі болады. Осылардың ең биігі елжандылық, отансүйгіштік қасиет. Бұл қастерлі ұғым арқылы қоғамның негізі қаланады. Отан отбасынан басталады, демек өзіңнің ата-анаңды қалай қастерлесең, Отаныңды да сондай қасиеттей біл. Ер жігіт елі үшін туады деген ғой. Отан қорғау саласында еңбек етуімнің өзі елжанды болуымнан деп ойлаймын.

1. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС.
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты дәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең - бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі. Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С.Макаренко: «Тәрбие -баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде», - деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айхайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. ....
Рефераттар
Толық

Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы

Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.
Отандық психологияда Л.С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.
1. Тәрбиелеудің жалпы сипаттамасы

Адамды оқыту мен тәрбиелеу арасындағы байланыс -педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі Оны қарастыру барысында:
а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде - кейінді интеллектуалдық, тұлғалық, мінез-кұлықтық, әрекеттік өзгерістер жүреді (Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев);
б) дамыту, әсіресе тұлғалық өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойынша ғана өзгеріп отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс-регресс, бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі болып табылады. Психикалық дамуды аныктаушы факторлар ретінде В.С. Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен байланыстарын және баланың ішкі позициясын қарастырады.
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.
Бұл сұрақты шешуде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, олардың бірі бойынша, оқыту дегеніміз дамытудың өзі (У. Джемс, Э. Торндайк, Дж. Уотсон, К. Коффқа), алайда, оқыту табиғатын (оқу, үйрету) барлығы өздерінше түсінеді. Басқаларға сәйкес, оқыту - бұл тек қана жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. «Даму - мүмкіндік туғызады, оқыту - оны жүзеге асырады» немесе, басқа сөзбен айтканда, «оқыту дамытудың ең аяғында келе жатыр». Ж. Пиажеге сәйкес, «баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден қажеттілік болғандықган өтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауына тәуелсіз».
Отандық психологияда Л.С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». ....
Рефераттар
Толық

Тәрбие процесі

Педагогикалық процесте тәрбиенің мәні мен мақсаты және жүйесі өмір сүріп отырған қоғам саясаты экономикалық жүйесінің дамуына байланысты туындайды. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияларда адамдардың материалдық және рухани өмірлерінің үздіксіз өзгеріп отыруына сай қарым-қатынастың жаңа формалары туып, тәрбие мақсаты мен мазмұнына да жаңаша идеялар енеді. Демек, әрбір қоғамдық-экономикалық формацияның алмасуымен әлеуметтік, философиялық ой-пікірлер де өзгерісте болып тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне ықпал жасайды.
Тәрбие – қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуына, өркендеуіне мүмкін емес. Тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп санаған жөн.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету кезеңінде адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру барысында әрбір жасөспірімнің субъективтік талап-тілегін, бейім қабілетін және тіршілік өмір сферасында белсенді-саналы шығармашылық қасиетін одан әрі дамытады. Өйткені жеке адамның әлеуметтік белсенділігі артқан сайын, оның терең мағыналы қоғамдық мәселелерді шеше білуге құлшына кірісіп, айналасын қоршаған адамдармен адамгершілікті-психологиялық байланыстары күрделеніп, қоғамның саяси-экономикалық қарым-қатынастары жүйесінде әлеуметтік шығармашылық көлемдері өрбіп, оның мәні арта түспек.
Жас ұрпақтарға аға буындардың жинақтап берген әлеуметтік бай тәжірибесін беруде, олардың сана-сезімдеріне сіңдіруге, мыналы мінез-құлық нормалары мен тұрмыс, әдет-дағдыларын қалыптастыруда тұтас педагогикалық тәрбие қоғамдық функция атқарады. Осы орайда, тәрбиеге жүктелген ең басты мақсат: қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбек сүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасу үстіндегі, эстетикалық талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді өмірлік поэзиясы айқындалған жасөспірімді дамытып, қалыптастыру.
Жас ұрпақтарды тәрбиелеуде жанұя мен жұртшылық тың рөлін шұғыл арттыру, олардың мінсіз тұлғалы, дені сау, шат көңілді еңбекке және Отанды қорғауға даяр болып өсуіне мейлінше назар аударуда.
Тәрбие процесінің мәнін ашуда Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, С.Т.Шацский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты. Мысалы, А.С.Макаренко тәрбие процесінің мақсаты әр елдің қоғамдық қажеттілігінен, яғни біздің тәрбие процесіхалқының талабынан, мақсаттары мен міндеттерінен туындайтыны белгілі. ....
Рефераттар
Толық

Тәрбиенің мақсаты жайлы жалпы түсінік

Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін
жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі
әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мем-
лекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш қуаты мен
саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің
ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке
сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты әрбір тұл
ғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам жер бетіндегі
тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекеті мен
қарым-қатынас иесі.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, философия
лық ой пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақ
сатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай, балаларға
білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс
әрекеттерінің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйым
дастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері
дамуы мүмкін емес. Сондықтан да В.И. Ленин жалпы жіне мәңгілік
категория деп дәлелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуы мен бірге пайда болды, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері да-
мымайды деді ол. Философия, социология, этика ілімдерімен қаруланған педагогика ғылымы адамды барлық жағынан дамытып,
жарасымды етіп тәрбиелеуді өз алдына айқын мақсат етіп қойды.
Халыққа білім беру кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіріп
отыруды көздейді.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақ
ты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай
алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан жақты жетіл
діріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбе
гінің тікелей байланысы, дененің және ақыл ой дамуының біртұтас
тығы деп түсіну керек.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәр
биелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері теория
лық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды
еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық,
экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбие
леу. ....
Рефераттар
Толық

ҰЛЫБРИТАНИЯ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы

Ұлыбритания¬¬-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде корольдің билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі- екі палаталы парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата).
Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаз болып шыққанмен де, Ұлыбританияның экономикалық және саяси позициясы едәуір әлсіреді. Адам шығыны Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингке жетті. Ол АҚШ-ка ұзақ уақыт бойы экономикалық және саяси тәуелді болып қалды. Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны жөнінен жетекші капиталисттік елдерден көп кейін қалды. Бұл жылдардағы жағдайды Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министрі У.Черчиль «Триумф және қасірет» деп атады.
50 жылдардың соңында ГФР, ал 60 жылдардың соңында Жапония өнеркәсіп өнімін өндіру дәрежесі жөнінен Ұлыбританияны басып озып, оны капиталисттік дүниеде 4-орынға ығыстырды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін империалзмнің, оның ішінде Британ империясының отарлық жүйесі күйрей бастады. Ұлт- азаттық қозғалысының мықтап өрлеуіне байланысты Британ империалистері Үндістанға тәуелсіздік беруге (1947) мәжбүр болды, бірақ елді діни наным бойынша екіге бөлінді. Бирма мен Цейлон (Шри Ланка) егемендік алды (1948). Езілген халықтардың күресі Ұлыбританияны отар елдерінің бәріне дерлік тәуелсіздік беруге мәжбүр етті. Отарлық империяның ыдырауы ағылшын империализмін күрт әлсіретті, бірақ Ұлыбритания көптеген бұрынғы иеліктерінде едәуір экономикалық және саяси позицияны сақтап қалды. Ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күресу мақсатымен Ұлыбритания агрессиялық блоктарын ұйымдастыра бастады. Таяу Шығыс пен Африкадағы отарлық позицияны нығайту үшін Ұлыбритания 1956 жылы Франция және Израильмен бірге Египетке қарсы қарулы шабуылы жасады. Совет Одағының, басқа да социалисттік елдердің Египетті қолдауы және дүние жүзіндегі прогресшіл жұртшылықтың қарсылық білдіруі нәтижесінде Ұлыбритания мен оның одақтастары Египетке қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. ....
Рефераттар
Толық

Ұлыбритания мемлекетінің салық жүйесі

Ұлыбританияның салық жүйесінің негізі 19 ғасырда қалыптасты. 1965,1973,1987-1988 жылдары жүргізілген салық реформалары елдің салық жүйесінің құрылымына көптеген өзгерістер әкелді.Елдің салық салу саласында жүргізілген шаралардың ішіндегі ең маңыздылырының бірі-1988 жылдың наурызында қаржы министрі Н.Лоусонның 1988-1989 жылдарға арнап парламент қарауына ұсынған бюджет болды.Қаржы министірінің бағалауы бойынша ,бұл жоба салықтың радикалды реформаларын көрсетті.Н.Лоусон әлемдегі ең қарапайым салық жүйесін ұсынуға ұмтылыс жасады.Салық реформалары жеке табыс салығының төменгі ставкасын 20 % дейін төмендету, ерлі зайыптылырдың табысын бөлек есептеу,прогрессивтік салық ставкаларын алып тастау тәрізді маңызды шараларды қамтыды.Салық жүйесінің оңайлануы оның әділ болатынына кепілдік бермейді.Ағылшын экономистерінің бағалауы бойынша,әрбір британдық үшін салық ставкасы орташа есеппен 14-тен 16-ға өсті,ал осыған дейін табысының қанша мөлшерін салыққа төлесе,ол сол күйі өзгеріссіз қалды.Салық жылы ағымдағы жылдың 6-сәуірінде басталып,келесі жылдың 5-сәуірінде аяқталады.Қазіргі кезде салықтар Ұлыбританияның мемлекеттік кірістерінің 90 % жуығын қамтамасыз етеді.Елдің фискалдық саясаты екі негізгі ережеге негізделген:
• «алтын ережесі» экономикалық циклда Үкіметке инвестициялық мақсатта ғана заимдардың жүзеге асыруына рұқсат береді және оны ағымдағы қаржыландыруды пайдалануға тиым салады;
• «ұзақ инвестиция ережесі» бойынша экономикалық цикл кезінде таза ұлттық қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы тұрақты деңгейде болу керек.
Бұл ережеге сәйкес,салық төлеуші төлемдерді экономиканы ағымдағы қаржыландыруды жүзеге асыру үшін төлейді,сондықтан ол Үөкіметтен мемлекеттік заимдар операциясын қатаң бақылауда ұстауын қамтамасыз етуін талап ете алады. 1998-1999 жылы қаржы жылдарына мемлекеттік бюджетті қабылдаған кезде,Үкімет жаңа фискалдық тұрақтылық кодексін де қабылдады.Бұл кодекске сәйкес, фискалдық саясат пен мемлекеттік қарызды басқару бес қағидаға жауап беруі қажет ....
Рефераттар
Толық

Ұрықтың даму ақаулары және аурулары

Ұрықтың даму ақаулары және аурулары ұрықтың түрлі даму кезеңіне әсер етуші себептерге байланысты. Оларға бластопатия, эмбропатия фетопатии.
Бластопатия – ұрықты ұрықтанудан 15 күннен Бластопатия дамуына егіздердің бітісіп кетуі және бос қапшық. Бластопатиядағы көп жүктілі 3-4 апта үзіледі немесе ұрық өлімі байланысты.
Эмбриопатия – ұрықтың 15-ші күнінен ІІІ айды қоса бұзылықстары. Бұл уақытта жерден даму ақаулары, дамуы тоқтауы немесе ұрық өлімі болады.
Фетопатия – онтогенездің ІV айынан жүктілік аяқталғанша, яғни барлық органдар қалыптап болғаннан кейін Патогенезіне және себебіне байланысты инфекциялы және бейинфекциясы болады.
– Инфекциялы – ол кез-келген инфекция агенттен және процестік жайылуына ұрық организміне спецификация өзгерістерге әкеледі.
– Бейинсфекциялы – плоцена жетіспеушілгін және зат алмасу бұзылысынан экстрагентальды аурудан.
Фетопатиялардың барлығы себебіне қарамай клиника-морфолгиясы бір:
– Ұзындығы және дене салмағы өзгерісі.
– Мүшелерінің дамуының функциялық және морфологиялық қалуы.
– Дәнекер ткані артық өндірілуі мезенхимиялық элементінің гипертрофиясы және гипекртазиясы болады.
– Инфекция және токсикасы фетопатия геноррагиялық диатез және гепатоспленомегалиямен жүреді.
Третоксикалы фетолпатия – диффузды-токсин. Зобтың ауыр дәрежесінен пайда болады.
Диабетті фетопатия – ұрық артық салмағы, арқаулар жиілігі, мүшелер мен жүйелердің қызметі жетіспеуі.
Алдын-алуы – анасының ауруларын табу, жүктілікті қадағалау.
Емі – ұрықтың ауытқуы табылса энбрио-фетопатияны себебін жабу.
Тума ақау – Себебіне тұқым қуалаушылық, мультифактор, экзогенді.
Тума ақау – мутациядан пайда болады. Моногенді синдром және хромосомды ауру.....
Рефераттар
Толық

Ұстаз психологиясы

Ұстаз психологиясы онын педагогтық қызметті іске асыру просесінде пайда болады. Педагогтың – кәсіби мақсаты өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып саналатын қоғамнын ересек мүшелерінін іс – әрекеті .
Педагогикалык қызмет – педагогикалық ғылымнын түрлі саласынын зерттеу обьектісі. Мысалы, дидактика педагогикалық қызметтін құрамдас бөлігі ретінде оқытудын жалпы зандылықтары зерттейді. Жеке методикалар нақтылы пәндері оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін тудырады.
Педагогикалык қызметтін психологиялық аспектісі қандай ?
Педагогикалық қызметтін психологиясын ұстаз енбегінін психологиялык білім саласы тұргысында жане де ұстаз тарбие институты аркылы когам тапсырган педагогикалык кызметтін максаты мен жуйесін калай кабылдайтынын, беретінін, іс жузінде асыратынын, ол өз іс – арекетінін міндеттерін, формалары мен адістерінін, актуальдылыгын нактылы жа гдайга байланысты калай
Ұгынатындыгын айкындауга болады.
В. Дальдын «Түсіндірме сөздігінде «Мұғалімге» «Тәлімгер»,»Оқытушы» деген анықтама береді, ягни онын екі негізгі функциясы – окушылардын алеуметтік тажэірибені кабылдауы мен іске асыруын баскару жане азаматтын жинақтаған білімдерін тарату атап көрсетеді.Мұғалімнің бұл екіфункциясы адамзат тарихы барысында ең негізгі болып келеді.
Мектеп- жеиткіншек ұрпақты тәрбиелеуді іс жүзінен асыруға арналған негізгі мемлекеттік оқу тәрбие мекемесі. Мектептердің
Алдында қоғамның қойып отырған айқын міндеттері тұр – мектеп оқушыларын білім, ұғым және дағды жүйелерімен қаруландыру оларды комунистік дүниетаным мен адамгершілік негіздерін қоғамдық мінез – құлықтың белгілі айқындағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Педагогикалық қызмет – адамзат еңбегіндегі күрделі салалардың бірі. Мұғалім шешуге тиісті міндеттерге , оның қоғам үшін өте маңызды функциялары мен қызметінің күрделілігіне қарап, қоғам мұғалімнің жеке басына және кәсіптік қасиетіне жоғары талап қояды. Мұғалімдер меңгеруге тиісті неғұрлым елеулі жеке қасиеттерді атап өтейік.
Иеялық шынығу, саяси кемелдену, жоғары комунистік саналылық.
әлеуметтік жауапкершілікте жоғары дамыған сезім ізгілік, яғни қоғамның бала бойына сіңіргісі келетін өзін- өзі ұстау, байыптылық сияқты адамгершілік мұраттарға сәйкес болу. ....
Рефераттар
Толық

Ықылас Дүкенұлы

Қазақстанда ысқылы қылқобыз аспаптарда орындау дәстүрі өнері ұлттық бастау алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында аспаптық музыканың даму кезеңі - майталман қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығымен тікелей байланысты.
Ықылас жеті атасынан қобызшылар әулиеті атанған Дүкен қобызшының отбасында 1843 жылы дүниеге келді. Оның туып өскен жері казіргі Жаңарқа мен Сарсу ауданына қарасты жерлер. Ықыластың аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы – мистикалық үніне қатты сенген.
Олар өз ұрпағының аман - саулығын, өсіп - өрбуін сол құдіретті күшпен байланыстырып, жамандық пен зұлымдылық аталудан сақтап қалушы да қара қобыз деп санаған. Ықыластың күйшілік феноменінің өмірге келгенін негізгі шарттарын дәйектегенімізде, оның түрлі бұлақтан нәр алатындығын анықталды. Ықыластың атақты күйші болуына әкесі Дүкен көп ықпал еткен. Оның тартқан қобызының үні баласының құлағына жас кезінен есте қалған. Демек, Ықыластың арғы тегінде күйші - қобызшы, домбырашы, өнерпаздар көп болған. Жезқазған облысының жерінде Қызылтаудың батыс шалғайына Дүкенұлы Ықыластың ата-қонысы орналасқан екен. Осы Қызылтау сілемінен шыққан күйшілер шоғырының ұлттық мәдениетімізге қосқан үлесі айрықша болып табылады. Бұл өңірдің қүйшілік дәстүрі өзінің бастау тегін тым көнеден бастаған. Бұл дәстүрдегі күйлер, тыңдаушыларға ерекше әсер береді. Күйші ретінде ғажайып дәстүрді Ықылас қобыз тілімен өте әсерлі дамытқан. Осы жерде тұлға ретінде ол рухани тарихымыздың төрінен көрінеді.
Ықылас екі жасынан - ақ ескі қобыздарды сүйретіп, ойыншық қылып ойнаған екен. Үш-төрт жасында от басында қариялар әңгімесінің үстінде атасы, не әкесі қобыз тартса көн шанаққа кішкене алақанын басып, тың тыңдап, зыңылдап шыққан үнге қап жүрген. Ол ел аузындағы «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян-сұлу», «Қамбар батыр», «Мұңылық - Зарлық» жырларына ұйып өскен деген деректер бар. «Сарысуда ұлан жаз бойы жатып алып жырлайтын жыршы Шөже жиі - жиі келген. Шөженің сай сүйікті сырқыратқан шерлі үніне боздаған қобыз үні қосылғанда, бес - алты жастағы Ықылас оны жылап отырып тыңдаған екен.
Кейін есейе келе сол әсердің күші болды ма екен, бір күйін «Қамбар» деп, екінші күйін «Мұңылық - Зарлық» деп тартқан болатын. «Қамбарда» - эпикалық кесек ой бар, «Мұңылық - Зарлық»-тәтті мұңға тұнған лирика» - деп жазады И. Жақанов. ....
Рефераттар
Толық

Ыбырай және орыс әдебиеті

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылғы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында туған. әкесі Алтынсары ерете өсіп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу-өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болашақ орыс-¬қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған.
Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша чиновниктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.
Содан кейін екі жылдай Ыбырай өз елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қазақ қоғамының қайшылықты тұрмысын тереңірек түсініп, оның болашағы жайлы ойлануда бұл аз уақыттың өзі Ыбырай өмірінде едәуір із қалдырады.
1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде ол Шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым, профессор В.В. Григорьевпен жақын танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және сыйлайтын Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануына оған мүмкіндік берген. Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтің көмегімен орыс жазушыларының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі мен өлеңдерін көп оқыған. өз заманының озат ой-пікірімен танысып, әдебиет, саясат ағарту саласындағы журналдарды да қараған.
Осылайша өз бетімен оқуды нәтижесінде білім қорын едәуір молайтқан Ыбырай өзінің болашағын тілмаш болудан емес, халыққа пайдалы қызмет істеуден іздейді. Оның бойында ағартушылыққа деген ынта туады. Сөйтіп, сол заманның прогресшіл ағартушылық ой пікірі негізінде оның көзқарасы қалыптаса бастайды. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп (Троицк, Торғай, Ырғыз және Қазалы қалаларында) ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алады.
Сөйтіп, мектеп ашу мақсатымен 1860 жылы Ыбырай Торғайға айысады. Бірақ жергілікті орындардың жәрдемі жеткіліксіз болып, мектеп ашу ісі біраз созылып кетеді. Соған қарамастан Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз баланы өз үйінде оқытады.
Ыбырай дың арман еткен мектебі Торғайда 1864 жылы ғана ашылады. «Осы жылы қаңтардың 8 күні көптін күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы қабылданды. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім», - деп жазды ол белгілі Шығыс зерттеуші, профессор Н.И. Ильшинскийге жолдаған хатында.
Ыбырай мектептегі сабақ пен бүкіл тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ беруге тырысады. Тәрбие жұмысын Ыбырай оқу арқылы әкем даярлау мақсатына емес, адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.....
Рефераттар
Толық

Ыбырай Жақаев

Ыбырай Жақаев! Қазақ халқының бұрынғы, қазіргі мемлекетіміздің тарихындағы ірі, іргелі тұлғалардың бірі. Еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі.

Мен таңғаламын: Ыбекең күріштен дүниежүзілік рекорд жасады. Ал көршілес Ақтөбе облысынан Шығанақ Берсиев тары дақылынан сондай әлемдік ірі көрсеткішке қол жеткізді. Қазақтың осы екі қара шалының, еңбектің пайғамбарларының дүниежүзілік рекорд жасауы кездейсоқтық па, әлде заңдылық па? Елдің, жердің, судың қасиеті ме, әлде ата-бабаның аруағының құдіреті ме. Бәрінің де қатысы бар сияқты мұнда. Оның үстіне күріш, тары керемет дақылдар ғой. Күріштен жағымды, жұғымды, жеңіл, денсаулыққа пайдалы әлденеше тағамдар дайындауға болады. Шығыс халықтарының дендерінің сау болып, көптеп өсіп-өнуінің салиқалы себебі осы күріште деген де пайым бар. Патшаның баласының: “Халық қарны ашса неге сыр күріш жемейді?” (сыр күріш – сүтке пісірілген күріш ботқа) дегені де тегін емес шығар.

Ал тары дақылының қасиеттері де ерекше. Одан сөк, талқан, жас балаға беретін жарма, көже, майсөк, жент жасайды. Майсөк қазақтың белгілі астарында құрметті қонағына ұсынатын қадірлі тағам.Ақтөбеліктер сөкті шайға салып ішеді. Оның қасиеті сол, ол адамның қарнын аштырмайды да, шөлдетпейді де. Сондықтан да ежелден оны үлкен кісілер ораза тұтқанда, таң сәріде сүтке, айранға салып, майға бұлғап жеп алады, күн батқанша былқ етпейді. Қызығы сол: үлкен кісілердің тісі бола бермейді ғой, оның үстіне ас дұрыс қорытылуы үшін оны 25 рет шайнау керек. Ал адамның туғаннан бастап жаралған кемшілігі – ешкімнің де оған шыдамы жете бермейді, сондықтан олар жеген кезде бір тояды, біраз уақыт өткен соң шала шайналған сөк, бөртіп, көлемін ұлғайтып екінші рет тойдырады, сөйтіп жүргенде кеш те болады.

Бірде Сталин Қазақстан басшылары Скворцов пен Шаяхметовтен: “Сіздерде бір стратегиялық маңызы бар дақыл өседі дейді”, — деп сұрапты. Екеуі: “Біз бірден жауап беруге дайын емеспіз, елге барып мән-жайын біліп баяндайық”, – дейді.

Алматыға келіп ғалымдармен, мамандармен, диқандармен ақылдасып ол дақылдың тары екендігін Сталинге баяндапты. Міне, сол күннен бастап бұл дақылдың бағы жанып, оны өсіруге мән беріліп, нәтижесінде Шығанақ Берсиев дүниежүзілік рекорд жасайды. Осының өзі біздің халқымыздың дәрежесін, мүмкіншілігін, қарым-қабілетінің артық болмаса, ешкімнен де кем еместігін көрсетіп тұрған жоқ па? Сондықтан да жақсылықты да, жаңалықты да өз елімізден, өз жерімізден, өз халқымыздан іздеуіміз керек.....
Рефераттар
Толық

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог ағартушысы, жазушы, фольклоршы, этнограф. Қазақ халқын оқу-білімге, мәдениетке үндеп, халық - ағарту саласында көп енбек сіңірген қазақтың, тұңғыш тамаша педагогі. Бірінші қазақ мұғалімі, қазақ даласында бірінші болып қазақ мектебін ашушы, балаларға арналған алғаш қазақша және орысша тілдердегі кітаптардың авторы.


Үміт еткен көзімнің нұры - балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сөйтіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп сағынарсың,
Оқуға көңіл бөлсең, басырарсың.
Ата-анаңды өнер білсең, асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.

Бұл өлеңді Орынборда оқып жүрген жас Ыбырайға атасы Балқожа би жолдаған екен. Оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген ол 5 жасар баланы (Ыбырайды 1841 жылы 20 қазанда Қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған) Орынборда ашылмақ болашақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты.1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ балаларының бірі - Ыбырай еді. Ыбырай мектепті "өте жақсы" деген бағамен бітіреді. 1859 жылы Ыбырай Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады.
1860 жылы орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, ол өзі мұғалім болуға рұқсат алады. Оның мектебі 1864 жылы ғана ашылады. Онда 14 қазақ баласы оқиды. 1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады. Осы жылы "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, осы Орынборда басылады. Қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақын, әрі жазушы қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесіне көп еңбек еткен Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салған.
Ұлы ағартушы мектеп ашу және оны жақсы мұғалімдермен қамтамасыз ету ісіне баса мән берумен бірге, сол мектептер мен мүғалімдердің хал-жағдайларына, тұрмысына, шаруашылық істеріне де ерекше көңіл бөліп отырған. Бұл жөнінде ол: «Мектептің шаруашылық жағдайлары жаман болса, оның ісі еш уақытта да оңға баспайды, пайдалы еш нәрсе бермейді, оның оқушылары да, оқытушылары да істен күдер үзіп кетеді» деп жазды. Ұлы педагог-ғалымның бұдан жүз жыл бұрын жазған бұл сөздері осы уақытқа дейін өзінің маңызын, актуалдығын жоғалтпай келеді, бәлкім, ол өмір бойы жоғалмас та. Өйткені қазірдің өзінде де халыққа білім беру, мек-теп ашу, оқытушылар дайындау, балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру мәселелері күн тәртібінде тұр. ....
Рефераттар
Толық

Ы.Алтынсарин А.Құнанбаев М.Дулатовтың педагогикалық көзқарастары

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен белгілі Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітатар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында жұрттың күткен мектебі ашылады.
Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады.
Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оөушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді...»
Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шыығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.
Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Аллтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.
Алтынсарин қазақ тілінде кітаптар жазды, оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалынан бірте-бірте бәсеңдеуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері – деп жазды ол, - қазақтарға татар фнанатизмінің ыөпалын тигізбеу - қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздерін таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек, ол кітаптарды жұрт оларды бірден қолға лапы оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар зор күш болар еді». Ұлан-байтақ қазақ даласында дінияуи мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның басты арманы болатын.
Ұзақ жылдар бойы бізде «Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы» деген жаңсақ пікір уағыздалып келді.
Батыс Сібір генерал-губернаторының 1876 жылы Ішкі істер министріне жолдаған жолдамасында «...Торғай облыстық халық мектебінің инспекторы Алтынсарирн өзі орыс алфавитін қодланып қазақтардың халық өлеңін маған әкеп тапсырды.... Біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек... Бұл жұмыс Ильминскийге тапсырылды» деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский болғаны, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені аңғарылады.....
Рефераттар
Толық

Якобиншілдер диктатурасы

Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке якобшілдер келді. Революция жаңа күштерді жинай бастады. Елде революциялық диктатура өкіметі құрылды. Ол буржуазиялық-демокра-тиялық революцияның жетістіктерін нығайтуда батыл шаралар қабылдады.
Монтаньярлар аграрлық мәселелерді шешу арқылы якобиншіл Конвенттің халық бұқарасымен байланысын нығайтуға тырысты. 1793 жылдың 3 маусымында шет елге қоныс аударғандардың иеліктерін мүмкіндігінше ұсақ бөліктермен 10 жыл көлемінде өтей алатындай етіп несиеге сату жөнінде заң қабылдайды.
10 маусымда қабылданған заң бойынша барлық қауымдастық жері қауым шаруаларының жеке меншігі деп жарияланды. Шаруалар кезінде мырзалар олардан тартып алған жерлерін қайтаруды талап етті. Егер бұл шешімді тұрғындардың үштен бірі қолдаса, онда барлық қауымдастық жер әр шаруаға жеке иелікке бөлінуге тиіс. Ақыр соңында, 1793 жылдың 17 шілдесінде қабылданған декрет барлық феодалдық қалдықтарды толығымен жойды.
1793 жылдың маусымында Конвент Францияның жаңа конституциясын қабылдады. Конституция республика өкіметінде бір палаталы жиналыс болуын, төтенше сайлау жүйесін және де сайлануға қатысатын ерлердің жасы 21-ден темен болмауын қарастырды. Сондай-ақ демократиялық құқықтар мен еркіндіктер жарияланды. Революцияның өрлеу кезінде пайда болған якобшілдердің буржуазиялық-демократиялық конституциясы халықтың барлық талаптарын қанағаттандырды.
Бірақ та осының барлығына қарамастан, шілде-тамыз айларында республиканың жағдайы қиындай түсті. Коалиция әскері республикаға қарсы шықты, сөйтіп, экономикалық жағдай нашарлап, азық-түлік дағдарысы басталды.....
Рефераттар
Толық

Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы

Шамамен жүз жыл бұрын талай соғыстарды көріп шаршаған Еуропа 20 ғасырмен кездесуді аса шапшаң күткен. Ол ғылымның, рухани мәдениеттің қарқынды түрде дамуымен басталып алайда ақырында қан ғасыры аталып жер жүзінде адам баласының тіршілік етуіне күмәндік туғызды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бітісімен Еуропа дағдарысқа түсіп Германияда, Португалияда, Ресейде революциялар мен төңкерістер бет ала бастады. 1922 жылы Муссолини Италия үкіметінің басшысы болды, 1926 жылы Польшадағы билік басына диктатор Пилсудский келеді, ал 1933 жылы заңды сайлаумен Германияның билік басына Адольф Гитлер келіп мемлекет ішіндегі НСДРП-нан тыс басқа партияларының қызметін толығымен тоқтатады. 1934 жылы Гитлер президент пен рейхсканцлер орындарын біріктіріп толық билікті өз қолына шоғырландырды. Германияда қайта өрлеу және экономикалық дағдарыстан шығу атты жаңа саясаты жарияланып, Германияның өзі «Үшінші рейх» атына ие болды (нем. Drittes Reich – үшінші империя). Бұл термин ортағасырлық мистикалық оқулардан пайда болып, үш империяларының үшіншісі «мыңжылдық» ретінде саналатын.
Үшінші рейхтің өмір сүруі кемінде мың жылға есептелгенімен ол тек 12 жылмен шектелді. Дегенмен, оған қарамастан оның мемлекеттік нацизм идеологиясы арқасында тарихта қалдырған ізі өте зор.....
Рефераттар
Толық

Я. А. Коменскийдің кейбір педагогикалық принциптері

Педагогика тарихы – тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика әуел бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным – мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының , ғылым - білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан – жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас, пікірлер оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұлға да айтылып келеді. Өйткені , оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізбейді.
Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жағдайындағы ғылым деп щек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау , оларға қоғамдық – тарихи тәжірибені үйрету процесі. ....
Рефераттар
Толық

Үш фазалық электрлік тізбектер

Электр тізбегінің көп фазалы жүйесі деп жиіліктері бірдей, электр қозғаушы күштері әр түрлі фазалардан тұратын айнымалы токтың бірнеше тізбектерінің жиынын айтады.Көбінесе, практикада электр қозғаушы күштері (кенеуі) шамалары жағынан тең және фазалары бойынша 2π/m – бұрышқа ығысқан (мұндағы m – фаза саны) көп фазалық симметиялық жүйелер қолданылады.
Көп фазалық жүйенің тізбектерінің бөлігін қысқаша айтқанда, фазалар деп атайды. Сонымен фаза терминіне төмендегідей екі түсінік сәйкес келеді: 1) синусоидалық шамалардың өзгеріс сатысын анықтайтын бұрыш және 2) көп фазалы жүйенің белгілі бір құрамы. Бір – біріне қосылған көп фазалық жүйенің электр тізбектерін көп фазалық тізбек деп атайды.
Көп фазалық тізбектердегі электр қозғаушы күшінің , кернеулердің немесе токтардың фазалық жиынтығын көп фазалық жүйелер деп атайды.
Қазіргі таңда барлық көп фазалық жүйелердің ішіндегі ең кең таралғаны үщ фазалық жүйелер, былайша айтқанда, олар бірдей жиілікті және бірлей амплитудалы, ал фазалары жағынан бір – бірімен салыстырғанда, 1200 – қа ығысқан, үш электр қозғаушы күшінің жиынтығынан тұратын – электр қозғаушы күшінің үш фазалық симметриялық жүйесі болып табылады.
Айнымалы токтың үш фазалық жүйесін 1891жылы орыстың атақты өнертапқышы инженер М.О.Доливо – Добровольский ашқан болатын.Онда ол жүйенің негізгі туындысы болып табылатын – генераторлады, трансформаторларды,беріліс желілерін және үш фазалық токтың двигательдерін ойлап тапты және зерттеді.
1891жылы М.О.Доливо – Добровольскийдің басшылығымен дүние жүзінде алғаш рет үш фазалық айнымалы токпен электр энергиясын қашықтыққа беру жұмысы іске асырылды. Кенеуі 15,2 кВ, п.э.к. 79 %, қуаты 220 кВт (сол уақыт үшін рекордтық параметрлер еді) электр энергиясы, желісінің ұзындығы 150 км болатын қашықтыққа беріледі. Қазіргі таңда, үш фазалық жүйелер арқылы қуаты миллион кВт – тен асатын қуаттар мыңнан астам км қашықтықтарға өте жоғары пайдалы әсер коэффициенттерімен беріледі.....
Рефераттар
Толық

Үсік

Үсік деп дененің әр түрлі бөліктерінде, әсіресе аяқ-қолдарға, төменгі температураның ұзақ уақыт әсер етуінде пайда болатын патологиялық синдромды айтады.
Патогенезі: төмен температура ұзақ әсер еткенде теріде, терең жаткан тіндерде қанайналымның бүзылыстары болады, соның еебебінен терморегуляцияның, қышқыл-негізді жағдайдың, су-электрлік алмасудың, иннервациялық бұзылыстары дамиды. Бұл процесс қайтымды және қайтымсыз болуы мүмкін. -
Жіктелуі. Суық жарақат ағымында реактивтілікке дейінгі және реактивті кезеңдер, процесс ағымы дамуының 4 сатысына және үсудің 4 дәрежесіне бөлінеді.Реактивтілікке дейінгі кезең суық жарақат алған уақыттан жылыту басталғанға дейін созылады. Реактивті кезең жылытудан кейін дамиды. Және де онда тіндердің гипоксиясы, қабынуы және некроздануы дамиды. Клиникалық сипатталу дәрежесін және үсу мен жарақаттың тереңдігін тек қана суық агенттің әсерінен кейін,12- 24 сағаттан соң анықтауға болады.
Реактивтілікке дейінгі кезең Суық жарақаттың кез-келгентүрі «жасырын кезеңнен» басталады. Оған суық жарақаттың біріншілік симптомдарының болуы тәі жансыздану сезімі, қышыну, «томарлану». Жүруі қиындап, наукг табанының қозғалысы мен жерге тигенін сезбейді., балтырда және табанда қатты ауыру сезімі пайда болады. Көбінесе аяғының суы кеткеніне шағымданады. Бұл кезде тері мәр-мәр не цианозды сұр түстес болады. Үсу сезімталдықтың әр-түрлі бұзылыстары тудырады. Ең алғаш суықты сезу сезімі, кейін ине сұққанда сезімге айналады, сонан соң оның өзгеруі мен жоғалуы болады. Үсінген қол-аяқ ауырлап, шымырлап кетеді. Зардап шегуші есі жоғалтып, қозғалуы қиындайды. Тері жабындылары бозғьхт көкшіл тартып, суык болады. кесілген ағаш сиякты қатып қалу.Тактильді және ауыру сезімталдығын жоғалтып,-рефлексте; төмендейді. Қарашық рефлекстерінің басылуы мүмкін, де? температурасы 36,0 С төмен.
Реактивті кезең Ауыру сезімінің жылытудан кейін интенсивтілі патологиялық процесстің тереңдігімен таралуына байланысты. І-ші дәрежедегі үсуде зардап шегуші шаншыған және күйдірсе ауру сезіміне, буындардын сырқырауына, кейде қышынуға, терін; ісіну сезіміне, әр-түрлі парестезияларға шағымданады. Қарп тексергенде: зақымданған бөлікте терінің ісінуі мен түсінің өзгер болады. Терінің түсі жиі күңгірт, көк қызыл болады. Кейбір кезде; барлық терінің түсі ақ, көк және қызыл түстерінің қосарлануын әр бір жерінде мәр-мәр түсті болып көрінеді. Терінің сыртқы түрінің өзгеруі табанда немесе қолда біркелкі болады. I дәрежел үсудің басқа ауырлық деңгейіндегі айырмашылығы мынаған байланысты: онда обьективті өзгерістердің ауырлығы және перифериясына қарай жоғарылайды.....
Рефераттар
Толық

Үндістан

Үндістан Азаматтық Демократиялық Республикасы – Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Негізінен Үндістан түбегінде орналасқан. Территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200 км-ге созылған. Солтүстігінде Гималай тауларына, батысында Араб теңізіне, шығысында Бенгаль шығанағына ұласады. Араб теңізіндегі Лаккадив, Аминдив, Бенгаль шығанағындағы Андаман, Никобар аралдары Үндістанның құрамына кіреді. Құрлықпен өтетін шекарасының ұзындығы 15000 км-дей, теңіздік жағалауы 5500 км-ден асады. Үндістанның солтүстік-батысында Пакистанмен және Ауғанстанмен, солтүстігінде Қытаймен және Непалмен, солтүстік-шығысында Бангладешпен, шығысында Бирмамен, Бутанмен шектеседі. Жері 3282,59 мың км2. Халқы 606 млн-нан астам (1975). Астанасы – Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9 одақтас аймаққа бөлінеді (1976). Штаттар дистрикттерге (окруктарға), бұлар талуктерге және тахсиллерге бөлінеді.....
Рефераттар
Толық

Үнді-будда мәдениетінің қалыптасуы

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б.2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңіне тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жасушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері».
Шамамен б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді – арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанищадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән – мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы – упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапты. Брахман – абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда.
Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатнастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Құрбандық шалу – адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсуынан адам еш уақытта да шыға алмайды. Кең мағынада алғанда карма дегеніміз - әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.
Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында құдайды мойындаудың мәні жойылады.
«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. Х1Х ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал ХХғ.Р.Тагор, тіпті мемлекет қайреткері Д.Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстиырады. Бұл күйде Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғарады. ....
Рефераттар
Толық

Үнді мұхитының физикалық географиялық орны

Үнді мұхитының физикалық – географиялық орны. Бұл мұхит планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысы жоқ. Үлкен Зонд аралдары мен Австралия оны Тынық мұхиттан бөліп тұрады. Атлант мұхитымен шекарасы Игольный мүйісінің меридианы арқылы, ал Тынық мұхитпен шекарасы -— Тасмания аралының меридианы арқылы өтеді.
Мұхиттың жағасы аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары, Аравия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Мұхитта вулкандық және маржан аралдары бар.
Мұхитты зерттеу тарихынан. Үнді мұхитының жағасы — ежелгі цивилизация дамыған аудандардың бірі. Ғалымдар онда теңізде жүзу басқа мұхиттардағыға қарағанда шамамен 6 мың жыл бұрын басталған деп жорамалдайды. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497 — 1499 жж.) бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.
XIX ғасырдың соңында мұхитты комплексті зерттеу жұмысы басталды. «Челленджер» кемесімен шыққан ағылшын экспедициясы аса ірі зерттеулер жүргізді. Алайда XX ғасырдың соңына дейін Үнді мұхиты жеткілікті зерттелмеді. Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу кемелерін пайдаланатын ондаған экспедициялар оның байлықтарын ашуда. Олардың ішінде—«Михаил Ломоносов», «Океан» және басқа ғылыми кемелер бар.
Түбінің жер бедері. Мұхиттың орташа тереңдігі шамамен 3700 м, ал ең терең жері — Ява шұңғымасында 7450 м-ге жетеді. Мұхитта қайраң онша үлкен емес. Шарасы басқа мұхиттардағы сияқты, мұхит түбінің ең үлкен бөлігін алып жатады. Оны толып жатқан жоталар кесіп өтеді. Батыс бөлігінде су асты жотасы созылып жатыр, ол Африканың оңтүстігінде Атлант мұхиты ортасындағы жотамен жалғасады. Мұхит түбіндегі терең жарықтар, жер сілкіну және вулканизм аймақтары жотаның орталығына қарай шоғырланған. Кер қыртысының жарықтары Қызыл теңізге дейін жалғасып, одан құрлыққа өтеді. Қазіргі кезде олардың құрылысын орыс ғалымдары зерттеуде. Олар сүңгуір аппаратпен теңіз түбіне түсіп, жас базальт лаваларын бақылады. Бұл лавалардың пайда болуы мантиядан заттардың жоғары көтеріліп, Қызыл теңізде жер қыртысының ажырағанын, сөйтіп жаңа мұхиттық жер қыртысының түзілгенін көрсетеді.....
Рефераттар
Толық

Үмбетей Тілеуұлының өмір жолы

Үмбетей жырау 1706 жылдар шамасында туады. Болашақ жыраудың әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка мұрасына да жетік даулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы алған дәріс болды. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей өз ауылдастарының, кейде тіпті, ағайын – туғандарының теріс істерін (ерте байқаған) әшкерлеген өткір тілді өлеңдер авторы ғана емес, ескі эпикалық жырлардың білгірі ретінде де танылады. Алайда өзіне көне жырауларды үлгі тұтқан Үмбетей уақыт оза келе философиялық – дедактикалық толғауларға ден қояды.
Сонымен қатар сырт жауларымен күресте аты шыққан батырларды мадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды және осы реттегі жырлары Үмбетейге үлкен даңқ әкелді.
Үмбетей 1778 жылы қазіргі Целиноград облысының Ерейментау ауданында қайтыс болған.
Үмбетей жырау – дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жылдағы алғашқы ұстазы өз әкесі болған. Ол халықтың ауыз әдебиетби, ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болған. Сонан соң халық шежірелерінен шешендік сөздеріннен халық дастандарынан көп тағлым алған. Үмбетей жырау елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында ол Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеген.
Үмбетей жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін танаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке, «темір жұмсап, оқ атқан қорғасынға», балайды.
«Болмашыдай анадан болат тудың, Бөгембай», - деп қастерлейді. Атамекенін жаудан қорғап қалған, салқымыздың ұлан – байтақ жерін Баянаула, Қызылтау, Арбасы, Шыңғыстау бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей жырау сонда:
Қашақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп
Алтай тауға асырдың.
Ақ шәугімге қос тігіп
Ауыр қол желдіріп алдырдың
Қашаққа ойран салдырдың, - деп халқына Бөгембайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді.
Жырау тек Бөгембайдың (елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді) ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы, батырлардың – Қаракерей Қабанбайдың, Қаз дауысты Қазыбектің, Керейде батыр Жәнібектің, Сары, Баян мен Сағымбайдың ерліктерін де өлең жолдарын қосқан. Үмбетей жырау «бәкеге», «жауқашарға» өлеңдерінде жаман қылықтан сақтандырған, жақсы қылыққа, адамгершілікке адалдыққа үндеген ....
Рефераттар
Толық

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ КІШІГЕ ІЗЕТ

Көктем келіп, ызғарлы қыстың дәурені өткен жаймашуақ наурыздың бір күні болатын. Санжар апасы екеуі әкесінің інісінің үйіне мейрамдатып, әрі наурыз көже ішіп келуге шыққан еді. Көктемгі күн бар жылуын төгіп тұр. Жол жиегіне шаңдата тоқтаған көлікке апасы екеуі міне салды. Іші лық тола екен. Аялдама кішкене ұзақтау болған соң орта шеніне барып тұрды, кәрі-жасы да, өзімен қатар балалар да, біреуі орын босатып берейін демейді.
Кеңес үкіметі тұсында белсене жұмыс істеген апасының екі аяғы кеш батса сыздайтын. Санжар осыны ойлап, жақсы көретін апасына жаны ашып, жан-жағындағыларға ызасы келіп те тұр. Әйтеуір түсетін аялдамаға таяғанда жасы қырықтар шамасындағы ер кісі орын ұсынды.
Өткен жолы Санжар дәл осы көріністі басынан өткізген-ді. Оқиға былай болып еді: Бірде автобусқа қолына таяқ ұстаған қария мінеді. Санжар орын берудің орнына көзін өтірік жұмып отыра берді. Төртінші сынып оқушысы бола тұра әлгі қарияға орын берместен ақыры өз аялдамасынан түсіп қалады.
Міне, енді өз қателігінен іштей ұялып та тұр. Біржағынан тап сол әрекеті өз басына келгенін қарасайшы. Немересін ерткен қарт әжей баласының үйіне жетіп, шаршағанын басып, жайылған дастархан басында отырып, Санжар мен өзге де немерелеріне сабақ болсын деп мына хадисті айтып түсіндірді:
«Мұсылман баласының Мұхаммед (с.а.у.) есімді пайғамбары өмірден өткен. Сол кісінің мына бір өсиет сөздері, хадисі десе де болады тіліме оралып отыр: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген мұсылмандардан емес», тағы былай дегені бар еді: «Жастарымызға мейірімді болмаған және үлкендерімізді сыйламаған біздің үмметтен емес».
Санжар апасының осы әңгімесінен кейін, ешкімге білдірмесе де іштей қысылып жүрді. «Сәл болмағанда мен мұсылман қатарынан шығып қала жаздаппын ғой» - деп, өз-өзіне бұдан былай мұндай әдепсіздікке жол бермеуге уәде берді. Кейін түнде жатар алдында өткен қателіктерін кешіруін және өзіне әрбір істе жәрдем беруін Аллаһтан сұрап дұға етті де, Санжар ұйқыға кетті.....
Рефераттар
Толық

Үкіметтік Емес Ұйымдардың азаматтық қоғам қурудағы алатын орны мен рөлі

Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 90 жылдардың басы адамзаттың даму тарихында үлкен зор дүбірлі өзгеріспен басталады. Тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы алдында өзінің барлық экономикалық әлеуметтік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы саясатта дұрыс бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндетті тұрды. Осы кезде еліміздің саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша өзгерістерге ұшырады. Оның басты көрінісі топтың әкімшілік басқару жүйесінен, нарықтық қатынас даму моделіне өту болды. Бұл жүйелік өзгерістер 1993 ж. және 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1994 ж. Азаматтық кодексінде орын тапты. Сонымен Қазақстан қоғамының үш секторы құрылым заңдастырды. Нәтижесінде біздің елде заңды түрде үш сектор айқындалды. Олар мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес сектор. Соңғы коммерциялық емес сектордан Үкіметтік Емес Ұйымдар саяси беделін көтеріп аяғына нық тұра бастады. Демократияның негізгі көрінісі ретінде Үкiметтiк Емес Ұйымдар қоғамда маңызды орын ала бастады. Қазіргі таңда бұл сектордың дамуы белсенді түрде жүріп жатыр. Азаматтық қоғамның негізгі элементі, еліміздің тұрақты саяси дамудың кепілі болып саналады. Халықтың негізгі әлеуметтік мәселелерімен айналысатын бұл сектор өз жұмысында мемлекеттен гөрі, жаңа методпен қатар мәселені шешілуде иновациялық технологияны пайдаланады. Мықты азаматтық қоғам құру тікелей Үкiметтiк Емес Ұйымдармен байланысты. Саяси даму динамикасы мен саяси процеске ықпалын тигізетін бұл қоғамның негізгі құрылымын бөлшектеп зерттеуді қажет етеді. Өйткені қазіргі таңда мықты азаматтық қоғам құру басты ахуалдың бірі.
Біздің еліміздегі олардың пайда болу тарихы, қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметін орын анықтаумен бұл сектордың жүйелі түрде зерттелуі өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл тақырып отандық және шетелдік зерттеушiлермен қатар ерте грек қоғамының ойшылдармен зерттелген болатын. Сонымен қоса әлемдік саясаттану ғылымының атақты өкілдері өз үлесін қосты. Азаматтық қоғамның зертелуі қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі болып табылады. Азаматтық қоғам туралы жалпытеориялық пен методологиялық дамуын қарастырғандар ішінен атап кететін зерттеушілер Друкер П. (1), Казаков О. (2), Либоракина М., Якимец В. (3) Қазақстанның зерттеушілері «үшінші сектор» мәселелерін, қоғамдағы алатын орны мен әлеуметтік, саяси ықпалын анықтауға үлкен үлес қосқандар ішінен, Абишев К.А. (4), Аяған Б.Г. (5), Байдельдинов Л.А. (6), Машан М.С. (7), Джунусов А.М. (8), Мухамедов М.Б. (9), Кушалиев Г.А. (10), Жусупова А.Д. (11) және т.с.с. Үкіметтік емес сектор туралы ҮЕҰ-дардың белсенді жетекшілерінің еңбектері құнды болып келеді. Оларды атайтын болсақ олар В.Сиврюкова (12), қазіргі таңда Үкіметтік емес ұйымдардың Алматы қаласы бойынша басшысы, Думбаев А. (13), Франц И. ҮЕҰ-дардың пайда болуың, оның тарихы жөнінде «Спектор развития» мерзімді басылымының редакторы И.Франц еңбегі мол. Бұл мерзімді басылым түгелімен азаматтық қоғам құру мәжілісі мен ҮЕҰ-дарға қатысты болып келеді. Азаматтық қоғам мәжілісі бойынша алғашқы ойларын грек қоғамының өкілдері бiлдiрген болатын. Олар Платон (14), Аристотель (15), Антика әлемінің зерттеушiлері сол тұжырымдарды зерттеп, өз зерттеулер жазған ішінен Утченко С.Л. (16), Кнабе П.С. (17) жатады. Азаматтық қоғам теориясын қалыптастырудағы айырықша орын алатын кезең Европаның жаңа заман мектебінің өкілдері Дж Локк (18), Гоббс Т. (19), Г. Гегель (20) жатады. Қазақстандағы азаматтық қоғам методологиялық пен теориялық жағынан зерттеулер де аз емес. Олар, ең біріншінің ел басшысы Н.А.Назарбаевтың еңбектері жататынын айтып кетуіміз жөн (21). Сонымен қоса Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының зерттеушілері азаматтық қоғам мәселесіне байланысты «ANALITIC» деп аталатын мерзімді басылымда көптеген мақалалар жариялаған. Деректік базасына келетін болсақ, олардың ішінен ел басының халыққа әр жыл сайын жолдаулары, заңды актілер, Үкіметтік Емес Ұйымдардың бағдарламалары, азаматтық формуда сөйлеген баяндамалары ғылыми жұмыс жазылу барысында дерек көзі ретінде пайдаланды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: осы ғылыми зерттеу жұмысты жазу барысында алдыма қойған мақсаттарым:
1. Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы
2. Азаматтық қоғамдағы еріктілік
3. Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы
Ғылыми жұмыстың міндетіне осы алдыма қойған мақсаттарымды жан-жақты зерттеп, толығымен жүзеге асыру. ....
Рефераттар
Толық

Үйсін мемлекеті

Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б.з.д. II ғ. 160 ж. шамасында үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды, сөйтіп қолбасшы « гуньмо » ( Күн бағы-Күн бегі ) деп аталатын иеліктің негізін салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, Қаңлылармен ( Кангуй ) шектеседі. Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен ( Дуанмен ) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен ( Қызылалқап қаласы ) Ыстық көлдің жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжанцянь үйсіндердің иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.
Деректерде б.з. III- ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси- тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым- қатынас жасағанын, үйсіндердің гуньмолары- билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын баяндайды.
Үйсіндердің этниклық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы үйсіндерд шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер- түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі « үйсін » деп аталады.
Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және діни адамдар, жрецдер болып, сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға бөлінген. Үйсіндердің тапқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді. Жалпы Жетісу жеріндегі үйсін заманынан қалған мыңдаған обалар үш түрге бөлінеді. Олардың біріншісі- диаметрі 50-80 м және биіктігі 8-10-12 м үлкен жер обалар. Мұнда атақты адамдар әскери басшылар, ру-тайпа көсемдері, ірі меншік иелері мен олардың әйелдері қойылған деп айтуға болады. Бұл обалардан сәндік заттар, ьай мүсінді алтын қаптырмалар, лак бұымдарының қалдықтары, аң стиліндегі әшекей бұйымдар, қару, қыш және ағаш ыдыстар табылған. Екінші үлгідегі обалардың көлемі 15-20 м шамасында, биіктігі 1 м дейін болған. Үйінді астында бір-екі мола, кейде бір молада кездескен. ....
Рефераттар
Толық