САМБО КҮРЕСІ

Самбо күресі - көптеген ұлттық кұрес түрлерінің бай әдіс айлаларының жиынтығы.
Бұл орыстың "Самозащита Без оружия" деген сөзінен шыққан. Самбо күресін "орыс елінің күресі" - деп те айтуға болады.
1938 жылы Ресей сопорттық күрес мамандарының Бүкілодақтық конфереяциясы өткізіліп, онда Самбо күресі әдістерінің атаулары мен әдістерін топқа бөлумен қатар, алғашқы күрес ережесі бекітілді.
1966 жылы Толидо қаласында /АҚШ/ халықаралық әуесқой күрес федерациясының /ФШІА/ конгресі өткізілді. Осы конгресте самбо күресі халықаралық спорт түрі деп жарияланып, Бұкілдүниежүзілік самбо комитеті құрылды. Оған самбо күресінің дамуы мен әлем құрлықтарын насихаттау жұмыстары тапсырылды.
1972 - 1973 жылдарды Рига қаласында /Латвия/ Бірінші ашық Европа чемпионаты өткізілді.
1973 жылы Тегеранда /Иран/ Бірінші Әлем чемпионаты өткізілді.
1985 жылы Бильбарда /Испания/ Халықаралық әуесқой самбо федерациясы құрылды /ФИАС/.
1977 жылы Овьедо қаласында /Испания/ Әлем Кубогының бірінші турнирі өткізілді. Осы жарысқа Европа кұрлығынан бұрынғы ССРО мемлекеті, Азия құрлығынан Жапон елі, Америка құрлығынан Канада жарысты ұйымдастырушы және өткізуші Испания мемлекеті қатынасты. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды ССРО, 2 орынды Испания, 3 орынды Жапония, 4 орынды Канада иеленді.
Жасөспірімдер арасындағы алғашқы біріншілік 1979 жылы Испанияның Мадрид қаласында өткізілді. Ооы жарыста Монголияның, Болгарияның, Испанияның және Францияның жас самбошылары жақсы өнер көрсетті. ....
Рефераттар
Толық

Сана сезім психикасының ең жоғарғы сатысы

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс –– адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым –– осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жлқ. Ол тек адамға тән. Сондықтан, қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны алғашқыға теліген. Бұл идеализмге әкелген.
Сонда сана дегеніміз? Ол қайдан, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болды? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми –– оның мекені. Сана –– адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми түрлі жан-жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем талай дәуірді бастан өткізді. Сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р.Авенариусты В.И. Ленин өзінің «Материализм және эмприокритицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған болатын ....
Рефераттар
Толық

Сана құрылымы Сананың пайда болуы

Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – оның мекені. Сана – адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал мана тек адам миының ғана жемісі. Бұл - өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді.
Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сана және өзіндік сана процесінің дамуын зерттеуді әдістемелерін жинақтау.
Сана және өзіндік сана процесінің дамыту жолдарына байланысты теориясын шолу
Сана және өзіндік сана процесінің даму деңгейін анықтап, соларға байланысты амал-тәсілдерді қолдану
Жалпы бұл зерттеудің теориялық мәні қазіргі таңда сана және өзіндік сананың даму және тәрбиелеу деңгейін анықтау жолдарына молына үлкен септігін тигізіп отырды. Мұнда көп ғылымдардың дәлелденген факторлы және теориялары қарастырылған. Жалпы айтқанда бұл теорияның сана және өзіндік сананың дамуын оның деңгейін анықтау бөліп табылады.
Жалпы айтқанда бұл сана және өзіндік сананы зерттеудің мәні балның сананың дамуын оның деңгейін анықтау болып табылады....
Рефераттар
Толық

Санаторлы курортты емдеу

Курорт дегеніміз – климаты ыңғайлы жерге орналасқан және табиғи емдік факторлары бар емдік-профилкатикалық мекеме. Курорттарды әртүрлі комплексті емдік профилактикалық мекемелер болады. Олар санаториилер, пансионаттар, курорттық емханалар монша орындары, лаймен емдеу орындары. Олардың ішінде бастысы санаторий болып табылады.
Санаторий – бұл мамандандырылған емдік – профилактикалық мекеме, ол жерде келесі емдік комплекстер қолданылады: климаттық терапия, больнеологиялық терапия, лаймен емдеу, аппараттық физиотерапия, емдік денешынықтыру, активті демалу және активті өмір сүруі. Арнайы климаттық курорттарда санаториилардан басқа дем алу үйлері, пансионаттар, турбазалар, кемпингтер, сонымен қатар дәстүрлі жиындар, мұхит пен өзендерде шомылу, туризм, денешынықтыру және спортпен айналысу климатпрофилактиканың арқасында іске асырылады. Балалар мен жас өспірімдерге арналған өз алдына санаториилар бар. Курорттар маңыздылығына байланысты жергілікті, республикалық және халықаралық болып бөлінеді.....
Рефераттар
Толық

САНАУ ЖҮЙЕСІ

Есептеу техникасының дамуы жылдам әсер етуші және бағдарлама арқылы басқарылатын электронды машиналардың пайда болуы, бағдарламалау өнерінің пайда болуы ондық және басқа санау жүйелерінің терең әрі мақсатты зерттелуін талап етті.

1950 жылдардағы математиктер мен есептеу машиналарын құрастырушылардың алдындағы өзекті мәселе қолданбалы бағдарламалау және жаңа есептеу құрылғыларын, шығарушылардың талаптарына сай келетін санау жүйелерін табу және есептеу тәсілдерінедеген көз қарас қысқа мерзімде өзгерді.

Ежелгі интеллектуалдық шеберліктің бірі арифметикалық санаудың б.з. да дамуы мүмкін екен. Сандарды бейнелеу әдісін және оған сәйкес сандарға қолданылатын ережелер жинағы санау жүйесі деп аталады. ....
Рефераттар
Толық

Сандық қатарлар

Берілген ақырсыз u1, u2, u3,..... un,... сандық тізбектің мүшелерін плюс таңбасымен біріктіргенде шығатын символ
u1 + u2 + u3+...+ un+...= (I)
сандық қатар, ал u1, u2, u3,..... un,... сандары қатардың мүшелері, мәселен, u1-бірінші мүшесі, u2 - екінші мүшесі,..., un – п -ші, немесе жалпы мүшесі деп аталады.
Анықтама. (1) қатардың алдыңғы и мүшелерінің қосындысы
Sn = u1 + u2 + u3+...+ un = (n=1,2, 3,….), (2)
сол қатардың n- ші дербес қосындысы деп аталады.
Дербес қосындылар тізбегі S1, S2, S3,..., Sn,... үшін мына үш жағдайдың бірі ғана орындалуы мүмкін:
1) п -да дербес қосынды Sn-нің шектеулі шегі S бap;
2) п -да дербес қосынды Sn айқын таңбалы ақырсыз шек + , не - ке ұмтылады;
3) п -да дербес қосынды Sn ешқандай шекке ұмтылмайды (шегі жоқ).
Анықтама. Егер сандық қатар (1)-дің дербес қосындысы Sn -нің п -да шектеулі шегі Sn = S бар болса, ол жинақты қатар, ал S саны сол қатардың қосындысы деп аталады.
Егер п -да, Sn-нің шегі ақырсыздыққа ұмтылса немесе шегі мүлдем жоқ болса, (1)-ді жинақсыз қатар деп атаймыз.
Мысал ретінде геометриялық прогрессия мүшелерінен құралған, еселілігі q -ға тең a+q+aq2+...+aq"+...= aqk (3) қатарын қарастыралық.
Әуелі q 1 болатын жағдайдағы дербес қосындыны құралық:

1) Егер < 1 болса, онда яғни (3) қатар жинақты, оның қосындысы болады.
2) Erep > 1 болса, онда яғни (3) қатар жинақсыз.
3) Erep q = 1 болса, онда (3) қатар мынадай түрде жазылады: а+а+а+...-а+... , онда яғни (3) қатар жинақсыз.
4) Erep q = -1 болса, онда....
Рефераттар
Толық

Санитарлық-микробиологиялық бақылаулар

Балықтан және балық емес тағамдық өнімдердің сапалы, эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болып шығарылуын нұсқау бойынша бақылап отыру керек.
Дайын өнімнің сапалылығын микробиологиялық жағынан қарағанда белгілі дәрежеде өндірістің санитарлық деңгейіне байланысты болып келеді.
Нұсқауда кулинарлық, тұзды өнімнің, белоктық өнімдердің және балдырлардың қайта өндірілу өнімінің санитарлық­микробиологиялық бақылауы көрсетілген болуы қажет.
Өндірістің санитарлық жағдайының деңгейінің технологиялық процестің дұрыстығын, өнімді өндіру кезіндегі бұзылуларды анық көрсетуге көмегін тигізеді.
Санитарлық-микробиологиялық бақылаулар негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді.
Негізгі санитарлық-микробиологиялық бақылау өнімді бақылау және өнімнің санитарлық жағдайын қамтамасыз етеді.Ол систематикалық, өндірістік лабораториялардың бактериологтарымен санитарлық эпидемиологиялық қызмет жүргізеді.
Ал өнімнің қосымша микробиологиялық бақылауы дайын өнімнің жоғары обсементтік жағдайда болғанда лаборатория меңгерушісінің шешімімен, санитарлық­ микробиологиялық көрсеткіштер бойынша аға бактериологтың шешімі бойынша жүргізіледі.
Жоғары дайын өнімді алу үшін өндірістік орындар Мемлекеттік санитарлы органдар шартарына сүйенеді.
Микробиологиялық бақылауда оның қандай өнім алуына байланысты мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер (МАФАнМ), ішек таяқшасының бактериалық топтары (ІТБГ) коли формалы сары түсті стафилакокктар сульфидтейтін клостридиялар, ашытқы саңырауқұлақтары мен ашытқылар, протей туысының бактериялары, патогенді микроорганизмдер, сонымен қатар сальмонеллалар мен вибриондар.
Микробиологиялық бақылаудан басқа күнделікті шикізат пен қосымша материалдарды бақылап отырады, және нағыз құрылымға сай өндірістің санитарлық жағдайын сақтайды.
Құрал­жабдықтардың, инвентарға, цехтағы тазалыққа, дезинфекциялайтын заттармен пайдаланатын шикізат пен қосымша материалдардың сапасына кезекші шебер жауап береді.
Санитарлы-микробиологиялық қорытындыларды кезекші мастерге ол лабораторияның басқарушысына және өндірістің қол астындағы жұмысшыларға жеткізіледі, олар өз кезегінде өндірістің санитарлық және технологиялық деңгейін жоғарылатуға ат салысады.
Нұсқауда бактериалдық тұқымдануына қор матифтері жүргізіледі: шикізатқа жартылай фабрикаттарға, қосымша материалдар, дайын өнімнің, бақылау периодтылығына микробиолигиялық анализ әдістеріне және кейбір жеткіліксіздікті жояды.
Өндірістің санитарлық жағдайын сақтау.
Нормалар мен өндірістік санитарлық жағдайдың сақталуы қатерсіз бүтін өнім алудың ең бір және негізгі шарттары болып табылады.
Санитарлық режимнің бірқалыпты сақталуы, дезинфекция мен санитарлық талаптарды жүргізу тәсілдері соның ішінде санитарлық-микробиологиялық жұмыс басталар алдында және санитарлы өңдегеннен кейін күнде бактериолог өндірістің санитарлық жағдайлары мен эффективтілігін қадағалап отырады. ....
Рефераттар
Толық

Саңырауқұлақтар

Жеуге жарамды саңырауқұлақтар – қозықұйрық (шампиньон) құрамында қарашiрiгi мол, ылғалды топырақта өседi, орманда, шалғындықта, бақша өсiмдiктерiнiң арасында кездеседi. Сондықтан оның кәдiмгi қозықұйрық, шалғындық қозықұйрық, орман қозықұйрығы деген түрлерi бар. Қалпағының үстiңгi бетi ақ, астыңғы жағы қатпарлы, қызғылт түстi. Қалпағының диаметрi 15 см, дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, енi 2-2,5 см-ге жетедi. Құрамында 20-30% нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, микроэлементтерден – темiр, кальций, мырыш, йод, калий, фосфор бар, сондықтан жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300-ге жуық түрлерi белгiлi.
Ақ саңырауқұлақ қайың, емен, шырша, қарағай, шамшат, қарағаш, шаған ағаштарының астында өседi. Қайың маңында өскен саңырауқұлақ қалпағының үстiңгi бетiақшыл- сұрғылт, астыңғы жағы –ақ, хош иiстi. өсiп тұрған жерiне қарай түстерiде құбылмалы. Дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, қалпағының диаметрi 20 см.
Қайың саңырауқұлағы – қайыңды орманда топырақтың жылылығы 10 – 16 0 С-да, ылғалдылығы 53 – 98 % - ға жеткенде дами бастайды. Дiңгегiнiң биiктiгi 4 -15 см, жуандығы 1-3 см, қалпағының диаметрi 5 -15 см, 10 күн iшiнде терiп алмаса жеуге жарамсыз болып қалады. Қайынның тамырымен селбесiп микроза түзедi, ағашқа пайда келтiредi. Кептiрiлген саңырауқұлақтың қуаттылығы баклажан мен қарабидай нанының қуаттылығымен тең түседi. Қайың саңырауқұлағын кептiргенде қараяды.
Күзгi түбiртек ( осенний опенок) - өте тез өседi, құрамында су – 91,4 % ,
нәруыз -2,6 %, крахмал, қант-3,8 %, май-0,4%, тұз – 0,8%, жасунық -0,9%. Түбiртегiнде ақтүстi жарғақты белдеушесi бар. Қуаттылығы сәбiз, орамжапырақ, қияр, қызаннан әлдеқайда жоғары саналады, ол айранның қуаттылығымен парапар келедi. ....
Рефераттар
Толық

Сапа менеджменті жүйесінің принциптері

Өндірістің тиімділігінің жоғарлауының негізгі факторларының бірі өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарлату болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын жоғарлату қазіргі уақытта ішкі және сыртқы нарықтарда олардың бәсекегеқабілеттілігінің шешуші шарты болып есептелінеді. Өнімнің бәсекегеқабілеттілігі көбінесе мемлекеттің беделін анықтайды және оның ұлттық байлығының көбеюіне шешуші фактор болып табылады. Өнімнің сапасы салыстырмалы қаптап кеткен нарық шарттары мен басым құндылық емес бәсекелестіктің шартарындағы өндірістің жұмыс істеуінің маңызды критериінің қатарына жатқызылады. Өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын жоғарлату ғылыми – техникалық прогресстің дүмпулерін және жалпы өндіріс тиімділігінің өсуін анықтайды, экономиканың интенсифиациясына зор әсерін тигізеді, ұлттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен мемлекет азаматтарының өмірлік деңгейіне зор әсерін тигізеді. Техникалық деңгейдің өсуі мен өндірілетін өнім сапасының өсуі қазіргі уақытта өндірістік дамыған елдерде өндіріс жұмыстарының сипаттық көзі болып табылады. Басым бағалық емес бәсекелестік шарттарында және нарықтардың қаптап кету шарттарында өнімнің жоғарғы сапасы табысқа жетудің басты факторы болып саналады. Өндірілетін өнім сапасын әр өндірістің қызметінің маңызды критерийлеріне қарастыруға болады.
Қазіргі кездегі нарқытық экономикада өнімді өндіру кезінде жоғары сапаға жету үшін пайдаланатын түрлі әдіс тәсілдер өз нәтижелерін көрсете бастады. Дамыған елдердің сапа саласындағы озық концепцияларының кейбіреулері қойылған мақсаттарға жетпей қалды. Қазақстан дамушы ел болғандықтан, көбінесе шетел тәжірибесіне сүйене отырып жұмыс жасайды. Шетел тәжірибесінің теріс жақтарын алмай, тек жақсы көрсеткіштер көрсеткен әдіс тәсілдерді аударамыз. Берілген курстық жұмыста жоғары сапалы өнім өндіру үшін өнеркәсіпке сапа менеджмент жүйесін енгізу, «сапаны басқару», «сапа менеджментінің жүйесі» ұғымдарына анықтама берілген. Сапаны басқару жүйесінің өнім өндірудегі артықшылықтары, ерекшеліктері, қолдану нысандары көрсетілген. Сапаны менеджмент жүйесінің принциптері, сапа жүйесін енгізу кезінде туындайтын жағдайлар көрсетіледі. ....
Рефераттар
Толық

Сапаны басқарудың жалпы сипаттамасы

Өнім сапасын басқару-тауар сапасына әсер ететін факторлар мен жағдайларға мақсатқа сай ықпал жасау жолымен өнімді жасау, өндіру, айналдыру мен пайдалану кезінде қажетті сапа деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету мен ұстау.
Өнім сапасын басқару (ӨСБ) ісі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталады
-ең жақсы әлемдік жетістіктерге сәйкес өнімнің жаңа, жоғары сапалы түрлерін жасау мен игеру
-өндірістің жалпы көлемінде жоғары категориялы сапалы өнімнің, әғни бәсекеге қабілетті өнімнің үлестік салмағын арттыру
-шығарылатын өнім сапасының көрсеткіштерін жақсарту мен оны бәсекеге қабілетті топқа көтеру
-заттық сапасы ескірген өнімді уақтылы алып тастау, ауыстыру немесе жаңғыртып жетілдіру
-ұжымдар мен орындаушылардың жұмыс сапасын жоспарлы түрде арттыру
ӨСБ жүесін құру принциптеріне мыналар жатады
- өнімді жасау, енгізу мен жетілдіру
- басқарудың функциясы мен құрылымының проблемалық-мақсаттық бағытталуы

Өнім сапасын басқару---атқаратын функциялар жиынтығының мынадай белгілері бойынша егжей-тегжейлі жіті қаралады
а) мақсат түрлері бойынша—басқарудың стратегиялық, тактикалық және оперативті нұсқасы қызметтер мен тиісті мақсаттарына жетуіне орай
б) басқару процесі фазалары бойынша шешімді қабылдау, ақпараттық-бақылаушылық және қатынастық ықпалды басқарудың істеріне
в) мақсат тобы бойынша—ғылыми-техникалық, өндірістік, экологиялық факторлар мен жағдайды басқарудың қызмет аясына
г) өнімнің өмірлік цикл сатылары бойынша басқарудың міндетті қызмет аясына
Саланы басқарудың ұйымдық құрылымын құру ерекшеліктері. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын талдау мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. ....
Рефераттар
Толық

Сараптау жүйелері

Сараптау жүйелерінің пайда болуының алғы шарттары өткен ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Бұл уақыт кезеңінде мәліметтер базасымен қатар білім базаларын қолдану мәселесі пайда болды. Яғни білімді ұсыну бойыншы бір қатар модель түрлері құрылады. Мысалы Нью Эл және Саймон атты ғалымдар білімді ұсынудың продукциондық моделін, ал 75 жылы Минский білімнің фрэймдық моделін ұсынды. Сонымен қатар логикалық есептеулер үшін бір қатар сараптау жүйелері құрылды. Жалпы сараптау жүйелерінің бірнеше анықтамалары бар:
1.Сараптау жүйесі белгілі бір қолдану саласы мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс-қимылын модельдеуге және имитациялауға арналған интелектуалды есептеу жүйесі.
2.Сараптау жүйесі кез-келген қолдану саласында пайда болған мәселені сарапшы маман жүзеге асырғандай етіп орындайтын жасанды интелектуалды есептеу жүйесі.
3.Сараптау жүйесі сарапшы мүмкіндіктерін компьютер мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе.
4.Сараптау жүйесі өте күрделі программалық кешен, себебі мұнда қолдану салаларының мамандарының барлық білімдері қамтылған және олар тәжірибиеде басқа деңгейдегі пайдаланушыға таратылады.....
Рефераттар
Толық

Сараптау жүйелерін тұрғызудағы құрал-жабдықтар

Сараптау жүйелерінің пайда болуының алғы шарттары өткен ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Бұл уақыт кезеңінде мәліметтер базасымен қатар білім базаларын қолдану мәселесі пайда болды. Яғни білімді ұсыну бойыншы бір қатар модель түрлері құрылады. Мысалы Нью Эл және Саймон атты ғалымдар білімді ұсынудың продукциондық моделін, ал 75 жылы Минский білімнің фрэймдық моделін ұсынды. Сонымен қатар логикалық есептеулер үшін бір қатар сараптау жүйелері құрылды. Жалпы сараптау жүйелерінің бірнеше анықтамалары бар:
1.Сараптау жүйесі белгілі бір қолдану саласы мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс-қимылын модельдеуге және имитациялауға арналған интелектуалды есептеу жүйесі.
2.Сараптау жүйесі кез-келген қолдану саласында пайда болған мәселені сарапшы маман жүзеге асырғандай етіп орындайтын жасанды интелектуалды есептеу жүйесі.
3.Сараптау жүйесі сарапшы мүмкіндіктерін компьютер мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе.
4.Сараптау жүйесі өте күрделі программалық кешен, себебі мұнда қолдану салаларының мамандарының барлық білімдері қамтылған және олар тәжірибиеде басқа деңгейдегі пайдаланушыға таратылады.....
Рефераттар
Толық

Саттар Ерубаев

Қысқаша өмірбаяны: Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданыныда дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленген.
1927 жылы Түркістан ауданы, «Комсомол» колхозында қызмет істейді. ҚазКСР Оқу халық комиссариатының жоғары оқу орнында даярлау курсын,Ленинградтағы философия және тарих институтын бітіреді. «Лениншіл жас» және «Ленинская смена» газетінің әдебиет бөлімдерін басқарды. «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары әрі Алматы жоғары ауылшаруашылық мектебі философия кафедрасының ассистенті болды.
1934-35 жылдары «Қарағанды поолетариаты» газеті редакторының орынбасары. 1935 жылы Ленинград университетінің аспирантурасына түсті. 1936 жылдың қыркүйегіннен ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. 1932 жылы «Тракторшы Камалдың жыры», «Үш шахтер туралы баллада» деген жырлары жарық көрді.
Аудармада; К.Чуковскийдің «Сарыарқаның ерлері», Ю.Березиннің «Сексенбайдың қысқаша тарихы», А. Сурковтың «Бір қатарда» атты туындыларын, жапон жазушысы Си Китидің «Қол соқпаған адам», И.Еренбургтің «Австрия таулары» атты туындыларын қазақша сөйлетті. Өз шығармалары 1957 жылы орыс тілінде жарық көрді, ал 1966 жылы тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алды.
С Ерубаев 1937 жылы Алматы қаласында қызмет бабында жүргенде ауыр науқастан қайтыс болды.. ....
Рефераттар
Толық

Сауда саясаты мәні негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары

Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады.Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: «Солтүстік-Оңтүстік », «Солтүстік-Солтүстік »,«Оңтүстік-Оңтүстік ».
«Солтүстік-Оңтүстік » жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді,мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түолерін шетке шығарады да,техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі.
Өзара қарым-қатынастар дың мұндай моделін «Солтүстік-Солтүстік » жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған.
Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:
-сыртқы сауда саясаты жөнінде;
-халықаралық сауда саясаты жөнінде.
Сыртқы сауда саясаты дегеніміз – мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі.
Халықаралық сауда саясаты – ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық сауда және беақа да топтардың мүдделерінің көрінісі.
Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 принципке негізделеген: еркін сауда және протекционизм.
Осы шараларды іске қосудың уақытша параметрлері бойынша барлық мемлекеттер бір-бірінен өзгешеленеді,яғни бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан;ал кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.
Мысалы, Оңтүстік Корея,Бразилия және басқа елдер алғашқы кездері тек қана экспорттық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әкелуге жағдайлар жасады,ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды.
Осылайша,көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де,дамудың экстенсивті жолдарын таңдады(Аргентина),бұған қарағанда Бразилия өз тауарларын терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды.
Мысалы,қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.
Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған,яғни дамушы әлем,әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне –ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс. ....
Рефераттар
Толық

Саясаттану ғылым ретінде

Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.

Саясаттанудың қалыптасуы эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық, эмпирикалық және эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.
1. Философиялық кезең жуықтап айтқанда Аристотельден бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең (1861-1865)
2. Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды.
3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзем.....
Рефераттар
Толық

Саясаттанудың зерттейтін мәселесі

Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.

Саясаттанудың қалыптасуы эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық, эмпирикалық және эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.
1. Философиялық кезең жуықтап айтқанда Аристотельден бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең (1861-1865)
2. Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды.
3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзем.

Шамамен алғанда 19-ғасырдың екінші жартысынан бастап саясаттану дербес ғылым ретінде, академиялық пән ретінде қалыптаса бастады.
1857 жылы АҚШ-тағы Колумбия колледжінде Фрэнсис Либер тарих және саяси ғылым кафедрасын ашады. 1880 жылы осы колледжде алғашқы саяси ғылым мектебі ұйымдастырылды.....
Рефераттар
Толық

Саяси қозғалыс

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді атайды.Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1.жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды.Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады; 2.экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады.Мысалы, Жаңа Өзендегі әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді; 3.ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанада “Азат”, “Желтоқсан” партиялары солай туған болатын.
Мәселен, Қазақстнанның азаматтық «Азат» қозғалысы қоғамдық – саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 щілдесінде құрылды. Басты мақсатын «Халықаралық, Одақтық шарпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстананның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу » деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанады, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратын, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады, «Желтоқсан», «Алаш» партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға ( славяндық «Лад», «Русская община», казактар бірлестіктері ) олардың осы тұрғыдағы іс - әрекеттеріне тойтарыс беруге белсене кірісті.....
Рефераттар
Толық

Саяси жүйе туралы түсінік

Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс.
Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы байланыстар құрайды.
Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе, саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен байланысын қамтиды.

Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие.
Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады.....
Рефераттар
Толық

Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар

Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, болу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, түрақтылыгы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, кұл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің үйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау қүқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табынын. ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтьш көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардын рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.....
Рефераттар
Толық

Саяси партиялардың жіктелуі

Саяси партияларды жіктеп , жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институтциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.
Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М.Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі. Кадрлық деп қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, ГФР-дің Христиандық – демократиялық одағы, Жапония либералдық – демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары , мүшелері , белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Партбилет алып , мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, мұндайларға АҚШ – тың республикалық және демократиялық партиялары , Англия лейбористер партиясы т.т.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады:
1. Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелеріненпартияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы СОКП.
2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.б. Оларды тұрақты мүшелік , идеологиялық негіз , ұйымдық құрылым жоқ. ....
Рефераттар
Толық

Саяси режимдердің типологиясы

Саяси режим қоғамда саяси мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің, тәсілдер мен құрылыстарының жиынтығын, саяси бостандық дәрежесін, қоғамда жеке адамның заңға сүйенген жайын және сол елдің саяси жүйесінің белгілі типін анықтайды.
Саяси режим – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы. Басқаша айтқанда, мемлекеттік белгілі бір типіне тән билік жүргізудің тәсілдері мен түрлерінің жиынтығын саяси режим деген түсінік арқылы білдіруге болады. Ең бастысы - саяси режим қоғамындағы саяси бостандық деңгейін бейнелейді. Саяси режим мемлекеттік басқару нысанымен, қоғамдағы сан алуан саяси күштердің ара салмағымен және мемлекет билік ұйымдастырудың қалыптасқан дәстүрлерімен сипатталады.
Режим – үстемдік етуші кластың экономикалық және саяси билігін жүзеге асыру әдістері мен құралдар жиынтығы.
Қазіргі уақытта әлемде бір-біріне ұқсас режимдердің 160-тай түрі туралы айтуға болады. Антикалық фәлсәфашы Аристотель саяси режимді топтарға жіктеуге болатындай екі критерий берді:
1) билік кімнің қолында;
2) бұл билік қалай қолданылады.
Саясаттанушы ғалымдар саяси режимдерді жіктеген көбінесе мемлекет аумағында көппартиялыққа, ашық оппозицияның өмір сүруіне жол ашылған ба, билік тармақталған ба, азаматтық қоғамның жағдайы қалай деген сияқты принциптік мәселелерді негіз етіп ұстайды. Саяси режимнің мәнін анықтауда азаматтық қоғам мен мемлекеттің ара қатынасы шешуші роль атқарады. Бұл тұрғыда үш түрлі жағдай қалыптасуы мүмкін: 1) Мемлекет азаматтық қоғамның өмір сүруіне, қанат жаюына жағдай туғызып, оның ырқына жығылады. Азаматық қоғамның мәртебесі жоғары, қуаты үстем. 2) Мемлекеттің айбыны асқақтап, бүкіл қоғамды "жұмса - жұдырығында, ашса алақанда" ұстап тұрады. Азаматтық қоғам мемлекеттің өңешіне кетеді, азаматтар саяси жүйенің толық ықпалында болып айтқанына көніп, айдауына жүреді. 3) Азаматтық қоғам мен мемлекет арасында тепе-тендік бар.
Міне, осы үш жағдайға байланысты саяси режимдерді қарапайым түрде классификациялауға – тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық режимдерге бөлуге болады. Сонымен саяси режимдердің типологиясы:
а) демократиялық саяси режим;
б) тоталитарлық саяси режим;
в) авторитарлық саяси режим;....
Рефераттар
Толық

Саяси тұлға психологиясы

Тұлғаның саясаттағы мәселесін қарастыратын ғылымда белгілі екі метобағыт бар: «субьективті және обьективті » бағыттар . Кішкентай адамдар, үлкен адамға яғни қоғамға бағынышты болып келеді деген пікірді айтқан Т.Гоббс болатын және Спенсордың теориясында осы мәселе қарастырылған. Олар «адамды мемлекетке бағынышты » деген позицияны әртрлі формада ұсынды.Қазіргі таңдағы осы позицияны ұстанушылар (Д.Белл,С.Липсет, У.Мур) бұл «тұрақты демократияны құру» үшін қажетті деп қарастырды.
Осы көзқарасқа қарама - қарсы көзқарас А.Смит және Годвиннің пікірінен бастау алады. Олар «қызығушылық» түсінігін енгізді. Олар тұлғаның жеке қызығушылығын саясатты қозғалысқа немесе дамуға әкелуші механизм деп қарастырды.
Әр түрлі позициялар мен бағыттарды жүйелей келе Р.Гринстайн жеке тұлғаның саясаттағы рөлін анықтайтын негізгі үш факторды бөлді. Біріншіден ол, тарихта орын алмаған, жаңа саяси жағдайдың пайда болуы. Екіншіден, бұл қандай нәтижеге алып келетіні белгісіз қиын және қайшылықты ситуациялар. Ең соңғы үшінші фактор бұл, әр түрлі саяси шешімдерді ұсынған, бірнеше топтың бірін таңдау жағдайы ретінде жіктеледі.
Келесі қарастыратын мәселе бұл, саясатта адамдар қайдан пайда болады? Қалай «қарапайым адамдар» саяси мағынада тұлға болып қалыптасады, яғни азамат тұлғасы ретінде?

Саяси әлеуметтену: тұлға болып қалыптасу.

Адам туылғаннан саясаткер немесе тұлға, азамат болып туылмайды. Оны мұндай атақтарға қоғам немесе мемлекет сәйкесінше, осы қасиеттерді адам бойында тәрбиелеп содан кейін адам осы атақтарға ие болады. Азамат деп- заңға бағынушы, өз мемлекетін құрметтейтін, оның саяси жүйесін, биліктегі саяси мәдениетті мойындайтын адамды жатқызған.
Ал тұлға бұл- топтың немесе әлеуметтік ортаның адамға қойылатын күтім-талаптарға сай болумен қатар, әлеуметтік ролдерді дұрыс пайдалана білу, қоғамда қабылданған нормаларды адекватты қабылдау талаптары қойылады.
Әлуметтену ұғымы кең мағынада бұл индивидтің алдыңғы ата-бабаларының мәдениетінде бекітілген тәжірибесімен жабдықтап, әлеуметтік рольдерді қабылдау арқылы оның тұлғаға айналуын атаймыз. Егер адам әлеуметтік рольдерді атқара алмаса, ондн әлеуметтену процесі аяқталмаған болып есептелінеді.
А.Н. Леонтьев негізгі үш ұғымды бөліп көрсеткен: индивид, индивидуалдылық және тұлға ....
Рефераттар
Толық

Саяси элитаның түсiнiгi

"Элита" терминi фраңцуздың еiiiе деген сөзiнең шыққан, сұрыпталған, тандалған, iрiктелген деген мағынаны бiлдiредi. XVIII ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX г. бастап саясаттану мен әлеуметтануда бiлiмi, байлығы, беделi, билiгi жоғары адамдардың азғантай әлеуметтiк тобын бiлдiредi.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеушi тандаулыларға және олардың дегенiн iстейтiн бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551— 479) адамдарды асыл азаматтарға (билеушi элитаға) жәнетөменгi (карапайым) адамдарға бөлдi. Платон билеушi-философтарға, әскерлерге, егiншiлер мен кәсiпшiлерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесi ретiнде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, немiс Р. Михельс және т.б. қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-194!) элита теориясын "Саяси ғылым негiздерi" (1896) деген еңбегiнде негiздедi. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлiнедi дедi. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлiктi, байлықты, дiни дәреженi (мәртебенi) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кiруге есiк ашады.
""Элита" терминiн ғылыми айнальшға енгiзген Вальфредо Парето (1848—1923). "Жалпыға бiрдей социология трактатын-да" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясь;н жасады. Ол бо-йынша элита билiк басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуыңың арқасында келедi. Ол идея жұзеге асқанда олардың энергиясы азайып, iзденiсi баяулай бастайды. Одардың орнына жаңа идеяны жаңа элита билiк басына келедi. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейдi олар, бiр элита екiншiнi алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдiстерi туралы очерк" (19'1) Дегең еңбегiнде "олигархияның темiрдей заңын" шығарды оның ойынша, бұқара халықтың өзiн-өзi ұйымдастыруға жэне басқаруға қабiлетi жетпейдi. Парламенттiк демократия жайында кейбiреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сейтiп Кәсiби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшiлiктен бiртiндеп алшақтайды, қоғамның қара-пайым мүшелерiне өздерiн қарсы қояды. Соның нәтижесiнде билiктi өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбелiндей байлар саяси және экономикалық билiкке ие бола¬ды. Халықтың егемендiгi, билiгi дегеннiң бәрi бос қщiл- "Олигархияның темiрдей заңы" осы дейдi Р. Михельс. ....
Рефераттар
Толық

Сезім жөнінде түсінік

Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап – қуантса, екіншісі – қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан – алуан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттерімен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз, дәмі татымсыз т. б. Өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте кең: өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жиіркену – мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім- бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатыннас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін тоғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір - өшкен өмір. Ұлы ғұлама Ә. Науаи «Сезімсіз адам – кесек, махаббатсыз адам - есек», - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қандайда себептермен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға » келіп оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым – қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен айналысуда. 18-19 ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалды, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні – адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезім – елестер арасындағы байланыстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесін тітілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көп жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет – қылыққа себепші болады. ....
Рефераттар
Толық

Секіру

Секірудің көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы-бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе-тең қозғалыстар жасайды. Аяқ алдын ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның нәтижесінде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқу алған бұрышына сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық (парабола) бойымен ұшады. Физикалық дене үшін де, жануарлар организмі үшін де дененің ауырлық орталығы ұшатын деңгейі мен ауырлық орталық ытқу алатын бұрышы бірдей болады. Бұл байланыстылық мынада, егер ауырлық орталық тірек бетінен оған 900 бұрыш жасай ытқитын болса, онда дене ептеп жоғары көтеріледі де, қайтадан сол өз орнына түседі. Егер серпу 450-қа сәйкес келсе басқа жағдайлар бірдей болғанымен ұшу қашықтығы ең көп болады. Егер , бұл бұрыш 450-тан үлкен, бірақ 900-тан кіші болса, онда адам биігірек, бірақ жақынырақ ұшады, ал 450-тан аз болса, ұшу төменде, түсу қашықтығы да алыс болмайды. Бірақ, іс жүзінде бірқатар қосымша жағдайлардың ықпалымен ұшу қашықтығын алыстатуға мүмкіндік бар. Мысалы, қашықтыққа жүгіріп барып секіретін болса, 450-тан аз бұрыш жасай секіргеннің өзінде барынша алысқа ұшып түсуге болады. Бұлай болатын себебі-екпінмен секіргенде ытқу бағыты ғана емес, сонымен бірге дененің екпін алар алдындағы әрекет қимылында үлкен маңызы бар. Дене итеріліп ытқу алатын бұрыштың шамасына қарсы соққан жел мен арттан қуалай соққан жел де әсер етуі мүмкін.
Секірудің қандай түрі болмасын солардың біреуін орындаған кезде негізгі әсер ететін күштер - жерден күш ала тіреніп жылжып кету күші мен дененің өзінің ауырлық күші болып саналады. Ауырлық орталықтың қалықтау жолын осы екі күштің шамасы мен бағытына байланысты тең әрект ететін қалықтау жолы дап есептеуге болады. ....
Рефераттар
Толық

ҰБ ресми есептеу мөлшерлемесі Дисконттық саясат

Қазақстан Республиканың Ұлттық Банкі-Қазақстан Республиканың орталық банкі болып табылады,әрі ҚР-ң банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Қазақстан Республиканың президентінің «Ұлттық Банк туралы» заң күші бар. Ұлттық банк өз қызметін ҚР үкіметімен ұйлестіреді және онымен ұдайы консультация өткізіп отырады.
ҚР ҰБ өз қызметінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын басшылыққа алады, Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер ол өзінің қызметін орындауы мен ақша-несие және валюта саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтін болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Орталық банк елдің эмиссиялық,резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жұйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын,тауар – ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымыне оныың құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
ҚРҰБ ҚР-ң заңдары негізінде және оларды орындау үшін өз құзырына жататын мәселелер бойынша барлық банктер, сақтандыру ұйымдары, ҰБ берген лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және олардың клиенттері бағалы қағаздар рыногының субъектілері, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалар ҚР-ң аумағында міндетті түрде орындайтын нормативтік актілер шығарады.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкешоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар занды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйккес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің негізгі міндеті-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.....
Рефераттар
Толық

Ұйғыр қағанаты және Қарлұқ мемлекеті Қараханидтер

Бұлақ деген атпен белгілі қарлұқтар туралы бірінші мәлімет 5 ғасырдың еншісінде. 7 ғасырдың ортасында қарлұқ бірлестігініңқұрамына үш ірі тайпа кірді – бұлақ, чигил және ташлық. Көсемдері елтебер деген дәрежемен аталды. 742 жылы Монғол даласындағы саяси күш қарлұқтар, ұйғырлар және басмылдар құрайтын одақтың қолына өтті.
Басмылдар қысқа мерзімде басым болып олардың көсемі Қаған болды, бірақ 744 жылы ұйғырлар мен қарлұқтар басмылдарды талқандады. Осы жағдайдың нәтижесінде Орта Азияда Ұйғыр қағанаты деген жаңа мемлекет пайда болды (744 – 840).
Ұйғыр халқының көсемі жоғары қаған болып, қарлұқ көсемі батыс ягбу деген дәрежеге ие болды. Қарлұқтардың бостандыққа ұмтылуының нәтижесінде олар ұйғыр қағанатынан бөлінді.
8 ғасырдың ортасында оғыздар мен қарлұқтардың арасында түргештердің жалғасы үшін күрес болды.
766 жылы бүкіл Жетісу түргеш қағанының екі тірегімен – Тараз және Суяб қарлұқ ягбуының қолына көшіп Қарлұқ мемлекеті пайда болды. Қарлұқтардан жеңілген оздар Жетісуды тастап Сырдария жағалауына кетті.
Қарлұқтар тайпасы жаңа жерлерді иелену саясатын бастап, 766 – 775 жылдары Қашқарияны алды, соңынан 8 ғасырдың аяғында өз үкімін Ферғанаға жүргізді.
8 – 10 ғасырларда қарлұқтар тайпасы Қазақстанның кең аймағына жайылды. Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейін, Балқаш және Ыстық көл аралығында, Іле, Шу, Талас өзендерінің бойында, Тянь-Щань тауының тарамдарында, Исфиджаб облысында орта ғасырдың қаласы Отрарға дейін.
Қарлұқтар мемлекетінде 25 қала және елді мекендер болды. Үздіксіз соғысқа байланысты, (араптармен, көшпенді тайпалармен, усобицтермен) Қарлұқ мемлекеті 940 жылы Қашқарда күйреді....
Рефераттар
Толық

Ұйқысыздық

Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алды.Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып,қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді ұйқы дейді. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұнда кейбір жануарлар организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.
Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тынысалу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді,гипоталамус пен ми бағанында қанайналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді.Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.
Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады.Жаңа туған перзент – 21; 6 айлық және 1 жастағы бөбектер шамамен – 14; 2-4 жастағы сәбилер – 16; 4-8 жастағы бүлдіршіндер -13-12; 8-12 жастағы истияр – 10-11; 12-16 жастағы жеткіншектер -8-9; ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.
Ұйқының бірнеше түрі бар:қалыпты, гипноздық, наркотиктік, дерттік және шартты рефлекстік.
Ұйқыға мұқтаждықтың даралама ерекшеліктерінің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың ұйқысының мерзімі әртүрлі келеді, тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады.Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдар да байқалады.
Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тәулік ұйықтатпаса жеңе алмайтын ұйқышылдық туады.Психикалық әсерленіс нашарлап, парасатты іс-әрекет төмендейді.Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.
Ұйқы мен сергектіктің жаратылысы туралы бірнеше ұғымдар бар.
1. Қанайналымдық қағида бойынша,ұйқы мен сергектік ми тамырларындағы қанайналымына байланысты деп танылды.
2. Гистологиялық қағида ұйқы басуды нейрондардың өзгеруінен организм сыртқы ортадан серпіністер қабылдай алмаудың салдары деп түсіндіреді.
3. химиялық қағида – ұйқы организмнің қажуы нәтижесінде қан мен тілдерде ыдырау өнімдерінің көбеюінен болады деп санайды.Олардың белгілі бір мөлшерге дейін жинақталуы ұйқы туғызады.
4. Гуморалдық қағида ұйқы кезінде қанда және жұлын сұйықтығында «дельта-пептид заты» пайда болатынын анықтады.Сонымен қатар,әдейі ұйықтатпаған жануарлардың миында «ұйқы түрткісі» түзілетіндігі байқалды.Олардың басқа жануарларға еккен кезде ұйқысы ұзартылады.
5. Шартты рефлекстерді толып жатқан зерттеулер нәтижесінде тұйқыға кету және ояну кезеңдерін бақылаудан, ұйқының миқыртыстық қағидасы жасалды.Әсіресе, әлсіз тітіркендірулер,ұзақ уақыт нығайтылмайтын бір сарынды сигналдар, ұйықтату әсерін туғызатындығы дәлелденді.
И.П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік берді.Қорғаныстық тежелу – үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары.Сонымен қатар,ішкі тежелу мен ұйқы, өзінің физикалық және химиялық жаратылысы бойынша, біртекті құбылыстар деп тұжырымдайды.Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу – жеке зоналарға бөлінген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы – ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу. Тәжірибелер арқылы ұйқының тежелуге ауысатындығы,ал ішкі тежелудің жануарларды ұйықтататындығы анықталды.....
Рефераттар
Толық

Ұйымдар

(ШЫҰ) — 1996 жылы «Шаңхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.
2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым.
ШЫҰ және Қазақстан

ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.
Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.
1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.
2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.
2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.
Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Сақ тайпасы

Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен,бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Архимедтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з.бұрынғы 5189 –518 жж сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазды. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап әскерін апаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужурек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Макендонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з. дейінгі 330 –327 жылдары Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін. Александр басып алып, оларға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді.
Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, “еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдермен балалардыСақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з. бұрынғы 519 –518 жж сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдабайлап әскерін аппаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанды жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады. Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахемедтер мемлекетін талқандап бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен” грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерілісін туғызады бірақ ол аяусыз қатыгездікпен жанышталып тасталған. ....
Рефераттар
Толық