Сұраныс

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.
1- кесте
Шұжыққа сұраныс

1 кг-ның бағасы (теңгемен) Сұраныс көлемі (1 айға,кг)
900 3,5
800 4
700 4,5
600 5
500 5,5
400 6
300 6,5
200 7
100 7,5

1-кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде (басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда) оның сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз , мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады.,бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды.
Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзқгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым көбейіп отыр. Шұжықтың 1 кг-ының бағасы 900 тенге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық алаалады,ал егер 400 тенге болса,онда ол айына 6 кг шұжық алуға шамасы келер еді.
Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екендігін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс- бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсетукерек, мысалы,күніне, айына, жылына және т.б ....
Рефераттар
Толық

СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ

Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi “сұраныс” пен “ұсыныс” болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Қазақстан Республикасы бүгiнгi таңда әлемдегi орны рыноктық қатынастағы дамушы мемлекет ретiнде көрiнуi болып табылады. Рыноктық қатынастардың дамуы ұлттық экономикамыздың елiмiз өз егемендiгiн алғаннан бастап осы уақытқа дейiн даму үстiнде және ол дами бермек. Рыноктық қатынастардың тиiмдi қызмет етуi барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердiң тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз етiп отырады және оны ұйымдастырушы құрал болып табылады.
Рыноктық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады. Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықта сұраныс пен ұсыныс өндiрiлген өнiм көлемi мен олардың бағасын анықтайды, сондай-ақ нарықтың өзiн-өзi реттеп отыратын нарық тепе-теңдiгiн және соған сәйкес тепе-теңдiк бағаны қалыптастырады. Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтнушылар мiнез - құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.
Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады. .....
Рефераттар
Толық

СЫЗЫҚТЫ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНДЕГІ ӨТПЕЛІ ПРОЦЕСТЕР

Активті кедергісі және индуктивтігі бар реал катушка кернеу көзіне қосылған (1,а-сурет). Тізбектегі кернеулер Кирхгофтың екінші заңы бойынша
(1)
Мұндағы индуктивтік кернеу өздік индукция ЭҚК-не тең де

Ал активті кернеу

Кернеудің осы мәндерін (1) теңдігіне қойса
(2)
Электр көзі кернеуінің мөлшерлі мәні бар шама. Мысалы, пәтерлердегі электр желісінің кернеуі 220 В – тұрақты шама. Осындай мөлшерлі кернеудің әсерінен тізбекте ток кенеттен секіріп өзгерді делік, яғни өте аз уақыт ішінде ток мөлшерлі шамаға жеткен. Ендеше нольге ұмтылғанда токтың уақытқа қатынасы өте үлкен мәнге ие болады, яғни

Токтың өзгерісінің осы мәнін (2) теңдігіне қойса, оң жағы мөлшерлі шама да, сол жағы өте үлкен шама болып, Кирхгофтың екінші заңына қайшы келеді. Олай болса токты өте аз уақыт ішінде секіріп өзгереді деп есептеу қате: ток индуктивті катушкада кенеттен секіріп өзгере алмайды. Мұның себебі катушканың индуктивтігінің болуында – онда пайда болатын өздік индукция ЭҚК-і тудыратын токтың тізбектің тогына кері бағытта болып (Ленц заңы бойынша), оны тез өсірмейтіндігінде. Бірақ катушкада кернеудің секіріп өзгеруі мүмкін.
Енді активті кедергісі (астарларының арасымен аздап ток жүретін) және сыйымдылығы бар конденсатор кернеу көзіне қосылған екен делік (1,б-сурет).
Кирхгофтың екінші заңы бойынша

Немесе
(3)


1-сурет. Реал катушка (а) мен реал конденсатордың (б) орынбасарлық схемалары

Тізбектегі ток сыйымдылыққа және ондағы кернеудің өзгерісіне байланысты, яғни

Токтың осы мәнін (3) теңдігіне қойса
(4)
Қарастырылып отырған тізбекте кернеу кенеттен секіріп өзгеріп, өте аз уақыт ішінде мөлшерлі шамаға жетті десе, нольге ұмтылғанда кернеудің уақытқа қатынасы өте үлкен мәнге ие болады, яғни

Кернеудің өзгерісінің осы мәнін (4) теңдігіне қойса, оң жағы мөлшерлі шама да, ал сол жағы өте үлкен шама болып, Кирхгофтың екінші заңы орындалмай қалады. Ендеше кернеуді кенеттен секіріп өзгереді деп есептеу қате: конденсаторда кернеу өте аз уақыт ішінде секіріп өзгере алмайды. Мұның себебі конденсатордың сыйымдылығының болуында – оның кенеттен зарядталып не зарядсызданып бітпейтіндігінде. Біра конденсаторда токтың секіріп өзгеруі мүмкін. ....
Рефераттар
Толық

Сыйлық сыйлау және алу этикеті

Ежелден бастап қазіргі күнге дейін сыйлық жасау символикалық мәнге ие: сыйлық сөздерді алмастырады, жақсы қарым-қатынасын білдіреді деуге болады.
Ағылшын мақалы "Кім сыйлық жасау біледі-сол өмір сүру біледі" деген.Біз сыйлықтарды тек олай жасау керек болғандықтан емес, сонымен қатар ол сыйлық сыйлаушы мен сыйлық алушыға рахат алып келеді.
Сыйлық сыйлаудың тарихы жоқ сияқты, олар әрқашанда болғандай. Сыйлықты кімге, қалай және қашан сыйлағанды білу керек.Кейбір сыйлықтарды сыйлаудың белгілі бір этикеті, дәстүрлері бар.

Сыйлық жасау дәстүрінің тарихы
Сыйлықтың тарихы бірнеше мыңжылдықтарды қамтиды.Көптеген ғасырлар бойы адамдар көңілдің, сыйласымдық пен достықтың белгісі ретінде бір-бірлеріне сыйлықтар сыйлайтын.
Ортағасырларда этикет формалары қалыптасқан.Сыйлықтармен алмасу қоғам өмірінде маңызды рөл атқарды.Үйлену, еске алу, келісімге отыру, қонаққа бару және басқа да маңызды оқиғалар сыйлық сыйлаумен өткізілген болатын.
Сыйлықтың өткені жоқ сияқты, алайда оның тарихы 2000 жыл бұрын бастау алған.
2000 жыл бұрын Вифлеемде Қасиетті жерде Иусус туған.Адамдар аспанда жұлдыз жанғанын көріп, құтқарушы бар екендігін түсінді.Олар Христос табыну үшін Вифлеемге жол ұстады.Олар сәбиге иіліп, сыйға алтын, ладан және смирна тартты.Осылайша, сыйлық жасаудың тарихы осыдан бастау алады.....
Рефераттар
Толық

Сынып жетекшісі

Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметінс қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет.
Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.
Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады,
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеугс барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. ....
Рефераттар
Толық

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының түрлері

Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту.
Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы адам сынып жетекшісі екендігін айқындау.

Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің , қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті және тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс – тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім , іскерлік пен дағдыларды меңгеруге көмектесу....
Рефераттар
Толық

Сынып жетекшісінің жұмыс істеу бағытының түрлері

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан.Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекші жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1.сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз етү.
5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланыстыпедагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағыттатәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9.Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретіеде қарастыру т.б.
Сынып жетекшісінің қызметі.Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.....
Рефераттар
Толық

Сынып жетекшісінің жұртшылықпен атқаратын жұмыс түрлерін атаңыз

Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысы ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса,ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады.Дегенмен,сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де,әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол-сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып,олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардының демалысына қатысты мәселелері,алғашқыұжым болып қалыптасу дәрежесі,соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.
Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі.Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады.
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. ....
Рефераттар
Толық

Сыныптан тыс дене шынықтыру

Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.....
Рефераттар
Толық

Сыраны ашыту процесі

Ашытудың тазалығын сақтау үшін ұрықтық ашытқыларды кезек-кезеңімен бір жасушалардан стерильді жағдайда алынатын таза культруралы ашытқылармен алмастырылады. Таза ашытқы культураларын көбейту үшін хмельденген суслоны сепараторда 18 түссіздендіріп, 26 аппаратта стерильдейді 27,28 ашыту аппараттарына айдайды. Мұнда ашытқының таза культураны ашытқылармен алмастырады. Таза ашытқы культураларын енгізеді. Ашытқының бұдан ары қарайғы көбеюі 60 аппаратта жүреді.
Суытылған ( бастапқы) суслоны жабық ашытқы апппарттарына 58 және 59 құяды, сол аппаратқа ашу үшін басқа аппараттан 60 ашытқы құяды.бастапқы ашыту аяқталған соң жас сыраны насоспен 57 қайта ашу үшін 52 және 53 аппараттарына айдайды. Ашу аппарттарының түбінде қалған ашытқылар вакуум насоспен 61 көмегімен қайта қолдану үшін арналған жинақтағыш 62 мен сату жинақтағышына 56 жиналады. 56 жинақтағыштан қысылған көміртек диоксидінің қысымымен фильтр-преске 55 орналастырады. Фильтр- престе фильтрленген сыра, қайта өңдеу үшін танкішге 54 қолйылады. Ашытқыларды сыраның қалдықтарынан тазартып немесе оларды ашыту үшін бакатағы 62 суды қолданады.
Жас сыраның қайта ашуы аппарттарда 15-90 туәлік ішінде өтеді, бірақ буның бәрі сыраның типі мен қабылданған технологиясына байланысты. Сыраның ашуы біткеннен кейін көміртек диоксидінің қысымымен 52 және 53 аппараттарынан ағып шығып, аралстырғышқа 51 барады да, насос 50 арқылы сеперторға 49 барады.
Фильтрленген сыра көміртек диоксидінің қысымымен құю бөліміне жіберіледі.

Сыра сусласының ашуы
Сусла қантының ашытқы көмегімен спирттік ашуы – сыра өндірудегі негізгі процесс. Ашыту процесі жүрген кезде сусланың химиялық құрамы өзгереді және ол ароматты дәмді шырын –сыраға айналады.
Таза мәдени ашытқының түріне және температурасына байланысты суслада жоғарғы және төменгі ашу процесі жүреді. Жоғарғы сусланың ашуы 12-15 0С жүреді, ал төменгі 5-7 0С. Ең көп таралғаны- төменгі ашу. Ашытуды екі стадияға бөледі: негізгі ашу және ашытуға дейін негізгі ашытуда сыралы сусла қантының негізгі массасы ашыған уақыт, бұл кезде жас сыра алынады. Бұл сыраның өзіндік ароматы және дәмі бар мөлдір емес сұйықтықтан тұрады. Төмендетілген температурада (0-2 0С) жас сыра ашуға дейін қалған экстракттың баяу ашуы жүреді, түссіздену, сыраның пісіп жетілуі және көмірқышқыл диоксидінен қанығу процесі өтеді. Негізгі ашуды атмосфералық қысымда 7-10 тәулік ішінде жүргізеді. Ал ашуға дейін артық қысымда 0,04 – 0,07 мПа қысымда 18-90 тәулік жүргізеді. ...
Рефераттар
Толық

СЫРҚАТТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

Адам организміндегі барлық тіршілік процесінін, негізгі организм мен сыртқы орта арасындағы тұрақты зат
алмасу.
Тамақтану — тірі организмнін, негізгі физиологиялық қажеттілігінің бірі болып табылады. Азықпен адам жал-пы тіршілікке қажетті белок, май, көмір, сутегі, мине-ралды тұз, су, витаминдер мен тканьдарды қалпына келтіруге, энергия шығынын және организмнің қажетте-рін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардын, бәрі күрделі алмасу процесіне түсіп, ыдырай-ды да, организмнен шығарылады. Белок, май мен көмір сутегі тотыкданда энергия шығарады, ол калориямен елшенеді. 1 г белок — 4,1 ккал, 1 г май—9, 3 ккал, 1 г көмірсутегі — 4, 1 «кал беліп шығарады. Азык калориялығы арнайы таблица бойынша есептеле-ді. Дені сау адам түрлі тағам ішкен кезде тәулігіне 3000-ден 3100-ге дейін ккал алады.
Дененін. салмағын арттыру үшін калориясы мол та-ғамдар, ал салмағын кеміту үшін калориясы төмен та-
ғамдар ішу қажет.
Емдік тамақтар сырқаттың тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз етеді және ауру-дың паталогиялық механизмдеріне әсер етеді. Емдік тамақтарының міндеттері — бұзылған зат алмасуды қал-пына келтіру және тамақтьщ терациялық әсер етуі. Дие-таның сапалық қүрамын азықтьщ аспаздық өңдеу са-пасын езгерту жолымен мүшелер мен жүйелердін, функциялық күйіне әсер етуге болады. Түрлі аурулар-дың, әсіресе ішкі аурулар клиникасында, комплексті те-рапиясында емдік тамақтары міндетті түрде қолданы-лады. Емдеу тамақтарын белгілегенде дені сау адамның тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігі нормасы-
нан шығу қажет.
Дені сау адамға ұсынылған иормаға сәйкес тәулік рационында мал белогы 100—120 г, өсімдік белогы 40 г, мал майы 85—90 г, есімдік майы 10—15 г, кемір сутегі 400—450 г. А витамині 1—2 мг, В1 және В2 витамині 2— 3 мг, С витамині 50 мг, натрий хлориді 15 г, калций 0,8 г, магний 0,5 г, фосфор 1,4—1,6 г, темір 15 мг болуы қа-жет. Күніне төрт рет тамақтанғанда қабылданатын та-ғам салмағы 3 кг болуы керек.
Стационарда жатқан сырқатқа арналған тағамның калориясы дене еңбегімен шуғылданбайтын адамдарға қойылған нормадан аспауы тиіс.
Диета—сырқатты емдеу тәсілі ретінде немесе оның асқындырмау мақсатында жасалатын рацион әрі тамақ-тану режимі.....
Рефераттар
Толық

Сыртқы саясат

Сыртқы саясат – мелекеттің халықаралық қарым – қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидалары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым – қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды.
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт – бағдары, алға қойған мақсаты, саяси құрылымы, даму деңгейі - бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады.....
Рефераттар
Толық

Сырым Датұлы

Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.

Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі. .
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның Россия құрамында дамуының екі бағыты болды. Бірі — Россияның озық экономикасы мен мәдениетініц ықпалымен қазақ кауымы шаруашылығының, мөдениетінің прогрессивтік бағытта өсуі, екіншісі — қазақ қауымының феодалдық тобына арқа сүйеп, патшалық отаршылдық қанауының күшейе түсуі, 18 ғасырда Қазақстанда феодалдық қатынас одан әрі дамыды, соған байланысты таптық, қайшылықтар да шиеленісе түсті. Феодалдық және отаршылдық қанаудың бір түрі малшы шаруалардың көші-қоныс жерлерін тарылту болып табылады.
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылғы жарлыққа мойын ұсынбай, Еділ мен Жайық аралығындағы жайылымдық жерлерді пайдалана берді. Бірақ шаруалар соғысын басқаннан кейін бұл жерлерге мал жаю мүмкін болмай қалды. Орал бойындағы шекара линиясы қалпына келтіріліп, қамал гарнизондары күшейтілді. Патша үкіметі сұлтандарды өз жағына тартып, солар арқылы қазақ еңбекшілерінің дүмпуін болдырмауға әрекет жасады. Өз тарапынан Нұралы хан және сұлтандар патшаға шын берілгендігін дәлелдеуге тырысып бақты.
1782 жылғы жарлық бойынша хан шекаралық басшылардан рұқсат алғаннан кейін ғана ауылдар Жайықтан өтіп, көшіп-қонатын болды. Нұралы мен оның жақын тумалары Оралдың казак әскерлерінің старшындарымөн сөз байласа отырып, көштің қоныс тәртібіне қол сұғып, ауылдарды бірігіп тонап отырды. Малшыларды ашықтан-ашық тонау, заманнан қалыптасқан көш жолдарын, қоныстарды өзгертуі ецбекші халықтың шаруашылығын күйзелтті.
Кіші жүз қазақтары көтерілісінің негізгі себебі — жер мәселесінің шиеленісуінен, патша үкіметінің қазақтарға «ішкі жаққа» (Жайық _пеп Еділ аралығына) өтуте тыйым салуы, феодалдық және отаршылдық қанаудың күшеюі, хан мен сұлтандардың, Орал казак әскерінің, патша әкімшілігінің тарапынан ашықтан-ашық тонау, зорлық-зомбылық көрсетумен болды. ....
Рефераттар
Толық

Сынақ жұмыстары

Сынау обьектісінің негізгі белгісі болып, сол обьект бойынша сынақ нәтижелерінің шешімі – яғни, оның ақаулығы мен жарамдылығы, ары қарай сынау мүмкішілігін ұсыну, сериялық шығару мүмкіншілігі және т.б. Өнімнің түріне және сынау бағдарламасына байланысты сынау обьектілері бірлік өнім немесе партиялы өнім түрінде болуы мумкін.
Сынаудың техникалық базасына сынау құралдары жатады. Оларға техникалық құрылғылар, сынақ жүргізу үшін қажетті материалдар және т.б. Өлшеу құрадарымен бірге сынау құралдарының ең маңыздысы,ол сынау жабдықтары, яғни сынақ жүргізу үшін қолданатын құралдар. Оларға арнайы стендтар, сынау машиналары, климаттық камералар және т.б. Ол құрылғыларда сынаудың түрлі шаралары жүргізіледі: температура, ылғалдылық, қысым, электромагниттік және радияциялық әсерлер, механикалық күштер және т.б. Ерекше айта кететін жай, сынақ шараларының дұрыс жүруі сынақ жабдықтарының дәлдігіне байланысты. Олар міндетті турде бақыланып отырылуы керек.
Сынау сапасының басты сипаты болып, қайта тексеру кезінде оның нәтижелерінің сәйкестігі. Сынақ нәтижелерінің дәлдігі деп – сынау кезінде анықталған параметрлер мен олардың шынайы сипат мәніне жақын болуы. Сынау кезінде бақылау нәтижелерінің дәлдігіне де көңіл бөлінеді – яғни нормативтік құжат талаптарына сәйкестігін анықтау. Сонымен қатар, сынау сипатының ең маңыздысы ол – нәтижелерді іске асыру. Осы сипаттың барлығы сынау сапасын құрады және оларды шартты түрде тура деп айтса болады, ол бірлігіне жетудің негізі.
Сынау бірлігін қамтамасыздандыру талабына көрсеткіштердің дәлдігін бағалау, сынақ жүргізу әдісін орнатумен қатар аттестацияланған сынау құралдардың нормативтік дәлдігі бойынша жарамдылығы да ескеріледі. Ал мұндай нормативтік дәлдік бойынша жарамдылыққа жету үшін біз алдымен аттестациялау жұмыстарын жүргіземіз. Біздің бұл курстық жұмысымызда сынау жабдықтары туралы мәлімет пен қоса олардың түрлері, аттестация жүргізу тәртібі қарастырылады....
Рефераттар
Толық

Ұлы Жібек жолы

«Жібек Жолы» деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай жерден өткен — әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар міне осылар. Жауап қайтару үшін тарихи фактілерге жүгінейік.
629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян «Будданың қасиетті сүйектерін көріп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін» Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халыкаралық жолмен жүрді.
Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, «Ұлы Айдаһар шағылдары» деген атпен мәлім тұзды шедден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері «Мөлдіреген Көгілдір келге» жеткен. Оны «Қайнаған көл» деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл екенін білу қиын емес. Келді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: «Бұл жатжерліктердің жылқьшары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бір чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп ерген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және жұмсак бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған. Түйелер мен атқа мініп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес».
Өзіне қаған жасаған қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің жібек киімдерінің сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді және өзінің сыйлыққа «қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім жиынтығы мен елу тай жібек» алғанын да хабарлаңды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасының негізгі енімі, ертедегі және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын, еріксіз болсын бірнеше рет айтылады. Бұл жолдың қашан «іске қосылғаны» туралы сұраққа осы кезге дейіи түрлі жауап қайтарылады. Егер «Жібек жолының» жекелеген учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас байланыстарының басы уақыты жағынан б. з. б. III—II мыңжылдықтарға барып тіреледі. Бұл байланыстар Бадахшан тауларында көктас және Жаркентдария өзенінің жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында нефрит кеніштерінен кен қазылуы себепті жолға қойылған еді. Бадахшанда өндірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Анадолға, Мысыр мен Сирияға шығарылды. ....
Рефераттар
Толық

Ұлттық салт-дәстүр

Айыр қалпақ
Аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған. қазір оны құрметті адамдарға сыйлайды.

Сеукеле
Үзатылатын қыз - қалыңдық киетін ғұрыптық киім. Оның сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.

Ішік
Сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілген қысқы сырт киім.

Кебіс месі
Месі - өңделген жұқа теріден қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер салынып тігілетін, месінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.

Жарғақ шалбар
Иленіп, өңделген теріден тігіледі. қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынады. Бұл сенді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.

Шапан
қалыңдықтың сырт киімі. Асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді.

Кимешек
Егде ейелдер киетін бас киім. Көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сендік үшін күндік сияқты ақ мата оралады.

Тақия
Биіктігі 10-15 см. мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, қыздар киетін үкілі тақия. Жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі.....
Рефераттар
Толық

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ

Нарықтық механизмнің қызмет етуі барлық тауарлар, қызмет-тер және өндіріс факторларының нарығындағы тепе-тендікті тек орнатумен бітпейді, ол сонымен қатар экономикалық жүйенің тұтас оптималды дамуын қамтамасыз етеді. Осыған дейін нарықтық тепе-тендікті жекелеген жергілікті нарықтарда, салыстырмалы қарағанда, бір-бірінен тоуелсіз және автономиялы түрде орнайтын тепе-тендік деп жеңіл түсінгенбіз. Шынында, бұл процесс омірде дол осылай жүрмейді.
Ұлттық экономиканың кандайында болмасын, барлық нарық-тардың дамуы мен реттелуіне бағытталған әрекеттер мезгіл мен экономикалык кеңістікте түрақты түрде бір-бірімен келісімді бо-луға тисті. Осы мәселелерді дүрыс шешу үшін экономикалық жүйенің жекелей жоне жалпы тепе-тендік болмысын арнайы бөліп алып талдау керек. Тауарлар нарығы тепе-тендік жағдайда болу үшін, болып түрған баға дәрежесінде болжам етілген өнімнің щығарылуы жиынтық сұранысқа немесе жоспарланған жиынтық шығындарға тен. болуы керек.
Жиынтық сұраныстың екі нысаны болады: натуралдық-заттық және құндық.
Жиынтық сураныстың натуралдық-заттық нысаны халық-тың, фирмалардың және мемлекеттердің тауарлар мен қызметтерге қоғамдық қажеттігін көрсетеді. Оның қүрылымы, біріншіден, жеке және басқа өндірістік емес қажеттерді қамтамасыз ететін өнімдер мен қызметтердің белгілі түрлерін алуы мүмкін; екіншіден, барлық өндірістік құралдар мен өндірістік қызметтердің (технологияны жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен дайындықтар, өндіріске қызмет ететін информация, байланыс және т.б.) жиынтығы болуы мүмкін.
Жиынтық сұраныстың қун жагының мазмуны жиынтық табыстың әр дәрежесіне тағайындалған отандык тауарлар мен қыз-меттер үшш жоспарланған шығындардың сомасымен аныкталады.
Жиынтық сураныс (AD) — бұл нарықта ақша формасында орын алып отырған халыклың, кәсіпорындардың және мемлекеттің қажеттері. Жиынтық сұраныстың экономиканың секторларына сәйкес болінуіне қарай, оны (AD) төрт топқа белуге болады:
тұтыну (С ) — үй шаруашылықтарының сұранысы;
инвестициялар (I) - кәсіпкерлердің күрделі жабдықтарға сұра-нысы;
мемлекеттің сатып алуы (G) — мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге сұранысы;
таза экспорт (X) — отандық тауарларға шетелдіктердің сұраны-сы мен шетел тауарларына отандастардың сұранысының айырымы.
Басқаша айтқанда, AD түпкі өнімдерге сұраныстың жалпы сомасына тең болады:
С + I = G + X.....
Рефераттар
Толық

Ұлттық экономикадағы инфляцияға қарсы саясат

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы уақытқа дейiн өзiнiң ең бiрiншi атқаратын мiндетiн елдегi инфляция қарқынын төмендетуге және оның тұрақты деңгейiн қалыптастыруға қызмет етiп келе жатыр. Соңғы бiрнеше жылда Ұлттық Банк елдегi инфляция деңгейiн бiршама жақсартқанын және оны қз уысына алғанына куә болып отырғанымыз рас. Оны 2001 жылы жалпы жылдық инфляцияның 6,6%-ға төмендегенiнен және одан кейiнгi аралықта елдегi инфляция деңгейiнiң 5-7% аралығында тұрақты деңгейде болып отырғанына көзiмiз жеттi.
Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.
Ұлттық банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2003-2006 жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2003 және 2004 жылдары орындалды. Экономикалық қатынастар да тиімді дамулы қолға алды. Ал 2005 жылы инфляция деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша биылғы еетк алып отырған инфляциялық шағын толқуға қарсы саясаттарды экономикалық тұрғыдан қолға алуда.
Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етудi көздейдi. ....

Рефераттар
Толық

Ұлттық ойындар

Жас мемлекетіміздің спорттықмүмкіндігі зор екендігін биік жеңістерге жол салған сайыпкырандарымыздың көптігімен дәледей аламыз. Мұның айғағы спорт және дене тәрбиесіне аса көңіл бөліп, Жетісу өңірін спорттық аймаққа айналдыруға ден қоюы.
Қазақстан спорты Кеңес үкіметі тұсында мүмкіндігінше тұншықтырылып келді. Әсіресе, әлем спортшылары қатысатын Олимпиада ойындарына қазақ жігіттері өте аз жіберілетін. Еліміз тәуелсіздік алғалы құдайға шүкір, қазақтың баһадүр жігіттері әлемнің шаршы алаңдарында жеңімпаз атана бастады. Қазақстанның споршылары ірі-ірі жетістіктерге жетіп жүргені де жасырын емес.
Сол жеңістерге түре жол салған сайыпқырандардың ішінде жетісулықтардың үлес салмағы басым. Талдықорған қаласының Жетісу өңірі спортының талбесігіне және да Қазақстандағы халықаралық жарыстар өткізетін шаһарға айналары һақӨткен жылы бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылды. Айтулы бірнеше спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар өздерінің үлкен сайыстар алдындағы оқу-жаттығу жиындарында осы қаланы таңдауда.Олардың барлығы да әлемдік, құрлықтық додаларда бокс,күрес, ауыр атлетика бойынша жоғары биіктерді бағындырды.Ал сондай ақ әлемдік талаптарға сай салынып жатқан Спорт сарайында алдағы уақытта жалауын көтеретін додалы жарыстардың куәсі ....
Рефераттар
Толық

Ұлттық қор

Қазақстан Республикасы Қазына комитетінің жиынтық есептілігі және бас кітап басқармасының бастығы Г.Досқалиева Норвегия еліндегі мұнай қоры нәтижесінде құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша бірқатар мәліметтерді жариялап, баспасөз-мәслихатын өткізді.
2007 жылдың 1 қаңтарында, Г.Досқалиеваның айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттың қорының жалпы жинағы 14 миллиард АҚШ долларынан асып түскен. Яғни биылғы жылы Қазақстанның Ұлттық қоры теңгеге шаққанда 1 триллион 788 миллиардқа жетті деген сөз. Оның 1 388 миллиарды мұнай сатудан түскен қаражат болса, 7,5 миллиарды соңғы бес жарым жыл ішіндегі жерді сатудан түскен.
Жалпы, бүгінгі таңда әлемде біздің Ұлттық қор секілді 30-ға тарта қорлар мен мемлекеттік қазына жиынтықтары бар. Мемлекеттік мүддеге сәйкес түрлі мақсаттарға құрылған бұл қорлардың қалыптасу және пайдаланылу жолдары да әр түрлі. 2001 жылдың мамыр айында ашылған Қазақстанның Ұлттық қоры бұрнағы жылдары негізінен, салықтан түскен қаражаттың 10 пайызын аударып отыру арқылы ұсталған болса, бүгінде мұнайдан түсетін қаржы, тау-кен өндіру кәсіпорындарынан түсетін қаржы, жер телімдерін сату мен инвестициялық кіріс секілді төрт бағыттан келіп түсетін қаражат негізінде қалыптасып отыр.
«Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы қабылданған. Соған сәйкес 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қорды жиынтықталған бюджет түрінде құру әдісі іске асырыла бастады. Бұл жалпы, мемлекетті мұнай қаржысына тәуелсіз ету мақсатында қолға алынған», – дейді Г.Досқалиева.
Сонымен, өткен 2006 жылы Ұлттық қор 699 миллиард теңгеге көбейді. Оның 197-сі мұнайсыз жиналған ақша болса, тұжырымдама жүзеге асырыла бастаған 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап мұнайдың табысы мемлекеттік бюджеттен бөлініп, Ұлттық қор 502 миллиард теңгеге көбейтіліпті. Әйтсе де, бұл болашақ ұрпақтардың мүддесіне сақталып отырған қор бүгінгі ұрпақтың тамағынан жырылып отыр деген сөз емес. Бұл тұрғыда, «Әр жылы республикалық бюджетке Ұлттық қордан кепілдемелі трансферт жұмылдырылатын болады», – дейді Г.Досқалиева.
2006 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке 76,6 миллиард теңге сомасында кепілдемелі трансферт бөлінген. Алайда бюджеттік жоспардың толық жүзеге аспай, 100 миллион теңге игерілмей қалуы салдарынан бюджеттің кіріс бөлігі жоспарды 109,8 пайызға асыра орындалып, ол ақша мемлекеттің бүгінгі тіршілігіне жұмсалған жоқ. 76,6 миллиард теңге Ұлттық қорда қалды. Жалпы, бұл жай мамандардың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шын мәнінде, мұнайға тәуелсіз бола бастағанын көрсетеді.
Елімізде мұнай саласында жұмыс істейтін 55 кәсіпорын болса, енді соның бәрі баяғы бюджеттік кірісін Ұлттық қорға аударып отырады. Демек, Ұлттық қор жыл сайын бұрынғыдан гөрі еселеп өсе түсуі мүмкін. ....
Рефераттар
Толық

Ұлттық және саяси процестер мен технологиялар

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің аясында, еліміздің барлық саласы түгелімен өзгеріп, рухани-әлеуметтік және саяси-экономикалық жүйесі қайта құрылу процесін атқару мүмкін болып тұр. Қоғамдық-саяси құрылыстың мәнін терең түсінуде, халқымыздың төл-тарихын, саяси-әлеуметтік жағдайын жете тану, ынтымақтыққа, бірлік пен елдікке бастайтын еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткерлердің саяси бағытын зерттеп, алға қойған мәселелерін, оның түйінді шешімдерін, халықтың саяси көзқарасын қалыптастырудағы мәнін ашу, оны қазіргі таңдағы қол жеткен тәуелсіздікке тигізген әсерін талдауға мүмкіндік береді. Ұлттық мемлекетіміздің қалыптасу тарихында орын алатын, ұлттың тәуелсіздігін қорғаған тұлғалардың есімі халықтың, тарихи санасында зерделенген.
Елдің санасында сақталған орасан саяси оқиғаларды, халқының қамын ойлаған ірі саяси көсемдердің өмірі мен қызметі, тарихта қалдырған іздері әлі күнге дейін бүгінгі ұрпақ жадында десе болады. Ғасырлар бойы ел азаттығы үшін күрескен саяси тұлғаларды зерделеу, ғылыми тұрғыдан талдау және оның нәтижесін бүгінгі заманымыздың талабына сай сараптау арқылы, анықталған құндылықтарды насихаттауға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр.
Президент Н.Ә.Назарбаев “Алашқа айбын болған, азаттық ұғымының айдынын кеңейткен тұлғаларымызды ел саласына, тарихи беттеріне қайыра алып келген тәуелсіздікті осындай ұлтқа пана болар аруақтарымызды тірілтіп бергені үшін асқақтатуымыз керек емес пе?”[1, 355 б]-деп атап өткендей, мемлекет болашағына, ұлттың тағдырына қатысты саяси мәселелерді шешу нағыз лидерлердің қолынан ғана келеді. Бетегелі жерде берекелі елдің болуын, көршілес мемлекеттермен тереземіздің теңесуін, құтты жеріміздің тұтастығын сақтауға атсалысқан, соны армандаған Абылай ханның азаттықты аңсаған Қазақ мемлекетін қалыптастырудағы оның әрекеттерінің нәтижелерін жаңа заманда іске асырудың Қазақстандық үлгісін жасап, оны орнықтыруға үлкен үлес қосқан Н.Ә.Назарбаевтың саясатын салыстырмалы ғылыми тұрғыда зерттеу - қазіргі ұрпақтың ізгілікті борышы.
Абылай хан мен Н.Ә.Назарбаевтың қазақ қоғамының дамуына қосқан саяси-әлеуметтік қызметтерін ғылыми тұрғыдан зерттеу, олардың тұлғалық қасиетін ашып, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тарту, халық арасында насихаттау, құнды идеялық пікірлерін сараптауды зерттеу нысанасына айналдыру - бүгінгі саясаттану ғылымының даму бағыттарының мәнділігін құрайды.
Абылай ханның азаттық пен тәуелсіздік жолындағы саяси қызметін, оның қазақ халқын саяси-әлеуметтік үрдіске бағыттаған әрекеттерін зерттеу арқылы, қоғамдық үрдістің саяси даму жолын түсінуге болады.
Тәуелсіздіктің символына айналған Абылай ханды терең зертттеу, қазақ халқының ұлттық санасын оятудың негізгі факторы, болашақ ұрпақты Отанына деген ықыласын арттырып, патриотизм рухында тәрбиелеуде маңызды құбылыс болып табылады. Қазақ халқының табиғи болмысындағы бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздікке деген ұмтылыстары саясаттану ғылымы тұрғысынан сарапталуы тиіс. Сонымен қатар келешек ұрпақты Отанына деген елжандылық рухында тәрбиелеу, қоғам дамуындағы ілгерілеуіміздің мәнін ұрпаққа жеткізу мақсатын ұмытпауымыз қажет. Абылай ханның қоғамдық саяси қызметін шынайылық тұрғыдан келер ұрпаққа жеткізу мақсатында, терең зерттеу обьективті қажеттіліктен туындап отыр.
Қазақ халқының қоғамдасу тарихында, мемлекеттік құрылыстың құрылымдарын құру мен анықтауда талай хандар мен билердің үлесі зор болды. Алайда тұлға ретінде, ел басшысы ретінде де, ақылгөй-данышпан тұрғысынан да Абылай хан тұлғасы жан-жақты зерттеуді, саралауды қажет етеді.
Әр қоғамның ерекшелігін түсінуде, онда болған саяси процестер мен қақтығыстардың алғышарттарын тауып шешуде саяси лидерлердің рөлі зор. Олардың қолданған саяси амалдары, саяси шешімдері арқылы қоғамға саяси талдау зерттеудің өзектілігін құрады. ....
Рефераттар
Толық

Ұлттық есеп жүесi макроэкономикалық статистиканың негiзi

Ұлттық есеп жүйесi – елдегi экономикалық процестердiң нәтижесiн, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статискалық үлгiсi. Бұл үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелерiне негiзделген.
Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты – экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп, белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк – экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану.
Ұлттық есеп жүйесi – жан жақты жүей, оны әр түрлi салалардың мiндеттерiн шешу үшiн қолдануға болады. Ол елдiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн басқа елдердiң осындай көрсеткiштерiмен салыстыруға мүмкiндiк бередi. Соынмен қатар, әр елдiң ерекшелiгiн ескере отырып, бұл жүейнiң шоттарын, экономика секторларын көрсеткiштерiн нақтылауға, өзгертуге болады.
Ұлттық есеп жүйесiн экономиканың әр түрлi саласында қолану арқылы мына мiндеттердi шешуге болады:
- мемлекеттiк реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесiнде экономиканың салалары, секторлары, әр түрлi экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған мiндеттi шешуге көмектеседi. ҰЕЖ – нiң ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттiң, шаруашылық субъектiлерiнiң тұтыну шығындарын тексеруге, қажеттi деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргiзуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсатруға жағдай жасауға, айналымдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргiзуге, т.б. макроэкономикалық саясаттарды реттеуге болады;
- макрокөрсеткiштердi пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткiштер арасындағы функционалыд байланыс параметрлерiн бағалау негiзiнде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың дамуының үлгiсiн құру;
- экономикалық даму стратегиясын жетiлдiру және оны iске асыратын шешiмдердi қабылдау;
- ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi көрсеткiштерi – жалпы iшкi өнiм мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргiзу. Бұл жерде барлық және жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы iшкi өнiмге қатынасы есептеледi;
- статистиканың өзара байланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткiштердi, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшiн ҰЕЖ-нiң тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесiн үйлесiм негiзi ретiнде қолдану.
Ұлттық есеп жүйесiнiң тұжырымдамаларына сәйкес көрсеткiштердiң жаңа жүйесiне өту қажеттiгi мынадай жағдайларға негiзделген:
Экономиканың макростатистикалық үлгiсi ретiнде қолданылатын ұлттық есеп жүйесi материалдық өндiрiс пен материалдық емес қызметтер өрiсi тең құқылы және дербес шаруашылық субъектiлерi тiкелей мемлекеттiң басқаруынсыз да экономикалық байланыстар жасай алады деген идеологияға сүйенедi. Мемлекет басқаруынсыз экономикалық байланыстар жасалғанда, өзiн-өзi реттеу механизмi болып сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, капиталдың бiр саладан екiншi салаға ауысуы есептелiнедi.....
Рефераттар
Толық

Ұлттық мәдениет Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар

Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтері де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып, "этнопсихология" рухтың не белгіш бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қаситтері жөніндегі Гегелъдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде, орыс халқының мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А.Бердяев тамаша сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне тән ғана сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мәнін тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.
Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырау немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы, қоғамдық саяси-жағдайларға және т.б. тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың кажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілтен қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алады. "Азшылық" халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрып кету отаршылдықпен, басып алушылықпен шектен тыс қанаушылықпен, табиғат апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және т.б. тығыз байланысты болды.
XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалылтасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап өтуді жөн көрдік. Ол-белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі кажетті ғылым салалсы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарда және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуы, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамашща үндестік табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына және "мәдениет" мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап. "мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма ? деген ой да туып қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану-ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.....
Рефераттар
Толық

Стресс дегеніміз не?

Стресс-ағзаның тітіргендіргішке қайтаратын жауабы. Адамдар көбінесе стрессті ашуланғанда, аштықта, суықта, ыстықта, ауырғанда және жабайы жануарлармен күрескенде, олардан қашқанда алады. Бірақ жер бетінде тіршіліктің пайда болғанына мыңдаған, миллиондаған жылдар болса да адам ағзасының қиын және экстремальді жағдайларға жауап қайтаруы өзгермеген. Стресс биологиялық қабылдау және жауап қайтаруға бейімделген.
Стресті физикалық тұрғыда реакция бермеуіміз керек.
Жұмыстағы ұрыс-керісті, емтихан алдындағы үрейді, жолдағы жүргізушінің қажуын, әртістің сахнаға шығардағы қобалжуын еске түсірсек жеткілікті. Қажу мен демалудың арасындағы ритмнің бұзылуы әдетте көпке, 1жылға созылатын жанұядағы ұрыс керіс және басқа да жағымсыз тітіргендіргішке әсерінен адам ауруға шалдығады және биологиялық бейімделе алмайды. Тек қана бұл жағдайларда ғана емес басқа жағдайларда да стресс алуы мүмкін. Мысалы жалғыздық, іш пысу, изоляция кезінде болады.Дамыған индустриальді елдерде көбінесе негативті стресс кездеседі. Мысалы алсақ конвейерде жұмыс жасау, автоматтардың автоматизациялануын мұқият бақылауда сондай ақ, майда жұмыстарда яғни жүйке жүйесіне тиетін жұмыстарда стресс алады. Адам көп уақыт стрестік жағдайда жүрсе қауіпті ауруға шалдығуы мүмкін.Стресс бұл- тек ауру мен зақымдалу ғана емес ол жаттығу мен шынығу құралы болып табылады. Стресс адамның психикалық, физикалық тұрғыда денсаулығына зиян келтіреді.Стресс адамда ишемиялық аурулардың тууына әкеледі, мәселен жүрек ауруы, гипертониялық ауруы, диабет, асқазан жарасы және он елі ішек жарасы, язвалық колит, бронхиальді астма, тері аурулары, әртүрлі иммундық және аллергиялық бұзылыстар пайда болады. Адам организмінің адаптациялық мүмкіндігі шексіз емес.Стресс адамға қайғы мен ауру әкелгенімен қоса экономикалық және моральдық зиян келтіреді. Стресс және прогресс соңғы кездерде бірге айтылады. Әрбіріміздің өмірімізде өмірінің күрт өзгеріп, бірден қоршаған орта әділетсіз болған кездері болған шығар. Ондай кездерде адамдар өмірден түңіліп, әлденедей келеңсіз жағдайларға дейін баруы мүмкін.....
Рефераттар
Толық

Стратегиялық жоспарлау және фирманы басқарудағы маркетингтік тәсіл

Ел Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың бәрі рет-ретімен жүзеге асырылуда. Экономика қарышты дамып, тұрақтылық орнауда. Қай салада болмасын рыноктық қатынастардың алғы шарттары қалыптастырып, оның даму жолы айқындалуда.
Соңғы он екі жылда Қазақстан өзінің тарихи дамуында посттоталитарлық кезендегі өтпелі дәуірдің міндеттерін шешуде. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізілуімен қатар экономиканың күйреуі, шаруашылықтың кері кетуі, инфляция, жұмыссыздық, кедейшілік, әлеуметтік көмектің төмен болғаны белгілі.
Еліміздің саяси-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-потенциалдық, демографиялық жағдайларына сәйкес қабылданған бағдарламалары халық орындап, рыноктық қатынастарды жетілдіріп, алдыңғы қатарлы ел болуымызға барлық жағдай бар, материалдық рухани байлығымыз жеткілікті. Экономиканы дамытып, рыноктық қатынастардың қалыптасуындағы тұрған ең басты міндет – халқымыздың тұрмыс деңгейін көтеру. Бұған Президенттің: «Адамдардың әл-ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті жұмыссыздың күре тамыры болуға тиіс» деген сөзі дәлел. Сондықтан әлеуметтік сала қазіргі таңда ең жауапты, күн тәртібінен түспей отырған мәселе болып табылады. Президентіміздің жыл сайынғы жолдауларының қайсысын алып қарамайық, «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы көрсетілген жолдан ауытқымай, ілгерілеумен келе жатқанымыз белгілі.
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
 қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басыңқы (негізгі) бағыттарын анықтау;
 жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу;
 материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми – техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
 жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын (өзара сандық өатынастарын) анықтау т.с.с.....
Рефераттар
Толық

Стратегиялық жоспарлау

Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы өзгерістер жылдамдығы, сондай-ақ осы өзгерістер туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты өседі. Сондықтан, кәсіпорынның стратегиясы осы өзгерістерден артықшылықтар алу мүмкіндігін шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді қамтитындай болуы керек.
Стратегия - ол бейнені біртұтас түрде бейнелейді экономикада қандай өзгерістер болып жатқаны, осы өзгерістерде кәсіпорын қандай орын алатындығы тұрады.
Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланысты.. Кәсіпорын алға қойылған стратегиясы жүзеге асыру үшін өзінің іс- әрекеттерін қай бағытта, қандай заңдар негізінде орындайтынын анықтайды, яғни өзінің саясатын және тактикасын белгілейді, алға қойған стратегиялық мақсатқа жету жолдары анықталады. Кәсіпорын мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға еркіндік береді.
Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауда іске асыру, шағын және орта бизнестің тұрғының кенейту мен нығайту .
Стратегия сала ерекшелігін, қызмет аясы мен өндірілген өнімді өзгерпей- ақ жалпы көрсеткіштерді арттыру үшін қолданады. Осы топтың нақты стратегиялары мынадай.
- нарықтағы позицияларын күшейту. Мұнда кәсіпорын бірлігін нарықты белгілі бір өніммен жаулап алу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды.
- Нарықты дамыту стратегиясы. Мұнда өндірілген өнімге жаңа нарыққа іздестіріледі.
- өнімді дамыту стратегиясы, мұнда берілген нарыққа жаңа өнімді енгізу және оны өткізу көзделеді.
Негізі осындай тенденцияларды қарастырады .
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтық кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың кеңейту, өнірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.
Сонымен қатар, металургияда, банк саласында, сақтандыру, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған “Жасырын”манополияларды құрту қажет Елімізде көптеген өндірістерді қарастырған олар “Ақсай нан ” “Рахат’ канфеті және тағы сол сияқты көптеген өнімдерді көрсеткен.
Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайларын туғызу арқылы жасау керек. Елімізде стратегияны іске асырудын екінші кезенінің басты міндеттерінің бірі- экономиканың басым орын алатыны “Туризм” “Тамақ өнеркәсібі”, “Көліктік логистика”, “Металургия” және “Құрылыс материялдары секторларында ” бекітілген жоспарлар негізінде кластерлік даму ұстанымдарын енгізеді.
Тұрақты экономика пайда алуда және ел экономиканы дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық мемлекеттік активтерді әрі кәсіптік басқару мақсатында 2006 жылы “Самұрық” мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг жұмыс істей бастады. ....
Рефераттар
Толық

Статистика ғылымының арнайы ұғымдар

Әрбір ғылым саласының ,пәннің өз реттеулерін жүргізу кезінде қолданатын , өзіне тән болып табылатын арнайы ұғымдары болады. Статистиканың да өз қызметін белгілі бір уақыттар аралығында атқаруыеа және ол үшін арнайы әдістерді , әдістемелерді қолдануға байланысты тек ғылымның осы түрінде ғана тән болып табылатын арнайы ұғымдары категориялары болады. Ол ұғымдар мен категориялар осы ғылымның арнайы құралдары болып табылады, яғни статистика өзінің мақсатына жету үшін белгілі бір ұғымдарды пайдаланады және қолданады.
Статистика пәнін қарастыру барысында қолданылатын ұғымдардың саны көп , бірақ олардың ішіндегі кейбіреулері ерекше маңыздылығына , жиі қолданылатындығына байланысты арнайы түсіндіру , сипаттауды қажет етеді . Олардың қатарына мыналар жатады: белгілер, статистикалық жиынтық, вариация , статистикалық көрсеткіш, көрсеткіштер жүйесі және статистикалық заңдылықтар.
Статистикалық белгілер ретінде , зерттеуге алынатын құбылысты сипаттайтын , оның өзге құбылыстардан негізгі айырмашылығын білдіретін , сондай-ақ кейде зерттеуге жататын құбылысқа тікелей қатыстылығы болмаса да оны қосымша тұрғыда маңызын ашатын құрамдарды алуға болады. Әлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың кез-келген түрі құбылыс ретінде бағалау үшін олар белгілі бір белгілерді иеленуі керек . Яғни құбылыстың түріне түсінік берілгенде , міндетті түрде оның ерекше белгілері ескеріледі.
Сонымен, статистикалық белгілер дегеніміз, құбылыстың өзіне ғана тән ерекшеліктерін сипаттайтын және зерттеу жұмыстарында бақыланатын , өлшенетін құрамы болып табылады.
Құбылысты жалпы сипаттайтын белгілер мен құбылыстың бірліктерін сипаттайтын белгілердің арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар кездеседі. құбылыстың өзін ғана сипаттайтын белгілер, әдетте сол құбылыстың маңызын, мазмұнын , ерекшелігін анықтайды. Мұндай белгілер ол құбылыстың өзге қоғамдық құбылыстардан айырмашылығын білдіріп тұрады.
Статистикалық белгілер сандық және сапалық белгілер деп екіге бөлуге болады. Бұлай бөөлу, өзге ғылым салаларында да кездеседі. Сапалық белгілер сан түрінде бейнеленбейді. Сапалық белгілерді статистикада кейде атрибутивтік белгілер деп те айтады.
Сапалық белгілердің бір көрінісі балама белгілер болып табылады. Балама белгілер тек сөз түрінде ғана беріледі және бұл белгі -нақты бір құбылыс белгісінің екі мағынадан тек бір мағынаға ие болуын беріледі.
Сандық белгілер құбылысты немесе жиынтық бірліктерінің құрамын тек белгілі бір шама түрінде сипаттауды білдіреді. Құбылыстың құрамын сипаттайтын шамалар тек сан, цифр түрлерінде ғана кездеседі.
Статистикалық жиынтықтағы белгілер мағынасы және зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: негізгі және қосымша, вариациялық, нәтижелік факторлық, елеулі және елеусіз белгілер. ....
Рефераттар
Толық

Статистика

Статистика пәні халықты эеономикалық және табиғи жиынтықтарды зерттейді.Бұл жиынтықты өзгерістің бағытын заңдарын анықтау үшін оның көптеген бірліктерін және ғылыми қағида бойынша іріптеліп алатын өкілдердің зеріттеуге қатыстыру керек.Statistic термині латынның-статус деген сөзінен шыққан,ол белгілі бір заттың белгілі бір орнын айтады.Ең алғаш рет статистика ұғымын неміс ғалымы Ахен Валь өзінің мемлекеттерді басқару деген еңбегінде келтірген.Жалпы статистика ұғымы үш мағынаны білдіреді:
1) Белгілі бір салада қызмет ететін адамдарды білдіреді.
2) Статистика деп-статистика тәжірибесіне қажетті ережелермен мен құжаттарды дайындайтын ғылымды айтады.
3) Статистиканың белгілі бір саладағы мекемелердегі кәсіпорынның әлеуметтік-экономика жағдайы туралы мәліметтер.
Қоғамда болып жатқан процесстердің сандық жағынан сапа жағымен салыстыратын пән статистика пәні боып табылады.Статистика тілі-сан,ал қоғам-статистиканы қамтитын обьектісі.Статистика қоғамдағы құбылыстың процестердің өзгеру көлемін,шамасын,деңгейін,есептеу санақ мәселелерін өркендеу,дамуының қарқынын зерттейді.Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстық өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының өзгеруінің заңдарын оның сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді.Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігін және ондағы еңбеккерлер санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды.Статистикалық әдістерді өздерінің қолданысына байланысты және бірінен соң біріне жалғастырып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді:
1) Статистикалық бақылау-яғни бастапқы мәліметтерді жинау.
2) Жиналатын мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау,өңдеу,жинақтау.
3) Жинақталған,өндірілген,топтастырылған мәліметтерге талдау және қорытынды жасау.
Осы аталатын әдістердің жиынтығын статистикалық әдістемелер және зерттеу кезеңі деп аталады.Сонымен қатар статистика әдісінің құрамына жалпылай және ішнара байқау,топтау және тұжырымдамаға сипаттама жасау ұғымдары кіреді.Белгілі бір жердегі және уақыттағы біртекті нышан иесінің көптілігін статистика жиыны деп атайды.Нышан иесінің бірін немесе шағын тобын зерттеу арқылы статистика заңдарының тұрғысынан тұжырымдап жасағанда болмайды.Халықтың бірлігіне адам тұрғыдан өнеркәсіптің бірлігіне кәсіпорын ауылшаруашылығының бірлігіне фирма жеке шаруашылық иесі жатады.....
Рефераттар
Толық

Стандартизация мазмұны және ұғымы

Ақпаратты жұмыспен қамсыздануда дүние жүзінде жетекші рөлді халықаралық стандарттау ұйымы атқарады. 2001 жылға бұл ұйым мен қоса ақпараттық жүйелеу және қызмет көрсету комитеті өз жұмысын жасады.
ИНФКО құзырына қызметтің гармониялығы, ИСО және ақпараттық қызмет саласындағы ұйымдар, мәліметтер базасы, маркетинг, технологиялық реттеулер, стандарттау саясаты ассамблеясының бас мамандары кіреді.
Осы мақсаттардан басқа ИНФКО көптеген басқа да ақпараттық қызмет саласымен байланысты жұмыстар атқарады: стандартизацияның ақпараттық қызмет орталығына қатысты басқару жоспарын құрастыру, ақпарат нарығына және маркетинг қызмет талдау жасау, ақпаратпен алмасу және оны сақтау, іздеу сол сияқты жалпы жұмыстарды атқару, ИСО ұғымымен байланыса отырып құжаттардың таралуына және өнім өндіру жүйесіне ұйымдастыру, халықаралық ақпарат қызметі мен бірлесе отырып қызметін дамыту.
Болашақ стандарттар туралы перспективаға ИНФКО халықаралық электронды және жазбаша түрде ақпарат таситындардың авторлық құқығын қорғау принциптерін ұйымдастыруды халықаралық стандартизациясы саласында мақсаттар шешу және стратегиялық жоспарлау маркетингін ұйымдастыды. Осы функциялар орталық ИСО хатшысына берілді.
Ақпараттық желіні құру – ИСОНЕТ ИНФКО қызметінің соңғы жылдағы басты мақсаты болды. Ақпарат желісінің болашағы өте зор болып соңғы 2001 жылдарда басты функциялары ИСО – ның орталық бас хатшысына берілді. Коммерциялық саясат бойынша туындаған мәселелерді шешу жауапкершілігі ИНФКО – дан басқа топқа ауысты. Көп консультациялық функцияларды орындайды, ал оның құралына стандартизация бойынша ұлттық органдардың коммерциялық директорлары кіреді.
ИСОНЕТ ұйымының алдыңғы мақсаттары- ұлттық және халықаралық стандарттар ақпаратымен алмасуды қамтамасыз ету, кітап басылымын, стандарттау саласында түрлі әдебиеттер шығару болып табылады. Стандарттау саласында түрлі жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оның сапасын көтеріп, жұмысын жақсартады, уақытты үнемдейді, ұйымның қызметінің ұқыптылығын арттырады, халықаралық стандартты кеңінен пайдаланып, оны басқа салалармен байланысын дамытады. On – line режимінде ақпарат алмасу процессі үздіксіз жүріп отырады, ал одан ақпаратты оңай әрі тез алуға мүмкіндік бар болғандықтан оның сапасы төмендемейді.....
Рефераттар
Толық

Сталинград шайқасы Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссаронович

Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экон. маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23 – інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару – жарақтардың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62 (қолбасшысы – генерал – лейтенант В.И.Чуйков) және 64 (қолбасшысы – генерал – мойор М.С.Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қоршауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1945 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбііне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал – полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г.К.Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді. Неміс – фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері біршама шығынға ұшырағанына қарамастан, 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15 – іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді ....
Рефераттар
Толық